Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#9778
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

Жолдастар

Біздің сессиямыз саяси реформаның екінші кезеңі 

шеңберінде  республика  халық  депутаттары  Кеңес-

терінің  жаңа,  біртұтас  құрылымын  жасауды  аяқтап 

келеді.  Өкілетті  органдарды  қайта  құру,  олардың 


222

I  ТОМ. – 1989–

1991 


құқықтары мен өкілеттігін кеңейту, оларға аппаратты 

міндетті  түрде  бағындыру  –  Кеңестерге  билік  пен 

басқару тетігін қайтарып берудің бірінші шарты осы. Біз 

бұл қадамды жасадық. Өздеріңіз білесіздер, облыстарда 

Кеңестердің қызметіне бағыт беріп, реттеп отыратын 

төралқалар құрылды. 

Мұнымен де бітпейді, Кеңестер тек толық мағыналы 

заңдық өкілдіктерге ғана емес, биліктің нақты тетігіне ие 

болуы тиіс. «КСРО-дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен 

жергілікті шаруашылықтың ортақ бастаулары туралы» 

жаңа Заң жаңарған Кеңестердің өз бағытын анықтаудың 

сенімді бағдарын береді. Бірақ, сонымен бірге, Жоғарғы 

Кеңес мүмкіндігінше тез арада республикадағы өзін-өзі 

басқаруды реттейтін заңнамалық актілерді, сондай-ақ 

меншік туралы, жер туралы республикалық заңдарды 

жасап, қабылдауы керек, ал Министрлер Кеңесі жер­

гілікті шаруашылықты, материалдық-қаржы базасын 

өзін-өзі басқару, жаңа экономикалық және құқықтық 

қатынастар  жағда йында  жұмыс  істеуге  әзірлеу  бо -

йынша кешенді шараларды жүзеге асыруы тиіс. 

Сірә, депутаттық комиссиялар мен комитеттердің 

жұмысын осы маңызды құжаттар республика Жоғарғы 

Кеңесінің ІІ сессиясында-ақ талқыланып, қабылдана­

тындай етіп құру керек шығар. Жергілікті Кеңестермен 

бірлесіп, әртүрлі аумақтық деңгейдегі коммуналдық 

меншіктің құрамына тегін берілетін мүліктің тізбесін 

анықтау, бір тұрғынға есептелген бюджеттік қамтама­

сыз ету нормативтерін белгілеу қажет болады. 

Сонымен бір мезгілде, партия комитеттерінің Кеңес-

терге  қамқорсушылығын,  олардың  нақты  мемлекет­

тік және шаруашылық мәселелерді шешуге килігуін 


223

біржолата жою қажет. Ал бұл жағдайда мен, Президент 

ретінде, өзімнің міндетім халықтың өзін өзі басқаруы­

ның толық билікті органдары ретіндегі Кеңестердің өз 

өкілеттіктерін орнымен пайдалана білуді үйренуінде, 

бар күшімен жұмыс істеп кетуінде деп білемін. Оны 

аз десеңіз, өзіне жүктелген міндеттерді орындай оты­

рып, Президенттің арқа сүйейтін тетігінің өзі нақ осы 

Кеңестердің жаңа жүйесі болмақ. Жақсы даярлығы бар 

кадрлар туралы мәселе өзінен өзі туады. Кеңестердің 

міндеті – қолынан ұйымдастыру жұмыстары келетін 

таланттарды  тауып,  өсіріп,  ынталандырып  отыру, 

олардан басқару ісінің кәнігі білгірлерін қалыптастыру. 

Рас, бізде бүгін аппаратты сынап-мінеу көп. Бірақ, қай 

заманда болсын, қандай өркениетті елде болсын, өзін 

қадірлейтін билік органы аппараттың беделін ұдайы 

қолдап, оның жұмыс жағдайына қамқоршы болып оты­

рған. Өйткені мемлекетте сауатты және білікті басқару 

қызметкерлерінсіз ешқандай жұмыс бітуі мүмкін емес. 

Сондықтан қазір мәселе осы буын қайта құрудың күр­

делі міндеттеріне сай болуы тиіс деп қо  йылып отыр. 

Бүгін өз міндеттерін біліктілікпен атқарып, Кеңестерге, 

кәсіпорындарға,  ұйымдарға  жан-жақты  көмек  көр­

сететін, аумақтардың тұрлаулы және тиімді дамуын 

қамтамасыз етерлік шешімдерді жүзеге асыра алатын 

аппарат қажет. Риясыз әрбір адам, республикада бол­

сын, елде болсын, жүріп жатқан өзгерістерді көрмей 

тұра алмайды. Бүгін біз кешегімізден, әсіресе, бұрнағы 

күнгімізден мүлдем басқамыз: бес жыл ішінде бәріміз 

қыруар сабақ алған жолдан өттік. Соның бірі: біз, әйте­

уір, демократияны бетімен кетушілікпен және қоғамға 

қарсы жүгенсіздікпен шатастырудан арылған сияқты­



224

I  ТОМ. – 1989–

1991 


мыз. Өйткені экстремистік осы өрісте өркен жайып, 

сенімсіздік,  үрейленушілік  пен  сарыуайымшылдық 

өршиді. 

Байыптап қарасаңыздар, біреулер жұмыс істеп, ал 

енді біреулер күн сайын аласұрып, митингілер, шеру­

лер  мен  демонстрациялар  ұйымдастырып,  өшпен­

ділікті өршітіп, қалай болғанда да қайта құруға деген 

сенімге селкеу түсіруге жанталасып жүргенін көресіз­

дер.  Мемлекеттік  және  қоғамдық  органдарға  алуан 

түрлі үзілді-кесілді талаптармен қысым жасалуда. 

Митингілерді,  шерулер  мен  демонстрацияларды 

өткізудің тәртібін қатаң сақтап, кез келген әпербақан­

дық көріністерге дер кезінде тойтарыс жасап отырудың 

соншама маңызды болатыны осыдан. Демократияны 

тәртіп  пен  ұйымшылдықтан,  заңды  қатаң  сақтаудан 

ажыратуға  болмайтынын  ешкімнің  ұмытуға  хақысы 

жоқ.  Құқық  қорғау  органдары  антиконституциялық 

әрекеттерді батыл тойтарып, қылмысқа табанды қар­

сылық көрсетуі, азаматтардың өмірін, ар-ожданын және 

мүлкін сенімді түрде қорғау қажеттігіне сай қоғамдық 

тәртіп пен заңдылықты нығайтуға бағытталған пәрменді 

шараларды қолдануы тиіс. Саудагерліктің және сауда 

ережесін бұзушылықтың жолын кесу жөніндегі шара­

лар кешенін кідірмей жүзеге асыру керек. 

Егемендігін  нығайтып,  дербестікке  қол  жеткізген 

сайын республика кеңестік және халықаралық заңдарға 

сәйкес өз аумағындағы барлық ұлт адамдарының аза­

маттық құқықтарын қамтамасыз ету жауапкершілігін 

де өз мойнына алуы керек. 

Ұлттық өшпенділікті насихаттау, алауыздыққа, діни 

төзбеушілікке  шақырған  сепаратистік  ұрандар  мен 


225

үндеулерді тарату аяусыз тойтарылып отыруы керек. 

Еліміздің  заңдарының  барлық  күш-құдіреті  осыған 

бағытталатын болсын. 

Жоғарғы Кеңес республикалық заңнаманы КСРО-

ның  «Азаматтардың  ұлттық  тең  құқықтығына  қол 

сұғушылық  пен  КСР  Одағы  аумағының  тұтастығын 

күштеп бұзушылық әрекеттері үшін жауапкершілікті 

күшейту туралы» Заңына сәйкестендіруі керек. 

Сөйте тұра өзгелерге түсінікті болуымды қалаймын: 

біз тіпті болып жатқан үдерістерге бізден басқаша, өз 

көзқарастары болғанымен, қайта құру ұстанымында 

тұрған және адамгершіл құндылықтарын уағыздайтын 

барлық қоғамдық қозғалыстармен ынтымақтасуға, күш 

біріктіруге ұмтыламыз. Тұрақсыздандырушы, қоздыр-

малы қаупі күшті үдерістер адамдардың моральдық 

жағдайына  ауыр  салмақ  түсіреді,  ал  оны  бәсеңдету 

әралуан  қоғамдық  күштердің  сан  түрлі  мүдделерін 

жұмылдырып, республиканың дамуын тұрақтандыра 

алатын берік, дәйекті, сенімді және пәрменді билікті 

талап етеді. Қолайлы әдістердің бәрімен, практикалық 

батыл әрекеттермен азаматтық тыныштық пен ұлттық 

келісімді  сақтау  керек.  Неге  десеңіз,  Қазақстанның 

тағдыры  көбінесе  осыған  байланысты.  Республика 

халқының:  қазақтар  мен  орыстардың,  немістер  мен 

украиндардың, ұйғырлар мен татарлардың, корейлер 

мен дүнгендердің – өздері туып-өскен жерін қадірлей­

тіндердің бәрінің күш-жігерін қосса, кез келген «тауды» 

қопаруға болады. 

Республиканың  басшысы  ретінде  мен,  қай  ұлтқа 

жататынына қарамастан, кез келген адам Қазақстанда 

өзін еркін сезініп, ертеңгі күніне деген сеніммен өмір 



226

I  ТОМ. – 1989–

1991 


сүріп, жұмыс істеуі үшін, ұлтаралық қатынастарды одан 

әрі үйлестіре беруге тынбастан ұмтылатын боламын. 

Мен мұны жаңа құрылып жатқан Президент кеңесінің 

де  ең  басты  міндеттерінің  бірі  санаймын.  Бұл  орган 

республика өмірінің тағдыршешті мәселелері бойынша 

ақыл-кеңестер  айту,  неғұрлым  күрделі  жағдайларда 

жедел шешімдер шығару үшін ұсыныстар беру мін­

детін жүктейтін өзіндік бір ақыл-ой орталығы іспетті 

көрінеді. 

Президенттің қызметі – өзінің мәні бойынша бүкіл 

халық мүддесінің жиынтық көрінісі деуге болады. Ал 

халықтың  жасампаз  еңбегі  –  пәрменді  президенттік 

биліктің негіздерінің негізі. Сонымен бірге, жолдастар, 

онсыз  қалыпты  қоғамдық  орта  өмір  сүре  алмайтын 

адамгершілік  негіздерін  ешқандай  билік  алмастыра 

алмайтынына сіздер келісетін боларсыздар деймін. Біз 

көпке дейін мәдениеттен үнемдеумен келдік, рухани­

лыққа мән бермедік, енді қымбат бағамен соның сазайын 

тартып жатырмыз. Ақыр соңында, тарихтың осы ащы 

тәжірибесін мойындайтын кезіміз келді; басқаша, сын­

дарлы шешімдер қабылдап, ғылымға, білімге, өнерге, 

яғни  сөздің  мейлінше  кең  мағынасында  мәдениетке 

ұқыпты көзқарас таныту керегін түсінетін уақытымыз 

болды.  Өзіміздің  барлық  әлеуметтік,  экономикалық 

және саяси жоспарларымызда қоғамдық өмірдің осы 

жағына барынша басымдық беріп, сол арқылы адами 

қарым-қатынастар ахуалын үнемі ізгілендіре беруіміз 

керек. 


Халықтың  зияткерлік  және  рухани  әлеуетін  ба -

йытуда, Лениннің белгілі сөзімен айтқанда, кез келген 

қоғамдық өзгерістерге әлеуметтік сезімталдығы өткір 


227

көрінетін біздің интеллигенциямызға зор үміт арты­

лады. 

Шығармашыл және ғылыми интеллигенция өкіл­



дерімен кездесулерімде мен олардың қоғамды жұмыл­

дыруға  айрықша  жауапты  екенін  әдейілеп  айтып, 

адамдар өздерінің рухани ұстаздары санайтын жандар­

дың борышы туралы естеріне саламын. 

Бүгін  соған  қайта  айналып  соғып,  сонымен  бірге, 

республиканың кеңес және шаруашылық органдары 

ғылым мен мәдениеттің материалдық-техникалық база­

сына, шығармашыл және ғылыми кадрларға, олардың 

бәрінің жемісті еңбек етуіне жасауға тиісті қамқорлығы 

туралы айтсам деймін. 

Әр халыққа тән ерекшелікті, оның мәдени өзгешелі­

гін бала кезден, тіпті мектепке дейінгі кезеңнен бастау 

керек.  Мектептің  мәдени-шығармашылық  борышы, 

білім берудің мәдени-қалыптастырушы жүйесі туралы 

мәселенің  қабырғасынан  қойылып  отырғаны  тегін 

емес.  Мектеп  пен  мәдениет  –  жуыспайтын  ұғымдар 

емес, тұтас бір ұғымның ажырағысыз бөліктері. Сон­

дықтан  педагогиканың  қоғамнан,  ұлттық  дәстүрлер 

мен ерекшеліктерден, белгілі бір аймақтағы нақты өмір 

жағдайларынан өгейсуін тезірек еңсеріп, тұрмыстың, 

қатынастың  және  еңбектің  нақты  әлемімен  табиғи 

кірігуіне жетуіміз керек. Менің кәміл сенімім бойынша, 

мектеп қашанда айналасындағы мәдени ортадан биік 

тұрып, оның дамуына себепші болып отыруы керек. 

Ұлттық-мәдени дербестіктің жалпыадамзаттық мәдени­

етпен келісті үйлесімділігі – мектебіміздің жолы бізге 

осылай  елестейді.  Ал  шынайы  мәдениет  бар  жерде 

ұлттық алауыздықтың, бір халықты екіншісіне қарсы 

қоюшылықтың болуы мүмкін емес қой. 


228

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Кеңестік Қазақстанның еліміздегі туысқан халықтар­

мен, әсіресе, арамызды терең тамырлы мәдени және 

рухани  дәстүрлер  ғана  емес,  сонымен  бірге,  тарихи 

тағдырларымыздың ортақтығы байланыстырып келе 

жатқан  ең  жақын  көршілеріміз  –  Ресей  Федерация­

сымен,  Орталық  Азия  республикаларымен  достық 

ғылыми және мәдени байланыстарды одан әрі нығай­

тып, дамыта беру үшін мен Президенттің өкілеттігін 

толық күшінде пайдаланатын боламын. 

Жолдастар! 

Президенттік  міндеттерді  атқарумен  байланысты 

нәрсенің бәрі Қазақстанның Коммунистік партиясына, 

оның Орталық Комитетіне, жергілікті жерлердегі пар­

тия  комитеттері  мен  партия  ұйымдарына  сүйенбей 

жүзеге асады деп мен тіпті де ойламаймын. 

Қазақ КСР Конституциясының 6-ші және 7-ші бап­

тарына  енгізілген  өзгерістер  біздің  қоғамымыздың 

демократиясын дамытудағы шұғыл бетбұрысқа айна­

луда. Қазақстан Компартиясы басқа да саяси ұйымдар­

мен қатар сайлауға қатысып, республиканың үкіметі 

мен жергілікті жерлердегі Кеңестерді қалыптастыру 

құқығына  демократиялық  жолмен  қол  жеткізетін 

болады. 


Бұл ұсынысты заң шығарушылық белсенділік ретінде 

Жоғарғы Кеңеске Қазақстан Компартиясының Орталық 

Комитеті енгізгенін ерекше атап өткен жөн. Біз бұдан 

былай  да  партиялық  бұқараны  іс  жүзінде  билікпен 

қамтамасыз  етуге,  бастауыш  партия  ұйымдарының 

құқықтарын кеңейтуге, сайланбалы органдардың рөлі 

мен беделін арттыруға, көзқарастарды еркін салыстыру, 


229

ұжымдық талқылау мен шешім қабылдау, азшылықтың 

және әрбір коммунистің пікірін құрметтеу үшін жағдай 

жасауға ұмтыла беретін боламыз. 

Алайда  партияны  қоғамдағы  басшылық  рөлінен 

тайдыру жөніндегі әңгімелерімен қазіргі әлеуметтік көк­

мылжыңдар, жұмсартып айтқанда, жұртты адастырып 

жүр. Әңгіме енді жеке адамдардың жәй кеудемсоқтығы 

жайында емес, билік кімнің қолына тиетіні және, соған 

байланысты,  саяси  үдерістің  алдағы  дамуы  қандай 

болатыны жайында екені бүгін әркімге айқын болуы 

керек. Ашығын айтайын: социалистік құрылыстың өмір 

сүруінің өзі, халқымыздың болашағы бәске тігіліп тұр. 

Осындай жағдайда қазір тек партия ғана қайта құру 

үдерістерін басқаратын да, өзі бұдан тура 5 жыл бұрын 

тарихи сәуір Пленумында жариялаған игі мұраттарға 

жетуді қамтамасыз ететін де бірден-бір жұмылдырушы 

және ұйымдастырушы күш бола алады дейтін түсінік-

пайым барған сайын көп адамдардың санасын билеуде. 

Басқаның бәрі – саяси қысыр әңгіме. 

Өкілдері қанша жерден даурықпа, шақпа тілді болса 

да, басқа топтардың ешқайсысы іс-қимылдың бірде-бір 

азын-аулақ  сындарлы  бағдарламасын  ұсынбағанын 

өмірдің өзі дәлелдеп отыр. КОКП Орталық Комитетінің 

«Принциптік негізде топтасу үшін» дейтін ел коммунис-

теріне ашық хатында бұл жөнінде мейлінше әділетті 

түрде айтылған. 

Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің 

бірінші  хатшысы  ретінде  республиканың  партия 

ұйымдары өткеннің қателіктері мен бұрмалаушылықта­

рынан батыл түрде тазарып, өздерінің қызметін түбе­

гейлі қайта құрады деп Жоғарғы Кеңесті және барлық 

еңбекшілерді  сендіргім  келеді.  Әсіресе,  қазір,  съезд 


230

I  ТОМ. – 1989–

1991 


алдындағы кезеңде, бұл жұмыс тіпті қарқын алды. Пар­

тия комитеттері мен ұйымдарынан түсіп жатқан ұсы­

ныстарды ескеріп, Орталық Комитеттің қызметін демо­

кратияландыру жүзеге асырылып, оның құрылымы, 

жұмысының стилі, түрлері мен әдістері жетілдірілуде. 

КОКП Орталық Комитетінің XXVIII съезге Тұғыр­

намасының, партияның жаңа Жарғысының, Қазақстан 

Компартиясы Орталық Комитетінің партияның XVII 

съезіне Тұғырнамасының жобаларын талқылау және 

партия съезіне делегаттар сайлау барысында өміріміздің 

ең бір толғақты мәселелері бойынша кең пікірсайыс 

өтіп, іс жүзінде өз тарихының жаңа кезеңіне аяқ басқалы 

тұрған  партияның  қызметінде  түбегейлі  жаңғырған 

нормалар  қалыпқа  түсуде.  Артықшылықтарға  ие 

томаға-тұйық топ емес, өзінің бойында қан мен сөлін 

қайта жүгіртуге – кең көлемді ішкіпартиялық демокра­

тияны, шынайы алғы шепте жүретін қоғамдық-саяси 

ұйымның белгілерін қайтаруға ұмтылып, бұл жұмысты 

бастаған оның өзі болатын. 

Сөзімнің соңын қоғамның ең белсенді, ең ширақ және 

қайта құруды өзгелерден гөрі шын ниетімен қабылдаған 

бөлігі – жастарға арнасам деймін. Бүгін қаланып жатқан 

демократиялық негіздерді дамытып, нығайтатын сен­

дерсіңдер, достар, бүгінгі барынша ширыққан, қиын 

да қызу бүкілхалықтық жұмыстың жемісін жейтін де 

сендер  боласыңдар.  Сендерде  қоғамдық  жаңарудың 

тамаша  мектебінен  өтудің,  баға  жетпес  саяси  және 

әлеуметтік тәжірибені ертеңгі күнге өздеріңмен бірге 

ала барудың мүмкіндігі бар, ал ол тәжірибе болашақ 

ұрпақтардың өмірін күрт өзгертіп, нағыз құқықтық, 

сөздің толық мағынасындағы социалистік мемлекетті 

құрудың іргетасы болатынына күмән жоқ. Осы мектепті 



231

өткізіп алмаңдар, оның сабақтарын барынша тиімді 

пайдалануға тырысыңдар. Алда тұрған істердің бәрінде 

жастардың қолдауына, олардың қайта құруға белсене 

қатысып, өзара түсіністік танытатынына қатты сенемін. 

Құрметті халық депутаттары, сіздер арқылы барлық 

қазақ халқының атынан өзімнің биік мәртебемді ешқа­

шан да республикаға және демократияның жеңістеріне 

зиян  келтіруге  жұмсамаймын,  бар  күш-жігерімді, 

тәжірибем мен біліктілігімді өз Қазақстанымның одан 

әрі гүлденуіне, КСР Одағы туысқан халықтарының отба­

сында экономикалық, әлеуметтік және ұлттық жаңғыру 

жолымен алға баса беруіне арнаймын деп сендіруіме 

рұқсат етіңіздер. 



232

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қазақстан Компартиясы ХVІІ съезінде 

«Партияның бірлігі мен социалистік таңдау 

жолында, жаңарған КСР Одағындағы 

Қазақстанның нақты егемендігі жолында» атты

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1990 жылғы 8 маусым

Жолдастар! 

Менің алдымда, Қазақстан Компартиясы Орталық 

Комитетінің бірінші хатшысы ретінде, күрделі де жа 

­

уапты міндет тұр. Есепті баяндамада XVI съезден ке -



йінгі жылдарда болып өткен сан мағыналы оқиғаларға 

партиялық баға беру, Компартияны, біздің көп ұлтты 

республикамыз өмірінің барлық жақтарын жаңарту­

дың түбірлі проблемаларын қозғайтын өзекті теория-

лық  және  практикалық  мәселелердің  бірқатарына 

Орталық Комитеттің көзқарасын білдіру қажет, саяси, 



233

идеологиялық, мәдени, әлеуметтік және экономика­

лық  салалардағы  қайта  құру  қызметінің  принципті 

стратегиялық бағыттары сіздердің қарауыңызға ұсы­

нылуға тиіс. 

Осы  сәттің  жоғары  жауапкершілігі  елде  болып 

жатқан  саяси  үдерістердің  шапшаңдығымен  терең­

дей  түсуде.  Қоғамды  жаңартуды  жеделдетуге  деген 

адамдардың құштар тілегімен сабақтас оң құбылыстар­

мен қатар, халықтың, Коммунистік партияның тағдыры 

үшін,  біздің  Одағымыз  бен  социализмнің  болашағы 

үшін  терең  алаңдау  мен  мазасыздану  тудырып  келе 

жатқан құбылыстар да бар. Нақ сондықтан да КОКП 

XXVIII съезі мерзімінен бұрын шақырылып отыр, ком­

мунистердің республикалық форумы да өз жұмысын 

Жарғыда көзделгендегіден едәуір ерте бастады. 

Партияның дағдарысты жай-күйі біздің алдымызға 

қиын таңдаудың қажеттігін қойып отыр. КОКП-ның 

ішінде  түрлі  тұғырнамалардың  пайда  болуы,  орта­

лықтан тепкіш үдерістердің күшеюі, билік үшін саяси 

күрестің ашық түрлері – мұның бәрі партияны сілкін­

діріп, оның идеялық және саяси шептерінің әлсіреуіне 

әкеліп соғуда. 

Біз, Қазақстан коммунистері, әңгіме КОКП-ның бір­

лігін сақтау туралы, ленинизмнің негіз қалаушы идея­

ларына адалдық туралы болып отырған кезде, сырттай 

бақылаушылар рөлінде қала алмаймыз. Біз таразының 

басына партияның беделі мен абыройы қойылып отыр-

ған кезде «бұта түбінде» бой тасалап отыра алмаймыз. 

Партия қолдауға ділгер және жалдаптық айыптаулар­

дан қорғауға, біздің ізашарларымыз – миллиондаған 

коммунистер күрескен мұраттарды аяққа таптаудан 



234

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қорғауға осыншалықты мұқтаж болып отырған кезде, 

біз үнсіз қала алмаймыз және үнсіз қалуға тиіс емеспіз. 

КОКП XXVIII съезінің қарсаңында біз өз сөзімізді айтуға 

міндеттіміз, бұл сөз, мен бұған сенімдімін, партияның 

бұдан арғы тағдырын анықтау кезінде үлкен салмаққа 

ие болмақ. 

Сөз  жоқ,  өткен  бес  жыл  ішінде  ілгері  қарай  зор 

қадам жасалды, ол қадам дүние туралы және өзіміз 

туралы,  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  шын 

өлшемі  туралы  түсінігімізді  түбірімен  өзгертті. 

Өткеннің қателіктерін тайсалмай мойындаған біздің 

партияның  Орталық  Комитеті,  оның  басшылығы 

1985 жылғы сәуірде партиялық саясат бағытын күрт 

өзгертті, кеңес қоғамын демократияландыру жағына 

қарай  батыл  қадам  жасады.  Партия  қайта  құруды 

жүзеге асыру үшін халық алдында жауапкершілікті өз 

мойнына алды. Соның нәтижесінде біз саяси жүйенің 

терең өзгерістерінің куәлары болдық, бұл өзгерістердің 

барысында шын мәнінде жаңа Кеңестер құрылды, заң 

шығарушылық және атқарушылық өкімет билігі ажы­

ратылды. 

Сталинизм  мен  тоқырау  кезеңінің  қылмыстары 

әшкереленді.  Түбегейлі  экономикалық  реформаны 

жүзеге асыру үшін заң шығарушылық негіздер әзір­

ленді. Біздің еліміз халықаралық аренада сапалық жаңа 

келбетімен  танылды,  мұның  өзі  қазіргі  дүниенің  ең 

күрделі проблемаларын ойдағыдай шешуге мүмкіндік 

береді. Мұны, әсіресе, еліміздің Президенті М. С. Гор­

бачевтің  Америка  Құрама  Штаттарына  жаңа  ғана 

аяқталған сапары жарқын паш етті. Қысқасы, жаңаша 

ойлау жүйесі қағидаттары негізінде қоғамның дамуы 

тұрлаулы  сипат  алып  отыр.  Ал  мұның  бәрі  тарихи 

өлшем бойынша қысқа мерзім ішінде жүзеге асты. 


235

Алайда біз сәуір кезеңінен кейін жіберген ағаттықтар 

да, қайта құрумен қатар жүріп, бүгінгі күні біздің саяси 

оппоненттеріміз шебер пайдаланып отырған келеңсіз 

құбылыстар да бар екені даусыз. Партия өз қызметінің 

мазмұны мен әдістерінде әлі де оза шауып жаңаруға қол 

жеткізбегенін, партиялық ішкі қатынастарды кеңінен 

демократияландыру үшін жағдайлар жасай алмағанын 

біз жұрттың бәрінен де жақсырақ көріп отырмыз. 

Бірі қайта құрудың даусыз табыстарын дәлелдейтін, 

екіншісі қайта өзгерістердің барысына алаңдаушылық 

туғызып, партияны және оның жетекшілерін «оңнан» 

да, «солдан» да қатты сынға алуды тудырып отырған 

біздің өміріміздің қарама-қарсы кереғар екі полюсін 

қалай сыйыстыруға болады? Бұл сұраққа жауап беру 

үшін  өткен  жолды  егжей-тегжейлі,  риясыз  талдау 

қажет. 

Қазақстан Компартиясының XVI съезін біз қандай 



көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алғанымыз естеріңізде 

болар.  Коммунистердің  бірнеше  ұрпағының  біздің 

қоғамымызды  демократияландыруға  және  түбірі­

нен қайта құруға деген ең көкейкесті, азаптан өткен 

ұмтылысын білдіретін кінәратсыз, өмірлік идеяларды 

орнықтыруға енді ештеңе де кедергі жасай алмайтын 

сияқты көрінген еді. Ол шын мәнінде үміт пен батыл 

жоспарлар  съезі  болды.  Осы  мінберден  бұрын  әдет 

бойынша өмірдің сыннан тыс болып келген жақтарын 

тұңғыш рет қозғаған, ішкі есепті көздейтін ойлардан 

ада ашық сөздер естілді. 

Сол сөйленген сөздерде көбірек болған не – жаңа 

бағытқа көзсіз сену ме, әлде сол кезде бар күштердің 

арасалмағын талдауға негізделген байсалды есеп пе? 

Қалай болғанда да, сенім басым болды деп ойлаймын. 


236

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Біз қайта құрудың алғашқы өскіндерін көп күш жұмса­

май-ақ тұншықтырып тастауға, істі бұрынғы тығырыққа 

тірейтін арнасына бұруға қабілетті әміршіл-әкімшіл 

жүйенің қуаты мен «көлеңкелі» мүмкіндіктерін әлі де 

шамалап қана ұғынған болатынбыз. 

Тегінде, солай болды да. XVI съезде сайланған Орта­

лық Комитеттің басшылығы өз қызметін сын тұрғы­

сынан  бағалау  ға  қабілетсіз  болып  шықты.  Шешуші 

қызметтерде  бұрынғы  жұмыс  стилі  мен  әдістерін 

ұстанған адамдар отырды, олар республиканың саяси 

аренасынан басқаша ойлаушыларды, сындарлы иде­

ялар таратушыларды қандай жолмен болса да кетіру 

үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысып бақты. 

Өсек-аяң  тарату  мен  тікелей  қоқан-лоқы  жасау  іске 

қосылды. Іргесі шайқалған билікті сақтап қалу үшін 

жанталасқан күрес жүріп жатты. 1986 жыл салиқалы, 

прогресшіл  көңіл-күйдегі  күштер  үшін  қуғындау 

жылы, іс жүзінде қандай да бір қорғалудан ада жыл 

болды. Мұның бәрі демократиялық өзгерістерге зиянын 

тигізбей, республикадағы жаңару үдерістеріне кедергі 

жасамай қалған жоқ. 

Алайда бәрін де бұрынғысынша қалдыруға, КОКП 

Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір Пленумында 

белгіленгендерді кезекті қысқа мерзімді науқанға айнал­

дыруға жанталасқан әрекеттер сәтсіз болды. Қайта құру 

идеясы халық ішіне тым кең тарап кеткен еді. Бірақ бас­

шылықты ауыстыру туралы мәселе пісіп-жетілген кезде 

тоқыраудың дәріптеушілері өздері үшін зиянды зар­

даптарды барынша жеңілдету, басшылыққа жергілікті 

жағдайлармен таныс емес «сырт адамды» әкелу үшін 

қолдарынан келген нәрсенің бәрін істеп бақты. Мұның 

бәрі немен тынғанын сіздер жақсы білесіздер. Орталық 



237

Комитеттің дәл 18 минутқа созылған бесінші пленумы 

коммунистердің және Қазақстанның бүкіл халқының 

арасында кең құлашты жағымсыз сілкініс туғызған тағы 

бір антидемократиялық актімен аяқталды. 

Біз бүгін бұл жайында өткенді тағы да қопарыстыру 

үшін айтпаймыз. Қазақстан Компартиясының Орталық 

Комитеті болған оқиға өктемшілдіктің, республикада 

саяси басшылық сабақтастығының табиғи үдерісін бұр­

малаған неше түрлі «культтер» мен «культсымақтар­

дың» етек алуының тікелей салдары еді деп есептейді. 

Билік  басында  тұрған  адамдар  өздерінің  санасында 

мықтап тамыр жайған «көсемшілдікке» байланысты 

лайықты ізбасарлар даярлау туралы ойлап бастарын 

қатырмады,  керісінше,  қарымды  бәсекелестердің, 

өзімнің  жеке-дара  басқаруыма  қатер  төндіреді  деп 

білген адамдардың беделінің артуына барынша бөгет 

жасады.  Бұл  біз  үшін  болашаққа  деген  елеулі  сабақ 

болуға тиіс. 

V  пленумнан  кейінгі  кезеңде  біз  кез  келген  бөгде 

ойлылықты, бірінші басшының пікірінен өзгеше кез кел­

ген пайымдауды қатал тежеп отырған әкімшіл-әміршіл 

жүйенің жандана түскен түріне тап болдық. Өктемшіл 

өкіметтің алдында бас иіп, тағзым етудің жылдар бойы 

тәрбиеленген әдеті де салқынын тигізді, КОКП Орта­

лық Комитеті аппаратының бұрынғы құрамы дағды 

бойынша  осындай  әдеттің  желеп-жебеушісі  болып 

қалды. Мұндай жағдайда біздің кейбір «идеологиялық 

бастықтарымыз»  өздері  жақсы  игерген  казармалық 

басшылық әдістерін рухани салаға көшіру ге болатын 

сәт  келді  деп  есептеді.  Нақ  солардың  құтыртуымен, 

мысалы, студенттердің, жұмысшы табының, т. б. ұлт­

тық  құрамын  айқындаудағы  пайыз  қуушылық  етек 


238

I  ТОМ. – 1989–

1991 


алды. Республикада қоғамдық-саяси ұйымдардың туу 

мүмкіндігінің өзі қалай еленбегені, баспасөзде оларға 

қарсы қандай өршеленген науқан жүргізілгені, ұлттық 

интеллигенция  өкілдерінің  қазақ  тілінің  мемлекет­

тігі  туралы  мәселені  көтеру  жөніндегі  әрекеттерінің 

қандай қарсылыққа тап болғаны бәріміздің есімізде. 

Бұл адамдар кадрларды қудалаудан да, адал қызмет­

керлерге  күйе  жағудан  да,  шын  мәнінде  –  жазалау 

саясатынан да айылын жиған жоқ. Ал мұның бәрі жеке 

бастың  пайдасы  үшін  істелді.  Істі  ақсатқан  көптеген 

облыстық партия комитеттері хатшыларының атқарып 

отырған қызметтерінен құрметпен, барынша жоғары 

дербес  зейнетақымен  кеткені  кездейсоқ  емес,  олар 

тіпті қандай да болсын моральдық жауапкершіліктен 

де құтқарылды. 

Экономикалық салада да қайта құру көріністері аз 

байқалды. Қазір кейбіреулер экономикалық сәтсіздік­

тер  үшін  қайта  құруды  кінәлауға  бейім,  бірақ  олар 

біздің  нақ  тоқырау  кезеңі  өсірген  ащы  «жемістерді» 

татып  жатқанымызды  ескергісі  келмейді.  Жалаң  сөз 

болмас  үшін  нақты  фактілер  келтірейін.  1985  жылы 

республикада өндірілген және пайдаланылған ұлттық 

табыстың арасындағы айырмашылық өзінің шыңына 

– 7,2 млрд сомға жетті. Қазақстанның өнеркәсіп өнімін 

беру  жөніндегі  берешегі  591  млн  сом  болды,  кәсіп-

орындар  мен  ұйымдардың  30 %-на  жуығы  залалмен 

жұмыс істейтін болып шықты. Мәселе мынаған дейін 

барды:  халық  тұтынатын  бұйымдардың  60 %-ын  біз 

рес публикадан тыс жерлерден әкелдік, ал әлеуметтік 

проблемалар  тек  қана  қалдық  принципі  бойынша 

шешіліп келді. 


239

Әсіресе, ауыл шаруашылығы тым құлдырап кетті. 

Сый-сияпат көру мен көбінесе бір ғана астық жинау 

маусымы үшін берілген «Еңбек Ері» атағын алуға бола 

мемлекетке атышулы миллиард пұт астық тапсыруға 

ұмтылыс  мал  шаруашылығының  жемшөп  базасын, 

былайша айтқанда, әбден қу тақырға отырғызды. 1980 

жылмен  салыстырғанда  республикада  бір  сиырдан 

сауылатын сүттің орташа көрсеткіші – 100 килограмға, 

ірі қараның орташа салмағы – 54, қойдың салмағы 3 

килограмға  төмендеп  кетті.  Соның  салдарынан  1975 

жылдан 1985 жылға дейінгі он жылдың ішінде халықтың 

жан басына шаққанда ет тұтынуы іс жүзінде өскен жоқ. 

Оның  үстіне  біздің  қолымызда  болған  қоғамдық  ірі 

қараның 10 %-дайы туберкулез бен бруцеллезге шал­

дыққан болып шықты. 

Күрделі құрылыстағы істің жайы да мәз болмады. 

Егер  оныншы  бесжылдықта  1,6  млрд  сом  игерілмей 

қалған болса, он бірінші бесжылдықта 2,6 млрд сом 

игерілмей  қалды.  Тұрғын  үйді  іске  қосу  қарқыны  іс 

жүзінде  тоқырауға  ұшырады.  Балалар  мекемелері, 

ауруханалар, емханалар, мектептер туралы да осыны 

айтуға болады. 

Біз қайта құруды, міне, осындай жағдайда бастадық. 

Әділдік үшін мынаны айту керек: 1987 жылдың алғашқы 

айларынан  бастап  Орталық  Комитет,  жергілікті 

жерлердегі партия ұйымдары халық шаруашылығы 

салаларындағы тоқырау құбылыстарын жоюға назар 

аударуын күшейтті. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылы­

сында,  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуде  ілгерілеу-

шілік басталды. Бірақ тағы да әлдеқашан күні өткен 

көзқарастар есебінен ілгеріледі. Партия комитеттері 

бұрынғысынша кеңес және шаруашылық органдарын 


240

I  ТОМ. – 1989–

1991 


алмастыра берді, күшпен қысым жасау экономикалық 

әдістерден басым түсіп жатты. Сонымен бірге, адамдар­

мен  нақты  жұмыс  жүргізу,  олардың  мұқтаждарына 

деген қамқорлық әлсіреді, мұның өзі бірден сезілмей 

қалған  жоқ.  Қарағанды  шахтерлерінің  ереуілдері, 

Жаңаөзендегі  толқулар,  Өскемендегі,  Павлодардағы 

жаппай  наразылық  оқиғалары  партия  комитеттері 

қатардағы коммунистердің, еңбекшілердің мүдделері­

нен қол үзгендігін көрсетті. 

Еліміздегі сияқты, республикада қайта құру үдеріс-

терінің малтығуы көп ретте орталықтан тасқын болып 

түсіп жатқан волюнтаристік сарындағы ойластырыл­

маған,  асығыс  шешімдерге  және  көбінесе  жергілікті 

жерлерде бұлардың ойланбастан орындалуына байла­

нысты болды. Бұл орайда сәтсіздікке ұшыраған алко­

гольге қарсы заңды немесе сол бойы іске асырылмай 

қалған  кәсіпорын  туралы  заңды,  аренадан  үн-түнсіз 

кеткен мемлекеттік қабылдауды, табыстардың бақы­

лаусыз өсуін туғызған заң актілерін және тағы басқа­

ларды еске алсақ та жеткілікті. Ал өткен бес жыл ішінде 

Мемлекеттік  аграрлық-өнеркәсіптік  комитет  қанша 

рет қайта құрылды десеңізші. Мұның бәрі күш-қуатты, 

уақытты алды, бірақ ойдағыдай нәтиже берген жоқ, 

тек адамдардың жүйкесін жұқартып, қайта құрудың 

ұтымдылығына деген олардың үміт-сенімін одан әрі 

кейінге шегеріп тастады. 

Бәлкім,  тұрмыстың  аса  күрделі  проблемаларын 

қолды бір сілтеп шешеміз деуден, оларды өз санамызда 

жасанды түрде жеңілдету дағдысынан әлі ұзақ уақыт 

бойы  арыла  алмаспыз.  1985  жылғы  сәуірде  осыған 

ұқсас әлденелер болды, «қайта құру» және «жеделдету» 

сөздері синоним сөздерге айналуға аз-ақ қалып, бір-екі 



241

жылдың ішінде, ең көп дегенде үш жылда елімізді тоқы­

рау дағдарысынан алып шығуға болады деп ойладық. 

Ақиқат шындық әлдеқайда қаталырақ, ал жарияланған 

міндеттер – әлдеқайда мәнділеу және күрделірек болып 

шықты. Бірақ мұның өзі жол дұрыс таңдап алынды ма 

және алға қойылған міндеттер орындалатын міндеттер 

ме  дегенді  білдіре  ме?  Әрине,  білдірмейді.  Егер  біз 

жол берілген қателіктер мен ағаттықтар туралы ашық 

айтатын болсақ, онда олардың кейбіреулерінің белгілі 

бір мағынада объективті түрде орын алуға тиісті болға­

нын ашық мойындауымыз керек. Тек нақты жұмысқа 

кіріскенде ғана, тиісінше «сүрініп, жығылып барып» 

қана қажетті тәжірибе жинақтау, басталған істің бүкіл 

ауқымы мен қиындығын түсіну мүмкін еді. 

Біз мұндай тәжірибені жинап, неғұрлым ақылды, 

сақ, ұқыпты бола түстік деп ойлаймын. Сөйтіп, сөз жоқ, 

қазір біздің қорымызда тек теріс нәтиже ғана жинақта­

лып отырған жоқ, әрі оның өз құндылығы бар екені де 

белгілі. Өткен жылдар ішінде саяси дамуда да, эконо­

микалық дамуда да елеулі түрде ілгері қадам жасалды. 

Қазақстан  Компартиясының  жаңарған  федерацияда 

республиканың егемендігіне қол жеткізуге және КОКП 

шеңберінде  республикалық  партия  ұйымының  дер­

бестігін орнықтыруға бағытталған бастамалары бүкіл 

халықтың кең қолдауына ие болды. Республиканың біз 

ұсынған өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруға 

көшу тұжырымдамасы кеңінен танылды. Сайлау қоры­

тындылары  осының айғағы:  Қазақстаннан  сайланған 

КСРО халық депутаттарының, Қазақ КСР халық депу­

таттары мен жергілікті Кеңес депутаттарының арасында 

коммунистер басым көпшілік болып отыр. 



242

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Айтқандайын, сайлау науқанының өзі де демокра­

тияны  дамыту  ісінде  және  саяси  реформаны  жүзеге 

асыруда шешуші кезеңге айналып, қоғамдық өмірді сая­

саттандыру үдерістерінің қуатты жеделдетушісі болды. 

Бұлай болған себебі: партия өктем биліктен және сай­

лауды әзірлеп, ұйымдастырудағы пайыз қуушылықтан 

бас тартты, бәсекелестік пен баламалылық рухын батыл 

қолдады. Сайлау науқаны бұқараның қайта құру сая­

сатына деген сенімін қуаттаған өзінше бір халықтық 

референдумға  айналды.  Соның  нәтижесінде  респу­

бликадағы істің жағдайына пәрменді түрде ықпал ете 

алатын, жұмыс істей білетін, талапшыл депутаттық кор­

пусқа ие болдық. Мұны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 

үкіметті құрған бірінші сессиясының өзі көрсетіп берді, 

ал үкімет нашар жұмыс істеген жағдайда өзінің ықпалы 

мен беделін сақтауға үміт артуы екіталай. 

Партия ұйымдарында КОКП Орталық Комитетінің 

1990  жылғы  ақпан  Пленумы  ұсынған  ізгілікті,  демо­

кратиялық  социализмнің  жаңа  тұжырымдамасы 

төңірегінде кең көлемді пікірсайыс өткізілді. Орталық 

Комитеттің КОКП XXVIII съезіне арналған Тұғырнама­

сының жобасын қазақстандықтар толайым мақұлдады. 

«Қазақстан Компартиясын жаңартуға, жаңа федера­

цияда республика егемендігіне қол жеткізейік» деген 

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Тұғыр-

нама жобасы да коммунистердің, еңбек ұжымдарының 

қолдауына  ие  болды.  Бүгінде  бізде  қоғамдық-саяси 

жағдай жалпы алғанда тұрақты, республика Компар­

тиясы нақты саяси салмаққа, халықтың қолдауына ие 

болып отыр. 

Сөйтіп, есепті кезеңнің басты саяси қорытындысын 

шығара келіп, біз былай деп айтуға хақылымыз: КОКП 



243

XXVII съезінің, Қазақстан Компартиясы XVI съезінің, 

Бүкілодақтық XIX партия конференциясының шешім­

дерін жүзеге асыра отырып, республика партия ұйымы 

күрделі жағдайда топтастырушы қоғамдық күш ретін­

дегі өзінің шептерін сақтап қалды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет