Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет10/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

2.2 Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыру

Мектеп жасындағы оқушыларда жеке дүниетанымдық қалыптасу процесі жедел түрде жүріп жатады. Адам әлемдегі өз орнын анықтайды, бұл міндетті ол көптеген себептерге байланысты әртүрліше шешеді: оның жеке тұлғасына сыртқы әсерлердің сипаты, сонымен қатар, қоршаған ортаны қабылдау мен пайымдаудың жеке тұлғалық ерекшеліктері. Шамасы, әрбір адамның жоғары немесе төмен дәрежеде ғылыми, діни немесе мистикалық дүниетанымға бейімделуіне объективті себептері болып тұр. Тіпті кейбір жағдайларда осылардың біреуінің басымдылығы барма екендігін анықтау қиынға соғады.


Дүниетаным жеке адам құрылымының маңызды компоненті болып табылады. Ол өзіне дүние (әлем) туралы, ондағы адамның орны жөнінде жинақталған көзқарастар жүйесін, сонымен қатар, белгілі бір дүниетүсінімге сай көзқарастар, сенімдер, мұраттар, ұстанымдарды енгізеді.
Дүниенің физикалық көрнісі-табиғаттың адам санасындағы ең жалпы және ең нақты бейнелік түрі(формасы). Міне, сондықтан физика мен астрономияның қазіргі әдістемелік жүйесі оқушы санасында оның дүниетанымы үшін аса мәнді болып табылатын Әдемнің біртұтас физикалық бейнесін қалыптастыруы тиіс.
Аталмаш жұмыстарының барлығы да дүниенің біртұтас физикалық көрнісі оқу материалдарын ірілендірудің де, оқу-тәрбие үрдісін оңтайландырудың да ғылыми-әдіснамалық негізі болып табылады. Өйткені қазіргі кезде ғылым мен техникаға қосылатын жаңа білім екі жыл ішінде екі есеге жуық өсіп отыр. Мұндай жағдайда пәндерді оқыту әдістемесінде қарқынды оқыту әдісі-синтез арқылы жүйелеу жетекші орынға шығады.
Мұғалімнің көпшілігі қолданатын оқытудың дәстүрлі әдістемесінде, керсінше, талдауға көп көңіл бөлінеді.
Бірінші амал оқу материалдарының дидактикалық бірліктерін ірілендіру арқылы оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін еселеп арттыруға, яғни қарқындандыру жолына(интенсивтендіруге) бастайды. Бұл амалды жаңашыл мұғалімдер бұрынан да қолданатын, қазірде де қолданып келеді.
Екінші амал дидактикалық бірліктерді ұсақтауға әкеледі де, оқу үрдісін экстенсивті жолмен ұйымдастыруға мәжбүрлейді. Жаңа білімнің тасқынды өсуі, оқылатын материалдар көлеменің ұлғаюы- осылардың барлығы да қазіргі жағдайда, оқу үрдісін экстенсивті жолмен ұйымдастырудың тиімсіз екенін көрсетеді. Оқу материалдарын ұсақтап бөлшектеу, біріктірудің орнына ыдырату оқушылардың оқу пәніне деген қызығушылығын жояды. Бұдан ХVІІІ ғасырдың өзінде француздың ұлы ойшылы Д.Дидро көңіл аударған болатын. Ол былай деп жазды: «Егер саған он бес жасқа толғанда: бүкіл математика ғылымы он екі проблеманы шешуге тіреледі-деп айтса, онда сенің дәл қазір математик боларыңа мен ешқандай шүбә келтірмес едім. Бізді кейбір теоремалардың қиындығы емес, көптігі жирендіреді ».
Міне, сондықтан біз мұғалімдерді дидактикалық бірліктерді (ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, тақырыптарды т.б.)модульдік блоктарға біріктіріп ірілендіруге, сөйтіп оқу үрдісін қарқындандыруға мүмкіндік беретін амалдарды қолдану керек. Оқу материалын біртұтас көрсететін синтезден талдауға, жалпыдан жекеге көшу, оқушыларды жалықтырмайды, қайта оның құштарлығын оятып, өздігімен ізденуге жетелейді.
Белгілі психолог-ғалымдар тұлғаның жан-жықты дамуы үшін жүйелі біртұтастық амалдарының тиімділігі туралы әрдайым айтып келеді. Мысалы, «білім мазмұны тұжырымдамалық ойларға, яғни Әлемді тұтас қабылдауға жетелеуі керек»-деп Л.С.Выготский түйіндеп айтса, С.Л.Рубинштейн «синтездеу арқылы талдау-талдаудың жаңа түрі, ойлау үрдісінің негізгі жүйе талшығы»-деп, білімді тұтас бейнелеудің тиімді әдісін нақты көрсетеді. Ал, А.Эльконин өзінің мектепте көпжылғы жүргізген тәжірибесін жинақтап: «сызықтық бағытта орналасқан білімнің біртқтас мазмұны мектептегі оқу уақытын 2-3 жылғы қысқарта алады»-деген қорытындыға келеді.
Оқу пәндеріндегі білімді ірілендірудің мысалы ретінде физиканың іргелі теориялары негізінде құрылған Әлемнің біртұтас көрнісінің моделін көрсетелік
Білім мазмұнын осылайша біртұтас күйінде бейнелеудің оқушы тұлғасы үшін ғылыми-дүниетанымдық мәні де, қызықтыра-дамытушылық әсері де орасан зор. Суреттегі модельде физиканың сегіз іргелі теориясы біртұтас күйінде бейнеленген. Олар физиканың өткенін, бүгінгісін және болашағын елестетеді. Бұл теориялар оқушыларды өздерінің белсендігімен шошыта алмайды, қайта аздығымен қызығушылығын арттырып, ынтасын оятады.
Сонымен, 1-суретте Әлемнің біртұтас физикалық бейнесінің теориялық моделі үш өлшемді куб тәріздес болып келеді де, оның үш іргелі тұрақтысы: G-гравитациялық тұрақты, c-жарық жылдамдығы, h-Планк тұрақтысы орналасқан.Физика дамуының тарихи үш кезеңі нақ осы үш әлемдік тұрақтымен тығыз байланысты. Мұндай модель мұғалімге арналғанмен , оның оқушылар үшін де аса зор дүниетанымдық маңызы бар. Сондықтан оны көрнекі құрал-плакат түрінде сызып, әлемдік тұрақтылардың мәндері мен қысқарған сөздерді толық жазып, физика кабинетіне іліп қойған дұрыс.
Оған үнемі сілтеме жасап, оқылатын теориялардың ерекшеліктерін ашуға тырысқан жөн; бұл табиғаттағы құбылыстардың арасындағы жүйелі байланыстарды табуға көмектеседі.
Осыған байланысты физика мен астрономияның дүние танымдық әлеуетін ерекше ашатын үш әлемдік тұрақтыға әр кезде де баса көңіл
аударып отыру керек. Іргелік физикалық теориялардың барлығы да аталған үш тұрақтыға негізделеді. Модель іргелі физикалық теориялардың арасындағы жүйелі байланысты, қатынастықты олардың тарихи дамуымен ұштастырып, көрнекті түрде көрсетеді.
Суретін көрсетіп тұрғандай, классикалық ньютондық механика (М) іргелі физикалық теориялардың бірі болып табылады. Ол әлемдік әмбебап тұрақтыларды қамтымағандықтан, координаталар жүйесінің бас нүктесінде орналасқан.
Сондай-ақ, «іргелі физикалық теорияны құрайды.
«G»гравитациялық тұрақтыны қамтитын Бүкіләлемдік тартылыс заңына негізделген классикалық ньютондық гравитациялық механика да (GМ) іргелі физикалық теория қатарына қосылады.
Электромагниттік толқынның (жарықтың) таралу жылдамдығын, яғни «с» тұрақтысын қамтитын Максвелдің электродинамикасымен оған тығыз байланысты Эйнштейіннің салыстырмалылықтың арнайы теориясы, яғни релятивтік механика (RM) үшінші іргелі физикалық теорияны құрайды.
Ашылуына кванттар туралы Планк гипотезасы мен Бор постулаттары себеп болған және әлемдік «h»- Планк тұрақтысын қамтитын кванттық механика (QM) төртінші іргелі физикалық теория болып табылады.
Екі әлемдік тұрақтыны (с және G )бірдей қамтылған релятивтік гравитациялық механика (RGM) бесінші іргелі физикалық теорияны құрайды.
Сол сияқты қос әлемдік тұрақтыға (с және h) негізделген релятивтік кванттық механика (RQM) алтыншы іргелі физикалық теория болады.
G және h әлемдік тұрақтыны қоса қамтитын кванттық гравитациялық механика теориясы (QGM) жетінші іргелі физикалық теорияның санатына қосылады.
Сонымен қатар үш бірдей әлемдік тұрақтыларды (с,h,G) қамтитын кванттық релятивтік гравитациялық механика (QRGM) сегізінші іргелі физикалықтеорияның жүгін көтереді.
Жоғарыдағы моделді сипаттай отырып, физика ғылымының үнемі даму үстінде екендігіне, физикалық теориялардың ашылуы мен жетілдіру толастамайтын үздіксіз процесс екендігіне үнемі көңіл аудару қажет.
Жоғарда көрсетілгіен модельде бүкіл теориялық физика біртұтас күйінде бейнеленген. Оқу материалын осылайша жүйелеуді тұтас оқулық бойынша да, немесе оның тараулары мен бөлімдері бойынша да жасауға болады. Мұндай жағдайда оқылатын материалдарды синтездеу формалары мен құралдары әр түрлі (кестелер, таңбалар модельдер, формулалар т.с.с.) болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет