Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы
Педагогикалық зерттеулердің қажеттілігі бар теориялық білімдер мен практикалық тәжірибелер арасындағы қарама-қайшылықтардың туындауынан және оларды жаңа педагогикалық міндеттерді шешуде, жаңа педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолдануға мүмкін еместігіне орай пайда болады.
Физиканы оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулік қызметке сонымен қатар педагогикалық психологияның, ақпараттық құралдардың дамуы да өз үлесін тигізеді.
Педагогикалық зерттеулер, басқа зерттеулер сияқты, белгілі бір мақсатпен орындалады, оны жүргізу үрдісінде нақты бір міндеттер шешіліп, басқа бір әдістер қолданылады, немесе басқаша айтқанда, педагогикалық зерттеулер белгілі бір әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Әдіснама - құрылым, логикалық ұйым, іс-әрекеттің әдістері мен құралдары жөніндегі ілім ретінде түсіндіріледі. Әдіснама түсінігі, ең алдымен, ғылыми танымға жатады; соған сәйкес ғылымның әдіснамасы – бұл ғылыми-танымдық қызметтің құрылу ұстанымы, формалары мен тәсілдері жөнінде ілім.
Әдіснаманың бірнеше деңгейлері бөлініп көрсетіледі:
- философиялық әдіснама танымның жалпы ұстанымдар жиынтығымен мазмұндалады;
- жалпы ғылыми әдіснамаға танымның ұстанымдары мен әдістер жиынтығын, ғылымдардың біршама үлкен жиынтығында қызмет ететін тұжырымдамалар мен көзқарастар енеді (кибернетикалық, жүйелік, танымның эксперименттік және теориялық әдістері т.б.);
- нақты-ғылыми әдіснама қарастырып отырған ғылымдағы немесе басқа бір ғылымда қолданылатын әдістер, зерттеу ұстанымдары және рәсімдер жиынтығымен мазмұндалады (педагогикалық ғылымдарда педагогикалық процесті бақылау, химиядағы, физикадағы, астрономиядағы спектрлік талдау және т.б.);
- нақты зерттеулер әдіснамасына белгілі бір ғылыми-зерттеулік проблеманы шешуде нәтиже алуды қамтамасыз ететін рәсімдер жиыны енеді.
Белгілі бір зерттеулер жүргізуде танымның жалпы, жалпығылыми және нақты-ғылыми ұстанымдары мен әдістері қолданылады. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппаратына келесі категориялар жатады:
- зерттеу тақырыбы;
- қарама-қайшылықтармен анықталатын зерттеулердің өзектілігі, мысалы, физикалық білім алдында тұрған қазіргі заманғы міндеттер мен осы міндеттерді шешуге мүмкіндік бермей тұрған, қалыптасқан физиканы оқыту практикасы арасындағы қарама-қайшылықтар;
- көрсетілген қарама-қайшылықтан туындайтын және сұрақ түрінде тұжырымдалатын зерттеу проблемасы;
- зерттеу кезінде неге жету керектігін көрсететін зерттеу мақсаты;
Яғни зерттеудің ғылыми нәтижесі.
- зерттеушінің жұмыстанып отырған практикасы немесе ғылыми білімі, яғни зерттеу барысында не қаралатындығын көрсететін нысаны(обьектісі);
- зерттеу заты – зерттеліп жатқан объектінің сол бір аспектісі, сол бір тарабы; бір нысан бірнеше зерттеулердің заты бола алады; Мысалы зерттеу нысаны физиканы оқыту үрдісіндегі физикалық эксперименттің маңызы болса, ал зерттеу заты жаңа білімді оқушыларда қалыптастырудағы физикалық эксперименттің маңызы немесе фронтальды лабораториялық жұмыс білім берудегі маңызды, оқушылардың өз бетімен орындайтын физикалық тәжірибелер маңызы т.б.
- зерттеу болжамы (гипотезасы) – бұл зерттеу барысында дәлелденуге тиіс ғылыми алдын-ала жорамал;
- зерттеу міндеттері – зерттеу мақсаты мен болжамы арқылы анықталады, жалпы мақсатқа қатысты олар дербес тәуелсіз мақсаттар ретінде түсіндіріледі;
- зерттеу әдістері;
- ғылыми жаңалық, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы – зерттеу жүргізген кезде алынған нақты бір нәтижелер, және олардың педагогикалық теория мен практика үшін маңызы;
Зерттеулердің барлық әдіснамалық сипаттамалары өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады. Педагогикалық зерттеулер әдістерін қарастырайық.
Педогогикалық зерттеулер 2 топқа бөлінеді.
1. Теориялық.
2. Эксперементальдық
Теориялық әдістерге: әдебиеттерді талдау, педагогикалық жағдайларды модельдеу, физикалық білім мен оқыту технологиясының мазмұнын құрастыру, педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларға талдау жасау жатады.
Эксперименттік әдістерге:сауалнама жүргізулер және сұқпат алулар, оқу процестерін бақылау, тәжірибелі сабақ беру, тестілеу, сараптамалық бағалау жатады.
Сауалнама жүргізу және сұқпат алу – бұл экспериментке қатысушылардан жауап алудың екі формасы. Сауалнамаға ашық және жабық түрдегі сұрақтар енгізіледі. Сұқпат алу кезінде қойылатын сұрақтар, әдеттегідей, ашық сипатқа ие болады. Сұрақтардың екі тобын бөліп көрсетуге болады: фактілер жөнінде сұрақтар (мектеп нөмірі, жұмыс өтілі т.б.) және пікірлер, себептер, іс-әрекеттер жөнінде (мысалы, физика сабағында өзбетімен жұмыстың қандай формалары ұйымдастырылады т.б.) сұрақтар.
Педагогикалық зерттеулер нәтижиесінде оқыту әдістемелерінің қайсысы тиімді екені анықталады.
Тиімділік критерииі болып, оқушының меңгерген білімінің көлемі, білім жүйесі, біліктілігі, тереңділігі, саналы түрде меңгеруі жатады.
Педагогикалық зерттеулердің барлық сатыларында теориялық және эксперименттік әдістер бірігіп қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |