Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет2/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

* * *

Елдің  тәуелсіздігі  Қазақстан  халқының  шынайы 

рухани жаңғыруына бұрын-соңды болмаған мүмкін-

діктер ашты. Ғасырлар мен ондаған жылдарға созылған 

мәңгүрттіктен  кейін  ол  ардақты  есімдерімен  және 

жәдігерлерімен қайта қауышты. Дүнияуи күнтізбеде 

жаңа мерекелер пайда болуымен қатар, бұл кезеңде 

республикада  тарихи  оқиғаларды,  ұлт  тарихының 

көрнекті қайраткерлерін (Желтоқсан қаһармандарын, 

қазақтың кемеңгер билері – Төле биді, Қазыбек биді, 

Әйтеке биді, Қазақстанның нақақ жазалауға ұшыраған 

қайраткерлері – Т. Рысқұловты, С. Қожановты, С. Сей-

фуллинді, І. Жансүгіровті, Б. Майлинді және т. б.) еске 

алып, құрмет көрсету шаралары өткізілді, ал 1995 жылы 



20

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және қоғам қайраткері 

Абай Құнанбаевтың 150 жылдығын халықаралық мәр-

тебелі деңгейде тойлау осының бәрінің шырқау биігі 

болды.


* * *

Қазақстанның  осы  кезеңдегі  жетістіктерін  қоры- 

тындылай  келіп,  кейінірек,  тәуелсіздіктің  5  жылды- 

ғына арналған сөзінде Н. Ә. Назарбаев былай дейтін 

болады: «Планетадағы кез келген халықтың талайына 

осындай  тағдыр  бұйыра  бермейді,  мұншама  қысқа 

мерзімде дәл осындай күрделі міндеттерді шешу кез 

келген халықтың пешенесіне жазылған емес. Ұлтаралық 

келісім мен саяси тұрақтылықты сақтай отырып, өзінің 

қуатты мемлекеті мен пәрменді экономикасын құру – 

ХХІ ғасырдың табалдырығында міндеттің тұжырымда-

латын тілі, міне, осы. ...біз бұрын-соңды ешуақытта, ұлт-

тық тарихымыздың ешбір бетінде жүздеген жылдарды 

көздейтін  өз  мемлекеттілігімізді  құруға  дәл  осылай 

жақын  тұрған  емеспіз.  Сондықтан  сирек  кездесетін 

осынау тарихи мүмкіндікті пайдаланып қалу – біздің 

ұрпақтың міндеті».


21

Қазақстан Республикасы  

Президентінің қызметіне ресми кірісуіне 

байланысты Қазақстан Республикасы  

Жоғарғы Кеңесінің салтанатты отырысында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1991 жылғы 10 желтоқсан

Қадірлі отандастар! 

Құрметті халық депутаттары! 

Қадірменді меймандар!

Дана  бабалар  дәстүрімен  осы  салтанатты  сәттегі 

сөзімді алдымен ата жұртыма, қасиетті халқыма арнай-

мын!


Бүгінгі күн – Қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін 

күн. Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге 

де жетіп отырмыз.

Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. 

Ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе 


22

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, бағы 

да тайып, сағы да сынған, қилы кезең, зар заманға да 

талай  ұшыраған.  Айқайлап  жүріп,  ашаршылыққа 

ұрынып, ұрандап жүріп, ұлт мүддесін ұмытқанымыз 

да ақиқат.

Шүкір,  кештеу  де  болса,  ес  жиып,  еңсе  көтеріп, 

егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақстан Респу-

бликасының Президентін бүкіл халық сайлағаны – осы 

жолдағы ең биік белестің бірі. Елдің қамын ойлайды, 

намысын жібермейді деп бірауыздан сенім артқанда-

рыңыз үшін шын жүректен алғысымды айтамын.

Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарих-

тың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайынмын. 

Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дарқан еліме, 

ата-бабаның аруағына сүйенемін. 

Алдымызда қиын-қыстау күндер, асуы биік белдер, 

айбынды міндеттер тұр. Оның үдесінен шығу үшін, ең 

алдымен бірлік, ынтымақ керек. Тілі бөлек болса да, 

тілегі, үміті бір, тіл табысып, ежелден бірге өмір сүріп 

келе жатқан іргелес елдермен татулық керек.

Қазақ  мемлекетінің  халықаралық  қауымдастықта 

өзіне  лайық  орын  алуы,  қазақ  халқының,  бүкіл 

қазақстандықтардың  бақытты,  дәулетті  өмір  сүріп, 

өзіндік  мәдениетін  өркендетуі  үшін,  бәрінен  бұрын 

республикада тыныштық болғаны жөн. Тар жол, тайғақ 

кешуде қиындыққа төзіп, жалаң сөзге ермей, бір жаға-

дан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір-бірімізге таяныш, 

сүйеніш бола білуіміз керек. «Ырыс алды – ынтымақ» 

дейді  халқымыз.  Ынтымақ  артпай,  ырыс  артпайды. 

Байтақ жерімізде шынайы бауырмашылдықтың ақ туы 

желбіресе деп армандаймын.


23

Ел бірлігі қашанда мүдде бірлігінен басталады. Біздің 

болашағымыз Қазақстан халқының ортақ мүдделесті-

гінде. Біз мұны көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Егеменді ел болудың жүгі де жеңіл болмайды. Ендігі 

жерде қалай өмір сүретініміз қалай еңбек ететінімізге 

байланысты. Дәулетті тұрмыс құрудың жұмысты жақсы 

істеуден басқа жолы жоқ.

Біз бастан өткеріп отырған осындай ғаламат тарихи 

өзгерістердің куәлары және қатысушылары болу кез 

келген ұрпақтың үлесіне тие бермейді. Қазір біздің көз 

алдымызда әлемнің картасына жаңа мемлекеттер пайда 

болып, қоғамдық-саяси және экономикалық форма- 

циялар,  мемлекеттік  басқарудың  пішіндері  ауысуда 

десек, асырып айтпаған болар едік.

Тарихтың даңғыл жолынан Қазақстан да шет қалған 

жоқ.  Оның  ежелгі  жерінде  көптеген  мемлекеттік 

құрылымдар өмір сүріп, олар да, адамдар сияқты, бала-

лық, жастық, кәмелеттік дәуірлерден өтіп, құлдырау 

және қайтадан еңсе көтеру кезеңдерін бастан кешірді. 

Сөйтіп, тарихтың жаңа тарауында Қазақстан халықтары 

өркениетті демократиялық қоғамды қалаған өз таңдау- 

ларын жасады.

Бізге шын мәнінде өмірдің әлеуметтік-экономикалық 

укладын түбегейлі түрде ауыстыру міндеті тұр, ал ол, 

тарих айқын танытқандай, адамдар тек тұтас идеямен 

құлшынып,  сол  үшін  уақытша  қиындықтарға,  тіпті 

жекелеген  сәтсіздіктерге  дайын  болған  қоғамда  ғана 

ойдағыдай өтеді.

Біз үшін бұл идея – еркін егемен демократиялық 

Қазақстан мемлекеті. Мың жылдық қазақ тарихында 

тұңғыш рет өз Президентін бүкіл халық болып сайлаған 

республика азаматтары желтоқсанның 1-і күні, тегінде, 

сол идея үшін дауыс берген болатын.



24

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Егемендік туралы айтқанда, мен Қазақстан тұйық- 

талған жүйе болуға дайындалып жатыр демеймін. Тегі, 

оның  саяси  және  экономикалық  дербестікті  жүзеге 

асыру  мүмкіндіктеріне  зиянды  болары  айқын  ғой. 

Тағдырдың  өзі  республикаға  Азия  мен  Еуропаның, 

Батыс пен Шығыстың ұлы мәдениеттері арасындағы 

өзіндік көпір болуды жазған еді. Қазақстанның мұндай 

жағдайының бірегейлігі мен қайталанбастығын ХVІІІ 

ғасырдың ортасында ыдырап бара жатқан Қазақ мем-

лекеттігін қалпына келтіріп, іргелес мемлекеттермен 

тату көршілік қатынастарды жолға қоя білген кемеңгер 

Абылай да түсінген болатын. Мұны кейінгі ұрпақтар да 

түсініп, оның ісін жалғастырды. 

Қазір қоғам үшін дағдарысты жағдайда – екі дәуір 

айырығында  –  уақыт  факторы  зор  рөл  атқарады. 

Бұрынғы  федерация  республикалары  арасындағы 

ұлғайып келе жатқан шиеленіс, таяу айларда біз бет-

пе-бет  келетін  проблемалардың  өткірлігі  ырғалып- 

жырғалуға уақыт қалдырмай, шапшаң, батыл да айқын 

іс-қимыл жасауға мәжбүрлеуде.

Тарихтың бізге өндірістік қатынастарды түбегейлі 

өзгертуден басқа ешқандай таңдауды қалдырмағаны 

қазір әркімге дерлік айқын. Бірақ нарықтық экономи-

каға бет бұрудың ғаламат күрделілігі де баршаға дерлік 

айқын болып отыр. Алайда қазіргі жүзеге асырылып 

жатқан  шаралар  мүлдем  жеткіліксіз.  Олардың  кей-

біреулері шектеулі, екіншілері жартыкеш, үшіншілері  

кертартпа  күштердің  жасырын  және  көпе-көрнеу  

тежеуіне,  ескі  әміршіл-әкімшіл  жүйе  қалдығының 

қасақана  қарсылығына  тап  болып  отыр.  Әлеумет-

тік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін біз 

бір-бірімен байланысты түбегейлі шараларды шұғыл 



25

жүзеге асыруымыз қажет, өйткені қазіргі кезде дағдарыс 

өзінің шарықтау шегіне жақындап келе жатыр.

Бұл ретте батыл бағытты жаппай қиратумен және 

бүлдірумен шендестіруге болмайды. Оны біз бастан 

кешіріп үлгердік. Зиян шеге жұмыс істейтін кәсіпорын-

дар мен шаруашылықтарды қайта құру керек, өйткені 

экономикалық тиімділік тегін ақшаны қылғыта беретін 

дотациялық сүзгімен сыйыспайды. Бірақ мемлекет иелі-

гінен алу мен жекешелендіру мемлекет меншігін толық 

жоюды, ал фермер шаруашылықтарын қолдау жаппай 

ұжымсыздандыру дегенді білдірмейді. Мейлі, кешегі 

күннен бізге қалған пайдалы нәрсе аз болсын-ақ, бірақ 

шын мәніндегі бағалы тәжірибені, сондай-ақ тарихи 

байланыстарды да мұқият сақтау керек. Мен бұрынғы 

федерация  республикаларының  қалыптасқан  инте-

грациялық байланыстарының, тиімді экономикалық 

қоғамдастығының мәні, олардың саяси одағын ресімдеу 

туралы талай рет айтқанмын және қайталап айтуды 

артық санамаймын.

Мынаны ашық айтқым келеді: жаңа Одақтық шартқа 

қол қою, экономикалық қоғамдастықты құру болашағы 

бүгін қай кездегіден де күрделі болып отыр. Бұл біздің 

кінәмізден болған жоқ. Менің қатты өкінетінім – бірқа-

тар республикалардың басшы буынында кейбіреулер 

егемендікті оқшауланумен шендестіре бастады. Ресей, 

Украина және Беларусь басшыларының мәлімдемесі, 

олардың  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығын  құру 

туралы  келісімге  қол  қоюы  тым  тосын  болды.  Үш 

республика  жетекшілері  қабылдаған  шешім  оларға 

ізін суытпай үзілді-кесілді баға беру үшін тым елеулі. 

Алайда  Қазақстан  оқиғаның  қандай  да  болсын  өріс 

алуына әзір болуға тиіс. Біз дербес өмір сүре аламыз. 


26

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Бұл үшін бізде қажетті экономикалық әлеует, аса бай 

табиғат ресурстары, ал ең бастысы – жұмысшылар мен 

шаруалардың білікті жасағы, дарынды ғалымдар мен 

инженерлер бар. Бізде туған республикасын өркендету 

үшін қызмет етуге әзір тамаша шығармашылық интел-

лигенция мен жастар бар.

Сөйте тұра біз бұрынғысынша тарихтың объективті 

барысынан туған интеграциялық үдерістердің жақтау- 

шысы болып қалып отырмыз.

Біз бірінші кезекте қандай шаралар қолдануымыз 

қажет?

Саясатта  бұл  –  атқарушы  органдардың  үйлесімді 



басқару жүйесін құруға мүмкіндік беретін билікті нақпа-

нақ  бөлісуге,  сатылас  президенттік  құрылымдарды 

қалыптастыруға қатысты қадамдар. 

Бұл  –  Республика  Жоғарғы  Кеңесінің  объективті 

түрде кәсіби парламентке ауысуы, ал ол депутаттар 

корпусын және жергілікті Кеңестердің далиып кеткен 

аппаратын айтарлықтай қысқарту қажеттігімен бай-

ланысты.


Бұл – экстремизм мен ұлттық алауыздықты, респу-

бликаның аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған 

сепаратизмді уағыздайтын партиялар мен қозғалыс-

тардың қызметіне сөзсіз тыйыммен қатар, саяси пікір 

алуандығын қолдау.

Бұл – құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауды 

нығайту жөніндегі батыл іс-әрекеттер. 

Бұл  –  барлық  қазақстандықтар  құқықтарының 

теңдігі  негізінде  ұлтаралық  келісімді  сақтау,  мемле-

кеттік саясаттың негіз қалаушы қағидаты ретінде саяси 

тұрақтылықтың басымдығы.


27

Осындай  саяси  негіз  болмайынша,  Қазақстанды 

қазіргі заманғы өркениеттің арнасына түсіру, бағаны 

ырықтандыруды, қаржыны сауықтыруды, жекешелен-

діруді,  нарықтық  инфрақұрылым  қалыптастыруды, 

меншіктің барлық түрлерінің теңдігін көздейтін эконо-

микалық терең өзгерістерді жүзеге асыру мүмкін емес. 

Экономикалық жаңғырудың басты қозғауыштарының 

бірі болуға тиісті ұжымдық және жеке кәсіпкерліктің 

жолындағы  кез  келген  төрешілдік  кедергілерді  жою 

маңызды.

Егемен Қазақстанды іс жүзінде халықаралық қаты-

настардың  дербес  субъектісіне,  дүниежүзілік  эконо-

микалық кеңістіктің белсенді әрекет етуші тұлғасына 

айналдыру керек. Республиканың географиялық орна-

ласуы және әлеуметтік әлеуеті Қазақстанның Азия-Ты-

нық  мұхит  өңіріне  де,  сондай-ақ  Еуроатлантикалық 

өңірге де бағдар ұстауына жағдай жасайды. Біз ашық 

тұрпаттағы  нарықты  қалыптастыруымыз,  шетелдік 

инвестицияларды  халық  шаруашылығындағы  түбе-

гейлі құрылымдық өзгерістердің маңызды факторына 

айналдыруымыз, алтын қоры мен валюта қорын ұдайы 

ұлғайта беруіміз қажет.

Осыған байланысты мемлекет меншігінен алу мен 

мемлекеттік меншікті жекешелендіру, концессиялар 

құру үдерістеріне шетелдік капиталдың қатысуына жол 

беру ниетіміз бар екенін айтқым келеді.

Қаржы  және  материалдық  мүмкіндіктеріміздің 

шектеулі екеніне қарамастан, біз халықтың әлеуметтік 

жағынан қорғалмаған және өте әлжуаз жіктері: зей-

неткерлерге,  мүгедектерге,  жетімдерге,  көп  балалы 

отбасыларына, оқушыларға қолдау көрсетудің айқын 

бағытын жүргізетін боламыз.


28

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Мен экономиканы дамыта отырып, Қазақстанның 

табиғи  байлықтарына  ұқыптылықпен  қарау,  қазіргі 

және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін экологиялық 

бағдарламаларды жүзеге асыру мейлінше маңызды деп 

санаймын.

Менің сайлау қарсаңындағы тұғырнамамды тыңдаған 

адамдар: жергілікті жердегі басшылардың көбі тіпті сөз 

жүзінде сізді қолдай отырып, іс жүзінде ескіге жарма-

сып, нарыққа көшуді барынша тежеумен болса, сіздің 

ойлағандарыңыздың жүзеге асуы мүмкін бе? – дейтін 

бір сұрақты қайталап қоюмен болды. Мұнымен келісіп 

қана қою жеткіліксіз. Нарықтық экономиканың саналы 

қарсыластарының қатарына реформаны жүзеге асыруға 

қабілетсіз, іске деген лауазымдық құлшынысы эконо-

микалық  біліктілікті  алмастыра  алмайтын  қолында 

билігі  бар  шалағайларды  да  қосу  керек.  Мәселенің 

шешімі  біреу-ақ:  республиканың  болашаққа  сер-

пілісін қамтамасыз ете алатындай жас басшылардың  

шоғыры қажет.

Біздің әрқайсымыз өтпелі кезеңнің қиындықтарын: 

бағаның өсуін, ақшаның құнсыздануын, тұрмыс дең-

гейінің төмендеуін өз басымыздан өткеріп отырмыз. 

Біздің айналамыздағы өмірдің өзі онша жайлы емес. 

Сайлау қарсаңындағы кездесулерде де айтқанымдай, 

ол тез арада жақсарып кетеді дей алмаймын және оған 

уәде  де  бере  алмаймын.  Егер  олай  десем,  сіздердің 

алдарыңызда өтірікші болар едім. Қасарысып алып, 

ертеңгі күнге деген сеніммен осының бәрінен өтуіміз 

керек. Түркия мен Оңтүстік Кореяда да, Сингапурда да 

осылай болған. Мақсатты білу, мүдделердің ортақтығы 

және іс-қимылдың бірлігі осы елдердің халықтарына 

қазіргі экономикалық ғажайыпты жүзеге асыруға мүм-



29

кіндік берді. Қазір осыны Шығыс Еуропа елдері бастан 

кешіруде.

Біздің үлесімізге тарихи мүмкіндіктің тиіп отырғанын 

түйсіну қажет, біз оны қолдан шығарып алмауға тиіспіз. 

Мен бұрынғы ұрпақтардың дәстүрлері мен даналығын 

бойына  дарытқан,  жасампаздықтың  жұмсалмаған 

күш-қуатын  жұмылдырған,  интернационализмнің, 

ұлттық және азаматтық келісімнің мол тәжірибесіне 

қаныққан  қазақ  ұлты  өзінің  өңіріндегі  тұрақтылық 

пен тыныштық кепілі болу жөніндегі ұлы борышты өз 

мойнына алып, дүниежүзілік қауымдастыққа лайықты 

түрде кіре алады және кіруге тиіс дегенді айтып тұрмын.

1 желтоқсанда сайлау учаскелерінде жәй ғана бір 

дауыс беру өткен жоқ. Ол қазақтардың, орыстардың, 

украиндардың, корейлердің, немістердің, ұйғырлардың 

–  қазіргі  шиеленісті  уақыт  арқылы  республикамыз-

дың саламатты болашағына біртұтас жұмылып жол 

ашуды ұйғарғандардың барлығының жаңа туысқандық 

қауымдастығын қалыптастырудың бастамасы болды.



Құрметті отандастар!

Қазақстан  Президентінің  бірінші  бүкілхалықтық 

сайлауында  маған  жоғары  сенім  артып,  зор  құрмет 

көрсеткендеріңізді  мен  барынша  жақсы  сезінемін. 

Әртүрлі ұлттар мен әлеуметтік жіктердің, қоғамдық 

қозғалыстар  мен  партиялардың,  діни  қауымдардың 

өкілдерін қамтыған сайлаушылардың – мені және мен 

ұсынған  бағдарламаны  қолдағандардың  барлығына 

шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Бүкілхалықтық 

сенім  мандаты  –  іс-қимыл  құқығы  ғана  емес,  сон-

дай-ақ бүкіл халық алдындағы зор жауапкерші  лік те. 


30

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Сондықтан  мен  сіздердің  қолдау-көмектеріңізге 

сенемін және сіздердің арман-мүдделеріңіз бен үміт-

теріңізді ақтау үшін мүмкін нәрсенің бәрін істеуге уәде  

беремін.


Мен Қазақстан аумағында біздің жоғары дамыған 

көпэтностық  өркениет  құра  алатынымызға  сенемін, 

онда  қазақ  ұлты  қайта  түлейтін  болады,  оған  енген  

барлық  ұлттар  мен  ұлыстар  өздерін  еркін  сезінетін 

болады.


31

Егемен мемлекеттер 

басшыларының кездесуінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1991 жылғы 21 желтоқсан

Қымбатты достар!

Маған  осы  сөзді  сіздерге  арнау  құқығын  беріп 

тұрған  біздің  халықтарымыздың  арасында  қалып-

тасқан дәстүрлі достық байланыстардың зор тарихи 

көрінісі ғана емес. Бүгін сіздерге Қазақстан жерінде 

сәлем бере тұрып, мен ең алдымен біздің болашақ 

қарым-қатынас-тарымыздың негізіне – тәуелсіз еге-

мен  мемлекеттер  арасындағы  қарым-қатынастар-

дың негізіне – біздің ата-бабаларымыздың көптеген 

ұрпақтары  қалыптастырып,  нығайтқан  ұлттардың 

рухани  бірлігі  алынатындығына  сенім  білдіргім 


32

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


келеді.  Өздерін  бір  үлкен  Отанның  ұлдары  мен 

қыздары  деп  сезінуге  үйренген  адамдар  үшін  аса 

қымбат нақ осы бірлік бұдан былай да біздің жаңа 

Достастығымыздың негізгі біріктіруші буыны болып 

табылады ғой деп ойлаймын.

Сөз жоқ, бұрынғы тоталитарлық мемлекеттік жүйені 

қирату бізге оңайға түскен жоқ. Экономиканың дағда-

рысы мен орталық басшылықтың толып жатқан өрескел 

саяси қателіктері арқылы тереңдей түскен осы бір тым 

шетін үдеріс ортадан сыртқа тебуші күштердің тегер-

шігін айналдырып жіберді де бұрынғы Одақтың кейбір 

аймақтарындағы  ұлтаралық  шиеленісті  күшейтіп, 

қатерлі шегіне жеткізді. Бірақ мен әрқашан да ақыл-ой-

дың  парасаттылығына  сендім,  ерте  ме,  кеш  пе,  осы 

заманғы өркениеттің негізгі арнасына міндетті түрде 

қайтып оралатынымызға сендім. Бүкіләлемдік даму-

дың басты бағыты бөліну мен оқшаулану арқылы емес, 

интеграциялану, бірлесу үдерісі арқылы жүреді. Біздің 

бүгінгі кездесуіміз – осынау аса маңызды ақиқатты бірге 

түсінетініміздің сенімді куәсі.

Алайда,  идея  қаншалықты  айқын  болғанымен, 

оның жүзеге асуы тар жол, тайғақ кешумен өтеді. Біз 

бірлесіп  өмір  сүрудің  әртүрлі  жобаларын  талқылау 

үшін,  талай  рет  бас  қостық.  Жасырмаймын,  кейде 

маған қажетті тұжырымдама табылғандай болып көрі-

нетін, тең құқықты және өзара тиімді негізде бірлесуге 

қол созым жер қалғандай болатын. Бірақ өмір өзінің 

өзгерістерін енгізе отырып, бізді оның объективті шын-

дықтарына сәйкесетін бірден-бір айқын әрі жалғыз ғана 

мүмкін нұсқаны бұдан да табандырақ және тереңірек 

іздеуге мәжбүрледі. Бүгін артымызға бұрылып қарап, 


33

өткен  жолымызды  бағалай  келіп  және  оның  басты 

кезеңдерін – Одақтық шарттың көптеген жобаларын, 

Ново-Огарево келісімдерін, Алматыдағы бірінші кез-

десу мен басқа да көптеген жайларды еске ала отырып, 

солардың бәрі босқа жасалған іс болды дей алмаймын. 

Керісінше, біздің әрқайсымыз жекелей де, бәріміз бір-

лесіп те зор саяси, демократиялық және адамгершілік 

жетілу мектебінен, өзімізге болашағын сеніп тапсырған 

халықтардың тағдыры үшін аса жоғары жауапкершілік 

мектебінен өттік.

Жинақталған тәжірибенің арқасында біз, сірә, мемле-

кеттік құрылыстың және мемлекетаралық қарым-қаты-

настардың осы заманғы міндеттерін түсінудің мейлінше 

жаңа деңгейіне шыққанға ұқсаймыз. Ең бастысы, менің 

білуімше, әуелден-ақ текетіресушілік пен сенімсіздік 

идеясын туғызатын этностық, діни және басқа да бел-

гілер бойынша зиянды бөлінушілікті болдырмау біздің 

қолымыздан  келді.  Шығыс  пен  Батыстың  құшағын 

шынайы достықта айқастырып, біз оқиғалардың бары-

сына  алаңдаулы  әртүрлі  ұлттардың  миллиондаған 

адамдарының өте ділгір сұрағына жауап бере алдық. 

Олардың көпшілігі бүгін үмітін сенімге жалғап, еркін 

тыныс алған болар деймін.

Бір-бірімізге қарай жасаған қадамымызды біз «жоға-

рыдан» ешкім айтпай-ақ, орталықтағы әлдебір «беделді 

ағаның» саусағымен нұсқауынсыз-ақ жасағанымызды 

ерекше қанағаттанғандықпен атап өткім келеді. Бола-

шақ Достастықтың нақ өз субъектілері ғана осы кез-

десудің  шынайы  бастамашылары  болды.  Мұның  өзі 

осы дөңгелек үстел басында отырғандардың бәрінің де 

ықылас-пейілінің, біздің татулықта және ізгі ниетті көр-



34

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


шілікте тұруға, халықтарымыздың игілікті өмір сүруі 

үшін, ынтымақтасуға деген шынайы құлшынысының 

тағы бір көрінісі.

Соңғы уақытта қабылданған құжаттарға және еге-

мен республикалар басшыларының мәлімдемелеріне 

қарағанда,  біздің  ядролық  қаруға  бірыңғай  бақылау 

орнатуды  қамтамасыз  ету  және  стратегиялық  тежеу 

әскерлеріне  біріккен  қолбасшылық  құру  мәселесі 

бо  йынша ортақ көзқарас ұстанып отырғанымыз қуа-

нышты. Ядролық қаруды бірыңғай басқару мен оны 

таратудан  бас  тарту,  АЭХА  (МАГАТЭ)  нормаларын 

сақтау  және  тәуелсіз  жаңа  мемлекеттердің  жаппай 

қырып-жоятын қаруды таратпау қызметіндегі Батыс 

елдерімен ынтымақтастығы – бізді әлемдік қоғамдас-

тықтың тануының қажетті шарты.

Қазақстан үшін және, сірә, жалғыз ол үшін ғана емес 

болар, ядролық держава ретінде халықаралық деңгейде 

танылудан гөрі тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жету, 

келешекте  өз  аумағын  ядролық  қарусыз  аймақ  деп 

жариялап, БҰҰ-ға мүше болу анағұрлым артық екенін 

атап көрсеткім келеді.

Келесі  маңызды  мәселе  Достастықтың  құқықтық 

негізіне қатысты. Ыдыраған КСРО-ның бұдан былайғы 

тағдырының көмескілігі барған сайын төзуге болмай-

тындай сипат алып барады: радикалды экономикалық 

реформалар,  республикалардың  әлемдік  қауымдас-

тыққа  кірігуі  тежелуде.  Бірақ  кірігу  үдерісі  берік 

құқықтық іргетас арқылы өтуі қажет екеніне бәріңіз де 

келісетін боларсыздар. 

Біз осы кездесуге қатысушылардың саяси тәжірибесі 

мен парасаттылығына, барлық объективті және субъ-

ективті қиындықтарға қарамастан, біздің оң нәтиже-



35

лерге жететінімізге сенетін миллиондаған адамдардың 

үмітін  ақтай  аламыз  ғой  деп  ойлаймын.  Ешқандай 

әсірелемей-ақ  айтсам,  Жер  шарының  алтыдан  бір  

бөлігінде  қалыптасқан  жағдайға  алаңдаған  бүкіл 

әлемдік  қауымдастықтың да назары бүгін Алматыға 

ауған.  Өз  Достастығымыздың  тағдырын  шеше  оты-

рып, біз көбіне-көп аса күрделі, бірақ, меніңше, онша 

үмітсіз де емес проблемаларды шешудің жауапты, шын 

демократиялық  және  өркениетті  амалдарын  табады 

деп  өзімізге  үміт  артып  отырған  планетаның  саяси, 

экономикалық және адамгершілік ахуалын айқындай-

мыз. Сіздерді, қымбатты достар, бүгін таңда өзімізге 

соншама  қажетті  мәмілеге  қол  жеткізуде  барынша 

шыдамдылық  пен  өзара  түсіністік,  саяси  икемділік 

танытуға шақырамын.



36

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет