Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет92/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Біз 
кейде 
самооценканы 
шүкіршілікпен 
шатастырамыз. «Осығанда шүкір» деген сөзді 
қолданбайтын жерге қолданамыз. 
Алла Тағаланың бізге 
берген денсаулығына, тірі екенімізге, құлшылық жасап 
жатқанымызға шүкір. Ал ер адамның іс-әрекеттері – өзінің 
таңдауы, өзінің жауапкерішлігі. Ер адамнан әйелдік рөлде 
тұрып талап ету керек. Оны аямау керек. Менің "Еркекті 
аямау керек" және "Әйел адамның қателіктері" деген 
постым бар еді. Қарап шықсаңыздар болады. Осы постты 
шығарғанда оқырман екі топқа бөлінді. Бір тобында 
қыздар: «Сонда еркек кешке дейін жұмыс істеп бізді 
бағады, ал біз оны аямау керекпіз, ол қалай болғаны? Әйел 
адам керісінше аяу керек, баптау керек», - деген ойда 
болды. Ал екінші топ: «Дұрыс, еркекті аямау керек, одан 
талап ету керек»,- деген пікірде болды. 
Әр нәрсенің өз шегі және нормасы бар. Еркекті аяу 
керек деп толықтай өзіңіз ақша тауып, шеге қағып кететін 
болсаңыз, онда бұл нормадан төмен. Басқа жағдайды қарап 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
149 
көрейік. Еркек күні-түні жұмыс істеп жүр. Ал әйелі одан 
жұмыстан келген соң картоп ашуға көмектес деп талап 
етеді. Не үшін? Себебі еркекті аямау керек деген түсінікті 
ұстанады. Бұл нормадан тым жоғары кетіп қалған. Еркек 
өз парызын орындауы үшін, әйел өзіндік парызынан артық 
басқа дүниені жасап қоймауы керек. Әйелдің парызына 
отбасыны ақшамен қамтамасыз ету кірмейді, үйдің 
шегесін қағу кірмейді, және басқа де еркектің парыздарын 
орындау әйелдің парызына кірмейді, егер әйел еркекті аяп, 
соны өз мойнына алса, бұл бірінішіден оның 
самооценкасын түсіреді, екіншіден әйелдік энергетикасын 
жоқ қылады, үшіншіден еркектің босансып кетуіне алып 
келеді. Әйел еріне қатысты талапшыл болуы керек. Бірақ 
талап ету тек даналықпен, қулықпен, әйелдік рөлмен ғана 
жүзеге асады. Соны ұмытпаңыз.
Мысалы сіз күйеуіңізді немесе жүріп жүрген 
жігітіңізді: «Мен қазір саңырауқұлақпен пицца жегім келіп 
тұр»,- деп жібересіз. Сосын күйеуіңіз немесе жігітіңіз 
барады да, саңырауқұлақпен пицца емес, басқа түрін 
алады, мүмкін сіз қалаған пицца қымбаттау болған шығар 
немесе мүлдем болмаған шығар. Ол: «Маргарита бар екен, 
жаным, маргарита да дәмді ғой»,- дейді.
Өзін 
жоғары бағалайтын, өзіне нық сенімді, 
самооценкасы жоғары қыз бала не деп айтады? «Жаным, 
мен 
маргаританы 
онша 
ұнатпаймын. 
Мен 
саңырауқұлақпен жегім келеді. Маған ренжіме, өзің 
маргарита жей бер»,- деп жемей қояды. Бұдан кейін еркек 
не ойлайды? Келесі жолы сіз саңырауқұлақпен сұрасаңыз, 
ол соны әкеліп береді. Себебі жігіт сіздің келісе 
салмайтыныңызды біледі. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет