Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет95/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
154 
түседі, жел болмаса тұрады. Жазда жасыл, күзде бір 
жапырақ әртүрлі түске боялады. Бұл да Алланың құдіреті. 
Гүлдердің дәндеріне қараңызшы, барлығының түрлері 
бірдей. Бірақ өскеннен кейін біреуінен түймедақ, біреуінен 
раушан, біреуінен қызанақ, картоп неше түрлісі өседі. 
Алланың Құдіреті мықты, иә? Осындай сияқты нәрселерді 
ойлайтын болсақ, жаман нәрсеге біздің ойымыз ауып 
кетпейді. Біздің миымыздың іші пыспайтын болады. Егер 
сіздің сөзіңізде "анау арықтап кетіпті, анау толып кетіпті, 
ол үйіне ремонт жасапты" деген сияқты сөздер болатын 
болса, бұл сөзден басқа сөздер миыңызға келмесе, онда 
сіздің рухани азығыңыз азайған. Сіздің миыңыз құлдырап, 
төмендеп жатыр. Оны дамыту керек, іздену керек. Біреу 
сізге "қалай ойлайсың, мына жапырақтардың түсі қалай 
жасылға боялады?"-деп сұрақ қойса, сіз жауабын білесіз. 
Себебі, сіз өзіңізге бұл сұрақты бір жыл бұрын қойып, 
өзіңіздің іліміңіз үшін жауабын тауып қойғансыз. Міне, 
осындай сұрақтар мен жауаптар миыңызда болса, сіздің 
жаман ойларыңыз бірден кетіп қалады. Сізге ешнәрсе 
ішпыстырарлықтай болмайды. Осы дүниенің әр шаңын, әр 
тозаңын, әр ағашы мен тасын Аллаһ өзі жаратты. 
Бастамасы Жаратушы Алладан, демек сіз жаратылған 
дүниелерге қарап өзіңізге сұрақтар қойсаңыз, жауабын 
Алладан табасыз, Аллаһ жайлы ойлана бастайсыз. Ал 
Аллаһ жайлы ойланатын адамның қорқынышты ойлары 
болмайды.
Ішкі жан дүние самооценкасын жаптық. 
2. 
Сыртқы келбеттің самооценкасы.
Егер сырт 
келбетіміз өзімізге ұнамаса, бұл самооценканы бірден 
төмендетіп жібереді.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
155 
«Бетім безеу-безеу» 
«Бетімнің түсі реңсіз»
«Шашым сынғыш» 
«Тырнақтарым үнемі өспейді, сынып қала береді» 
«Толықпын» деген сынды өзіңізге критикаларыңыз. 
Самооценканың жоғарылығы ол өз-өзіңмен 
жұмыс істеуден басталады. Құр сөзбен, 
аффирмациямен көтеріліп кетпейді. Өз-өзіңізді 
толықтай қабылдап, көңіліңіз толғанда ғана 
өзіңізді 
жақсы 
көресіз, 
самооценкаңыз 
көтеріледі. Сіз өзіңіздің безеуіңізді жақсы 
көремін деп айтсаңыз да, айнаға қараған сайын 
безеуіңіз көзге түсіп, бәрібір көңіліңіз түседі. 
Сондықтан өзгертуге болатын, көңіліңізге толмайтын 
келбетті тек критикаға сала бермей, өзгерту үшін амал етіп 
бастаңыз. 
Келбетіңізге, 
денеңізге 
уақыт 
бөлу-
самооценканы көтерудің бірден бір тәсілі. Себебі өзіңе 
арналған уақыт міндетті түрде өзіңе деген қамқорлықпен 
теңеседі. 
Тырнақтарыңыз ұнамаса, күнде тұзды суға салып 
тұрыңыз, йод жағыңыз, Е, А витаминін, кальций ішіңіз. 
Гормоныңызды, витаминдеріңізді дәрігермен бірге 
тексеріп алыңыз. Өзіңіздің денсаулығыңызға қараңыз. 
«Үнемі ауырамын да жүремін», - деп шағым айтып, 
жыламсырап жүргенше, денсаулығыңызды қолыңызға 
алыңыз.
Бет теріңіз ұнамай ма? Е витаминін міндетті түрде 
ішіңіз, сутегі тотығымен сүртіп тұрыңыз, крем, маскалар 
жағыңыз. Әртүрлі бьюти-видеолар қараңыз. Өзіңізге ұнау 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет