Негізгі мектепте комбинаторика мен ықтималдық теориясының элементтерін оқытудың әдістемесі



бет16/33
Дата20.04.2022
өлшемі325,48 Kb.
#31653
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

Есеп 11

Сүңгуір қайықты іздеп табудың ықтималдығы 0,8-ге тең, ал оны жойып жіберудің ықтималдығы 0,6-ға тең. Іздеп тауып алған кайықты жойып жіберудің ықтималдығы нешеге тең?


Шешімі: Белгілеу енгіземіз. А оқиғасы – сүңгуір қайықты іздеп тауып алу, В оқиғасы – сүңгуір қайықты жойып жіберу. Сондықтан Р(А) = 0,8, Р(В) = 0,6.





Жауабы: Іздеп тауып алған кайықты жойып жіберудің ықтималдығы 0,75-ке тең.

Есеп 12

Екі қорапқа пішіндері бірдей ақ және қара түсті шарлар салынған. Бірінші қорапта т1 ақ, п1 қара шарлар, ал екінші қорапта — т2 ақ, п2 қара шарлар бар болсын. Екі қораптан бір мезгілде бір-бірден кез келген шарлар алынсын. Алынған екі шардың ең болмағанда біреуі ақ шар болуының ықтималдығы қандай?


Шешімі: Белгілеу енгіземіз. А оқиғасы – бірінші қораптан ақ шар алынды, В оқиғасы – екінші қораптан ақ шар алынды. Сонда А+В оқиғасы қораптардан алынған екі шардың ең болмағанда біреуі ақ шар болғандығын білдіреді. Бұл екі оқиға үйлесімді. Сондықтан

және А және В оқиғаларының тәуелсіздігін ескере отырып, келесі формуланы аламыз:





Жауабы: Алынған екі шардың ең болмағанда біреуі ақ шар болуының ықтималдығы формуласымен есептеледі.

Бернулли формуласы. Тәуелсіз n сынақтарда ықтималдығы тұрақты болатын А оқиғасының дәл k рет пайда болуының ықтималдығы Бернулли формуласымен есептеледі:

мұндағы Бұл формуланы кейде биномдық деп те атайды.



А оқиғасының ең ықтималды m0 рет пайда болуы мына теңсіздіктен анықталады:

Егер np-q бүтін сан болса, онда m0-дің екі бүтін мәні болады; ал np-q бүтін сан болмаса, оңда m0-дің бір ғана бүтін мәні болады.

Бернулли формуласын пайдаланып, мына оқиғалардың ықтималдығын анықтауға болады:


  1. Тәуелсіз n сынақтарда А оқиғасының k реттен кем пайда болуының ықтималдығы:

2. Тәуелсіз n сынақтарда А оқиғасының k реттен артық болуының ықтималдығы:



3. Тәуелсіз n сынақтарда А оқиғасының кем дегенде k рет пайда болуының ықтималдығы:



4. Тәуелсіз n сынақтарда А оқиғасының k реттен артық емес пайда болуының ықтималдығы:



Бернулли схемасында сынақтар тәуелсіз болғандықтан, осы сынақтарда ең болмаса бір оқиғаның пайда болуының ықтималдығы мына формуламен анықталады:



.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет