Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет34/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

ТАРАУ. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ


6.1 Физиканы оқыту үрдісін ұйымдастру формалары

Қазіргі заманғы мектепте оқу процесін ұйымдастырудың негізінде сыныптық- сабақтық жүйе жатыр.


Сыныптық-сабақтық жүйе ұлы педагог Я.А.Коменскийдің еңбектерінің арқасында 16-17 ғ.ғ. пайда болды. Оқытудың осы формасының алдында жеке және жеке-топтық оқыту формасы болды.
Оқытуды ұйымдастырудың жеке-топтық оқыту формасы біртіндеп топтық оқыту формасымен алмастаралып, ал ол кезегінде сыныптық-сабақтақ жүйеге орын берді.
Бірте-бірте сыныптық- сабақтық жүйе жетілдіріліп, дамыды.
Оқытудың сыныптық- сабақтық жүйесінің бүгінгі таңда сипаттық белгілері:

  • Оқу топтарындағы оқушылардың тұрақты құрамы;

  • әр сыныптың білімінің мазмұнын анықтайтын оқу жоспарлары мен бағдарламалары;

  • Оқу сабақтарының қатаң айқындалған кестесі;

  • Оқушылардың жеке және ұжымдық жұмыс формаларының үйлесімділігі;

  • Оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастыратын мұғалімнің жетекшілік ролі;

  • Оқушылар білімін жүйелі түрде тексеру мен бағалау.

Қазіргі кезеңдегі оқу сабақтарының сыныптық-сабақтық жүйесінің ерекшеліктері: барлық оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуының айқындылығы және реттілігі, оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі, ұжымдық жұмыс үрдісінде оқушыларға үнемі эмоционалдық-өнегелік ықпалының болуы.
Мектептегі оқытудың негізгі ұйымдастырушылық формасы-сабақ болып табылады.
Сабақ-нақты берілген уақыт ішінде оқытудың әр түрлі әдістері мен құралдарын қолданып, пән бойынша берілген білімді меңгертіп, дамытуды, тәрбиелеуді көздеген мұғалімнің тұрақты оқушылардан тұратын сынып ұжымының танымдық іс-әрекетін басқарып, ұйымдастырылып өткізетін оқытудың формасы.
Мектепте кесте бойынша өткізілетін сабақтардан басқа факультативтік сабақтар, экскурсиялар, әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар өткізіледі.
6.2 Қазіргі заманғы физика сабағы

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде қазіргі заманғы физика сабағы ұғымы пайда болды. Қазіргі заманғы физика сабағы оның барлық элементтері оқытудың негізгі мақсаттарына жетуді көздейтін, белсенді ойлайтын, шығармашылық қабілеттерге ие, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқытудың жүйесі ретінде қарастырылады. Жүйе компанентерінің өздері және олардың құрылымы әртүрлі авторлармен түрліше анықталынады.


Оқыту үрдісінің компанентері деп И.Я.Лернер оқу материалын (оның мазмұнын), мұғалім мен оқушыларды айтады. М.И.Махмутов оқу үрдісінің құрылымдық компанентеріне оқу материалының мазмұнын, оқыту әдісін, іс-әрекеттердің түрлерін, оқыту формалары мен құралдарын енгізеді. Г.Д.Кириилова сабақ копанентеріне сабақтың мақсатын, оқу материалының мазмұнын, оқыту әдістері мен тәсілдерін, оқытуды ұйымдастыру формаларын жатқызады.
Сабақ сапалы өтуі үшін әуелі сол сабақтағы мұғалімнің іс-әрекеттерінің мақсатын анықтау керек-ол неге қол жеткізуі керек, мақсатқа жетуге не көмектеседі, мақсатқа жету үшін не істеу керек. Сонымен, қазіргі заманғы физика сабағы-сабақ жүйесінің компаненттері(оқу материалының мазмұны, оқыту әдістері және оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары) өзара бір-бірімен тығыз байланыста болып, сабақтың мақсатын анықтайтын оқу үрдісін ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Сұлба15


Физика сабағы қазіргі кезеңнің сабағына сай болуы үшін оқу материалының мазмұнына қойылатын талаптар:



  1. білім мазмұнының қазірігі кезеңдегі ғылымның дамуына сәйкес болуы;

  2. оқу материалының құрылымын анықтау: ғылыми білімнің элементтерінің жүйесін, оларды сабақта берудегі іс-әрекеттердің (ақыл- ой мен практикалық) тәсілдерін анықтау.

Мұғалімнің нақты сабақта таңдап алған оқытудың типі(дәстүрлі, дамытушылық, проблемалық оқыту) тек қана сабақтың құрылымын ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар сол сабақта брілетін білім мазмұнының құрылымын да анықтайды.
Сабақ жүйесінің екінші компаненті-оқыту әдістері мен құралдары.
Бұл мәселе 4-5 тарауларда толық қарастырылды.
Оқыту әдістерінің жүйесін, оқыту әдістері мен құралдарды, әр оқыту әдісінің бір-бірінен ерекшеліктерін, оларды қолданудың тиімділігін мұғалімнің білуі сабақты қазіргі кезеңдегі талаптарға сәйкес өткізуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет