Некеден кейін әйел бақыты


Самооценканың үшіншісі - адамдармен қарым-



Pdf көрінісі
бет97/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Самооценканың үшіншісі - адамдармен қарым-
қатынасқа байланысты.
Қарым қатынастағы самооценка ол қоршаған ортадағы 
адамдардың бар-жоғына байланысты. Жаныңыздағы 
достарыңыз үнемі сізге «толып кетіпсің ғой, толып 
кетіпсің ғой» деп айта берсе, сіздің самооценкаңыз төмен 
түседі. Немесе жаныңыздағы күйеуіңіз «саған мына қара 
көйлегің жараспайды, ол сені қап-қара қылып көрсетеді, 
жасыл көйлек киші» деп сізге айтатын болса, онда 
самооценкаңыз 
төмендейді. 
Немесе 
жаныңыздағы 
құрбыңыз «қалай-қалай сөйлейтін болып кеткенсің, 
жағымсыз иіс шығып тұр ғой, мына иіссу жаман екен» деп 
айтса, содан сіздің самооценкаңыз төмен түсіп кетеді. Не 
үшін? Себебі адамды шыныменде критика өзгертеді. Не 
істеу керек? Ол адамдармен қарым-қатынасты алшақтату 
керек. Егер, әрине, мүмкін болса. Қайта-қайта критика 
жасайтын достарыңыз болса, ең бірінші солармен 
сөйлесесіз: «иә, маған қара түс жараспайтынын білемін, 
бірақ маған қара түс ұнайды, мен сол көйлекті киемін
маған олай жараспайды деп айтпай-ақ қой, жарайды ма?» 
Болды. Ол адамның есі дұрыс болса, түсінігі бар болса, ол 
сізге екінші рет айтпайды. Сол келісімшартқа 
отырасыздар. Түсінікті ғой? Егерде ол өзінің тәрбиесіздігі 
болса, қайта-қайта кемшіліктеріңізді айта беретін болса, 
онда «сен ренжіме иә, мен энергиямды құртатын 
адамдармен араласқым келмейді» деп тіке айтасыз. Немесе 
жәй ғана қоңырауды көтермейсіз, кездесуге шақырмайсыз, 
ол шақырса бармайсыз. Алшақ жүресіз.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
158 
Мен не айтқым келіп тұр? Қанша жерден самооценка тек 
өзіңе байланысты десек те, ол өтірік. Себебі жанымыздағы 
адамдардың сөздері бізге әсер етеді. Әсіресе бізге жақын 
адамдардың сөздері. Ал бөтен адамдардың сөздері сізге 
әсер етпеуі керек. Танымайтын көшедегі біреу «мына 
қызды қарашы, не киіп алған» деп айтып өтіп бара жатса, 
сіз оны естіп қойып, көңіл-күйіңіз түсіп, жылағыңыз келіп, 
басқа киім киіп алсаңыз, демек сіздің сенімділігіңіз жоқ. 
Бұл нәрсемен жұмыс жасау керек.
Ал сіздің күйеуіңіз немесе анаңыз сізге критика 
айтатын болса, сіздің көңіл-күйіңіз түсіп кетсе, бұл 
қалыпты. Бұл тым жаман, дұрыс емес нәрсе деп айта 
алмаймын. Әрине, кез-келген адамның көңіл-күйі осы 
үшін түсіп кетеді. Көңілсіз жүреміз, бірақ ұзақ уақыт 
болмауы керек. Есте сақтаңыз, сіздің көңіл-күйіңіз тек 
сіздің жауапкершілігіңізде! Сіз өзіңіздің көңіліңізді 
басқара алуыңыз керек. «5 минут көңілсіз отыра тұрам да, 
бірден шаруаға кірісіп, көңілімді көтеріп аламын» деп 
өзіңізге ескертіп, өз-өзіңізді басқарып бастаңыз. 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет