Жауабы: Алынған екі картаның түрлері бірдей болуының ықтималдығы тең. Есеп 10 Екі мерген атыс алаңында нысанаға атудан жарыс өткізді. Бірінші мергеннің нысанаға дәл тигізу ықтималдығы - 0,7, екінші мергеннің нысанаға дәл тигізу ықтималдығы - 0,8-ге тең. Егер екеуі де бір-бірден нысанаға атса, ең болмағанда біреуінің нысанаға дәл тигізетіндігінің ықтималдығы нешеге тең?
Шешімі: Белгілеу енгіземіз. А оқиғасы - бірінші мерген нысанаға дәл тигізді, В оқиғасы - екінші мерген нысанаға дәл тигізді. Бұл екі оқиға үйлесімді, себебі екі мерген де нысанаға дәл тигізуі мүмкін. Сондықтан үйлесімді оқиғалардың қосындыларының ықтималдығы туралы теореманы пайдаланамыз:
Р(А + В) = 0,7+0,8 - 0,7*0,8 = 0,94.
Осы есепті ең болмағанда бір оқиғаның пайда болуы туралы теореманы пайдаланып шығаруға болады. Шынында да D — оқиғасы ең болмаса біреуінің нысанаға тигізуі болсын. Сонда
Мұнда
Жауабы: Егер екеуі де бір-бірден нысанаға атса, ең болмағанда біреуінің нысанаға дәл тигізетіндігінің ықтималдығы 0,94 тең.
Достарыңызбен бөлісу: |