Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет71/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
114 
Дұрыс өтініш айту технологиясы 
 
Енді өтініш сұрауға көшеміз. Ер 
адамнан өтініш білдіру керек. Өте көп 
рет. Ол маңызды. Ер адам өзін сізге керек 
екенін сезбесе, ол өсіп, көтерілмейді. 
Күнделікті «мына нәрсені сатып ал» 
деген сияқты өтініштер емес. Кішкентай қамқорлықты 
көрсететін өтініштер. Машинаның есігін ашып беруін 
сұраңыз. Қыс болса «қолым жаурап кетті, жаным, есікті 
ашып берші» -деп сұраңыз. Немесе қолыңызға сумка 
немесе пакет алып алыңыз. «Қолым бос емес, есікті ашып 
берші» деп сұраңыз. Үйге келгенде ер адамның алдына 
шығып есікті бірінші ашпаңыз. Ер адам бірінші кілтпен 
есікті ашып, сізді кіргізуі керек. Есіктен өзі кіріп кетсе, 
ұрысып, «қызды өткізу керек қой» деп дүңкілдемеңіз. 
Оданша еріңізге еркелеп «есіктен бірінші мені өткізші, мен 
әйелмін ғой» деп өтінішіңізді айтыңыз. Дүкенге барғанда 
пакетте нан болса, оны еркекке беріңіз. Ол сізге айтуы 
мүмкін: «бір пакет нан жеңіл ғой, өзің ала салшы, өзің 
көтере берші» деп, ал сіз: «иә, жеңіл екенін білемін ғой, 
бірақ мен қызбын, ,сенің қолыңда осы пакет болса әдемірек 
көрінеді» деп айтыңыз. Базарда жүргенде ауыр немесе 
жеңіл болса да пакеттерді еркек ұстауы керек. Ер адамның 
қолы бос болса, әйел адам бірнәрсені тасуды 
өз мойнына алмауы керек. Осыны есте сақтап 
алыңыздар. Тіпті, қолыңызда бала көтеріп 
жүргенде де баланы күйеуіңізге беріңіз. Алла 
Тағала әйелді нәзік, еркекті мықты етіп босқа 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
115 
жаратқан жоқ. Күйеуіңізге көмектесуге болады. Егерде 
оның екі қолы бірден бос емес болған жағдайда ғана. Басқа 
жағдайда сіз нәзіксіз. Есік ашу, қолдағы затты көтеру оның 
барлығы еркектің мойнында болуы керек. Оны осыған 
үйретіңіз. Аз-аздан, үздіксіз.Ол сіздің қолыңыздан бір 
затты көрсе өзі алып қойып, есікті көрсе, өзі бірінші ашып, 
уақы өте сондай бір ереже қалыптасу керек. Бірақ ешқашан 
араңызда осындай ереже болмаған болса, аяқ астынан 
қақайып, мен істемеймін деп тіреоіп жүрмеңіз. Сізге ер 
адамның «қалауын» ояту керек, ол үшін ұзақ уақыттар 
кетуі мүмкін. «Нанды сен ұсташы, қолым жаурады» деген 
соң еріңіз «жоқ, ұстамаймы» десе, жұлқынып, ұстасаң да 
ұста демеңіз, бұл жерде бастысы еркектің ойына әйелдің 
нәзіктігі жайлы ойын ояту. Бас тартса «әйелге қарағанда ер 
адамға заттары ұстап жүрген жарасады, әйел нәзік жан 
ғой» деп қана айтып, наныңызды әрі қарай көтеріп жүре 
беріңіз. Бастапқы уақытта сіз тек сөзбен ғана миына 
программа орната бастайсыз, уақыт өте еріңізге сөздер 
қалыпты болып естіліп, амалы да соған қарай өзгере 
бастайды. 
Еріңізден үйдің шаруасына да көмек сұраңыз. 
Келіспесе қорқатын ештеңе жоқ. Бүгін бас тартты, ертең 
бас тартады, үшінші рет келіп орындайды. Үшінші рет 
орындамаса келесі аптада жасайды. Бастысы сіз одан сұрау 
керексіз. Сіздің өміріңізде, үй шаруасында оның 
мықтылығы сізге қажет екенін білуі керек. Ер адам біз 
сияқты емес. Олар ұмытшақ болады. Біз сияқты емес деп 
қоям, біз олардан да өткен ұмытшақпыз ғой, демек оларды 
түсінуіміз керек. Жұмысын, ақшаны, жеке мәселелерін, 
болашағын ойлап, біздің өтінішімізді ұмытып кетуі 
мүмкін. Сол үшін одан сұраңыз. Ұрыспай, ренжімей, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет