Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет21/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Байланысты:
Философия

Жеке және жалпы. Сана мен сапа.

Болмыстың ішкі астарын ширатып талдауды неден бастауымыз керек? Әрине, бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Діни философия оны Құдаймен теңестіреді. Идеалистік философияның көрнекті өкілдерінің бірі Г.Гегель өз философиясын «абсолюттік идея» ұғымынан бастайды. Ал материалистік бағыт ұстаған ойшылдар оны «материя» ұғымынан бастайды. Бірақ уақытында ұлы Гегельдің өзі-ақ айтып кеткендей, ешкім де ешқашан абстрактіліқ «материяны» көрген жоқ, дүниеде тау-тас, ағаш, ауа, қой, ешкі т.с.с. нақтылы заттар бар, ал материяның өзі-ақ абстрактілік ұғым емес пе? Ал Л.Фейербахқа келер болсақ, болмысты талдауда күнбе-күнгі көз алдымызда өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстардан, яғни «міне», «мынау», «анаудан» бастап, ары қарай өрлеуіміз қажет деген пікір айтады. Біздің ойымызша, соңғы ойшылдың пікірі дұрыс сияқты. Расында да, осы пікірді талдап көрейікші. Егерде біз адамды қайсыбір жануармен салыстырып байқасақ, онда оның шексіз айырмашылығын байқаймыз, өйткені жануар өзін айнала қоршаған ортадан айырып ала алмайды, ол өзінің туа біткен инстинктері мен шартты рефлекстері арқылы табиғатпен біртұтас өмір сүреді. Ал адамға келер болсақ, оның санасы пайда болған сәттен бастап, ол өзінің басқа заттардан бөлек ерекше болмысын сезінеді, сонымен қатар басқа заттардың да дара, ерекше өмір сүретінін байқайды. Осы ерекшелікті сезінудің нәтижесінде адамдардың санасында даралық, жалқылық, ерекшелік, 374 зат, құбылыс т.с.с. ұғымдар пайда бола бастайды. Сонымен қатар адам өз дербестігін, ерекше болмысын сезініп қана қоймай, оны айнала қоршаған ортамен байланысын, сонда өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын да байқайды. Өйткені оған тірі жан ретінде тамақ ішуі, баспана іздеуі, басқа аңдардан қорғануы т.с.с. қажет. Бұл қажеттіліктердің өтелуі айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды пайдалану арқылы ғана іске асуы мүмкін. Алғашқы уақытта адамның өмір сүру барысында пайдаланған заттары әрқашанда ерекше, дара, жалқы, қайталанбайтын, бұрын-соңды оның өмірінде кездеспеген сияқты болып көрінеді. Ол оның белгілі бір қажеттіліктерін өтегеннен кейін, есінде сақталмай қоймайды. Сонымен қатар адам өзінің өмір сүру барысында сол қажеттіліктерді өтей алатын басқа заттар мен құбылыстарды да кездестіріп, оларды пайдаланады. Сондықтан оның басында даралық, жалқылық ұғымымен қатар, бірнеше, көп ұғым пайда болады. Мысалы, шие де, алма, алмұрт та бір қажеттілікті өтейді. Олардың барын салыстыра келе, адамдар олардың ортақ қасиеттерінің бар екенін, айырмашылықтарымен қатар жалпыға бірдей жақтарын анықтайды. Сол себепті шие, алма мен алмұрттан тыс жеміс деген ұғым пайда болады, ол – аталған және де басқа жидектердің жалпы қасиеттерін біріктіретін ұғым. Жүре келе, мұндай ұғымдар адамдардың сөздігіне көптеп кіріп, белгілі бір халықтың ойлау жүйесін ары қарай дамытады… Жоғарыда өрбіген ой-өрісіміз дұрыс болса, онда жалқылық пен жалпылық болмыс санаттарын талдаудың бастамасы болып есептелуі керек. Тарихи-қисындық тұрғыдан алғанда, солардың адам тәжірибесі дамуының негізінде, пайда болуының нәтижесінде басқа да болмыс санаттары дүниеге келіп, өрби бастайды. Енді бүгінгі таңдағы философиялық тұрғыдан қарасақ, онда біз жалқылық, даралық болмыстың өмір сүру формасы екенін байқаймыз. Дара, жалқы дегеніміз – кеңістік пен уақыттың шеңберінде шектелген зат, я болмаса құбылыс. Болмыстағы нақтылы да шынайы өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстар дара, жалқы, ешқашанда қайталанбайтын, тек өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді. Қазақ халқы оны «бес саусақ бірдей емес» деген нақыл сөзбен берген. Мысалы, қазіргі жер бетінде өмір сүріп жатқан 6 млрд. адамның ішінен бірбіріне толығынан пішін-түрі жағынан екі ұқсасты табу мүмкін емес. Сондай-ақ олардың әрбіреуінің ой-өрісі, руханияты да өзгеше қайталанбайтын жақтарымен суреттеледі. Элементарлық бөлшектерден бастап жұлдыздар әлеміне дейін ғалымдар толығынан бір-біріне ұқсас ешқандай екі затты тапқан жоқ. Қорыта келе, даралық, жалқылық дегеніміз – шындық болмысының өмір сүру тәсілі болып шықты. 375 Сонымен қатар бұл дүниеде бір-бірімен толық ұқсастығы жоқ екі затты табу да мүмкін емес. Егерде олай болса, дүние өмір сүре алмас еді, заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланысқа түсіп, біртұтас әлемді құра алмаған болар еді. Дүниеге ұқыпты көзбен қараған адам заттар мен құбылыстардың бір-бірімен шытырман байланыста екенін байқайды, ал оның астарында олардың ұқсас жақтары, тектік бірлігі, жалпы қасиеттері жатқан жоқ па? Әрине, солай. Жалқы заттар мен құбылыстар өне бойы бір-бірімен байланыста, өзара әрекет жасауда, бір-бірін анықтауда. Оның өзі олардың жалпыға бірдей қасиеттері арқылы ғана іске асады. Сөйтіп, жалпылық дегеніміз де болмыстағы жалқы заттар, құбылыстар мен үдерістердің өмір сүру заңдылығы болып шықты. Ұқыпты оқырман бұл арада қайшылықтың пайда болғанын байқап қалған болар, бір жағынан, қайсыбір зат, құбылыс, үдеріс тек өзіне тән, дүниеде қайталанбайтын жақтарымен көрінгісі келсе, екінші жағынан, толық дербес өмір сүре алмай, жалпылыққа өтеді. Олай болса, қайсыбір зат, құбылыс, үдеріс ерекше – өз бойында қайталанбайтын, тек өзіне тән қасиеттерімен қатар, оны басқа заттармен біріктіретін жалпы жақтарымен танылады. Айтылған ойдың үлкен методологиялық маңызы бар десек те болады, өйткені сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін көп мәселелердің шешімі осы даралық пен жалпылықтың диалектикасын жете түсінбеуден пайда болады. Сараптап жатқан ұғымдарды алғаш рет терең талдаған ұлы Платон болған-ды. Оның «эйдос әлемі» – «заттар әлемімен» салыстырғанда, өз бетінше өмір сүріп жатқан материалды емес, мәңгі, кемеліне келген, сұлу, ізгі әлем, ал біздің дүние заттанған, мәнді, уақытша, эйдос әлемінің бұлдыр көлеңкесі ғана сияқты. Аристотель: «Платон маған қымбат болса да, ақиқат одан да гөрі құнды», – деп, оның өзінше өмір сүретін эйдос әлемін сынға алады. Оның ойынша, жалпылық дара заттардан бөлек өмір сүре алмайды, ол заттардың мән-мағынасын, яғни формасын құрайды. Ал форма қайдан пайда болады деген сұраққа ол: «Форманың формасы – Құдай», – дейді. Жалпылық пен жалқылық Ортағасырдағы негізгі философиялық мәселеге айналып, реализм (realіs – латын сөзі, шынайы) мен номинализм (nomіnіs – латын сөзі, есім, ат) бағыттарын тудырады. Негізгі мәселе – жалпылықтың (сол кездегі терминмен айтсақ – универсалиялардың) онтологиялық мәртебесін анықтауда болды. Реалистер жалпылық жеке заттардан бөлек өмір сүреді деген пікірге келіп, қалай айтқанда да, заттар әлемінен бөлек өмір сүретін идеалдық әлемді, я болмаса Құдайды мойындайды. Мысалы, ортағасырлық схоластиканың көрнекті өкілі Ф.Аквинский универсалиялар үш түрлі өмір сүреді деген пікірге келеді. Біріншіден, ол Құдайдың ойынан 376 шыққан болашақ заттардың идеалдық үлгілері, екіншіден, заттардың ішкі мән-мағынасы, үшіншіден, заттарды зерттеудің нәтижесінде пайда болған адамның басындағы ұғымдар. Ал номиналистерге келер болсақ, олар тек дара жеке өмір сүретін заттар ғана шынайы, ал жалпылық дегеніміз – заттардың ұқсас жақтарын пайымдаудың негізінде қойылған есімдер ғана деген пікірге келеді. Жаңа дәуірдегі ойшылдар көбіне номинализм бағытына жақынырақ болды. Мысалы, Дж.Локк жалпылық заттарда өмір сүрмейді, оларды ойлап шығарған адамның зердесі деген пікірге келеді, олар неше түрлі сөздер, идеялар, белгілер ғана. Б.Спиноза ұғымдардың шығу тегін заттардан іздеу керек деген дұрыс пікір айтқанмен, жалпылықты тек қана заттардың қарапайым ұқсастықтарынан іздеді. И.Кант бұл ойды тереңдетіп, жалпылықтың екі түрін мойындайды. Олар – тәжірибеден шығатын және априорлық (тәжірибеге дейін берілген) жалпылықтар. Ғылыми зерттеулер, тәжірибе арқылы жасалатын жалпы ұғымдар әрқашанда жеткіліксіз, өйткені күндердің бір күнінде жаңа деректер пайда болып, ұғымның шеңберін бұзуы мүмкін. Априорлық жалпылықтарға келер болсақ, олар трансцендентальды (transcendens – латын сөзі, аттап өту, яғни бұл Дүниенің ар жағындағы деген мағына береді.) санаға жатады, оның табиғатын біз ешқашанда тани алмаймыз. Г.Гегельге келер болсақ, ол жалпылықты «абсолюттік идеямен» теңейді. Бірақ ол заттардың ұқсас жақтарын қамтитын қарапайым дерексіз жалпылық емес, ол – шынайы нақтылы жалпылық. Соңғыны ол заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарына теңеп, ал оның өзі әрқашанда даралықтың негізінде ерекше көрініп, жекенің де өзіне тән байлығын бойына сіңіретіні туралы терең ой айтады. Жас жігіт пен пісіп-жетілген азамат та белгілі бір нақыл сөзді айтуы мүмкін, бірақ олар оған әртүрлі мағына береді, өйткені екінші өзінің бай өмірден алған тәжірибесі мен білімі арқылы оны жете түсінеді. Маркстік философияда Гегельдің «нақтылы жалпылық» идеясы жоғары бағаланып, сонымен қатар жалпылықтың қайнар көзін «абсолюттік идеяға» теңеуін сынға алады. Жалпы ұғымдарда объективті шындықтағы жалпылық бейнеленеді, ал оның өзі – заттар мен құбылыстардың ішкі нақтылы теңдігі. Ол заттардың өмір сүруінің негізі, оның көрінісі – заң. Сөйтіп, оқырманның байқағанындай, философия тарихында даралық, жалқылық пен жалпылықтың өзара диалектикасы ғасырлар бойы зерттеліп, бүгінгі таңдағы мәресіне жетті. Оған қорытынды жасасақ, жалқылық жалпылыққа әкеледі, ал соңғы жалқылықтың бойында өмір сүреді. Алайда олардың екеуінің арасындағы дәнекер – ол ерекшелік. Сондықтан дүниедегі әр зат, құбылыс, үдеріс өзінің 377 ерекшелігімен танылады. Ерекше зат өз бойына жалқы мен жалпыны тек өзіне ғана тән жолмен біріктіреді. Соның арқасында дүниедегі көптіктің бірлігі қамтамасыз етіледі. Жалқылық пен жалпылық диалектикасын жете түсіну арқылы өткен кеңес қоғамы мен қазіргі егемен елімізде жүріп жатқан үдерістерді талдауға мүмкіншілік аламыз. Кеңес заманында жалпылық басыңқы санатқа айналып, жеке адамдардың құқықтары, олардың шығармашылық ерекшеліктері дұрыс ескерілмеді, сондықтан қоғам тоқырауға ұшырады. Бүгінгі таңда біз, керісінше, ағымды байқаймыз. Жекелік, адамдардың құқыларын сақтау, оларды шығармашылық жолға, ізденіске бағыттау – қазіргі саясаттың негізгі арқауы болып отыр. Ол, бір жағынан, экономикалық дағдарыстан тезірек шығуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, ұжымдық мүдделердің іске асуына нұқсан келтіруде, ол бүгінгі таңда баршаға аян. Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тереңдеген сайын, жалқы мен жалпылық диалектикасының маңызы арта түсуде. Оны ұқыпты түрде ескермейінше, біз саясатта үлкен қателіктер жіберуіміз мүмкін. Шынында да, қазақ елі алыстағы Франция, я болмаса Бразилияға ұқсамайды, тіпті бізге жақын елдердің өзі де (Өзбекстан, я болмаса Ресей) басқаша. Осы тұрғыдан қарағанда, біздің ата-бабаларымыз таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер мал өсіруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрісі кең жерлерде орналасқан. Сондықтан да ауыл шаруашылығы қазақ елінің экономикасының жетекші салаларының бірі болып, болашақта да қала бермек. Осындай кең-байтақ, сонымен қатар суы тапшы елде бір жылы жақсы егін орылса, екінші жылы қуаңшылық болмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Мұндай жағдайда кішігірім фермерлік шаруашылықтардың өмір сүруі екіталай. Оны қазіргі өмір көрсетіп те жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, көп ұжымдық мықты ауылшаруашылық мекемелерін жасанды банкрот етіп құрту – саясатта жасалған үлкен қателіктердің бірі болды. Өмір олардың орнына үлкен алпауыт лендлордтарды ауылға әкелді. Ал олар ауылдың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлмейді. Олардың негізгі мақсаты – егінді егіп, уақытында жинап алып, нарыққа мейлінше қымбатқа өткізу, ал одан пайда болған қаражаттың пілдей бөлігі, негізінен, қалада қорлануда… Бүгінгі таңдағы жеке кішігірім фермерлік шаруашылықтардың қайта кооперацияға өтуге тырысуы – осы елдің ерекшеліктерінен шығады. Сонымен қатар өзен-су бойында орналасқан, суармалы тұрақты өнім алуға мүмкіншілігі бар жерлерде фермерлік шаруашылықтар тиімді болуы әбден мүмкін. Ал енді жер байлығына келсек, елдің мұхиттан алыс болуына байланысты, оларды басқа елдерге экспорттаудың жол қаражаты өте қымбат. Сондықтан шикізат етіп сыртқа шығарудан гөрі, оларды өңдеп, 378 мұнайдан бензин, керосин т.с.с., мыстан неше түрлі кабельдерді, ал жүре келе электр жабдықтарын жасаған жөн. Бірақ бүгінгі таңда оған қаражат жеткіліксіз… Сонымен қатар алғашқы капитал тез қорланбай, іскерлердің әсем сарайлары мен «Мерседестерінен» қалмай жатқан жақтары да жоқ емес. Олай болса, біз өзіміздің ерекшеліктерімізді мұқият зерттеп, жалаң еліктеушіліктен арылуымыз қажет. Сонымен қатар алға озып кеткен елдердің жетістіктерін өз ортамызға, соған тарихи икемделген сана-сезімімізге бейімдеп қолдануымыз керек. Сонда ғана біз өз ерекшеліктерімізді сақтап, соның арқасында басқа елдердің де шынайы қызығуы мен сүйіспеншілігіне қол жеткіземіз. Дүниедегі көптүр лігімен танылатын мемлекеттердің ішінен өз орнымызды табамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет