Некеден кейін әйел бақыты
143
қалып қоймайды. Уақыт өте өзін жан-жақты дамытып,
жаңа хоббилары пайда болып, күйеуін үнемі таңқалдырып
отырады. Күйеуінің көзінде ол өмірінің соңына дейін
оқылмаған кітап сияқты болып қалады. Бұл сөздерді
жүздеген тренингтерден естіп, кітаптардан оқып алған
шығарсыз, мен жаттанды сөздерді айтқым келмейді, маған
керегі сіздің нақты психологияны түсініп, және менің
берген инструкциям арқылы еріңізбен қатынасты
жақсартуыңыз. Сондықтан бұл кітапты оқып біткенше сіз
көп жерде айтылмайтын іліммен шығасыз.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
144
Самооценканың керегі не?
Оған не әсер етеді?
Самооценка қарым-қатынасқа қандай септігін
тигізеді? Осы жайлы талқылап көрейік.
Самооценка - өзіңді бағалау, құрметтеу деген мағынадағы
сөз. Әр адамның өзінің самооценкасы бар, бірақ дәрежесі
әртүрлі.
Мысалы, сізге біреу "Вечер" деген конфет
берсе, сіз оған "рахмет" деп жегіңіз келсе,
алып жейсіз. Бірақ сізге «Merci» немесе 80
мың теңге тұратын италияндық, әлемде екі
ғана түрі бар шоколадты беретін болса, қуана
аласыз ба? Сіз ұялып кетесіз, оны ұят қой
деген сипаттамамен жауып қоя саласыз. Сізде мынандай
ой болады: «Мен бұл шоколадты алатын болсам, орнына
бірдеңе қайтару керек. Миымызда сонша сөздер, ойлар,
пікірлер қалыптасып кетеді, өзімізге бұл шоколадты
алмауымыз керек деген сияқты ойды қалыптастырамыз.
Неге? Себебі әйелдің бір нәрсені қабылдай алуы тікелей
оның самооценкасына, өзін соған лайықты сезінуіне
байланысты.
Әлі жігітпен кездесіп жүрген қыздарға айтар кеңесім,
егер жігіт ерлік қадамға барамын десе, ешқашан жолын
кеспеу керек. Жоқ деп айтуға болмайды. Менің жақын
құрбым бар. Жігіті сондай романтик, аузын аштыртпайды,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |