Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет74/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
119 
жайлы толық жеткізе алмаймыз. Оның орнына үндемей 
қаламыз немесе басын бастап, соңын айтпай қоямыз. 
Сонда екінші тарап нақты не қалап тұрғаныңызды 
түсінбейді. Ал егер екінші тараптан қорықпасақ, бірақ 
жақтырмау сезімі болса, бүкіл негативті ойланбай бетіне 
айтып тастаймыз.
Мысалы, сіздің анаңыз сіз телефонмен сөйлесіп 
жатқаныңызда бөлмеңізге рұқсатсыз, әрі айқайлап кірді. 
Үш рет. Егер сіз алғашқы екі рет кіргенінде ештеңе демей
үшіншісінде бүкіл эмоцияңызды шығаратын болсаңыз, 
анаңыз сізді дұрыс түсінбей, араларыңызда дұрыс 
коммуникация құрылтын болады. Солай болмауы үшін 
жоғарыдағы 
формула
бойынша әрекет етуіңіз керек.
1.
Факт: Мама, сіз «Сабо, шай іш, Сабо, тамағың суып 
қалды, Сабо, тасташы ана телефонды» деп айқайлап 3 
рет кірдіңіз.
2.
Эмоция: Сол кезде досымнан қатты ұялдым. Мамасы 
ұрыса береді екен деп ойлап қалады деп жерге кіріп 
кете жаздадым. 
3.
Қажеттілік: Мен енді ересек адаммын ғой, мені ересек 
адам сияқты көріп, сыйластық танытқаныңызды 
қалаймын. 
4.
Өтініш: Өтінем, келесіде мен телефонмен сөйлесіп 
жатқан кезде маған сөйлемей тұра тұрыңызшы
немесе қатты сөйлемей, жәй құлағыма келіп 
айтыңызшы. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
120 
Не үшін формуланы сақтап айту керек? Себебі біз 
формуланы сақтамай айтатын болсақ, барлығы араласып, 
қарсы тарапқа түсініксіз болып қалады. Критика, эмоция, 
өткен шақ, қателіктер, өтініш, барлығы араласып кетеді.
Фактілерді не үшін міндетті түрде айту керек? Себебі факт 
айтсаңыз, адамға нақты не жайлы айтып жатқаныңыз 
түсінікті болады. Мысалы, күйеуіңіз сізге дөрекі сөйлеп 
қойды да, сіз ренжіп қалдыңыз. Енді өтініш айтатын кезде 
факт келтірмей жалпылама айтатын болсаңыз, «сен үнемі 
осылай дөрекілік көрсетесің» десеңіз, күйеуіңізге бұл әсер 
етпейді. Нақты қай сөзді, қашан айтқанын фактпен 
айтуыңыз керек. Ең бастысы жыламай, истерика көтермей, 
айқайламай сабырлы тонда айтыңыз.
Эмоцияны 
не үшін айтуымыз керек? Егер 
эмоцияңызды сөзбен «мен ашуланып тұрмын» немесе 
«менің көңіл-күйім түсіп тұр» деп айтпай, тек қана 
вербальды емес түрде, яғни жылап, жұлқынып, 
қолыңыздағы затты лақтырып көрсететін болсаңыз екінші 
тарап не үшін эмоцияға беріліп жатқаныңызды түсінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет