Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Партиялық ішкі демократияны одан әрі



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#9778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Партиялық ішкі демократияны одан әрі 

дамыту үшін белсенділікпен күресейік

Қоғамды  соңынан  ертуге  моральдық  құқы  болуы 

үшін партия, ең болмағанда, алға қойылған мақсатқа 

жету жолында одан бір адым болса да алда жүруі керек. 

Ал біз болсақ, кейде бір орынды шиырлап, кейін қалып, 

әлдеқашан-ақ  қауырт  өркендеген  қоғамдық  өмірдің 

жарқын белгісіне айналған үдерістердің соңында сал­

пақтаймыз.  Бұл  ең  алдымен  партия  комитеттерінің 

жұмысын демократияландыру мен жариялы ету мәсе­

лелеріне, олардың демократиялық централизм, сынға 

ашықтық шеңберіндегі дербестігіне қатысты. 

Базбір партия қызметкерлерінің кертартпалығының 

тамырын іздеп, жаңалық атаулыға оралымсыздығын, 

әрекетінің  марғаулығын  түбірлей  бастасаң,  бәрінің 

себебі партиялық ортада жоғарыдан түскен кез келген 

нұсқауды бұлжытпай, дәлме-дәл, бірақ мүлдем ойлан­

бастан  орындауға  әрқашан  дайын  тұратын  тұлғаны 

жылдар бойы сомдауда екеніне көзің жетеді. Мұндай 

автомат-адам әкімшіл-әміршіл жүйенің үлгісі, былайша 

айтқанда, қол жетпес туындысы болды.

Бүгін ондайларды ешбір партия комитетінен таба 

алмайсың, олар әлдеқашан-ақ көзден ғайып болған деп 

дау айтатындар табылуы мүмкін. Шынында, қайта құру 

жылдарында кадрлар құрамы мұқият «қағып-сілкуден» 

өтті, тоқырау кезеңіне өлермендікпен жармасқандардан 

арылдық, бірақ адамдар кететіні, ал дәстүрлер қала­

тыны белгілі. Мәселен, кадр іріктеудегі тізімдемелік-са­

уалнамалық көзқарастан түбегейлі құтылдық деп айта 

аламыз ба? Немесе кабинеттік, қағазбастылық жұмысқа 

құштарлық дертінен ақи-тақи «сауығып» кете алдық па?



120

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Міне,  нақты  мысал.  КОКП  Орталық  Комитетінің  

1985 жыл  ғы сәуір пленумынан кейін басшылық қыз­

метке  ұсынылғандардан  қазірдің  өзінде  қалалық 

және  аудандық  комитеттердің  9  бірінші  хатшысы 

мен қалалық және аудандық аткомдардың да сонша 

төрағалары қызметтерінен алынды. Тек өткен жылдың 

өзінде обкомдардың тізімдемесіндегі 215, қалалық және 

аудандық партия комитеттеріндегі мыңнан аса басшы 

қызметкерлер босатылды. Олардың арасында партия 

тұрмысының  нормаларын  ашықтан-ашық  аяқасты 

еткендер де бар.

Жақында  партия  ұйымдарындағы  алда  болатын 

есеп беру-сайлау науқанының шеңберін елеулі түрде 

кеңейтіп,  оны  жер-жердің  бәрінде  кеңес,  комсомол, 

кәсіподақ органдары басшыларының еңбекшілер мен 

барша тұрғындар алдында есеп беруімен толықтыру 

туралы уақтылы әрі келелі шешім қабылданды. Халық 

өз  жетекшілерін  тыңдасын,  олар  туралы  пікірлерін 

ашық  айтсын  және  қажет  болса,  сенімін  ақтамаған­

дарды  жұмысынан  босатсын.  Мұндай  әрекет  басшы 

кадрлардың жасағын елеулі түрде сауықтырып, билік 

басына адал, абыройлы, ниеті таза адамдарды қоюға 

мүмкіндік беретініне сенімдімін. Халықтың өз басшыла­

рын сайлауға ғана емес, орнынан алуға да нақты құқығы 

болуы  керек.  Әйтпесе  кейбір  партия  ұйымдарында 

жариялылық, демократияландыру туралы әңгіме көп 

те, оларды іске асыру жоқ сияқты көрінеді.

Партия  басшыларының  арасында:  кадрларды 

жұртшылықтың көмегімен ашықтан ашық іріктегенің 

– биліктен айрылғаның дейтін сенімнің мықтап тамыр 

жайғаны  жасырын  емес.  Коммунистермен  ақылдас­

пай-ақ  біреуді  қызметке  қоюға  немесе  қызметінен 

босатуға дәрмені жетпесе, ондай партия комитетінде 


121

не  бедел  болуы  мүмкін?  –  дейді  ғой  баяғы.  Мұндай 

пайымдаулардың нағыз бедел туралы қамқорлықпен 

ортақ ештеңесі жоқ екенін, партия органдарына абырой 

әпермейтінін, қайта оған нұқсан келтіретінін түсіндіріп 

жатудың қажеті бола қоймас.

Партияның ішкі тұрмысының тағы бір маңызы зор 

мәселесі – кадрларды жасарту. Бірақ олардың міндетті 

түрдегі  айналымын  қамтамасыз  ету  үшін,  партия 

комитеттерін үне мі бүгінгіше ойлай білетін қабілетті 

жастар «айналсоқтап» жүруі тиіс. Яғни, жас комму­

нистерді ұдайы іске тартып, нақты партия жұмысына 

деген қызығушылықты оларға білгірлікпен дарытып 

отыру керек.

Бірақ  жалғыз  артықшылығы  –  жастығы  болған­

дығына қарап, партия комитетін мүлдем дайындығы 

жоқ  адамдармен  жасақтау  қалыпты  жағдай  деп 

саналуы  мүмкін  бе?  Әйтсе  де  Талдықорған,  Ақтөбе, 

Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Гурьев, Семей облыс-

тарының  қалалық  және  аудандық  партия  комитет­

терінде партиялық өтілі жылға да жетпейтін адамдар 

нұсқаушылыққа  бекітілетін  болып  жүр.  Ал  Шығыс 

Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық партия 

комитетінде асығыстықтың теңдессіз рекорды жасалған: 

партиялық билетін соның алдында ғана алған жігітті 

нұсқаушылыққа бекітіпті. Ал шындығында нұсқаушы 

– кез келген партия комитетіндегі орталық тұлға. Бірақ 

өзінің жеткілікті саяси тәжірибесі, партиялық жұмыс-

тың амалдары мен әдістерінен білігі болмаса, ол несін 

үйретіп, кімге нұсқау бере алады?

Аппараттың хатшыдан нұсқаушыға дейінгі кез кел­

ген қызметкері аймақтағы белгілі адам болуы шарт. Тек 

коммунистердің ғана емес, бүкіл халықтың арасында. 


122

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Партия қызметкерлерінің сайлануы мен тағайындалуы 

қалың жұртшылықтың пікірін ескере отырып, жариялы 

түрде өтуінің маңыздылығы осында.

Әділдік үшін мойындау керек: жалақының төмен 

болуы себепті соңғы кезге дейін білікті қызметкерлерді 

іріктеу  қиынға  соғып  келді.  Бұл  кедергі  жойылған. 

Үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап партия қызмет­

керлерінің лауазымдық қызметақылары елеулі түрде 

артатынын хабарлай аламын. Демек, партия аппарат­

тарын істің жайын білетін адамдармен толықтыруға 

жағдай бар.

Осыған  байланысты  мына  жайды  атай  кеткен 

орынды.  Жаңа  қызметақылар  бұрынғыдай  кесімді 

емес, «ашалы» деп аталатындай сипатта. Бұл қызмет­

керлердің жұмысын тәжірибесі мен біліктілігіне қарай 

саралау,  бұрынғы  теңгермешілікті  жою  мақсатымен 

істеліп отыр. Ендігі жерде жақсы жұмысты ынталанды­

рудың нақты тетігі болады және оны барынша тиімді 

пайдалана білу керек.

Енді  партиялық  ішкі  тәртіптің  кейбір  мәселелері 

туралы, онсыз кемелді партиялық ішкі демократияның 

болуы да мүмкін емес екені белгілі. Өкініштісі, бесе­

неден белгілі бұл ақиқаттың кейде ұмытыла беретіні 

өз  алдына,  сонымен  бірге,  әміршіл-әкімшіл  жүйені 

бұзудың  сылтауымен  партия  құрылысының  негізгі 

арқауларының бірі – демократиялық централизм қағи­

датын күйреткісі келетіндер оны әдейі бүркелемекші 

болады. Мен базбір саяси әпербақандардың КОКП-ны 

дербес партиялардың одағына айналдырып, партиялық 

тәртіпті  әлсіретуді  барған  сайын  жанталаса  жақтап 

жүргендерін айтамын.


123

Бұл  арада  принципті  көзқарасқа  табандап,  қай­

сысы партияны демократияландыру туралы шынайы 

қамқорлық та, қайсысы оның бірлігін қаусату әрекеті 

екенін айқын сезіну керек.

Ашығын  айтайын:  партиялық  қатынастарды  тым 

орталықтандыра беру, менің ойымша, ескірген көзқарас 

болса керек, алайда осы жағымсыз құбылысты жоюдың, 

одақтас республикалардың компартияларына көбірек 

дербестік  беру  мәселелерін  сындарлы  талқылаудың 

КОКП-ны ірітуге үндеумен ешқандай ортақтығы жоқ. 

Кеңес Одағының Коммунистік партиясы – бөлінбейтін 

саяси организм, оның біртұтастығы – біздің көпұлтты 

социалистік мемлекетіміздің күші мен бірлігінің кепілі.

Партиялық  тәртіп  мәселесі  бізді  жаһандық  дең­

гейде  ғана  толғандырады  екен  дейтін  пікір  туғанын 

қаламас едім. Өз проблемаларымыз да аз емес және 

оларды шешкен үстіне шеше беруіміз керек. Мәселен, 

кейбір партия комитеттері КОКП мүшесі дейтін атқа 

кір келтіретін белгілі бір қылықтарға жол берген ком­

мунистерге  талапты  әлсіретіп  жібергені  алаңдатпай 

қоймайды.

КОКП құрамын жаңғыртуға байланысты оның қата­

рын нығайту жөніндегі жұмыста жағымсыз үрдістер 

байқалады. Кандидаттардың партия мүшелігіне өтуден 

бас тарту көріністері жиілеп кетті, КОКП қатарынан 

шығу туралы өтініштер саны көбейді. Тек өткен жарты 

жылда  ғана  665  адам  партиялық  құжаттарын  қайта 

тапсырды.  Мұндай  дабыл  қағарлық  құбылыстарды 

терең талдап, тиісті бағасын беру керек. Сірә, мұнда 

тоқырау  жылдарындағы  партия  қатарын  үдемелі 

қарқынмен  өсірудің  және  оның  сапалық  құрамын 

қалыптастыруға принципті түрде қарамаудың салда­

рынан туған үдеріс байқалатын сияқты.



124

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қайта құру – тұтастай алғанда, социализм туралы, 

сондай-ақ  партияның  қоғамдық-саяси  өмірдегі  рөлі 

жайындағы қасаң көзқарасты түпкілікті өзгертетін рево­

люция. Сондықтан коммунистердің өздерінің өмірдегі 

орнын ой елегінен қайта өткізіп жатқандары заңды. 

Соның нәтижесінде біреулер қайта құру үдерістеріне 

белсене қосылып, енді біреулер әрі-сәрі болып, үшінші 

біреулер  бұрынғы  бағдарларының  өз  қажеттеріне, 

қалыптасқан өмірлік ұстанымдарына сай келмейтініне 

көздерін жеткізуде.

Әрине,  белгілі  бір  аймақтың  әлеуметтік  құрамы 

оның  партия  ұйымынан  лайықты  көрінісін  табуына 

қамқорлық  жасау  керек  екені  сөзсіз,  бірақ  ол  осын­

дай төрешілдік әдістермен істелмеуі тиіс қой! Орын 

бөлісу қағаздарының бәрін мұрағатқа тапсыру керек, 

ал  мұндай  күні  өткен  қасаңдықтарға  бүйрегі  бұрып 

тұратындардың бәрі жалғанның жорығына шығары­

латын болсын.

Бүгінде  партияға  қабылдау  ашық  және  жариялы 

түрде, ұсынылған кандидатураны еңбек ұжымдарында 

сөзсіз талқылау арқылы өтуі керек десе – ол басқа әңгіме. 

Жұрттың бәрі бірдей – партияда барлары да, жоқтары 

да – болашақ коммунист туралы, оның барлық жақ­

сылы-жаманды  қасиеттері  жайындағы  өз  пікірлерін 

ашық  айтатын  болсын.  Тек  осындай  жағдайда  ғана 

КОКП қатары шын мәнінде кінәратсыз, мықты күштер­

мен – партияның жолы мен мұраттары үшін тақ тұра 

алатын, жалғандыққа жаны қас, халықтың арман-мүдде­

лерімен өмір сүретін нағыз жауынгерлермен толысады. 

Қалалық  және  аудандық  партия  комитеттерінің 

бастауыш  партия  ұйымдарымен  өзара  тығыз  ынты­

мақтастығын қамтамасыз ететін қызметі жайында бірер 

сөз.


125

КОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір Пле­

нумынан бері бесінші жыл өтіп жатыр, бірақ кейде ком­

мунистер мен партияда жоқтардың: бізде қайта құру 

әлі басталған жоқ дейтін сөздерін естуге тура келеді. 

Мұндай  сөздерді  айтқызатын  күңкілге  құмарлық, 

әлдебір сарыуайымшылдық емес қой. Қайта құрудың 

нақ осында, бастауыш партия ұйымдарының деңгейінде 

көбіне-көп тығырыққа тіреле беретінін мойындауымыз 

керек.


«Бастауыштардың»  енжарлығы  көбінесе  жаппай 

тыйым  салумен,  жоғарғы  партия  комитеттерінің 

тарапынан болатын қатаң шектеумен түсіндірілетін. 

Дағдылы соқпақпен өткізіліп, өмірлік мәні бар өткір 

жайларды  қозғамайтын  партия  жиналыстарын 

ұйымдастырудағы әсіре пысықтыққа адамдар өте-мөте 

наразы болатын. Көптеген сын-ескертпелер мен ұсы­

ныстар қағаз жүзінде қалатын. Әкімшілік өктемдікке 

қыңқ дей алмайтын «қалтадағы» хатшылар дейтіндер 

қаптап кеткен-ді.

Бұл кемшіліктердің бәрі қазір де бар. Бірақ бұрынғы 

әсіре ұйымдастырушылықтың кесірі одан кем түспейтін 

кереғары  –  «құқықтардың  сұранымсыздығы»  дейтін 

пайда болды. Оның шығуына себепші көптеген аудан­

дық  және  қалалық  комитеттердің  бастауыш  партия 

ұйымдарына мейлінше мол дербестік беру керек дей­

тінді тым тура мағынасында түсініп, олармен айналы­

суды мүлдем қойып алғандығы болды.

Осының  бәрі  алаң  етерлік  нышандар.  Сондықтан 

егер біз аса қысқа мерзімде қалалық және аудандық 

комитеттердің бастауыш партия ұйымдарымен өзара 

қарым-қатынасын өзгерте алмасақ, онда жұмыста да 

елеулі оң өзгерістерге жете алмаймыз. Сөйтіп, адамдар 


126

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қайта құруды ұшар биігі теңіздей толқып, саясында 

шөп  басы  да  қимылдамайтын  орманмен  теңестіріп, 

мысқылдауын қоймайтын болады.

Ұлт саясатының лениндік қағидаттарын 

шығармашылықпен дамытып, батыл 

қорғайтын болайық

Біз үлкен қоғамдық-саяси оқиғаның – өміріміздің 

қазіргі кезеңіндегі ең өзекті, ең зәру мәселесін – ұлтара­

лық қатынастар туралы мәселені қарайтын КОКП ОК 

Пленумының қарсаңында тұрмыз.

Бүгінде  әрбір  кеңес  азаматы  осы  саладағы  істің 

жай-кү йіне  жан-тәнімен  қобалжып,  алаңдаушылық 

білдіреді. Таулы Қарабақ пен Сумгаиттегі, Ферғана мен 

Абхазиядағы, Жаңаөзендегі, Балтық маңы республи­

каларындағы оқиғалардың, кейбір өзгешеліктері мен 

ерекшеліктеріне қарамастан, бәріне ортақ бір қасиеті 

бар.  Атап  айтсақ  –  олар  кеңес  адамдарының  интер­

националдық бірлікке деген сеніміне селкеу түсіреді, 

ұлтшылдық және шовинистік желігуді өршітеді, елдегі 

саяси жағдайды тұрақсыздандырады.

Қайта құру ісі үшін осындай қиын-қыстау және, мен 

айтар едім, қауіпті жағдайда республиканың партия 

комитеттері айрықша қырағылық танытып, тек комму­

нистер үшін ғана емес, барлық ұлттардың еңбекшілері 

үшін жұмылдырушы, біріктіруші орталық болулары 

керек.  Мұның  тағы  бір  айрықша  маңызды  болатын 

себебі – тар өрісті ұлтшылдық тұрғысындағы экстре­

мистер  партия  комитеттеріне  қысымын  арттырып, 

олардың қалың бұқараға ықпалын бейтараптандыруға 

тырысуда.

Кей жерлерде соларын жүзеге асырып та жүргенін 

баспасөзден  білесіздер.  Балтық  маңы  республикала­


127

рында, мәселен, базбір партия комитеттері қаруларын 

тастап, саяси күрестен бас тартқан және тіпті интер­

национализм қағидаттарынан аулақ қоғамдық қозға­

лыстардың тұрғысына көшіп алған. Коммунистердің 

біразы әрі-сәрі күйде болса, енді біреулері ұлттық белгі 

бойынша ашықтан-ашық ірге ажыратуға кірісіп кеткен.

Бұл мәселелерде зәредей болса да жайбарақаттыққа 

жол  берілмеуі  тиіс,  әсіресе,  өздерінің  эмиссарлары 

арқылы жеке «тәжірибелерін» тықпалағысы келетін­

дердің жауапсыз әрі өнегесіз үндеулеріне құлақ аспау 

керек.  Ұлттар  арасындағы  шынайы  тату  көршілік, 

өзара  түсіністік  пен  өзара  құрмет  сезімін  көпұлтты 

республика тұрғындары – біз сақтап, қадірлемегенде 

кім қадірлемек! Сондықтан қай жерлерде ұлтаралық 

кикілжіңдердің  қандай  қаупі  болатынын  тым  тез 

ұмытып кететін адамдардың кездесетінін сезіну қатты 

жанға  батады,  ал  бүгінде  оның  шиеленіскен  мысал­

дары еліміздің әртүрлі аймақтарында жетіп артылады. 

Әртүрлі ұлттардың өкілдері арасына сенімсіздік пен 

секемшілдік  ұрығын  себетіндей  әрекеттерге  ешбір 

жағдайда жол беруге болмайды деп есептеймін.

Қазақстанның шығармашыл, ғылыми интеллигенци­

ясы, барша халқы қазіргі, аса мазалы деуге келмейтін 

жағдайда ойланбай, жауапсыздықпен істелген әрекет­

тердің өте қауіпті екенін сезінетініне, ақылдың, азамат­

тық ар-ожданның дегеніне бағынып, адамдарды ұлттық 

«пәтерлеріне» ыдыратпай, қайта біріктіре түсетін нәр­

сені жан-жақты қолдайтынына сенемін.

Бүгінде әрбір партия мүшесі, өз халқының абыройы 

мен  жақсы  атын  қадірлейтін  әрбір  азамат  осындай 

тұрғыда болуы тиіс. Қазақстан Компартиясының Орта­

лық Комитеті де соны жақтайды және алдағы уақытта 


128

I  ТОМ. – 1989–

1991 


да жақтай береді, сонымен бір мезгілде, республиканың 

барлық партия комитеттерінен осынау бірден-бір дұрыс 

бағытты жүргізуді талап ететін болады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін 

коммунистердің қызметін бағалауға да осы тұрғыдан 

қарау керек. Эфирден естілген, газеттер мен журнал­

дардың беттеріне шыққан сөздің орасан зор күші мен 

мәні бар, бұл, әсіресе, әңгіме ұлтаралық проблемалар 

туралы болғанда солай. Осыған байланысты ұлтаралық 

қатынастар тақырыбын қолға алған әрбір журналист 

оны өзі қалай жазып шығатынын ғана емес, сонымен 

бірге, оның бәрін адамдар қалай оқитынын да ойлауға 

міндетті дейтін, өз ойымша, өте дәл айтылған пікірді 

еске сала кеткім келеді.

Партияның қазіргі жағдайдағы ұлт саясаты жөнін­

дегі тұғырнамасының осы жақында ғана жарияланған 

жобасы  ұлтаралық  күрделі  мәселелерді  шешуді 

шеберлікпен әрі сарабдал қарастырудың тағылымды 

өнегесі болды. Алдын ала КОКП ОК Саяси бюросында 

қаралған бұл құжаттың негізіне бүгінгі қайшылықтарды 

барынша ықтимал жоюға да, көпұлтты кеңестік қоғам­

дық ортаның ұзақ мерзімдік проблемаларын іске асы­

руға да бағытталған сапалық жаңа, батыл әрі, сонымен 

бірге, терең ойластырылған мұраттар алынған. 

Көп кешікпей баспасөзде ғалымдар мен мамандар­

дың,  республика  мәдениет  қайраткерлерінің  үлкен 

тобы ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп дайындаған тілдер 

туралы заңның жобасы жарияланады. Оған жан-жақты 

баға  бермей-ақ  қояйын.  Ол  –  осы  құжат  талқысына 

шығарылғалы отырған барлық қазақстандықтардың ісі. 

Тек атап айтарым: жобаның құқықтық пайымдамасы 

өзге республикаларда қабылданған осындай заңдар­



129

дың  пайымдамаларынан  елеулі  түрде,  әрі  нақ  оның 

интернационалдық мәнін күшейту мағынасында ерек­

шеленеді. Жаңа заңның авторлары басшылыққа алған 

негізгі  өлшем  республикаға  аты  берілген  халықтың 

шынайы игілігіне басқа ұлт адамдарының құқықтары 

мен бостандықтарын шектеу арқылы жету мүмкін емес 

дейтін терең ой болды. 

Түпкілікті ұлттың тілін шынайы қорғау сындарлы 

шарадан – оның мемлекеттік мәртебесін заң жүзінде 

бекітуден көрінгенін қалың жұртшылық әділ мойын­

дады. Дегенмен, осы қадамды жасай отырып, барлық 

ұлттар тілдерінің де еркін дамуына дәл осындай заң 

жолымен кепілдік беру керек. Бұл орайда  орыс тілі 

өзінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі қызметін атқара 

береді. Ол бұрынғысынша әр халықтың, әрбір адамның 

қуатты зияткерлік әлеуеті рөлін сақтап қалады.

Қысқасы, тілдер туралы заңның жобасын талқылау 

барысында қоғамдық пікір қандай қорытындыға келсе 

де, бұл мәселе тек қана интернационалистік тұрғыдан 

шешілетін болады. Республиканы мекендейтін қандай 

ұлттың  болсын  құқықтарына  қысым  жасауға,  оның 

рухани игіліктерін және бәрінен бұрын тілін аяқасты 

етуге жол беруге болмайды. Мұнда біздің ұстанымы­

мыз берік. 

Жолдастар!

Айтқандарымды қорытындылай келіп, қазір қайта 

құрудың  бетбұрысты,  мүмкін,  ең  күрделі  кезеңі 

басталғанын  тағы  да  баса  көрсеткім  келеді.  Партия, 

демек, сіздер мен біздер бірлесіп, қоғамдық өмірдің 

жайбарақат деуге тіпті де келмейтін жаңа жағдайында 



130

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қиын  сыннан  өтіп  жатырмыз.  Ал  бағамызды  халық 

шығаратын болады.

Өмірдің өзі қайта құрудың мұраттарына берілгенді­

гіміз туралы сөзімізді емес, оларды жүзеге асыру жөнін­

дегі нақты ісімізді талап етіп отыр. Партия өзекті про­

блемаларды білетінін, қиыншылықтардан жалтармай, 

оларды шешуді сенімді түрде, батыл қолға алатынын 

адамдар шындап сезінетіндей болуы керек. 



131

Қазақстан Компартиясы  

Орталық Комитетінің ХVІ пленумында  

Қазақ КСР өзін-өзі басқару және  

қаржыландыру тұжырымдамасының  

жобасы бойынша

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1989 жылғы 13 қыркүйек

Жолдастар! 

Салтанатты сарынға түсіп, «асқақ» сөздер айтқым 

келмес еді, бірақ республиканы өзін-өзі басқару мен 

өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне көшірудің бүгін 

талқыланып отырған жобасы – түбегейлі экономикалық 

реформаны одан әрі тереңдету үшін де, саяси жүйені 

қайта құру үшін де қоғамдық өміріміздегі іргелі мәні 

бар ірі оқиға. 

Шын мәнінде біз жаңарғалы отырған социалистік 

қоғамның өзекті міндеттерінің бірін шешуге – аймақтар­



132

I  ТОМ. – 1989–

1991 


дың көбірек дербестік алуы үшін жағдайлар жасауға, 

әрбір республика өз игілігінің, кеңес мемлекетінің ортақ 

байлығы мен қуатын еселей түсудің негізі ретінде өзінің 

шаруашылық қызметінің түпкі нәтижелерін жақсартуға 

мүдделі болатындай ынтымақтастық түрлерін жүзеге 

асыруға жеткізетін алғашқы қадам жасап отырмыз. 

Бұл  біздің  федерациямыз  шеңберінде  шынайы 

республикалық егемендікті орнықтыруға, толық эконо­

микалық дербестікке жеткізетін қадам, бұл дербестікте 

«федерация»  деген  ұғымның  өзі  шынайы  лениндік 

мәнге ие болады, ал біздің көп ұлтты социалистік қоға­

мымыз нағыз ерікті де тең құқықты қоғамға айналады. 

Өткен  аптада  Украина  әдебиеті  мен  өнерінің 

Қазақстандағы  күндері  аяқталды,  оның  барысында 

біз  туысқан  халықтың  поэтикалық  сөзінен,  өзіндік 

ерекшелігі  бар  әуенінен,  би  ырғақтарынан  сусындау 

шаттығына бөлендік. Бірақ республиканың көптеген 

облыстарында  болған  украин  жолдастармен  біздің 

кездесуіміз тек осымен ғана есте қалды ма? Сайып кел­

генде, қазақстандықтар телевизияның, радиоха барының 

бағдарламаларынан құр алақан қалып отырған жоқ, 

олардың  көмегімен  КСРО  халықтарының  әндері  де, 

билері де әрбір отбасының, әрбір үйдің есігін қағады. 

Алайда біздің жерлестеріміз Шымкентте, Жезқазғанда, 

Шевченкода, басқа да көптеген қалалар мен елді мекен­

дерде Украина өкілдерін қандай шынайы достық сү -

йіспеншілікпен, қандай жүрекжарды жылы лебізбен 

қарсы алды десеңізші!

Қазақстандықтардың  ерекше  ақжарқындығы, 

ақкөңілділігі  біздің достығымыздың  мызғымастығын 

атап көрсету, біздің құрыштай берік бауырластығымыз-

дың іргетасын ешқандай да ұлтаралық жанжалдардың 



133

шайқалта алмайтындығын көрсету тілегінен туған деп 

ойлаймын. 

Егер  осы  проблеманың  түп-тамырына  көз  жібе­

ретін болсақ, егер біздің социалистік федерациялық 

державамыздың ұлттары мен ұлыстарының желбуаз 

емес, шынайы достастығына ұмтылатын болсақ, онда 

экономикалық дамудың нақ осы жаңа принциптері өз 

төңірегінде күні бүгінгі кеңестік федерация қалыпта­

суға тиіс ең басты негіз болып табылатынын көрмеуге 

болмайды.

Республиканы өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржы­

ландыруға  көшіру  –  сәнге  әуестік  емес,  қайта  біздің 

бүкіл  қоғамдық  өмірімізді  өзгертудің  кең  ауқымды 

бағдарламасының аса маңызды буыны, ұлтаралық қаты­

настардың өткір проблемаларын шешуге бағытталған 

ірі саяси акт. 

Белгіленген  шараларды  іске  асыру  толып  жатқан 

қиындықтарға тап болатынын жасырудың қажеті жоқ. 

Бізде  әлеуметтік-саяси,  тарихи  және  экономикалық 

сипаттағы проблемалар тым көп қордаланып қалған. 

Егер одақтық министрліктердің республикамен қазіргі 

өзара қатынасын бағалайтын болсақ, оларды анахро­

низм дегеннен басқаша атай алмайсың. Орталық бізге 

тіпті  нан-тоқаш  тағамдарының  ұлттық  түрлерін  да -

йындаудың жолдарын да бекітіп беруге дейін барады! 

Бұл арада еліміздің Мемлекеттік жоспарлау комитеті 

көбінесе республиканың қарсылығын құлаққа ілмей, 

біз үшін бәрін де түп-түгел жоспарлап келгенін айтып 

тұрған жоқпын. 

Қазір салалық жоспарлаудың «билеп-төстеуі» жалға­

суда. Ол бұрынғысынша аймақтардың ерекшеліктерін 

ескермейді және олардың кешенді даму проблемала­


134

I  ТОМ. – 1989–

1991 


рын шешумен айналыспайды. Мысалды алыстан іздеу-

дің қажеті жоқ. Бірегей минерал-шикізат ресурстары 

бар Қазақстан талай ондаған жылдар бойы үстем болып 

келген  көзқарастар  салдарынан  көптеген  әлеуметтік 

мәселелерді өз қаржысы есебінен шешуге қабілетсіз, 

дотация алушы республикаға айналды. Халық тұтына­

тын  тауарлардың  44 %-ға  жуығы  сырттан  әкелінеді, 

халықтың жан басына шаққанда ақылы қызмет көлемі 

нормативті деңгейдің 40 %-дай болып отыр. 

Табиғи ресурстарды игеруге тар өрісті ведомстволық, 

дәлірек айтқанда, жыртқыштық көзқарас шикізаттың 

құнды  компоненттерінің  мүлдем  жойылып  кетуіне, 

едәуір жер көлемінің қалдықтар үюге, полигондарға 

алынуына әкеліп соқтырды және т. т. Қажетті табиғат 

қорғау  шараларынсыз  аймақтарды  қарқынды  игеру 

бірқатар  жерлерде  экологиялық  жүйенің  біржола 

бүлінуіне, экологиялық апат аймақтарының көбеюіне 

душар етті. Көптеген өзендер мен айдындардың суы 

ластанған. 

Басқаруды тым орталықтандыру, одақтық министр­

ліктер  мен  ведомстволардың  өктемдігі  халық  шару­

ашылығы  құрылымының  елеулі  түрде  бұзылуына, 

өндіруші өнеркәсіптің басым дамып, өңдеуші салалар­

дың елеулі артта қалуына әкеліп соқтырды. Ал ғылымды 

көп керек ететін және жоғары рентабельді салаларға – 

машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне келетін 

болсақ, республикада олардың үлес салмағы еліміздегі 

ең  төмен  деңгейде  (КСРО  бойынша  61 %-бен  салыс-

тырғанда 46 %).

Халықтың жан басына шаққандағы жеңіл өнеркәсіп 

бұйымдары КСРО бойынша орта есеппен алғандағыдан 

2 есе дерлік, Белоруссиядағыдан – 3,4 есе, Литва мен 



135

Латвиядағыдан – 4 есе дерлік және Эстониядағыдан 5 есе 

дерлік кем өндіріледі. Айта кетелік, бұл республикалар 

үшін ең қолайлы жағдай жасау режімі өз кезінде әбден 

орынды деп саналып келген болатын. 

Республикадан  сыртқа  тасып  әкетілетін  өнімнің 

құрылымында шикізат 70 %, жартылай фабрикаттар 

12 % болып отыр, ал әкелінетін дайын өнімнің көлемі 

ақшаға  шаққанда  сыртқа  тасылатын  өнімнен  екі  есе 

дерлік артық. Мәдени-тұрмыстық және шаруашылық 

тауарларын шығаруда басқа республикалардан елеулі 

артта қалып келеміз. 

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен салаларын дамытуда 

да сәйкессіздіктер тым зор. Жыл сайын республика­

дан өңделмеген күйінде 10 млн тоннаға дейін астық, 

дайындалатын былғары шикізатының 60 %-ға жуығы, 

жуылған жүннің үштен екі бөлігіне жуығы және т. б. 

сыртқа шығарылады. Ал осы шикізаттан 3 млрд сом­

ның  дерлік  халық  тұтынатын  тауарларын  өндіруге 

болар еді. 

Экономикалық  дербестік  жалпы  алғанда  не  үшін 

қажет?  Ол  не  береді?  Осының  бәрі  не  үшін  істеліп 

жатыр? – деген сұрақтар жиі қойылады. 

Мақсат мейлінше айқын, ол – қоғамдық өндірістің 

тиімділігін  арттыру.  Дербестікке  жекелеген  респу­

бликалар, соның ішінде біздің республика ғана емес, 

сондай-ақ  жалпы  еліміз  де  мүдделі.  «Партияның 

қазіргі жағдайдағы ұлт саясаты» атты КОКП тұғырна­

масының жобасында атап көрсетілгеніндей: «Кеңестік 

федерацияның  негізіне  алынған  басты  идея  жалпы 

жұрт  таныған:  күшті  Одақсыз  күшті  республикалар 

жоқ, күшті республикаларсыз күшті Одақ жоқ дейтін 

формуламен білдіріледі». 


136

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Экономикалық дербестік өндірістік және ғылыми- 

техникалық әлеуетті тиімді пайдалануға, республика 

аймақтарының әлеуметтік даму деңгейін теңестіру мін­

детін шешуде алға басуымызға, халық шаруашылығы­

ның  оңтайлы  құрылымын  жасап,  оның  шикізаттық 

бағытынан  айнуға  мүмкіндік  береді.  Ал  ең  бастысы 

– әрбір еңбеккердің, әрбір кәсіпорынның, аудан мен 

облыстың еңбек нәтижесі үшін жауапкершілігін арт­

тырады. Өйткені игілік тек нәтижеге ғана байланысты 

болмақ. 


Бастапқы  кезде  жаңа  жағдайда  жұмыс  істеуге  

ХІІІ бес  жылдықтың басынан бастап көшпекші болға­

нымыз мәлім. Алайда қоғамдық үдерістердің, әсіресе, 

халық депутаттарының бірінші съезінен кейін, серпінді 

дами бастағаны соншалық, бұл жұмысты жеделдетуді 

өмірдің өзі талап етті. Жаңа бесжылдыққа белгілі бір 

тәжірибемен қадам басу үшін, шаруашылықты жүргізу­

дің жаңа принциптерін тіпті келесі жылдан бастап-ақ 

байқап көру қажеттігіне бүгін таңда ешқандай күмән 

болмай отыр. 

Әрине, республиканы өзін-өзі басқару және өзін өзі 

қаржыландыру  принциптеріне  көшіру  –  «сиқырлы 

таяқша»  емес.  Дегенмен  ол  халық  шаруашылығына 

басшылықты одан әрі демократияландыру, жалпыха­

лықтық және аймақтық мүдделерді неғұрлым икемді 

ұштастыру,  ұлтаралық  қатынастарды  үйлесімді  ету 

үшін барлық деңгейде кең мүмкіндіктер ашып береді. 

Экономикалық  егемендіктің  автаркияға,  томаға-тұ-

йықтыққа  ұмтылумен  үш  қайнаса  сорпасы  қосыл­

майды, қайта ол экономикалық және құқықтық ретте­

гіштердің Одақ көлемінде де, сондай-ақ әрбір жекелеген 

аймақта да пайдаланылуын көздейді. 



137

Біздің тұжырымдаманың аса маңызды іргелі прин­

ципі – ол Қазақстанның экономикалық дербестігі мәсе­

лелерін еліміздің біртұтас халық шаруашылығы кешені 

шеңберінде алып қарайды. 

Екінші принципті мәселе – кәсіпорындардың эконо­

микалық дербестігін одан әрі тереңдету, министрліктер 

мен  ведомстволарды  шаруашылық  істерді  тікелей 

басқарудан  босату.  Бұдан  да  батыл  қадам  жасалып, 

бүгінгі өндірістік министрліктердің орнына ерікті негіз­

дегі алуан түрлі бірлестіктердің, қауымдастықтардың, 

концерндердің, консорциумдардың және басқалардың 

кеңінен дамытылуы да мүмкін. Мұның одақтық бағы­

ныстағы кәсіпорындарға да қатысы бар. 

Өзін-өзі  басқару  және  өзін-өзі  қаржыландыру 

прин циптерінде  экономика  мен  әлеуметтік  салаға 

басшы лықты қайта құру көп ретте экономиканы дамы­

тудың жалпы мәселелерін шешуге, оның тиімділігін 

арттыруға, қаржы жүйесін сауықтыруға, тауар-ақша 

қатынастарының теңдестірілуіне қол жеткізуге, аграр­

лық-өнеркәсіптік кешенді өрге бастыруға байланысты. 

Мұнда біз атқарар жұмыстың ұшы-қиыры жоқ!

Істің жайына жасалған талдау дереу шешуді талап 

етіп  отырған  елеулі  проблемалардың  бар  екенін 

көрсетті.  Өндіріс  қарқынының  өсуі,  «Тұрғын  үй-91» 

бағдарламасын шешудегі айтарлықтай ілгерілеу, мал 

шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  мен  сатып  алудың 

ұлғайтылуы  барысындағы  оң  өзгерістер  бола  тұра, 

тұтыну рыногындағы ахуал тым шиеленісіп кетіп отыр. 

Аса маңызды тауарлардың тапшылығы өсіп барады, 

тіпті таяу кездерде ғана жеткілікті болған бұйымдармен 

сауда жасауда іркілістер байқалып жүр. 



138

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Тек соңғы үш жылдың ішінде ғана бөлшек саудадағы 

тауар қоры 790 млн сомға азайып кетті. Синтетикалық 

жуу  заттарының, кір сабын мен  арзан  иіс  сабынның 

тапшылығы сақталып қалуда. Гурьев, Жамбыл, Семей 

облыстары және Алматы қаласы халықты азық-түлікпен 

қамтамасыз  етуде  қол  жеткен  шептерінен  айрылып 

қалды. Онсыз да «жұтаған» тұтыну рыногына ақшаның 

қысымы күшейе түсуде, «күйіп бара жатқан» ақшаның 

саны еселене түсуде. 

Еңбек сіңірмей тапқан қаржының тасқынына мықты 

тосқауыл қоюдың, жалақы өсуінің есесін қажетті та -

уарлар өндіру көлемін ұлғайту арқылы толтырудың 

сәті түспей отыр. Мұндай жағдайда шілде-тамыз айла­

рында халық тұтынатын бұйымдар өндіретін қуаттарды 

салу  қарқынының  баяулап  кеткенін  қалай  бағалауға 

болады?  Басқарудың  экономикалық  әдістеріне  және 

шаруашылық есептің екінші үлгісіне көшу, жалгерлік 

қатынастарды енгізу, ішкі шаруашылық есепті дамыту 

баяу жүзеге асырылуда. 

Республиканы өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржы­

ландыруға көшіру жөніндегі міндетті, міне, осындай 

қиын  жағдайда  шешуге  тура  келеді.  Бұған  халық 

депутаттары  жергілікті  Кеңестері  мен  жоспарлау- 

экономикалық бас басқармаларының қолында аумақта 

шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  принциптеріне 

көшудің айқын бағдарламасы осы кезге дейін болмай 

отырғанын, олар қаржы жағынан сауықтыру, аймақтық 

экономиканың  тиімділігін  арттырудың  ішкі  резерв­

терін анықтау, облыстық деңгейдегі басқару жүйесін 

жетілдіру мәселелерін лайықты дәрежеде пысықтай 

алмай отырғанын қосу керек. Бұл жұмыс қалалар мен 

аудандарда да жүргізілмей отыр. Бәрі де жоғарыдан 

нұсқаулар, дайын ұсыныстар мен есептер күтуде. 


139

Бұл жұмыспен сіздер үшін ешкім де айналыспайты­

нын түсінетін кез жетті, жолдастар. Оған дереу кірісіп, 

ғалымдарды, қалың жұртшылықты қоса тарту керек. 

Республикалық экономика ғылымының аймақтық 

шаруашылық  есептің  әдіснамалық  және  теориялық 

мәселелерін талдап шешуге қосқан үлесі де мардымсыз. 

Қазіргі зерттеулер жеңіл-желпі сипатта болып отыр, 

сындарлы практикалық ұсыныстар аз, республиканың 

әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері толық дәре­

жеде ескерілмейді. 

Орталық Комитет мүшелері қарсы болмаса, қаралып 

отырған тұжырымдаманың жобасын баспасөзде жари­

ялаған жөн. Министрлер Кеңесінің айтылған ескертпе­

лер мен ұсыныстарды, сондай-ақ кең көлемді талқылау 

нәтижелерін ескере отырып, оны жетілдіре түсуі және 

Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  кезекті  сессиясының 

қарауына енгізуі қажет. Сондай-ақ аймақтық басқаруды 

қайта құрудың мазмұнын, мақсаттары мен қағидатта­

рын түсіндірудің өрістетілуін, олардың еңбек ұжымда­

рында, шығармашылық одақтар мен ұйымдарда терең 

де жан-жақты талқылануын қамтамасыз ету керек. 

Пысықталған  құжатты  КСРО  Жоғарғы  Кеңесіне 

енгізу керек. Тек КСРО заңы қабылданғаннан кейін ғана 

біздің тұжырымдамамыз күшіне енеді. 

Партия комитеттері өрістетілген есеп беру-сайлау 

науқанын еңбек ұжымдарындағы істің жайына жан-

жақты талдау жасау үшін толық дәрежеде пайдала­

нуы, түбегейлі экономикалық реформаның нақты іске 

асырылуына объективті партиялық-саяси баға беруі, 

өндірістік  қатынастарды  қайта  құруға  бөгет  жасап 

отырған себептердің бетін ашуы, аймақтарды аумақтық 

шаруашылық жүргізудің жаңа принциптеріне көшіру 


140

I  ТОМ. – 1989–

1991 


жөніндегі жұмысты жандандырудың жолдары мен әдіс-

терін белгілеуі керек. 

Кеңестердің,  олардың  жоспарлау-экономикалық 

органдарының  өз  аумақтарындағы  шаруашылықты 

басқарудағы, экономиканы әлеуметтік проблемаларды 

шешуге қайта бағдарлаудағы рөлін арттыру – маңызды 

міндет. 

Республиканы өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржы­

ландыру принциптеріне көшіруді құқықтық жағынан 

қамтамасыз  ету  жөнінде  үлкен  жұмыс  жүргізілуге 

тиіс. Одақ пен республиканың құзыретін және өзара 

міндеттемелерін айқын анықтау мақсатымен ғалымдар 

мен практиктерді, қалың жұртшылықты, соның ішінде 

қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстардың  өкілдерін 

қатыс тыра отырып, республика мен одақтық органдар­

дың өзара қатынастарын реттеудің құқықтық тетігін 

қысқа мерзімнің ішінде әзірлеу қажет. Ұсынылып оты­

рған тұжырымдама Қазақ КСР халық депутаттарының 

және халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің сай­

лауы  жөніндегі  республика  Компартиясының  саяси 

тұғыр на  ма  сы  ның негізіне алынуға тиіс. 

Депутаттыққа болашақ кандидаттарға сайлау алдын­

дағы өз тұғырнамаларында аумақтық басқарудың жаңа 

жағдайларына көшуге байланысты пайда болатын эко­

номикалық және әлеуметтік проблемаларды шешудің 

кең  көлемді  мүмкіндіктерін  ескеруді  ұсынған  дұрыс 

болар еді. Жаңа тұжырымдама аймақтардың әлеуметтік 

даму деңгейлерін теңестіру, ұжымдарда тиісті еңбек 

және тұрмыс жағдайларын жасау міндеттерін жүзеге 

асыру  ісінде  оларға  жақсы  жәрдемші  болатынына 

сенемін. 


141

Республиканың экономикалық дербестігінің жаңа 

үлгісі орасан зор жауапкершілік жүктейді, жұмысты 

көбейтеді,  бірақ  сонымен  бірге  түпкі  жоғары  нәти­

желерге жету үшін жағдайлар да жасайды. Міне, сол 

жағдайларды  шебер  әрі  барынша  толық  пайдалану 

керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет