Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет18/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
Байланысты:
Философия

Герменевтика философиясы.

Герменевтика (germeneon – грек сөзi түсiндiремiн) сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды. 336 Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Киелі кітаптың негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады. Қайта өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың негiзгi iсiне айналады. Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол – Платонның барлық шығармаларын алғаш рет немiс тiлiне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика – басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi, оның сөз саптау мәнерiнде, үлгiсiнде деген пiкiрде болды. В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын ашатын пән ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық iс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы жеткiзсек, өткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда өмiр сүрген адамдардың iшкi жан дүниесiнiң тебiренiсiн зерттеу үшiн сол замандағы ахуалға өту, түйсiну, тебiрену арқылы ғана жетуге болады деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмiр сүрген ұлы адамдардың өмiрбаянын, iшкi рухани тебiренiстерiн түсiнiп қана баға беруге болады. Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерль белгiлi бiр дәуiрдi жете түсiну үшiн, сол кездегi қоғамның «өмiрлiк дүниесiнiң» ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрде болған-ды. Сонда ғана сол дәуiрде өмiр сүрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының мән-мағынасын ашуға болады. М.Хайдеггердiң ойынша, «болмыстың үйi – тiл». Ендеше, герменевтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, оны қайта өмiрге енгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге болады. Әрине, әр халық өз тiлi арқылы өзiнiң дүниесезiмi мен дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Тiлде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмiрлiк тәжiрибесi қорланады. Әсiресе бұл қағиданы көшпендi өмiр салтын ұстаған қазақ халқының өткен тарихын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал. М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқылы сөйлегеннен гөрi, «тiл адам арқылы сөйлейдi». «Әрбiр сөздiң астарын ашсақ, онда неше түрлi мән-мағына жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика iсiмен айналыса алады. Халықтың аса көп сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзiк 337 жақтары берiледi. Сондықтан әр iрi өлеңшi – әрқашанда философ», – деп қорытады М.Хайдеггер. Герменевтика ғылымына зор үлес қосқан немiс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдiс ретiнде түсiнiп қана қоймай, оның болмыстық жағын негiздедi. Оның ойынша, түсiну дегенiмiз – адамның дүниетанымының негiзгi жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, болмысының тәсiлi. Г.Гадамер осы уақытқа дейiн герменевтикада кеңiнен қолданылған белгiлi тарихи құжатты зерттегенде, сондағы руханиятқа өту, түйсiну тәсiлiн үзiлдi-кесiлдi терiске шығарады. Бiр дәуiрден – екiншiге, өзiңнен басқаға өту мүмкiн емес. Бүгiнгi таңдағы философ 2,5 мың жылға шегiнiп, Платонның, я болмаса Анахарсистiң тұлғасына өтiп, солар сияқты өмiрдi сезiнiп, қабылдай алмайды: ол аңғырттықты көрсетумен тең болар едi. Әңгiме бiреудiң рухани өмiрiне өтуде емес, керiсiнше, сол замандағы мәселелердi қазiргi заманға сай етiп талдауда. Яғни өзiң мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керiсiнше, оның жойылмайтындығын сезiне отырып, басқаның өмiр тәжiрибесiн өз өмiрiңде қолданып қарауда, сондағы оқиғаны өз ахуалыңмен ұштастыруда. Негiзгi мақсат – өткен оқиғаны ой өрiсте қайта құру (реконструкция) емес, керiсiнше, жаңа мән-мағынаны тудыру (конструкция) болып табылады. Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппiкiрлiктi тудырады. Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақиқаты мынада: бiрде-бiр адам ақиқатты танып-бiлiп, толығынан жеткiзе алмайды. «Сондықтан өне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз берiп, оның айтқанын ықылас қойып тыңдап, түсiнуге тырысу қажет. Мiне, герменевтиканың терең өзегi осында», – деп қорытады ойшыл. Г.Гадамердiң енгiзген тағы бiр жаңалығы – тұлғаның тебiренiсiн зерттеуден гөрi, оның ойының мән-мағынасына өту керектiгi. Зерттеушi жазылған мәтiннiң ар жағындағы қалам иесiнiң тұлғасын көруге тырысудан гөрi, оның ой-тебiренiсiн тудырған затқа үңiлуi қажет. Бұл пiкiрден бiз Г.Гадамер iлiмiнiң психологизмге қарсы екенiн байқаймыз. Бiр дәуiр екiншiге ауысқан сайын жаңа мәдени ахуал дүниеге келiп, бұрынғы көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетикалық т.с.с. теориялар пайда болғанымен, әрқашанда белгiлi бiр тұрақты ой өрiсі қала бередi. Ол – тiл, оны өзгерту оңай шаруа емес. Тiлдегi қалыптасқан мәдениет тәжiрибесi ұрпақтан-ұрпаққа өтiп, олардың өмiр салтына, iс-әрекетiне, ой өрiсiне өз ықпалын тигiзiп, сонымен қатар, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне мүмкiндiк бередi. Осы тұрғыдан алғанда, түсiнбеушiлiк – ол әр тiлде сұхбаттасқанмен бiрдей. 338 Олай болса, тiлге ұқыпты қарау, оны тыңдай бiлу, ондағы ұмыт қалған сөздердi жандандыру арқылы герменевтика өзiнiң негiзгi мақсаты – мәдениеттегi дәнекерлiк қызметiн iске асыра алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет