Некеден кейін әйел бақыты


Дана әйел өз күйеуіне қателесуге мүмкіндік береді



Pdf көрінісі
бет34/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   173
Дана әйел өз күйеуіне қателесуге мүмкіндік береді. 
Ер адам қателік жасау арқылы өседі, дамиды. 
Қателікпен адам тәжірибе жинайды.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
55 
Бір оқиғаны айтып берейін. Күйеуі мен әйелі үлкен 
айтулы күннің құрметіне демалуға кетпекші. Ер адам 
сыйлық ретінде демалуға билетті өз мойнына алып, 
демалысты ұйымдастырып жатыр екен. Олар бұған дейін 
күйеуінің ұйымдастыруымен демалысқа барған. Демалыс 
көңілдеріндей шықпаған. Билеті де, барған жерлері де, 
орналасқан қонақ үй де дұрыс емес. Қысқасы босқа 
жүйкелерін тоздырып, шаршап келіпті. Сол кезде әйелдің 
құрбылары таңданып былай депті: 
-Демалыстарың тағы да құртылады ғой. Өзің 
ұйымдастыра бермейсің бе? Өткен жолы сенің күйеуің 
онсыз да қателесті. Осы жолы да тағы қателік жіберетін 
шығар.
Сонда дана әйел былай деп жауап берді: 
-Ертең оның міндеттерін өзім істегенше, мен одан да 
күйеуіме қателесуге мүмкіндік беремін. Ол өз қателігінен 
сабақ алады. 
Солай күйеуі алдыңғы жолы жіберген қателіктерді 
алдын алып, демалысты жақсылап ұйымдастырыпты. 
Бұдан шығатын қорытынды қандай? Сіздер уайымдап, 
күйеуіңіз қателеседі-ау, дұрыс жасамай қояды-ау деп 
күйеуіңіздің міндеттерін өз мойныңызға алсаңыз, уақыт 
өте келе қатты өкінетін боласыз. Неге? Себебі еркек 
босаңсып кетеді. Кәдімгідей босаңсып кетеді. Сіз оның 
міндетіндегі әрекеттерді өзіңіз жасай салсаңыз 
оған рахат емес пе? Оның жұмысы жеңілдейді. 
Сіз кредитті төлей саласыз, үйдегі ауыр затты 
көтере саласыз, базарға бара саласыз, күйеуіңіз 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
56 
диванда аяқ көтеріп жатады. Одан да күйеуіңізге 
қателесуге мүмкіндік беріңіз. Сіз бір-екі рет оның міндетін 
жасасаңыз, ол сізге қуана-қуана өзінің жұмысын бере 
салады. Ал сіз бір күні жалығып, шаршап жасамай 
қойсаңыз, күйеуіңіз сізге ренжитін болады. Осының 
барлығы болмас үшін дана әйел күйеуіне қателесуге 
мүмкіндік береді. Күйеуіңіз бір рет қателеседі, екінші рет 
қателеседі, үшінші рет қателік жібермейтін болады. Сіз тек 
шыдамдылық танытып күтіңіз. 
Осы жерде сізге түсінікті болсын деп тағы әдемі мысал 
келтірейін. Сіздің күйеуіңіз көлік айдап келе жатқанда 
шұңқырға ұрынып, жолдың кідірімен өтеді. Келесі жолы 
сол көшемен өтіп бара жатып, ол есінен шығып кетіп тағы 
да шұңқырға түсіп өтеді. Қалай ойлайсыз үшінші рет 
өткенде сол көшенің шұңқырын айналып, көлікті үлкен 
жылдамдықпен айдап өте ме? Әрине, жоқ! 2-3 рет сол 
көшеиен өткенде ол өзіне «тууу, алдында осы шұңқырдан 
айналып өтем деп едім» деп өзіне ескерту қояды. Еріңіз 
шұңқырға түспесе, ол жердің жолы жаман екенін білмес те 
еді, және сол көшеде қалай жүру керегін де аңғармас еді. 
Дәл солай сіз де оған өмірлік шұңқырлардан өтуге 
мүмкіндік беруіңіз керек. Еріңіз өзі қателесіп, ұрынып, 2-3 
рет басына тиген соң түсініп, келесі жолы сол өмірлік 
шұңқырға түспеудің амалын жасау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет