Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет33/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   173
істейді? 
 
Көп адам ер адам ақылды әйелді ұнатпайды дейді. Не 
үшін ұнатпайды? Қорыққандықтан емес. Еркек ақылды 
әйелдің жанында өсу мүмкін еместігін түсінеді. Себебі 
ақылды әйел әрдайым «Қай жерін түзесем екен, қай 
жерінде критика айтсам екен, ақылымды қай жерге 
қыстырсам екен» деп, әрдайым қателікті жөндегісі келіп 
тұрады. Қоғамда, достарының арасында, жолдасының 
қасында да ақылды адам әрдайым ақылын айтып, 
сұралмаған кеңес беруді тілмен қатырады. Ақылды адам 
өте жауапкершілікті адам. Өз жұмысын керемет біледі. Ақ 
пен қараны ажырата алады, бірақ ақылды адамның 
жанында ешкім өспейді. Себебі ол жанындағы адамдарға 
әрдайым ескерту айтып, қателіктерін тізіп отыратын 
болады. Ақылды адам кез-келген ортада 
болады. Ойланып жан-жағыңызға қарап 
көріңізші. Мүмкін дәл сіз үнемі ақылмен 
еріңізге қарайтын шығарсыз? Еріңізбен 
сөйлескенде 
де 
ақылыңызды 
айтуға 
тырысатын шығарсыз? 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
54 
Тағы бір мысал, сіз бір қателік жасап қойып, күнәға 
баттыңыз делік. Оны ішіңізде сақтағыңыз келмей, 
жақыныңызбен бөлістіңіз. Бірақ ақтарылып, айтып 
бергеніңіз үшін өкініп қаласыз. Сіз онсыз да қатеңізді 
түсініп тұрсаңыз сол жақыныңыз одан сайын бетіңізге 
басып, ұрсып, үмітіңізді өшіреді. Сіз оған «мен қателек 
жасадым, күнә істедім» десеңіз, ақылды адам сізге «Ужас! 
Қалай жасадың? Неге жасадыі? Сен өз беріп едің ғой
сөзіңде тұрмасаң, неге айтасың?» деп сізді ашылуға, 
ішіңіздегіні ақтарып айтуға айнытып тастайды. Бұның 
барлығы ақылды әйелдің әрекеті.
Ал дана әйелдің әрекеті қандай болады? 
 
Ол алдымен үміт береді. «Иә, сен қателік жасап 
қойдың, бұның дұрыс емес, бірақ Алла Тағала шексіз 
мейірімді, кешірімді, кешірім сұрасаң, ол сені кешіреді. 
Сен олай өз-өзіңді жей берме. Барлығы жақсы болады» 
дейді.
Дана әйелдің күйеуі бір жаққа кетіп бара жатса, жүрегі 
тыныш болады. Жанындағы көрші бөлмеге жібергендей 
жібереді. Ал ақылды әйел күйеуін бір жаққа жібергенде 
соғысқа аттанатындай жібереді. «Сен былай істе, мынаны 
жазып ал, ұмытып кетпе, дәріңді іш, ана затыңды ал» деп, 
ақылын айтып, түзетіп, кішкентай баланы мектепке 
жібергендей шығарып салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет