Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Құрметті халық депутаттары!



Pdf көрінісі
бет8/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

Құрметті халық депутаттары!

Мен сіздерді қандай да болсын ұсыныстарды талқы-

лау кезінде тар өрісті мүдделер мен ниеттерден арылуға 

шақырамын. Біздің алдымызда республиканың бола-

шағы тұр. Соның сеніміне лайық болайық. 


140

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазақстан Республикасы  

Жоғарғы Кеңесі  

он екінші шақырылымының VIII сессиясында 

Қазақстан Республикасы  

жаңа мемлекеттік рәміздерінің  

бекітілуіне байланысты

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1992 жылғы 9 маусым

Құрметті халық депутаттары!

Бар  замандарда  және  барлық  халықтарда  мемле-

кеттілік  пен  тәуелсіздіктің  сыйымды  және  жиынтық 

бейнесі мемлекеттік рәміздері – елтаңбасы, туы және 

әнұраны болған. Тулары мен елтаңбаларының астында 

айбынды әндерін шырқап, адамдар ең ұлы ерліктерге 

барған.  Ержүрек  жиһанкездер  мен  теңізшілер  ұлы 

жаңалықтарын  ашып,  бұрын  беймәлім  болған  жер-

лерге өз елдерінің белгілерін орнатқан. Қайтпас-қайсар 


141

патриоттар ұлттық туларын серт ұстап, өз отандарының 

бостандығы үшін шайқасқан. Өздерінің мемлекеттік 

рәміздеріне ие болуы үшін, көптеген халықтар небір 

тар жол, тайғақ кешулерден өтті.

Біздің мемлекеттігіміздің атрибуттарының тарихы 

қазақ  халқының  даңқты  әрі  қайғылы  өткен  жолын 

бейнелейді. Осы күнгі Қазақстан аумағындағы үлкен-

ді-кішілі рулардың, тайпалар мен хандықтардың тууы, 

дәуірлеуі мен құлауы бір тулар мен рулық белгі – таң-

балардың көтерілуімен, ал басқаларының құлауымен 

бірге  жүріп  отырды.  Олардың  көпшілігі  ұмытылды 

немесе  ресми  идеология  феодалдық  сарқыншақтар 

деп танығандықтан, оларды білу және зерттеп-зерделеу 

зиянды ғана емес, тіпті қауіпті де болды.

Әннен сөзді алып тастай алмайсың деген бар ғой. 

Ондаған  жылдар  бойы  тықпалаумен  келген  парти-

ялық-таптық көзқарас біздің республиканың мемле-

кеттік рәміздерін қалыптастыруға да салқынын тигізді. 

Қазақ КСР-інің елтаңбасы да, туы да бұрынғы КСРО-ның 

рәміздемесінен көшіріп алынған болатын, сондықтан 

өзіндік даралықтан, Қазақстанның және оның халқы-

ның ерекшеліктерін бейнелеуден таза-тақыр жұрдай 

еді. Бірақ, сонымен бірге, атап өткім келетіні – бүгін 

біз бұрынғы рәміздерімізден бас тартқанымызбен, өз 

тарихымыздан, басымыздан өткендерден баз кешуден 

аулақпыз. Бүгін тәрк етіліп отырған осы рәміздермен 

республиканың  қазіргі  экономикалық  және  мәдени 

әлеуетін жасаған, Ұлы Отан соғысы жылдарында елді 

жаудан  қорғаған,  қайғыны  да,  қуанышты  да  көпте-

ген  көршілес  халықтармен  бірге  бөліскен,  солармен 

достастығын  бұрынғы  идеологиялық  нұсқаулар  бо- 



142

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


йынша емес, бар жан-тәнімен нығайтқан миллиондаған 

қазақстандықтардың тағдыры байланысты. Сондықтан 

бүгін  біз  өткен  онжылдықтарды  қанша  жерден  сын 

тұрғысынан бағаласақ та, алдымызға қандайлық жаңа 

мұраттар қойсақ та, біз өткен күнімізге, өз Отаны үшін, 

Қазақстанның бақытқа кенеліп, өркендей беруі үшін 

қолдарынан  келгеннің  бәрін  жасаған  аға  ұрпақтың 

өкілдеріне құрметпен қарайтын боламыз.

Бүгінде, республикамыз тіпті де жасанды емес, шын 

мәніндегі егемендікке жетіп, өзіміз өміріміздің барлық 

салаларын жаңартуға бекем қадам басып отырғанда, 

мемлекеттің жаңа «бет-бейнесінің» – туының, елтаңбасы 

мен әнұранының қажеттігі туралы мәселе туып отыр. 

Олар, бір жағынан, өзін өзі айқындайтын қазақ ұлтының 

егеменді жас мемлекетін бейнелеп, екінші жағынан, 

сабақтастық пен тарихи дәстүрлер туралы куәланды-

рулары  керек.  Шын  мәнінде  бүкілхалықтық  болған 

конкурсқа түскен жобалармен жұмыс істеу барысында 

таңдап алынған нұсқалар кейін Қазақстанның Жоғарғы 

Кеңесінде қабылданды.

Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасында 

ең жоғары жалпыадамзаттық құндылықтар, Қазақстан-

ның көпдидарлы және алуан түрлі дүниедегі орнын 

сезіну,  республикаға  атын  берген  халықтың  үздік 

дәстүрлері мен салттары үйлесімді үндескен. Туымыз- 

дың біртүсті көгілдірлігі бірігу мұратына бейілділікті 

ғана бейнелемейді, сонымен бірге, ол әр заманда, әр 

халықтарда  бейбітшіліктің,  тыныштық  пен  игіліктің 

нышаны болған ашық аспанды еске түсіреді. Бұл түс 

өз тулары тиісінше көгілдір және көк түспен боялған 

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропа парламенті секілді 

беделді халықаралық ұйымдардың тарапынан да қол-



143

дау тапқан. Геральдика тілінде көк түс, оның реңктері 

адалдық, сенімділік, үміт тәрізді адами қасиеттерге сәй-

кеседі. Өз шапағына шомылған алтын күн – тыныштық 

пен  молшылықты,  ал  дала  бүркіті  –  сақилық  пен 

қырағылықты,  қазақстандықтардың  мақсат-мүдде-

лерінің асқақтығын көрсетеді.

Елтаңбадағы шаңырақ – киіз үйдің жоғарғы күмбез 

тәрізді бөлігі – туған үйдің, ал одан кеңірек мағынада – 

әлем түріндегі дүниенің бейнесі. Тарихи дәстүрлер мен 

сарындар мифтік пырақтардың бейнесінен де көрінеді. 

Ал алтын жұлдызды алатын болсақ, ол әрдайым асқақ 

ниеттер  мен  алға  шақырған  армандардың  нышаны 

болған.


Біздің ойымызша, әнұранның әйгілі композиторлар 

Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф 

Хамиди  жазған  бұрынғы  музыкалық  редакциясын 

сақтау туралы шешім мәнді де негізді болған сияқты. 

Кезінде  олар  шығарған  туынды  халықтың  жайсаң 

жан-дүниесін, оның ең асыл ой-арманын толық мағы-

насында  бейнелейді,  әнұранның  жылдар  сынынан 

өтіп, балауса үнін сақтап қалғаны, салтанат пен айбын-

дылыққа толы асқақтығы соны дәлелдейді.

Жоғарғы  Кеңестің  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік рәміздерін қабылдауы қазақ халқы мен 

республиканы мекендеген басқа ұлттар үшін таптық 

қоғамның ескірген атрибуттарын ауыстыру ғана болған 

жоқ. Жаңа мемлекеттік ту мен елтаңбаның басты идеясы 

– олар республиканың демократиялық және құқықтық 

мемлекет құруға, жеке адамның егемендігі, этностық 

жағынан алуан тұрпатты халықтың бірлігі қағидатта-

рына негізделген жаңа қоғам орнатуға түбегейлі бет 

бұрғанын  айғақтайтынында.  Жақында  жарияланған 

«Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы 



144

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мен  дамуының  стратегиясында»  мен  бұл  жөніндегі 

ойымды  біршама  егжей-тегжейлі  баяндадым  және 

республиканың алдағы болашағы туралы көзқарасым 

оның халқының арман-мүддесіне негізінен сай келетін 

болар деген үміттемін.

Осыған байланысты шынайы демократияға тарихи 

бетбұрыс  бір  ғана  атрибуттармен  тәмамдала  қой-

майтынын  ескерте  кеткім  келеді.  Жаңа  және  тосын 

жағдайларда жеке алғанда – әркімнің, тұтастай алғанда 

– барша қоғамның алдында демократияның негіздеріне 

бойлаудың,  өмірдің  қиын  сынынан  өтудің  күрделі 

жолы тұр. Нобель сыйлығының лауреаты, ақын Иосиф 

Бродский: «Егер ерікті адам жығылса, ол оған ешкімді 

жазғырмайды», – деп жазған екен. Осы бір қарапайым, 

тұжырымды сөзде демократияның күллі философиясы 

тұр, ол – тек еркіндіктің ғана емес, кез келген азаматтың 

өз тағдыры үшін, өзі тұратын қоғамның тағдыры үшін 

жауапкершілігінің де философиясы.

Біз масылдық пен теңгермешілік психологиясынан 

арылуымыз керек, әлі де болса жұрттың көбі ойлап 

жүргендей, бостандық пен демократия – бір мағыналас 

емес екенін түсінуіміз керек. Шынында, демократия-

ның бостандық туралы идеялар мен қағидаттар кешені 

екені рас, бірақ, сонымен бірге, онда демократиялық 

қоғам өмір сүруге тиісті практикалық нормалар мен 

қатаң  заңдардың  кешені  де  бар.  Басқаша  айтқанда, 

демократия дегеніміз – бостандықты заңды мәртебемен 

қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының бірінші 

оқылымында қабылданған жаңа Конституциясы осы 

мақсатқа сай келеді ғой деп ойлаймын.

Өзіміз  бүкіл  өркениетті  дүниеде  қабылданған 

құқықтық нормаларға жақындап келе жатқан қазіргі 

кезеңде бостандыққа бас-көз жоқ қызбалықпен ұмтылу 


145

мен заңға салиқалы құрметпен қараудың арасындағы 

тепе-теңдікті сақтай білу өте маңызды. Тек сонда ғана біз 

республикадағы тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді 

сақтап, сол арқылы оның барлық азаматтарына ортақ 

сындарлы, бақытты да бақуатты өмір орната аламыз.

Егер адамдардың әртүрлі әлеуметтік, ұлттық және 

басқа да топтары демократияға өз қажеттерін өтеу үшін 

қысым жасауға мүмкіндік беретін жүгенсіз митинг деп 

қарайтын болса, қоғам іштей ыдырап кетуі ғажап емес. 

Біз өз арамыздағы айырмашылықтарға төзімділікпен 

қарап,  басқа  тараптың  да  өзіндік  көзқарасы  болуға 

қақысы бар екенін мойындай білуіміз керек. Қалыпты, 

сарабдал ымыра сонда ғана болуы мүмкін.

Ұлтына,  кәсібіне,  дінге  деген  көзқарасына  және 

біздің республикамызда көптеп табылатын басқа айыр- 

машылықтарына  қарамастан,  әрбір  қазақстандық 

демократиялық  мемлекетте  азаматтар  зорлықпен 

емес, өздерінің құқықтарын нығайту үшін міндеттер 

қабылдайтынын және соларды орындайтынын жадында 

ардақтап сақтауы тиіс деп ойлаймын.

Сөзімді  аяқтай  келе,  сіздерді  тәуелсіз  республи-

камыздың  жаңа  мемлекеттік  рәміздерімен  шын 

жүрегімнен  құттықтап,  барлық  замандарда  белгілі 

бір  мұраттар  үшін  күрескен  адамдар  бір  жалаудың 

астына топтасқанын тағы да естеріңізге салғым келеді. 

Бүгін біздің Отанымыздың көгіне Қазақстанның барша 

көпұлтты халқына топтастырушы бастау болатын жаңа 

рәміздер  көтерілді.  Ал  ол  үшін  Қазақстанның  әрбір 

азаматы өз мемлекетінің әркімге қастерлі рәміздеріне 

деген шынайы құрметті, айрықша көзқарасты бойына 

дарытып, балаларына мирас етуі қажет. Бұл – біздің 

шынымен егемен мемлекет бола бастағанымыздың тағы  

бір дәлелі.



146

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазақстан кәсіпкерлерінің  

I форумында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1992 жылғы 20 маусым

Құрметті форум делегаттары!

Форум жұмысына қатысуға шақырғандарыңыз үшін 

сіздерге алғысымды айтамын. Кәсіпкерлік біздің респу-

бликамызда тек алғашқы, сондықтан да қиын қадамда-

рын жасап жатыр. Нарықтық қатынастардың жаңалығы 

қоғам алдына экономика шеңберінен алшақ әртүрлі 

бағыттағы көптеген проблемаларды қойып отыр. Олар 

біздің  өміріміздің  барлық  құбылысына  қатысты,  ал 

оларды шешу әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, 

имандылық және басқа салаларда нағыз революцияны 

қажет етеді.


147

Бүгінгі таңда негізге аларлық мәселе – экономикалық 

еркіндік  мәселесі.  Ол  әрбір  кәсіпкерге  тең  дәрежеде 

берілуге тиіс. Бұл, анығын айтсақ, шынайы демокра-

тияның іргелі мәселесі, ал оның қалыптасуынсыз және 

дамуынсыз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес, оның 

бірде-бір құрамдасы, сондай-ақ қоғамның кәсіпкерлік 

жігі саналатын қуатты тірегі де онсыз жемісті жұмыс 

атқара алмайды.

Осыған  байланысты  кәсіпкерлікті  дамытуды  біз 

қай дәрежеде қамтамасыз ете салсақ, экономикалық 

дағдарыстан шығуға және әлеуметтік шиеленісті бәсең-

детуге сол дәрежеде сенім артуға болатынын атап өткім 

келеді. Өзімнің экономикалық перспективаларға деген 

көзқарасымды  мен  «Қазақстанның  егемен  мемлекет 

ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясында» 

баяндаған  болатынмын.  Онда  қазіргі  шындықты 

парасатты бағалауға, сөйтіп, қандай да көңіл күйінен, 

идеологиялық постулаттардан бас тартып, мәселенің 

мәніне салмақты іскерлік тұрғысынан қарауға әрекет 

жасалған. Демек, менің ұстанымым сіздерге белгілі. Ол 

біздің алға жылжуымыздың бірден-бір жолы – саяси, 

әлеуметтік және басқа да салдарымен қоса, нарықтық 

экономикаға апаратын жол дейтін нық және бұлжымас 

сенімге негізделген.

Неғұрлым  қабілетті,  дарынды  және  еңбексүйгіш 

әрбір адамның қоғамда тиісті жоғары әлеуметтік мәрте-

беге қол жеткізуі үшін, біз олардың бәріне өз ықыласта-

рына қарай кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін береміз. 

Теңгермешілік,  экономикалық  еркіндіктің  болмауы 

адамның бойындағы белсенділік негіздерін, дербестікке 

талпынуын, өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін 

жоятынына біздің көзіміз жетті. Қоғам үшін бұл ілгері 


148

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


басқан қадамды кейін кетірумен барабар және әлеумет-

тік масылдықты туғызады.

Ал  үкімет  органдарының  экономикаға  жасайтын 

ықпалына келетін болсақ, онда әлгі айтқан «Страте-

гияда» мен барлық үдерістердің мемлекет тарапынан 

белсенді  түрде  реттеліп  отыруы  қажеттігін  айқын 

мәлімдеген болатынмын. Бірақ бұрынғы беделінен жұр-

дай болған тоталитарлық әдістермен емес, қайта нарық 

әсерлеріне лайықтала отырып, салықтар мен кедендік 

баж салықтары саласындағы байсалды саясат, валюта 

бағамы мен банк өсімі, экспорт-импорт квоталары мен 

лицензиялары, бюджеттің көлемі мен сальдосын бақы-

лау, жинақ қаржы серпінділігіне ықпал жасау арқылы.

Мен бұрын да айтқан едім, тағы да қайталап айтайын: 

қатаң  дәйектелген,  аса  тоталитарлық  экономикадан 

нарықтық бостандыққа өту үдерісі еш жерде және ешқа-

шан жып-жылмағай әрі ауыртпалықсыз болған емес. Біз 

Қазақстандағы барлық қиын соқпақтардан оңай өтіп, 

әлемдік нарықтық экономиканың сенімді, өркениетті 

айлағына ойнап-күліп енеміз деп ойлау аңғалдық болар 

еді. Олай болмайды. Сондықтан мемлекеттік емес эко-

номикалық сектордағы бүгінгі құбылыстарды зер сала 

қадағалай отырып, біз оларды терең талдауға, кәсіпкер-

лік қызметті дамытуды тежеп отырған себептерді дер 

кезінде жоюға ұмтылудамыз.

Әрине,  кімнің  қай  жері  ауырса,  ол  сол  жайында 

айтады.  Сірә,  өз  пайымдауларыңыздың  деңгейінен 

сіздер  бұл  тұрғыдағы  үкіметтің  іс-әрекеті  неғұрлым 

белсендірек және батылырақ болғаны жөн еді ғой деп 

ойлайтын боларсыздар. Мен өзім де реформаларды 

жедел жүргізу үшін құлшына қол көтеремін. Бірақ реа-

лист болу керек, экономикамен бірге саяси, әлеуметтік, 



149

ұлтаралық, мемлекетаралық және біздің егеменді жас 

республикамыз тыныстап отырған басқа да проблема-

лардың бүкіл кешенін ескеру қажет. Президент ретінде 

менің әрбір қадамның салдары туралы ойланбауыма 

немесе  өзімнің  іс-қимылым  қоғамдық  өмірдің  басқа 

салаларында қандай әсер туғызатынын ойламай, кейбір 

мәселелерге ғана баса назар аударуыма болмайды. Бұл 

арада әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін қатаң 

ұштастыру мен олардың арасындағы тепе-теңдік қана 

қоғамдық тұрақтылықты, белгілі бір реформалардың 

жүзеге асырылу мүмкіндігінің өзін қамтамасыз ететінін 

ұдайы есте ұстамаса болмайды. 

Келіңіздер,  мәселенің  мәніне  байсалдылықпен 

қарайық, сөйтіп, біршама қысқа мерзім ішінде біздің 

не нәрсеге қол жеткізгенімізге бірлесіп баға берейік.

Бүгінде экономиканың мемлекеттік емес секторында 

36 акционерлік қоғам, 76 салааралық және сыртқы эко-

номикалық қауымдастықтар, 30-ға жуық концерндер мен 

консорциумдар жұмыс істейді. Республикада 120 коммер-

циялық банк, 60 биржа, 40 сақтандыру және 20 лизингтік 

компания, 2 ірі аудиторлық орталық бар. 230 орта өндіріс 

кәсіпорны, 11 мыңға жуық кооператив, 5, 5 мыңнан астам 

шағын кәсіпорын жұмыс істеп, оларда жарты миллион-

нан астам адам немесе халық шаруашылығымен айналы-

сатындардың 15 %-ы еңбек етеді.

Дегенмен бұл да толық емес. Көптеген мемлекеттік 

кәсіпорындардың негізінде шаруашылық жүргізудің 

ұжымдық  та,  мемлекеттік  емес  жекеше  түрлері  де 

ұйымдастырылған. Олар, әсіресе, сауда мен тұрмыстық 

қызмет көрсетуде айтарлықтай дамыған.

Аграрлық секторда кәсіпкерлік құлашын кең жайып 

келеді. Қазір республикадағы 6 мыңнан астам шаруа 


150

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қожалықтарының иелігінде 2 млн гектар жер, 4,6 мың 

трактор, 2,2 мың жүк автомобилі, 825 астық жинайтын 

комбайн, 4 мыңнан астам тұқым себетін және топырақ 

өңдейтін техника  бірліктері бар. Бұған мыңдаған ауыл-

шаруашылық кооперативтерін, 1,2 мың шағын ауылша-

руашылық кәсіпорнын қосыңыз. Үстіміздегі жылдың 

тек бірінші тоқсанында ғана шаруалар базарларда 23,7 

мың центнер ет, 50 мың центнердей сүт, 148 мың дана 

жұмыртқа, 215 центнер жүн сатты.

Осыған байланысты не айтуға болады? Қалада да, 

ауылда да кәсіпкерлік жіктің ұлғаю үрдісі байқалғаны 

айдан  анық  деп  ойлаймын.  Құқықтық  базаның 

жасалуы,  арнаулы  мақсаттағы  бірқатар  жарлықтар 

жекешелендіру  үдерістеріне,  адамдардың  бойында 

жаңа  психологияның  –  меншік  иесі  психология-

сының  қалыптасуына  серпін  берді.  Мемлекеттік 

емес  кәсіпорындардағы  шаруашылық  қызметтің  

нәтижелілігі мемлекеттік сектордағыдан едәуір жоғары 

екені көзге түсуде.

Сонымен қатар, талдау кәсіпкерлік қызметті тежеп 

отырған бірсыпыра проблемалар бар екенін көрсетіп 

берді. Мен шағын және орта бизнесті дамытуға қыр-

сығын  тигізіп  келе  жатқан  төрт  бағдарды  айрықша 

бөліп көрсетсем деймін.

Біріншіден, бұл бастапқы капиталдың жоқтығы және 

несие алудағы қиыншылықтар.

Екіншіден,  жер  алумен,  жылжымайтын  меншікті 

жалға алумен және сатып алумен байланысты қиын-

шылықтар.

Үшіншіден,  кәсіпорынды  әрқилы  төлемдердің, 

салықтардың және жарналардың 50-ден астам түрлерін 

төлеуге мәжбүрлейтін қатаң салық қысымы.



151

Ақыр  соңында,  төртіншіден,  объективті  түрде 

нарықтық қатынастардың ең қиын саласында болып 

отырған шағын және орта бизнесті ұйымдық-құқықтық 

тұрғыдан қорғаудың пәрменді тетігінің жоқтығы.

Осы және басқа да кейбір себептер салдарынан көп-

теген кәсіпкерлер иә қалтарыс экономикаға «кетуге», иә 

болмаса өздерін банкрот деп жариялауға мәжбүр. Тек 

өткен жылы ғана Қазақстанда құрылған әрбір үшінші 

шағын кәсіпорын тарап кетті.

Ұсақ және орта кәсіпорындардың әзірге амортиза-

циялық қорлары жоқ екенін біз түсінеміз. Қосымша 

қорлар  да  жоқ,  ал  табыс  болса  оңтайлы  деуден  әлі 

алыс. Бізде негізгі мақсаты несие алуға кепілдік беру 

болатын өзара кепілдіктердің кәсіби қоғамдары сияқты 

институттар да жоқ. Сондықтан несиелер мен қарыздар 

берудегі мемлекеттің көмегі, сірә, кәсіпкерлік қызметті 

нәрлендірудің бірден-бір көзі болар.

Әрине, коммерциялық банктер де бар. Бірақ эконо-

микалық тұрақсыздық жағдайында олар несие берудің 

мерзімін күрт қысқартып, берілген қарыздың пайызын 

өсіріп жібереді. Бұдан бәрінен бұрын шағын және орта 

кәсіпорындар,  фермерлік  шаруашылықтар  зардап 

шегеді.


Екінші жағынан, мемлекеттік несиелер көбіне-көп 

тиімсіз пайдаланылады, коммерциялық мақсаттарға 

жұмсалады,  сол  арқылы  инфляциялық  үрдістерді 

күшейтетініне көзді жұма қарауға болмайды. Өйткені 

шешілмейтін түйін пайда болады.

Қалыптасқан  жағдайдан  шығудың  жолы  қандай? 

Үкіметтің  қаржылық-несиелік  реттеу  мәселесіндегі 

стратегиясы мынада деп ойлаймын. Біздің кәсіпкерлікті 

дамытуға, оның оңтайлы жүйесін құруға ықпалымыз 


152

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


макроэкономикалық сипат алып, қабылдаған шешім-

деріміз салық саясатын, валюта бағамы мен банк пайы- 

зын  реттеумен  тығыз  ұштастырыла  беретін  болады. 

Үкіметтің алдында ең қысқа мерзімде шағын бизнесті 

орта және ұзақ мерзімге несиелеу жүйесін құру мін-

деті тұр. Мұның Қазақстан үшін үлкен, мүмкін, тіпті 

шешуші маңызы бар.

Экономиканың қазіргі кезде қалыптасқан құрылымы 

мемлекеттік сектор үлесінің өте жоғары (80 %-ға дейін) 

болуымен сипатталады. Бұл көрінеу қиғаштық, өйткені 

нарықтық жүйелері дамыған елдерде мемлекеттік мен-

шіктің үлесі әдетте 30–40 %-дан аспайды. Демек, респуб-

ликада мемлекеттік меншікті елеулі түрде ұжымдық 

меншік  пен  жеке  меншікке  айналдырудың  нақты 

келешегі бар. Күш алып келе жатқан кәсіпкерліктен 

біз экономиканың мемлекеттік емес секторында жаңа 

құрылымдардың жеделдете құрылуын күтеміз.

Бұл тұрғыдан алғанда мемлекет тарапынан көмек 

қамтамасыз етіледі. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда  

жекешелендіру  қарқыны  қазірдің  өзінде  ТМД-ның 

басқа елдеріндегіден едәуір жоғары. Бірақ нарықтық 

қатынастарды қалыптастыру үдерісі неғұрлым тезірек 

жүрсе,  біз  жүргізіп  отырған  саясаттың  әлеуметтік 

және экономикалық қырлары да солғұрлым айқыны-

рақ көрінеді. Осыған байланысты еңбек ұжымдарына 

арналған құқықтық негіздегі жекешелендірудің «жұм-

сақ» режімінің қамына кірісу туралы ойластыру өте 

маңызды. Экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы 

«қазыналық»  жекешелендіру  ерекше  қауіпті.  Саты-

латын  объектілердің  бағасын  мейлінше  арттыруға 

тырысу сатып алу қарқынын бәсеңдетіп қана қоймайды, 

сонымен қатар, бұдан былайғы жерде өнімнің сөзсіз 



153

қымбаттауына апарып соқтырады. Ал бұл әлеуметтік 

шиеленістің тағы да бір айналымы қаупін туғызады.

Екінші бір қауіп бізде жүріп жатқан жекешелендіру-

дің өз ерекшелігіне – қайта құрылатын объектінің көбіне 

мемлекеттік монополияландырылған меншік болуына 

байланысты.  Мен  коммерциялық  құрылымдардың 

басқару аппаратымен астасып кетуінің нақты қаупін 

айтып  тұрмын,  ал  ол  сыбайлас  жемқорлардың 

астам-монополиялары құрылуына соқтыруы мүмкін. 

Сондықтан кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік басқару 

құрылымдары мен лауазымды адамдардың қатысуын 

шектеуді,  заңдарды  бұзғандығы  үшін  қаржылық, 

әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларын 

қолдануды  көздейтін  заң  актілерінің  және  бақылау 

органдарының  бірыңғай  жүйесін  қалыптастырумен 

шұғыл түрде айналысу өте маңызды.

Кең  ауқымды  жекешелендірудің  тағы  бір  қыры  – 

оның  республика  экономикасын  батысеуропалық, 

азиялық және таяушығыстық экономикалық кеңістікке 

кірігуін алдын ала бағдарлауы. Соңғы жылдың ішінде 

біздің  қандай  сыртқы  саяси  және  дипломатиялық 

жұмыстар жүргізгендігімізді сіздер білесіздер. Оның 

барлық мән-маңызы егемен Қазақстан Республикасы-

ның әлемдік қауымдастыққа өркениетті түрде кіруінің 

барынша қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге саяды. 

Бір-ақ жылдың ішінде біз басқа уақытта ондаған жыл-

дарды  қажет  ететін  нәтижелерге  жеттік.  Қазақстан 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  толық  құқылы  мүшесі 

болды. Батыста және Шығыста көптеген лайықты достар 

тапты, ондаған жоғары дамыған елдермен және әлемнің 

жетекші фирмаларымен тиімді сауда-экономикалық 

келісімдер жасады.


154

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Біздің алдымызда сыртқы саяси қадамдарымызды 

ішкі саясатпен үйлестіру міндеті тұр. Бұл ретте, атап 

айтқанда, шетелдік инвесторлар үшін баспа-бас жеке-

шелендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жекешелен-

дірудің барабар  түрлерін қолдану арқылы  шетелдік 

капиталды салудың аясы мен шекті мөлшерін анықта-

уымыз  қажет.  Бұл  мұнай  өндіру  мен  ұқсату  секілді 

батыс  кәсіпкерлерін  қызықтыратын  салаларда  өте 

маңызды, ал онда олардың көбінесе жаңа техникалар 

мен технологиялар жеткізілімі түріндегі акционерлік 

қоғамдар құруға қатысуы әбден мүмкін.

Жекешелендірумен байланысты маңызды мәселе – 

заң шығару базасы. Осы салаға арналған біздегі заңдар 

топтамасы тым қарапайым, тіпті белгілі бір мағынада 

қарадүрсін  екенін  мойындау  керек.  Бізге  өз  тәжіри-

бемізді де, сондай-ақ әлемдік тәжірибені де ескеретін 

анағұрлым  сарабдал  нормативтік  тетіктер  қажет. 

Түсініктірек айтсақ, республика құқықтық жүйесінің 

дамыған  елдердің  заңнамасына,  әсіресе,  кәсіпкерлік 

пен инвестицияны экономикалық қорғау, салық сая-

саты мен баға белгілеу мәселелеріне қатысты өзіндік 

бейімделуі қажет. Бұл бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде 

жүргізіліп  жатыр,  бірақ  оны  келісім-шарттармен, 

меншік  құқығымен,  монополистік  қызметпен  және 

банкроттықпен  байланысты  жаңа  заңдарды  енгізіп, 

мейлінше тездету қажет.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдеріс-

терін  реттейтін  заңдар  мен  нормативтік  актілерді 

сарапқа  салып  бағалау  мәселелерінде  практикалық 

көмек  көрсету  үшін,  Қазақстанда  тұрақты  жұмыс 

істеуге Дүниежүзілік валюта қорының, Еуропа қайта 

құру және даму банкінің, Жекешелендіру мен шетелдік 



155

инвестицияларға ықпал ететін халықаралық қордың 

сарапшыларын тартқан пайдалы болар деп ойлаймын.

Таяуда ғана республикада Шетел инвестициялары 

жөніндегі агенттік құрылды, ол Қазақстанның бірінші 

кезектегі қажеттеріне сай ірі экономикалық жобаларды 

іріктеп алу жөнінде мақсатты жұмыс ұйымдастыруға 

мүмкіндік береді деп сенеміз. Алайда шетелдік кәсіп-

керлер айрықша ынта білдіріп отырған шағын бизнеске 

инвестициялар тартумен шұғылданушылар әзірге жоқ. 

Бұл сала, былайша айтқанда, «иесіз» қалып келеді. Бос 

қуысты тек республиканың жекеменшік бизнесі мен 

коммерциялық  құрылымдары  ғана  толтыра  алады, 

олар  қысқа  мерзім  ішінде  шетел  инвесторларымен 

бірігіп күш жұмсайтын ортақ нүктелерді табуға, ішкі 

нарықты қажетті тауарлармен бірлесе отырып тығыз 

ынтымақтасуға әбден қабілетті.

Шетелдік  тәжірибе  өндірістің  дамуымен  бірге 

кәсіпкерлер  одағының  рөлі  де  өзгеретінін  көрсетеді. 

Салалық  топтар  арқылы  жүздеген  және  мыңдаған 

кәсіпкерлік  құрылымдарды  біріктіре  алатын  жал-

пыұлттық одақтар құрылуда. Біздің республикамызда 

да бірігу үдерісінің болуы сөзсіз. Оның үстіне, жаңа 

одақ  экономиканы  мемлекеттік  реттеудің  маңыз- 

ды  құрамдасы  бола  алады  және  болуға  тиіс.  Менің 

білуімше,  Қазақстан  кәсіпкерлерінің  одақтары  мен  

қауымдастықтарының бәрі бірауыздан форум жұмы-

сына қатысуға тілек білдірген, ал оған, меніңше, тұрақты 

жұмыс  атқаратын  қоғамдық  ұйым  мәртебесін  беру 

керек. Бұл жекелеген күштер тек кәсіби, әлеуметтік, 

экономикалық тұрғыдан ғана емес, әсіресе, жол беруге 

болмайтын  ұлттық  белгі  бойынша  текетіреске,  ірге 

бөлушілікке тырысып жатқан кезде ерекше маңызды. 


156

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Әрі өздерін демократиялық деп атайтын қозғалыстар 

мен партиялар нарыққа қарсы шыға бастады. Бұл ретте 

олар  оңшылдармен  қабысуда.  Мұндай  тайталастың 

зияннан басқа ештеңе беруі мүмкін емес. Ол респу-

бликаны әлемдік өркениетті дамудың даңғыл жолынан 

қияс әкетеді.

Кәсіпкерлер форумының үлкен болашағы бар ғой 

деп ойлаймын. Оның мемлекеттік органдармен мей-

лінше әртүрлі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтасуы 

мүмкін. Мәселен, министрліктер мен ведомстволардың 

жанындағы консультациялық кеңестердің жұмысында. 

Ол  несие  кеңестері  көлік,  сауда  және  тағы  басқалар 

жөніндегі кеңестер болуы мүмкін. Осындай кеңестер 

желісі арқылы үкімет істің жайы туралы анық ақпарат-

тар алып, қалыптасқан экономикалық жағдайға икемді 

назар аудара алар еді.

Таяуда  Брюссельде  мәжіліс  өткізген  «Өнер-

кәсіпшілердің  еуропалық  дөңгелек  үстелінің»  бас-

шылығы  ТМД  елдеріндегі  инвестиция  мәселелері 

бойынша арнайы декларация қабылдады. Бұл декла-

рацияда  Батыс  Еуропа  индустриясының  лидерлері 

ТМД-ға  жеке  қаржы  қаражатын  тарту  үшін  жағдай 

жасау жөнінде нақты ұсыныстар берді. Шамасы, таяу 

уақытта қазақстандық кәсіпкерлер осы акцияның игі 

нәтижелерін сезінетін болар.

Мен сіздердің кәсіпкерлік форумдарыңыз аяғынан 

нық тұрып, экономикалық ынтымақтастықтың халық- 

аралық  деңгейіне  шыға  алатын  кездің  келетініне  

сенемін. Егер біз кәсіпкерлік қызмет көрсетуге мүм-

кіндік жасай алсақ, онда бұл, өз кезегінде, біздің күш- 

қуаты мол егемен жас мемлекетіміздің өркендеуінің 

негізі болады.



157

Мен біздің экономикамыздың негіздерінің негізі – 

нағыз өндірушілерді қолдаймын және қолдай беретін 

боламын. Жоғарғы Кеңестің өтіп жатқан сессиясында 

өндірісті ынталандыру үшін салық мөлшерін өзгерту 

туралы ұсыныс талқыланып жатқанын сіздер білесіздер. 

Бұдан басқа, Президент жанынан Кәсіпкерлік жөніндегі 

кеңес құрылған, ол қажетті шешімдерді дайындау бары-

сында сарапшылық орталық рөлін атқаратын болады.

Біз бірігіп, әрбір адамның өз таңдауы мен экономи-

калық өзін өзі анықтауына, әлеуметтік, ұлттық және 

саяси мүдделерін жүзеге асыруына тең мүмкіндік аша-

тын көпукладты нарықтық экономикасы бар қалыпты 

демократиялық қоғам орнатамыз. Ол заң, халықтың 

еркі мен парасатты ақыл-ойы үстем тұратын, іскер әрі 

еңбексүйгіш жандар ең құрметті, ауқатты және бақытты 

азаматтар саналатын қоғам болады. Сол үшін еңбек 

етіп, өмір сүрудің мәні бар.



158

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет