Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет5/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

Физиканы оқыту мақсатының таксономиясы.
Дидактикада американ ғалымы Б.С.Блумның және оның әріптестерінің оқыту мақсаттарының таксономиясы ең танымал және кең таралған. Таным саласында Блум мақсаттардың алты категориясын бөліп көрсетеді: білу (ақпарат), түсіну (трансформация, интерпретация, экстраполяция), жаңа жағдайда жалпы ұстанымдарды қолдану, талдау, жинақтау және бағалау.
Кез-келген топтамаларда сияқты бұл таксономияда кемшіліктер де жоқ емес. Әсіресе, онда проблемаларды шешу немесе шығармашылық, зерттеулік қызметті жүзеге асыру түрлері сияқты категориялар жоқ. Мынада операциялар, мысалы, талдау және жинақтау осы таксономия бойынша түсінуден кейін орналасады, ал түсіну талдау мен жинақтаусыз мүмкін емес. Сондықтан поляк дидакты В.Оконь келесі таксономияны ұсынады: ақпарат, талдау және жинақтау; түсіну; қолдану; бағалау. Бұл таксономия да қарама-қайшылықтар бар, өйткені талдау мен жинақтау түсінуге енгізіледі, ал бұлар түсінуді қамтамасыз ететін ойлау операциялары.
Дидактикада В.П.Беспалько ұсынған оқыту мақсаттарының таксономиясы жалпы мойындалған. Ол оқытудың төрт деңгейін және тиісінше білімді меңгерудің төрт деңгейін бөліп көрсетеді:
І – деңгей: бұрын игерілген ақпаратты қайтадан қабылдау кезінде болмыс (тану-танысу) құбылыстарының берілген саласындағы нысандарды, қасиеттерді, процестерді танып-білу;
ІІ – деңгей: белгілі іс-қимылды орындау үшін бұрын игерілген бағдарлық негізде дербес ақпаратты еске түсіру мен қолдану жолымен көшіру іс-әрекеті (білу-көшірме).
ІІІ – деңгей: нысанның кейбір көптеген үлгісі бойынша іс-қимыл жасау - өнімді іс-әрекет (білу-қолдану);
ІV – деңгей: іс-қимыл үшін бағдарлық негізді дербес құрастыру жолымен объектілердің кез-келген көпшілігінде орындалатын шығармашылық іс-қимыл; осы іс-қимыл процесінде объективті жаңа ақпарат алынады.
Бұл таксономия жоғары мектептің отандық дидактикасында кең қолдануын алды. Физиканы оқыту мақсаттарының таксономиясы саласында поляк ғалымдары үлкен жұмыстар жасауда. Солардың бірі жоғарыда аталған таксономиялар мен «физика» оқу пәнінің ерекшеліктерін ескеретін, П.Карпинчиктің таксономиясы болып табылады. Аталмыш таксономия физиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе, физика бойынша мемлекеттік білім беру стандартының жобасында оқыту мақсаттары нақты ептіліктер түрінде тұжырымдалады. Оны мына кестеден көруге болады:
Кесте 1

Деңгей

Категория

Категория астарлары

Білімдер



Есте сақтау

Фактыларды, физикалық құбылыстарды, тәжірибелерді танып білу.
Физикалық тілді қолдану, шартты белгілерді білу.
Теорияның негізін, заңдылықтардың оқылуын, ұғымдардың анықтамасын, формулаларды қайталап айтып, жазып көрсету.

Түсіну

Теорияның қағидаларын, ұстанымдарын заңдылықтарды, ұғымдарды айыра білу, салыстыру, класификация жүргізу.
Түсіндіру, сипаттау.
Қоғамдағы өзгерістермен техникадағы басқа да ғылым салаларындағы физиканың рөлін көре білу.

Біліктілік-ептілік

Белгілі таныс жағдайларда қолдану

Құбылыстарды бақылау, өлшеулер жүргізу.
Ұқсас есептерді шығаруда бұрынғы көрсетілген үлгілерді қолдану.
Сәйкес проблемаларды шешуде ұғымдарды, заңдарды, теорияны қолдану.
Математикалық символиканы, таблицаларды, каталогтарды, графиктерді қолдану.

Проблемалық жағдайларда білімді қолдану

Проблеманы көріп, оны шешудің жолдарын табу.
Жаңа проблеманы шешуде физиканың ғылыми әдістерін қолдану (индукция, дедукция).
Алынған шамаларды жинақтап, талдап, қорытындылау.
Теориялық модельдерді құрып, тексеру.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет