II тарау Негізгі мектепте комбинаторикалық есептерді оқытудың әдістемесін жүзеге асыру 5 сыныпта комбинаторикалық есептерді шығару әдістемесі.
Бұл кезеңдегі негізгі есептер:
Кестедегі бос жолдар мен бағандарды толтыра білу;
Кестемен жұмыс жасау, кестелерден деректерді таңдау және оларды талдау дағдыларын дамыту;
Мүмкін нұсқалар ағашын көрсету, оның комбинаторикалық есептерді шығаруда пайдалану.
Қарапайым іріктеу әдісін пайдалану арқылы комбинаторикалық объектілерді есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Комбинаторикалық жиынтықтарды құру, жинақтау және реттеу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Комбинаторикалық дағдыларды қалыптастыруды неғұрлым ертерек бастау керек.
5 сыныпта қарапайым комбинаторлық есептер қарастырылады, оларды шешу үшін мүмкін нұсқаларды іріктеу немесе оларды біріктіру – санау және реттеу жұмыстары жүргізілуі керек. Өмірде әр түрлі шешімдері бар есептер жиі кездеседі, сондықтан олардың барлық мүмкін шешімдерін талдау туралы сұрақ туындайды. Ол үшін біз әртүрлі нұсқаларды қарастыратын ыңғайлы, қайталанбайтын іріктеу әдісін табуымыз керек.
Алдымен жүйелі іріктеу дағдысын қалыптастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |