Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы оқыту үрдісінде басшылыққа алынатын құжаттар



бет4/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы оқыту үрдісінде басшылыққа алынатын құжаттар

Орта жалпы білім беру мекемелеріндегі оқу үрдісі «Білім туралы» заң, «Мемлекеттік білім беру стандарттары» мен «Базистік оқу жоспарын» басшылыққы ала отырып ұйымдастырылады. Стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды, ол "Физика" оқу пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.


«Білім туралы» заңда білім беру жүйесін демократияландыру идеялары айқындалып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары тұжырымдалған. Оларға: білімнің гуманистік сипаты, жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдылығы, жеке адам дамуының бостандығы, білім беру жүйесінің оқушылардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімдендірулер жатқызылады.
Білім беру жүйесін демократияландыру идеясы өзінің бейнесін оқу үрдісін гуманизациялау, гуманитаризациялау және саралау ұстанымдарында табады. Оқытуды гуманизациялау барлық оқу-процесінің орталық субъектісіне айналатын баланың жеке тұлғасына назарды күшейтуді болжайды.
Оқытуды гуманитаризациялау тиісті оқу пәндерінде (дүниетанымдық, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) оқытылатын ғылымның гуманитарлық аспектілеріне назарды күшейтуді болжайды.
Оқытуды саралау оқушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың қабілеттері мен мүдделерін ескеретін оқу үрдісін ұйымдастыруды болжайды.
Қазіргі уақытта жалпы орта білімді әртүрлі типтегі оқу орындарынан алуға болады: мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде, жеке мектепте.
Гимназия – құрамында 5-9 сыныптардан тұратын, ақыл-ой еңбегіне әуес оқушыларды оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған, өз түлектеріне әмбебап білім беруге бейімделген орта жалпы білім беру мекемесі.
Лицей – құрамында 8-11 немесе 10-11 сыныптардан тұратын, кәсіпке бағытталған жалпы білім беру мекемесі. Лицейлер әдетте, техникалық бағыттағы жоғары оқу орындары жанында ашылады. Олардың міндеті – оқушыларға жалпы білім беру және оларға таңдап алған мамандық саласында өз қабілеттіліктерін жүзеге асыруға көмектесу болып табылады. Техникалық лицейлер көбіне орта кәсіби-техникалық училищелер базасында құрылады.
Колледж – кәсіпке бағытталған білім беру мекемесі. Колледждердің педагогикалық, медициналық, техникалық т.б. түрі болады. Құрамында 10-11 сыныптардан, қосымша 3 жыл оқытудан тұрады.
Жеке мектептер – қоғамдық, діни ұйымдар, әртүрлі бірлестіктер мен қорлар, кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың бастауымен құрылады. Жеке мектептің білім беру қызметін жүзеге асыру үшін тиісті білім департаментімен берген өзінің жарғысы мен лицензиясы болуы тиіс.
«Білім туралы» Заңмен мектептің келесі құрылымы бекітіледі: 1-4 сыныптар – бастауыш мектеп, 5-9 сыныптар – негізгі мектеп, 10-11 сыныптар – жалпы білім беретін орта мектеп. Осы құрылым шеңберінде тоғыз жылдық білім міндетті түрде, ал жоғары мектеп кәсіпке бағыттау болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей, оқытудың мазмұны мен технологиясы мектептің алдына қойылған мақсаттарға байланысты болады. Білім мазмұны мектепке бағытталған әлеуметтік тапсырыстың дидактикалық моделі ретінде анықталады. Оның қалыптасуының үш деңгейі бөліп көрсетіледі: мектептің оқу жоспары түрінде жүзеге асырылатын жалпы теориялық түсінік деңгейі; пән бойынша оқу бағдарламасы түрінде жүзеге асырылатын оқу пәнінінің деңгейі; және оқу құралдарында т.б. дидактикалық материалдарда тіркелген оқу материалдарының деңгейі.
Жалпы білім берудің мақсаттары қоғамның қазіргі заман кезеңіндегі дамуының сұраныстарымен және мектепке деген қоғамның әлеуметтік тапсырысына байланысты. Жаһанды мақсаттар ретінде көбіне жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту мақсаты қойылады. Жалпы білім беру мақсаттары өзгеріссіз қалмайды, олардың өзгеруі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тиісінше әлеуметтік тапсырыстың өзгеруіне байланысты болып келеді. Осыған орай, физиканы оқыту мақсаттары да, олардың маңыздылығы мен иерархиясы өзгереді.
Физиканы оқыту мақсаттарын берудің бірнеше тәсілдері бар: қандай да бір топтастыруларды қолданбастан бейнелеп түсіндіру; топтасрыуларды қолдану арқылы бейнелеп түсіндіру. Осылай берілген мақсаттарды опреационалды мақсаттар деп атайды. Білім беру мақсаттарына мұндай жағдайда физика негіздері жөнінде білімдердің, таным әдістері жөнінде білімдердің қалыптасуы; эксперименттік шеберліктің, білімді міндеттерді шешуге қолдану шеберлігінің қалыптасуы жатады. Дамыту мақсаттарына ойлаудың, дербестіктің дамуы жатады. Физиканы оқыту мақсаттарының басқа топтамасын дидактикада біршама таралған мақсаттарды берудің әлеуметтік-жеке адамдық көзқарасы ұсынады.
Оқыту мақсаттарын берудің әлеуметтік-жеке адамдық көзқарасы орталық нысаны болып табылатын баланың жеке тұлғасын дамыту міндеті қазіргі кездегі білім берудің негізгі міндеті екендігінен туындайды. Қоғам балаларда бойында болашақта қоғамға қызмет ете алатындай ақыл-ойлық, моральдық, әлеуметтік және кәсіби сапалардың қалыптастырылуын талап етіледі.. Осыған орай, физиканы оқыту мақсаттары өзіне екі аспектіні енгізеді: әлеуметтік және жеке адамдық. Әлеуметтік аспект - қоғамның білімге деген талаптарын бейнелесе, жеке тұлғалық аспект - оқушылардың сұраныстарын бейнелейді.
Оқыту мақсаттарын берудің әлеуметтік-жеке тұлғалық көзқарасын жүзеге асыру жеке адамның құрылымын талдауды талап етеді. Жасалған жеке адамның құрылымының моделі өзіне статикалық модельді: жеке адамның тәжірибесін, психика механизмін, жеке адамның типологиялық қасиеттерін және жеке адамдық динамикасын енгізеді.
Осыған орай және жалпы білім берудің негізгі мақсаты – жеке адамды жан-жақты дамыту екендігін ескере отырып, жалпы білімнің әлеуметтік-жеке адамдық мақсаттардың төрт тобын бөліп көрсетеді: жеке адамның өткен ұрпақтардың тәжірибелерін меңгеруін; психиканың функционалдық механизмін дамыту; жеке адамның жинақталған типологиялық қасиеттерінің қалыптасуы; жеке адамның оң қабілеттерінің, қызығушылықтарының, бейімдерінің жеке қасиеттерінің дамуы.
Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық білім ұйымдарьшда, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз "Физика" пәнін оқытуды жүзеге асыру кезінде;
- бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарында қабылдау емтихандарының материалдарын дайындау кезінде;
- Мемлекеттік білім стандарттары және тестілеудің ұлттық орталығында қабылдау емтихандары материалдарын дайындау кезінде;
- жоғары оқу орындарында "Физика" пәні бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезіңде;
- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында "Физика" пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемслік кешендер дайындау барысында;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру ісіне қайта даярлау институттарында "Физика" пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында,
- білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында "Физика" пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы және сақталуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республикасының мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметік лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдалануы мүмкін.
"Физика" пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет