Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Философиядаєы болмыс мјселесі. Болмыс ўєымы (онтология)



бет20/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
Байланысты:
Философия

Философиядаєы болмыс мјселесі. Болмыс ўєымы (онтология)

Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін оқуды «материя» ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені ол маркстік философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік бағыттың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай жағдайда сонау көне заманда пайда болған «болмыс» ұғымы ескерусіз қалатын. Алайда бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер еніп, философия пәнінің ең шегіне жеткенінше көлемді ұғымы – болмыс санат жүйесіне енгізілді. Оның негізгі себебі, болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан кең: материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді, ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болса, екінші жағынан, материалдық емес – идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткендей, Құдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды, ол – ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас. Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» – «быть», ағылшын тілінде «beіng» – «to be» деген етістіктен шыққан). Олай болса, болмыс ұғымы – дүниеде өмір сүріп жатқанның барын қамтитын кең көлемді философиялық санат. Әрине, дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан алуан қасиеттері бар – олар көк – қызыл, ауыр – жеңіл, дымқыл – құрғақ, т.с.с. шексіз айта беруге болар еді. Бірақ олардың барын біріктіретін қасиет – олардың болуы, өмір сүруі, яғни – болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз ары қарай еш нәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл – философиялық бастама. Алайда философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдар-дың үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені айнала қоршаған дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде – кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін құмға, шаңға айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл дүниені «Ұлы сағым – Мая» деп атаған. Ал дана Гегельге келер болсақ, 367 ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» деп түсінді. Оқырманның байқағанындай, болмыс санатын жете түсінудегі негізгі қиындық, бір жағынан, дүниенің ағымдығы, екінші жағынан, ол қанша өзгеріске түссе де – өмір сүріп қала беруі. Бұл ахуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді: ол әрқашанда ағыста болғанымен – таусылмайды, өмір сүріп қала береді. Болмыс ұғымы – мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым – бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық. Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек. Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы даосизм ағымында болмыс «дао» ұғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағыналы: бір жағынан, ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағынаға бөлінеді: ол «бірінші дао» – абсолютті болмыс, және «екінші дао», я болмаса «дэ» – көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да, көре алмайсың, қанша тыңдасаң да, ести алмайсың, оған ат қояйын десең де, қоя алмайсың, өйткені, көне Қытай ойшылдары айтқандай, оның аты жоқ. Демек, ол не деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол – ештеңе, яғни бейболмыс. Бүкіл дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті – бірінші дао ғана. Ал дүниеге келген заттарды, яғни екінші дао – дэні алатын болсақ, оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мәнді, салыстырмалы т.с.с. Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс санатын терең талдаған Парменидке келіп тоқталамыз. Ол кісінің атақты сөздері: «Тек қана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ». Яғни дүниеде бар нәрсе – бар, жоқ нәрсе – жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ осы ойды айтқаннан кейін, Парменид қозғалысты, дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені бір нәрсенің дүниеге келуі дегеніміз не? Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, дүниеге келді. Ал Парменидті алсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, дүниеден өтуді де, яғни бардың жоққа айналуын да мойындамайды, өйткені бар нәрсе – бар, ал жоқ нәрсе – жоқ. Ал дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни болмыс дегеніміз – ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең. Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Олай болса, Парменидтің пікірінше, бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы ғана жетуге болады. Яғни ойлау мен болмыс – бір-біріне тең. Сонымен, Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты. Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әртүрлі түсініп, соған негізделген әртүрлі дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды. Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетастығын анықтағаннан кейін, бұл дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де – мағынасыз нәрселер. Сондықтан негізгі мақсат – адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде Шығыста интраверттік (іntra – лат. сөзі, ішкі деген мағына береді) мәдени бағыт қалыптасты. Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы – бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі – адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да, осы жаратылған дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің болмыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан алып қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені коммунизм – кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіліктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни ол – жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам. Сонымен, егер нақтылы өмір сүріп жатқан сезімдік, кемеліне келмеген дүние мен қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда айнала қоршаған мәнді ортаны идеалды болмысқа сай етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. ХХ ғ. өмір сүрген көрнекті Еуропа ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны ары қарай жетілдіретін негізгі күш – адам- 369 зат», – деген ойының да Парменидтің болмыс түсінігімен ұштасып жатқанын байқауға болады. Сөйтіп, Батыс мәдениеті экстраверттік (extra – латын сөзі, сыртқа бағытталған деген мағына береді), айнала қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағытталған болып шықты. Бұл арада: «Шындық қайда, кімнің қолында: Батыста, я Шығыста ма?» – деген заңды сұрақ пайда болады. Батыс рухы мыңдаған жылдарға созылған өркениет тарихында айнала қоршаған ортаны жетілдіру жолында сан алуан жетістіктерге жетті: оның айқын көріністері ғарыштағы ұшып жүрген жасанды жерсеріктер, бүкіл дүние жүзін шырмап алған Интернет жүйесі, өмірдің шын сырын ашу жолындағы жасалып жатқан клондау эксперименттері, миллиондаған әртүрлі техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с. Бірақ, сонымен қатар өмірді нәзік те терең сезінетін ойшылдар ХІХ ғ. аяғынан бастап-ақ бүкіл ХХ ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің шытынай бастағанын ашық айтқан болатын (О.Шпенглер, Х.Ортегаи-Гассет, Э.Фромм, Г.Маркузе т.с.с.). Материалдық дүниені өз еркіне көндіріп, оны өзгерту барысында Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне бүгінгі таңда әбден көзі жетті. ХХ ғ. өткен екі дүниежүзілік соғыс, соның нәтижесінде қырылған миллиондаған адамдар, бүгінгі таңдағы экологиялық апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдық жағынан бай болғанымен, рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бары де Батыс өркениетінің тұйықтыққа келіп тірелгенін көрсетеді. Ал Шығыс елдеріне келер болсақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді игеріп, оны өз мәдениеті, дүниесезімімен ұштастыра білген елдерді (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея) саусақпен ғана санауға болады. Өз рухани мәдениетінің мыңдаған жылдарға созылған ерекше тарихы болса да, Шығыстың көп елдері жаңа ғана дамып келе жатқан елдер қатарына жатады, өйткені онда кедейшілік пен қайыршылық, жұмыссыздық кең етек алған. Бір жағынан алғанда, Шығыс елдеріндегі халықтар Батыс mass medіa туындыларын қабылдамайды, өйткені олардың рухани болмысына олар қайшы келіп, қалың бұқараның наразылығын тудырады. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дамыған елдердің экономика жағынан алға кетіп, алшақтай түсуі, көп жағдайларда олардың кедей елдерді табиғи байлықтарын төмен бағаға сатуға мәжбүр етуі т.с.с. себептер, әсіресе ислам ілімі терең тамыр жайған елдерде экстремизм мен терроризмнің етек алуына, сонымен қатар «ғаламдасу үдерісімен» бірге кіретін Батыстың зорлық-зомбылық, порнографиялық т.с.с. мәдени үлгілерінен сақтану жолында көп қарапайым адамдардың «таза исламға қайтып оралу» идеясын насихаттайтын ваххабизм сияқты кертартпа діни ұйымдардың 370 құрамына кіріп, саяси эстремизмнің қайнар көзіне айналып жатқанын байқауға болады. Олай болса, шындық Батыста да, Шығыста да толығынан жоқ сияқты. Бүгінгі таңдағы адамзат болмыс тірегін, бір жағынан, ашынған, қорқынышты үрей сезімімен, екінші жағынан, бітпейтін үмітпен іздестіруде… Бұл адамзат ізденістеріне, құрметті оқырман, сіз де, пісіпжетіле келе, өз үлесіңізді қосарсыз деген үміттеміз. Енді болмыс ұғымын ары қарай талдасақ, оның құрамынан негізгі екі шындықты табуға болады: оның бірі – бізді қоршаған табиғат, материалдық әлем, екіншісі – рух әлемі, адамның жан дүниесі мен санасы. Егерде бірінші өзімен-өзі объективті, адамның санасына тәуелсіз өмір сүрсе, екінші – рух әлемі – адамның, яғни субъектінің ішкі жан дүниесімен, оның ырқы, қалауы, қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Егер болмыс ұғымы арқылы біз материалдық әлемді анықтасақ, сана арқылы болмыс өз-өзін анықтайтынын байқаймыз. Уақытында ұлы Л.Фейербах айтқандай, «Ұлы мәртебелі Табиғат (яғни болмыс) адам арқылы өз-өзін сезіну, түсіну дәрежесіне көтеріледі». Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектіні тудырады, яғни ол материалдық дене, сонымен қатар санасы бар, өзінің сан алуан қажеттіліктерін өтеу үшін іс-әрекет жасай алатын пенде – адам.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет