Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет26/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

Кестелер мен модельдер.
Кестелер – мұғалімге оқу материалын түсіндіру үшін қажетті иллюстративтік материалдардан тұрады. Кестелерді тақтаға салып көрсету мүмкін емес иллюстративтік материалдар суреттеледі. Көп жылдар бойы кестелерді «Просвещение» баспасы шығарып келді. Кестелердегі материалдар әр сыныптың физика курсының бағдарламасына сәйкес жасалынып жинақталынады.
Таблицаларда нақты көрсете алмайтын техникалық құрылғылардың бейнесі көрсетіледі. Қондырғыларды сыртқы бейнесімен қатар, оның ішкі құрылысын көрсететін кесінді түріндегі кескіні де беріледі. Кестелер әртүрлі авторлармен жасалады, бірақ аса көрнекілігімен, әсерлігімен және мазмұндылығымен М.А.Ушаковтың кестелері ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды деуге болады. Оларды кесте мазмұнын көрсете алатын басқа құралдар ауыстыруда. Кестелерден басқа физика кабинеттерінде әртүрлі модельдер болады. Кейбір модельдер – заводта жасалған, кейбірі – қолдан жасалынады. Модельдер тиісті бір аспапты немесе құрылғыны оқыту кезінде көрнекілікті күшейту функциясын атқарады. Модельдер статикалық (кристаллдық тор моделі) және динамикалық немесе кинематикалық (Броундық қозғалыс моделі) болып бөлінеді. Оқушыларға өз беттерімен (фонтан, шлюз т.б.) модельдер жасауға тапсырма беріп, олардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер етуге болады.
Жаңа ақпараттық технология құралдары
Жаңа ақпараттық технологияның аппараттық құралдарына дербес компьютер, бағдарламалық құралдарға бағдарламалық-педагогикалық құралдар деп аталатын арнайы жасалған дидактикалық материалдар жатады.
Соңғы кездерде физиканы оқыту үрдісінде компьютерді қолдану белсенді түрде жүзеге асып келеді. Себебі, қоғамдағы адам баласының қызмет ететін сфераларының жаппай компьютерлену процесі білім беру жүйесіне де әсер етті. Компьютер мұғалім мен оқушының кез-келген сабақтағы көмекші құралы болып табылады. Компьютер физик-зерттеушінің ең көп тараған құралы болғаны соншалық, теориялық және эксперименттік физикамен қатар жаңа тараудың – компьютерлік физиканың пайда болуына түрткі болды. Компьютер құрылысы, оның бір бөлек элементтерінің жұмыс істеу принципі тұрғысынан мектептік информатика курсы физика курсы тарапынан қолдауды қажет етеді. Сонымен қатар, өз кезегінде физика курсын оқушыларда үлкен қызығушылық туғызатын материалмен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде компьютер физика курсында оқыту құралы ролін атқарады.
Оқу құралы ретінде компьютер мұғалім мен оқушыға көмекші құрал болып табылады. Мұғалім үшін ол автоматтандырылған сынып журналы, білім тексеру құралы, көмекші құралы, сабаққа әзірлік құралы ролін атқарса, оқушы үшін тапсырмаларды орындау құралы ролін атқарады.
Оқу пәні ретінде компьютер физикалық заңдар мен құбылыстарды қарастыруда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет