Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#9778
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі  

он екінші шақырылымының I сессиясында  

Қазақ КСР Президенті болып  

сайлануына байланысты

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1990 жылғы 24 сәуір 

Құрметті халық депутаттары!  

Қазақ Кеңестік Социалистік  

Республикасының азаматтары!

Жаңа ғана аса бір айрықша оқиға болды. Республика­

ның Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның тарихында тұңғыш 

рет Қазақ КСР Президентінің лауазымын тағайындады. 

Осы биік мансап пен айрықша жауапты міндет маған 

жүктелді. 

Маған көрсеткен зор сенімдеріңіз бен құрметтеріңіз 

үшін көптен-көп рахмет. Осында айтылған жүрекжарды 

сөздеріңіз  бен  ақ  тілеулеріңіз  үшін  шын  жүректен 


209

шыққан алғысымды білдіремін. Дауыс берудің қоры­

тындысын мен бүгінде өздеріңізбен бірге жүргізіп келе 

жатқан саяси бағытты – қайта құрудың, жаңғырудың, 

демократиялық,  адамгершіл  социализмнің  бағытын 

шын ниетпен қолдау деп бағалаймын. 

Ең алдымен сіздерді принципті тұрғыдан мынаған 

сендіргім келеді – өзіме берілген республика Прези­

дентінің  билігін  мен  көпұлтты  Қазақстанымыздың 

жұмысшы табының, шаруаларының, интеллигенция­

сының, барша халқының игілігіне, оның экономикалық, 

әлеуметтік және рухани гүлденуіне пайдаланамын. 

Мен президент институтын енгізу – жалпыодақтық 

құрылымдарды көзсіз көшіріп алу емес екенін бұрын да 

айтқанмын. Атқарушы биліктің жұмылдырушы бастау-

ларын, қазіргі күллі мемлекет тетігінің тепе-тең және 

тиімді қызметін өмір қисынының өзі талап етіп отыр. 

Қазақ КСР-інің ұлттық мемлекеттігін, саяси егеменді­

гін нығайту, оны кеңестік социалистік федерация шең­

беріндегі жаңа, нақты мазмұнмен байыту, КСР Одағы 

мен  республиканың  өкілеттіктерін  неғұрлым  айқын 

межелеу  жөніндегі  шараларды  қабылдау  президент 

билігінің айрықша қамқорлығы болады деп ойлаймын. 

Ұлттық-мемлекеттік құрылыс саласындағы автори­

тарлық әдістер кеңестік федерализм қағидаттарының 

соңғы кезге дейін тек бұрмаланып қана қоймай, жалаң 

сөзге,  жалған  нәрсеге  айналуына  әкеліп  соқтырды. 

Республикалардың өмірлік мүдделерін қозғайтын мәнді 

мәселелер  көрінеу  ескерілмеді,  бәрі  орталық  ведом­

стволардың  мүддесіне  бағындырылды,  ал  олардың 

өктемдігі көбіне-көп аймақтардың экономикалық және 

әлеуметтік дамуына кедергі болды, кеңестік мемлекетті 



210

I  ТОМ. – 1989–

1991 


федерациялық құрудың лениндік тұжырымдамасына 

тікелей қайшы келді. 

Қазіргі  жағдайдың  шындығы  –  сталиндік  «авто­

номдандырудың»  кесірлі  салдарын  еңсеруге  деген 

қуатты құлшыныстар бар пәрменімен көрінуде. Нақ 

солардың ықпал етуі арқылы елдің Жоғарғы Кеңесінде 

КСРО  Президенті  М. С. Горбачевтің  тапсыруымен 

1922 жылғы КСР Одағын құру туралы Декларацияны 

жаңарту және республикалар арасындағы жаңа шартты 

әзірлеу жөніндегі жұмыс басталып кетті. Үстіміздегі 

жылғы наурыздың соңына қарай Федерация Кеңесінің 

алғашқы  мәжілісінде  бұл  мәселе  кеңінен  және  мүд­

делілікпен талқыланды. Сонда сөйлеген сөзімде мен 

республиканың атынан қазіргі ғана емес, сірә, алдағы 

ғасырдың  да  ең  парасатты,  неғұрлым  тиімді  мемле­

кеттік құрылымы – толыққанды федерацияны жақтап 

шықтым. 

Менің қазіргі, турасын айтсақ, тұрақтылығы тіпті де 

мәз емес жағдайда сабырлылық сақтап, мемлекеттік 

даналық таныту керек дейтін пікірімді сіздер қолдай­

сыздар деп сенемін. Бір шектен екінші шекке ауытқып, 

конфедерацияға да, біртұтас мемлекетке де алаңдап, 

шөре-шөре болуды қою керек. Бірақ федерацияны да 

жаңа, осы заманғы қағидаттар негізінде құру қажет. 

Атап айтқанда, жалпыодақтық және республикалық 

мүдделерді үйлестіретін, кез келген ұлт азаматтарының 

құқықтарын сенімді түрде қорғайтын, әр республика 

өмірінің нақты жағдайларына және әлеуметтік-эконо­

микалық әлеуетіне қарай сараланған федерациялық 

байланыстарды ескеретін заңдарды қабылдау тездетілуі 

тиіс. 


211

Одаққа  кіретін  басқа  да  республикалар  сияқты 

егемен әрі тең құқықты социалистік мемлекет болып 

табылатын Қазақ КСР-і өзі ерікті түрде, шарт негізінде 

мемлекеттік биліктің және елді басқарудың орталық 

органдарына берген өкілдіктерінен басқа өз аумағын­

дағы  мемлекеттік  биліктің  барлық  толықтығына  ие 

болуы керек. Бұл ретте одақтық органдар мен республи­

каның арасында пайда болатын қақтығыстарды шешуге 

мүмкіндік беретін тетік жасалуы тиіс: бірде ол – актінің 

күшін кідірту, тағы бірде – Конституцияға және респу­

бликаның мүдделеріне қайшы келетін актіні жоюды 

талап етіп, одақтық үкіметке жүгіну болуы мүмкін. 

Республиканың КСР Одағының қарауына берілген 

мәселелерді  шешуге  қатысуындағы  конституциялық 

құқығын іске асырудың да тетігі болуы тиіс. Өйткені, 

егер біз құқықтық мемлекет туралы айтатын болсақ, 

онда тек республика ғана Одақтың алдында жауапты 

болып қоймай, Одақ та республика алдында жауапты 

болуы керек. 

Жақында ғана қабылданған «Одақтас республиканың 

КСРО-дан шығуына байланысты мәселелерді шешудің 

тәртібі туралы» Заң республикалардың егемендігі мен 

олардың өзін-өзі билеу құқығын растайтын аса маңыз-

 ды  құқықтық  акт  болды.  Ол  күшіне  енді  де.  Әрине, 

оның белгілі бір баптары, жекелеген ережелері туралы 

дауласуға да болар еді. Әрі бұл арада осыған қатысты 

айтылған: бостандықты білмеген бір жұтым таза ауаға 

да тұншығуы мүмкін дейтін шығыстың ежелгі дана­

лығын еске алудың да жөні бар. Бұл жерде эмоцияға 

берілу орынсыз, республикалық заңнаманы жәй ғана 

осы заңға сәйкестендіру қажет. 



212

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Бұл  тіптен  де  оның  қабылдануымен  күні  ертең 

Одақтан шығу құқығын іске асыру туралы мәселе қо -

йылады дегенді білдірмейді. Біз өз туымыздың қызыл 

болғанын және солай болып қалатынын, мақсатымыз – 

сөздің лениндік мағынасындағы адамгершіл социализм 

екенін және КОКП Орталық Комитетінің партияның 

ХХVIII съезіне Тұғырнамасының жобасындағы: «алуан 

түрлі  әрі  бір-біріне  кіріккен  өзара  байланыстарды 

әлсірету  және,  әсіресе,  үзу  біздің  еліміздің  барлық 

халықтары үшін болжап болмайтын жағымсыз жағдай­

ларға соқтырар еді» дейтін тезисті толық қолдайтыны­

мызды барынша батылдықпен және жауапкершілікпен 

тағы да қайталаймыз. 

Президент  ретінде  былай  деп  есептеймін:  Қазақ 

КСР-і, республиканың жергілікті Кеңестері жерге, оның 

қойнауларына,  суларына,  ормандарына  және  басқа 

табиғи ресурстарына меншік иесі құқығының субъек­

тілері болулары керек. Өндірістік және шаруашылық 

объектілерін орналастыру мен жұмыс істету олардың 

қатыстылығына, соның ішінде әскери ведомствоға да 

қатыстылығына қарамастан, тек республиканың және 

жергілікті  Кеңестердің  рұқсатымен  немесе  олармен 

шарт жасасу негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Еңбек 

ресурстарын тиімді пайдаланумен, еңбектің қауіпсіз 

жағдайларын жасаумен, қоршаған ортаны қорғаумен, 

сыртқы экономикалық қызметті қоса алғанда, халық 

мүдделері мен қажеттерінің күллі ауқымын қанағат­

тандырумен байланысты мәселелерді шешу республи­

каның толық құзырында болуы қажет. 

1991  жылғы  1  қаңтардан  бастап  «КСР  Одағының, 

одақтас  және  автономиялы  республикалардың  эко­


213

номикалық қатынастарының негіздері туралы» КСРО 

Заңы іске қосылды. КСРО Министрлер Кеңесі екі ай 

ішінде заңның іске асуын қамтамасыз ететін, сонымен 

бірге,  өзінің  қабылданған  заңнамаға  қайшы  келетін 

актілерінің бәрін жоятын тиісті шешімдерді ұсынады 

дейтін келісім бар. 

Сірә, бұл жерде шиеленіскен күрес болатын шығар, 

неге десеңіздер, КСРО Министрлер Кеңесі республи­

каларды  анау-мынау  емес,  1920-шы  жылдардан  бері 

басқарды және осы жылдар ішінде республикалардың 

құқықтарын  қырқумен,  құртумен  болған  мыңдаған 

түрлі  құжаттар  қабылдады.  Орталық  ведомстволар 

соларды,  әсіресе,  өздерінің  негізгі,  түбегейлі  мүдде­

лерін қозғайтындарын оп-оңай және тез жоя салады 

деп ойламаймын. 

Ал ведомстволық өктемдік біздің Қазақстанда неге 

соқтырғанын біз жақсы білеміз. Күштеп ұжымдастыру 

жылдарындағы адамдардың жаппай қырылуы, халықты 

өз жерінің байлығынан айыру, негізінен байырғы халық 

мекендейтін ондаған аудандардың мүшкіл жағдайы, 

ауруханалар  мен  мектептерді,  балалар  бақшалары 

мен  жоғары  оқу  орындарын  қайыршылық  күйде 

ұстау, өздерінің сасық ауасына тұншыққан қалалар – 

Қазақстанның жер қойнауларын пайдаланғаны үшін 

орталық  ведомстволардың  бізге  өтеу  орнына  берген 

жағымсыз  құбылыстарының  қысқаша  тізімдемесі 

осындай. Енді бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Мен 

мынаған  кәміл  сенемін:  Қазақстан  егемен  мемлекет 

ретінде КСР Одағымен және басқа республикалармен 

өзінің  қарым-қатынасын  келісім-шарт  принципімен 

орнатады  және,  дербес  мықты  саясатын  жасап, 

қарқынды түрде қайта жаңғыра бастайды. 


214

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Экономикалық дербестікті нығайту, республиканы 

өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыру принципі  не 

көшіру туралы әңгіме еткенде, біз әсте де өнім алмасуға 

жасалған келісімдерімізден бас тартуды айтпаймыз. Ал 

бұл айырбас құн заңына негізделген бағалар бойынша, 

реттелмелі нарықтық экономика шарттарына сәйкес 

жүргізілуі тиіс десек, әңгіме басқа. Біздің ұстанымымыз: 

қалыптасқан деңгейлес байланыстарды сақтау, бірақ 

республика кәсіпорындары сататын өнеркәсіп пен ауыл 

шаруашылығы өнімдерінің бағасын қайта қарау. Әрине, 

шаруашылық  жүргізудің  жаңа  формаларына  және 

реттелмелі нарықтық экономикаға көшуге байланысты 

бұл үлгі жетілдіріле береді. 

Нарықтық  қатынастардың  өмірлік  қажеттігін 

дәлелдеп жатудың керегі болмас деймін. Бізді бұған 

экономикалық  реформаның  қисыны  және,  оны  аз 

десеңіз, социалистік қоғам орнатудың лениндік тұжы­

рымдамасына негізделген қайта құрудың бүкіл қисыны 

әкеліп тіреді. Базбіреулерге біз социализмнен ауытқып, 

нарықтық экономиканы енгізу арқылы капиталистік 

даму жолына қайта түскендей көрінетініміз жасырын 

емес. Теориялық толғамдарға бармай-ақ қояйын: біздің 

бұл тақырыпқа көзқарасымыз В. И. Лениннің туғанына 

120  жыл  толуына  арналған  салтанатты  мәжілістегі 

баяндамада айқын тұжырымдалған. Тек айтарым: соци­

ализм туралы нағыз лениндік ілімді қайта жаңғыртып, 

лениндік  жаңа  экономикалық  саясат  –  социалистік 

мұраттардан  амалсыз  шегіну  емес,  капитализмнен 

басқа бір, әлдеқайда кемелді қоғамдық құрылысқа өту 

кезеңінің объективтік заңдылығы екенін ақырына дейін 

ұғынудың абыройы нақ осы біздің ұрпаққа бұйырыпты. 


215

Ақиқат жолы қашанда ауыр. Сталиннің лениндік 

бағытты  қасақана  бұрмалауы,  жеке  басының  шексіз 

билігіне  жету  үшін  «әскери  коммунизм»  қағидатта­

рын аспанға көтеруі біздің халқымыз үшін қымбатқа 

түсті.  Қазір  соның  бәрінен  арылып  болған  жоқпыз. 

Социалистік  дамудың  даңғыл  жолына  қайта  түсу 

толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және саяси 

қиыншылықтармен бірге жүреді. Жоспарлы-нарықты 

экономикаға  көшудің  бастапқы  кезеңінде,  алғашқы 

1,5–2  жылда  бізді  елеулі  шығындар,  халықтың  тұр­

мыс деңгейінің төмендеуі мен басқа да келеңсіз сәттер 

күтетініне  дайын  болуымыз  керек.  Дегенмен  бізде 

экономиканы шұғыл өркендетудің, өктемдік пен моно­

полизм құрылымын өзгертудің басқа жолы жоқ екенін 

түсінуіміз керек. Біз қоғамдық санада күрт бетбұрыс 

жасауға әдейілеп барып, адамдарға мәселенің мәнін 

кеңінен түсіндіре отырып, жалпыға бірдей мүдделілік 

пен белсенділік ахуалын туғызуға тиіспіз. 

Адамдардың  нарық  идеясына  қырғи  қабақ  қаты­

насын  барынша  бейтараптау  үшін  бізге  жан-жақты 

шаралар қолдану парыз. Президент ретінде мен осынау 

қиын-қыстау  кезеңде  республика  халқының,  әсіресе, 

оның неғұрлым қолайсыз жағдайда қалған топтары мен 

жіктерінің әлеуметтік қорғалуын нығайту үшін барлық 

қолжетімді және мүмкін тетіктердің бәрін пайдалана­

тын боламын. 

Біздің баршамыздың алдымызда күрделі шешімдер 

тұр, солар үшін Қазақстан халқының алдында бәріміз 

жауап береміз. 

Үкімет құрылған соң депутаттарға оның экономика­

дағы дағдарысты құбылыстарды еңсеру, Қазақ КСР-інің 



216

I  ТОМ. – 1989–

1991 


болашақтағы  дамуының  негізгі  бағыттары  жөніндегі 

бағдарламасын бекіту қажет болады. Сіздерді жағдайға 

баға  беруде  және  кейін  біздің  жоспарларымызды 

қалыптастырудың негізі болатын практикалық шара­

ларды белгілеуде сарабдалдық пен кемелдік танытуға 

шақырамын. Егер ең қағидатты және аса өткір пробле­

малар туралы айтсақ, онда мен оларды шешу жолдарын 

мынадай басым бағыттарға біріктірер едім. 

Біріншіден,  бұл  –  республиканың  экономикалық 

дербестігіне көшу үшін берік база жасау, қарапайым 

жалгерліктен, өндірістік кооперативтерді дамытудан, 

еңбекшілердің өзін-өзі басқаруына негізделген басқа да 

меншік формаларынан бастап мемлекеттік кәсіпорын­

дар және олардың қызметкерлері де қатысатын әралуан 

қауымдастықтарға,  акционерлік  қоғамдар  мен  бір­

лестіктерге дейінгі жаңа экономикалық қатынастарды 

батыл енгізу. Біз кәсіпкерлік рухын қайта жандандырып, 

іс жүзінде меншік, жер, жалгерлік туралы заңдардың, 

сондай-ақ, бәлкім, осы сессияда қабылданатын Қазақ 

КСР-індегі шаруа қожалығы туралы Заңның және осы 

пакеттегі басқа да заңнамалық актілердің орасан зор 

жасампаздық әлеуетін ашуымыз керек. 

Аса маңызды ұстанымымыз – орталық пен респуб-

ликаның сыртқы экономикалық қызмет саласындағы 

қатынастарын  қайта  қарау.  Сыртқы  экономикалық, 

валюталық егемендік болмайынша, «ішкі» егемендік­

тің  толыққанды  емес,  жартыкеш  болатыны  бүгінде 

айдан  анық.  Халықаралық  рынокқа  шығу,  шетелдік 

серіктестердің қатынасуымен бірлескен кәсіпорындар 

құру – бұл да экономикалық дербестіктің маңызды бір 

жолы. Осындай саясатты іске асырудан өзімнің кезек 

күттірмес міндеттерімнің бірін көремін. 



217

Екіншіден, республиканың халық шаруашылығын 

ең  жаңа  технологиялар  мен  техниканың  базасында 

құрылымдық жағынан қайта құру, тиімділігі нашар 

өндірістерді қысқартып, ғылыми ауқымды өндірістер 

ұйымдастыру, экономиканы халық тұтынатын тауарлар 

өндіру мен қызмет көрсету жағына қайта бағдарлау, 

толыққанды ішкі рынок құру.

Әдетте,  өңдеуші  өндірістерді  дамытудың  бола­

шағы талқыланған сайын орталық ауданаралық еңбек 

бөлісу жөніндегі міндеттемелерді, еуропалық бөліктегі 

кәсіпорындардың  мамандандырылуын  және  оларды 

шикізатпен  қамтамасыз  ету  қажеттігін  алға  тартып 

шыға келеді. Бұл орайда қалыптасып қалған экономи­

калық байланыстарды бұзу мүмкін еместігін, әйтпесе 

ол  қуаттардың  бос  қарап  тұруына,  жұмыссыздыққа 

соқтыратынын айтады. Мұндай пайымдаулар салмақты 

және түсінікті. Бірақ ондай жағдайда әңгіме шикізатқа, 

әсіресе, өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы­

ның өніміне баламалы айырбас орнату туралы болуы 

тиіс.  Мұны  не  әділетті  баға  белгілеу  арқылы  немесе 

айрықша бөлу тетігінің көмегімен жасау қажет. Респу­

блика өмір бойы шикізат шылауы болып, артық өнім 

шығарған жағдайда өз пайдасына түсетін жыл сайынғы 

жүз  миллиондаған  сомның  шығынына  батып  жүре 

алмайды. 

Осыған  байланысты  республика  Мемлекеттік 

жоспарлау комитетінің қызметінде жаңа қағидалар мен 

бағыттар пайда болуы керек. Мемлекеттік жоспарлау 

комитетін  ғылыми-техникалық  штабқа  айналдыру 

жөніндегі лениндік нұсқауларды шындап іске асыруы­

мыз қажет. Ол шаруашылық тетігін жетілдірудегі рөлін 



218

I  ТОМ. – 1989–

1991 


арттырып, өз өкілеттігі шеңберінде әлеуметтік және 

экономикалық тұрғыдан күшті егемен республиканың 

дамуына  жағдай  жасап,  тауар-ақша  принциптерін 

үнемі  дамытып,  шаруашылық  қызметінің  барлық 

салаларында өзін-өзі ақтау мен өзін-өзі қаржыландыру 

принциптерін сақтауға қамқорлық жасап, экономи­

каның ілгерінді құрылымын ескере отырып, барлық 

деңгейде инновациялық саясат жүргізуі тиіс. Республи­

каның өткен шақырылымындағы Жоғарғы Кеңесінің 

соңғы, XVI сессиясында құрылған Экономикалық кеңес 

осы жұмыстың бәрін үйлестіріп отыруға міндетті. 

Ақырында, үшіншіден, еңбек, жоспар, келісім-шарт 

тәртібін жан-жақты арттырып, өмірдің барлық сала­

сында реттілік орнату керек. Бұл арада жұмысшы табы­

ның, шаруалардың қолдауына, жоғары саналылығына 

өте-мөте сенемін және олардың өздері де осыны қалап 

отырғанын білемін. Біз, жолдастар, қоғамдық көңіл-күй­

дегі осы өзгерісті есепке алмай тұра алмаймыз. Әл-ауқат 

өсуінің кепілі – экономикалық өсу екенін, ал айқын да 

саналы тәртіпсіз оған жете алмайтынымызды бәріміз 

түсінуіміз  керек.  Тәртіпті  нығайту  жөніндегі  батыл 

қадамдар барша қазақстандықтардың шынайы, бел­

сенді қолдауына ие боларына сенімдімін. 

Жағдайды  бағалай  келгенде,  әлеуметтік  пробле­

малардың  барған  сайын  жанға  батып  бара  жатқа­

нын көрмеуге болмайды. Қазір олар бірінші орынға 

шығып, шұғыл шешімін талап етіп отыр. Экономиканы 

халықтың  әлеуметтік  қажеттеріне  қайта  бағдарлау 

үдерісі  басталып  та  кеткенін  айтуға  біздің  хақымыз 

бар. Алайда жағдайды түбегейлі жақсарту үшін, тіпті 

төтенше дерлік күш-әрекет керек. Ал оның нақты мүм­

кіндіктері бізде бар. 



219

Қазақстанның  кейбір  аймақтарындағы  еңбекке 

жарамды халықты жұмыспен қамтамасыз ету сияқты 

аса маңызды әлеуметтік-экономикалық проблеманы 

шешуге байланысты алаңдаушылыққа толық қосыла­

мын.  Жұмыс  орнының  жетіспеуі,  жалақының  төмен 

болуы  көбінесе  байырғы  халық  мекендейтін  шалғай 

аудандарда тіптен өткір сезілуде. 

Әрине, қалай болғанда да, бұл проблема шешілуде, 

осыған байланысты Қазақстан Компартиясының Орта­

лық  Комитеті  мен  республика  үкіметінің  бірқатар 

қаулылары да қабылданды. Әйтсе де, сірә, бұл жерде 

аймақтардың  тарихи  және  ұлттық  ерекшеліктерін, 

халқының психологиясы мен тұрмыс салтын ескерген 

неғұрлым  кешенді  көзқарас  қажет  болатын  шығар. 

Бәлкім, Жоғарғы Кеңестің тиісті тұрақты комиссиялары 

еңбекпен қамту туралы арнайы заң жобасын әзірлеуді 

де ойластырулары керек болар. 

Әлеуметтік саясаттағы басымдықтарды қарастыра 

келіп, Жоғарғы Кеңес сондай-ақ халықтың жеткілікті 

қамтамасыз етілмеген бөлігінің – зейнеткерлердің, көп 

балалы  отбасылардың,  жетімдер  мен  мүгедектердің 

тұрмыс  деңгейін  арттыру  мәселесін  алғашқы  орын­

дардың біріне қоятынына күмәнданбаймын. Биылғы 

мамырда  еліміз  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  45 

жылдығын атап өтеді. Ардагерлерге қамқорлық жасау, 

оларды моральдық та, материалдық та жағынан қолдау 

– біздің қасиетті борышымыз. 

Өздеріңіз білесіздер, М. С. Горбачевтің тапсыруымен 

КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  «Әйелдердің  жағдайын  жақ­

сартудың, ана мен баланы қорғаудың, отбасын нығай­

тудың  кезек  күттірмейтін  шаралары  туралы»  қаулы 



220

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қабылдады. Онда белгіленген проблемаларды шешу 

де – біздің кезек күттірмес қамқорлығымыз. Егер біз 

бүгін отбасын, ана мен баланы қорғауды қамтамасыз 

етпесек, біздің болашаққа деген мақсаттарымыз үлкен 

күмән туғызатын болады. 

Тұрғын үй проблемасын шешу тіпті де оңай міндет 

емес.  Республика  тұрғын  үйге  қатысты  бес  жылдық 

жоспарын орындады, енді жыл соңына дейін тағы бір 

жылдық  жоспарды  орындауға  мүмкіндігі  бар.  Бірақ 

қаладағы және ауылдағы мың-мыңдаған адамдар үшін 

жағдай әлі өткір қалпында қалып отыр. Сондықтан жаңа 

мүмкіндіктерді табандап іздеп, тұрғын үй құрылысын 

және бірінші кезекте жалпы көлеміндегі үлесі әзірге 

бар болғаны 14 %-ды құрап отырған жеке құрылысты 

кеңейту үшін барлық көздерді пайдалану міндеті тұр. 

Осы  және  басқа  да  шараларды  нақты  іске  асыру 

жолындағы  жауапкершіліктің  негізгі  салмағы  ең 

алдымен жергілікті басқару органдарына және, әлбетте, 

үкіметке түседі. Бірақ өзекті мәселелерге Президенттің 

тікелей  араласуынсыз  да  болмайтыны  даусыз.  Сірә, 

міндеттерді айқын қойып, мерзімдері мен орындаушы­

ларының жеке жауапкершілігін нақпа-нақ белгілейтін 

жарлықтар да керек болар. 

Экономиканы  әлеуметтік  саланы  дамытуға  қайта 

бағыттау туралы айтқанда, біз бетбұрыс тек адамға ғана 

емес, табиғатқа да қатысты болуы керегін есте ұстай­

мыз,  өйткені  тұратын  орта  саламатты  болмайынша, 

қайта құрудың экономикалық та, әлеуметтік те мақсаты 

қамтамасыз етілмек емес.

Арал тек Қазақстанның, Орталық Азияның ғана емес, 

сонымен бірге, бүкіл елдің нағыз экономикалық апатына 


221

айналды. Қазір бұл қасірет әлемдік ауқымға шықты деп 

негізсіз айтылып жүрген жоқ. Бұған ядролық қондыр-

ғыларды  сынауды,  ғарыш  кемелерін  ұшыруды,  кен 

орындарын ашық әдіспен қазуды, алқаптардың оңды-

солды жыртылуын, өнеркәсіп алыптарының құрылы­

сын  және  т. б.  қосыңыз.  Бір  өңірлерде  топырақтың 

су  астында  қалуы,  батпақтануы,  сортаңдануы,  өзге 

өңірлердің шөлге айналуы, тау-кен кәсіп орындарының 

тау-төбе үйінділері, су және жел эрозиясымен басқа да 

жойқын үдерістердің таралуы, ауаның күкірт сутегімен 

және  күкіртті  ангидридпен  ластануы  –  осының  сал­

дары. Әрі бұл мұнымен шектелмейді. Артымызға тас-

талқан болған табиғатты қалдыратын болсақ, болашақ 

ұрпақтар бізді кешірмейді. 

Қазір  республикалық  экологиялық  бағдарлама 

жасалды. Дегенмен оны жүзеге асыру барысында шие­

леніскен қақтығыстар болатынын көремін, өйткені бізге 

одақтық министрліктер, көбінесе өнеркәсіпке қатысы 

барлары елеулі түрде қасарыса қарсы болады. 

Табиғатқа араша бола жүріп, сонымен қатарластыра 

қалалар мен ауылдарды абаттандыру, олардың тазалық 

жағдайын  жақсарту  жөнінде  жұмыс  жүргізу  керек. 

Әбден ластанып, бетімен жіберілген, күллі қала шару­

ашылығын қайта құруды қажет етіп тұрған Алматыға 

қараңыздаршы! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет