Капиталдарнарығы және оның мазмұны Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі.
Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды: брінші-капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция), екінші-капитал деген ақша сомасы («монетарлық»). Екі жақ та капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді.
Осымен қатар «кпиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.
Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық кпитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар, т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады. Бұның схемасы мынадай (1.1-сурет):
.1-сурет.
Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.
Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс-бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрініс жағынан бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады.
Өндіріс факторлары нарығында ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолдануға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.
Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді: капитал қызметтерінің толассыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем және капиталдың активтер (сатып алу-сату бағасы) үшін төлем болып бөлінеді.
Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады.
Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиалдар нарығы қарыз капиталдарының нарығының құрамды бөлігі болып табылады (1.2-сурет).
Қарыз капиталының нарығы деп ақша кпиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімі бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капиталдар нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді. Осы нарық өз кезегімен ипотекалық нарыққа (кепілдік қарыз куәлігімен операциялар жүргізу) және қаржылық (құнды қағаздармен операциялар жүргізу) нарыққа бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер және олардың клиентері (ипотека нарығындағыдай), қор биржалары жатады, операциялардың объектілеріне-жеке кәсіпкерлердің және мемлекет институттарының құнды қағаздары жатады.
Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструменттері, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осыардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланысты болады:
қауіп-қатер сипатымен (банкроттық немесе нарықтық) және қауіп-қатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).
Мысалы; АҚШ-тың капиталдар нарығының инструментариіне жататындар:
АҚШ федералдық өкіметінің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға тағайындалған казначейлік облигациялар;
Қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін қаржыландыру үшін үкіметтің ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған) мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;
Жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен облигациялары.
Капиталдар нарығын инвестициялық қорлар нарығы деп жиі атайды. Инвестиция (капиталдық салым) деп құрал-жабдықтардың және материалдық қойманың (запас) көбеюіне экономикадағы капиталдар өсуіне жасалған шығындар аталады.
Капиталдың жеткізушілері-үй шаруашылықтары, оны тұтынушылар-бизнестің фирмалары.
Жеткізушілер мен тұтынушылардың бір-біріне әрекеті көп. Бұлардың байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер, т.б. арқылы жүріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының шамалы жинақтарын қаржы құралдардың көп сомаларына айналдырады және оны капиталды тұтынушылар араында орналастырумен айналысады. Капиталды беру нысаны әр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды жазылғандар арасында тарату түрінде немесе заёмдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды роль атқарады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары . Алматы, 2000
2. Сейткасымова Г. Деньги, кредит, банки. Алматы, 1999
3. Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие Алматы, 2004 4. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007
5. Шеденов Ө.Қ, Ядгаров Я.С, Досқалиев С.Ә. Экономика ілімдерінің тарихы. /Оқу құралы/ – А.: «Қазақ университеті», 2003. – 313 б