Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет18/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38

Нақты тәуелсіздікке

Біз  өтпелі  кезең  туралы  айтып  тұрмыз.  Оның 

мазмұны неде? Біз неге ұмтыламыз? Конституцияда, 

атқарушы және заң шығарушы биліктің құжаттарында, 

кейбір  қазақстандық  партиялардың  бағдарламала-

рында баяндалған бірқатар нақты экономикалық және 

саяси  бағыттар  бар.  Дегенмен,  нақты  міндеттермен 

қатар, ғаламдық мақсат та бар, ал оған қол жеткізбе- 

йінше біз қоғамды реформалау жолымен ойдағыдай 

ілгерілей  алмаймыз.  Әңгіме  республиканың  нақты 

тәуелсіздікке жетуі туралы болып тұр. Оның көптеген 

ерекше белгілеріне, егемендіктің танылуы мен баянды 

етілуіне қарамастан, Қазақстан толық тәуелсіздік алды 

деуге әлі ертерек.

Таяудағы  жылдарда  біз  барлық  күш-жігерімізді 

нақ  осы  үдеріске  шоғырландыруымыз  қажет.  Бұл 

үшін,  жинақтай  айтқанда,  мынадай  өзекті  пробле-

маларды шешуге – мемлекеттік бастауларды нығай-

туға, құқықтық қоғам орнатуға, жаңа технологиялық, 


344

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


құрылымдық, институционалдық негіздегі толыққанды 

ұлттық  нарықтың  қалыптасуын  қамтамасыз  етуге 

тиіспіз. Мәселенің осылай қойылысы, сірә, партиялар 

мен қоғамдық қозғалыстардың, еңбек ұжымдарының, 

кәсіпкер  топтардың,  ғылыми  және  шығармашылық 

ұйымдардың, республика халқының барлық жіктері 

өкілдерінің түсіністігін табатын болар, өйткені аталған 

басымдықтардың  жалпымемлекеттік  сипаты  бар, 

оларды жүзеге асыру Қазақстан қоғамын терең жаңғыр- 

туға қабілетті. Егер біз мұншама қажетті пәтуаға қол 

жеткізе алсақ, онда нақты тәуелсіздікке жету қуатты 

саяси, зияткерлік, рухани қолдауды қажет етеді дейтін 

міндетті шартпен де келісеміз. Бізге бұл бағыттарда тек 

экономикалық, ұйымдық, кадрлық дүмпуді ғана қамта-

масыз етіп қоймай, қоғамды топтастыратын ахуалды да 

жасауымыз қажет. Әрі бұл арада таяудағы да, сондай-ақ 

біршама әрідегі де болашаққа есептелген іс-әрекетімізді 

идеялық тұрғыдан пайымдамасақ болмайды. 

Біз үшін алдағы жұмысымыздың басты саяси қырла-

рының бірі – мемлекеттілікті нығайту. Жалпы алғанда, 

бұл әлемдік өркениет тәжірибесінің заңды тұжырымы: 

терең дағдарыстар мен сілкіністер дәуірінде мемлекет-

тің реттеуші ықпалын күшейтудің объективті қажет-

тілігі пайда болады, ал бұл, бірінші кезекте, дағдарыстан 

шығуды  қамтамасыз  ету,  әлеуметтік-экономикалық 

және  қоғамдық-саяси  жағдайды  тұрақтандыру  үшін 

қажет. Бұл орайда біз негізгі күш-жігерімізді атқарушы 

биліктің рөлі мен жауапкершілігін арттыруға, басқару 

сатыларын нығайтуға, күшті президенттік басқаруды 

қалыптастыруға шоғырландыруымыз керек.

Қазіргі Жоғарғы Кеңес өзінің тарихи борышын орын-

дап,  елдің  заңнамалық  базасын  орнықтыра  отырып, 



345

зор  жұмыс  атқаруда.  Ал  қоғамдық  дамудың  келесі 

кезеңі бізді қалай да міндеттері мен өкілдіктері айқын 

анықталған  кәсіби  парламент  құруға  міндеттейді. 

Дүниеде тараған және мақұлданған сайлау жүйелерінің 

қайсысы  неғұрлым  оңтайлы,  біздің  республикамыз- 

да қолдануға қайсысы қолайлы екені жөнінде ортақ 

бір пікірге келудің маңызы зор. Одан кейінгі міндет 

– орталық мемлекеттік және жергілікті органдардың 

өкілеттіктерін заңнамалық тұрғыдан бөлу, сол бойынша 

жергілікті жерлердегі атқарушы және өкілетті билік 

органдары өздерінің проблемаларын шешуге барынша 

құзыретті болар еді. Сонда орталық құрылымдардың 

сан түрлі ағымдағы жұмыстардан қолдары босап, саяси, 

экономикалық және әлеуметтік дамудың стратегиялық 

бағыттарына жұмылатын болады.

Сот жүйесін де реформалау қажет. Өкінішке қарай, 

адамдар әлі де болса жергілікті жерлердегі сот билігінің 

беделі мен құзыреттілігіне сенбейді. Соттардың әділет-

тілігі мен қызметтерінің сындарлылығы туралы айтуға 

әлі ерте, олар қоғам проблемаларынан аулақ та жатқан 

тәрізді. Сот жүйесін барынша пәрменді ету, оларды 

әсіресе жергілікті жердегі билік құрылымдары тара-

пынан қысым көрсету мүмкіндігінен құтқару қажет. 

Бұл реформаның мейлінше нақты жолдарының бірі – 

арнаулы, айталық, Жоғары сот кеңесінің ұсынысымен 

соттардың  тағайындалуын  Мемлекет  басшысының 

заңмен бекітуі болмақ. Соттардың нағыз тәуелсіздігін 

нақ осылайша қамтамасыз етуге, сот әділдігіне кез кел-

ген қол сұғушылықтың жолын кесуге болады.

Көріп  отырғанымыздай,  Қазақстан  мемлекет-

тілігін  қалыптастыру  үдерісі  –  күрделі,  көп  еңбекті 

қажет ететін, сан қырлы міндет. Бұл ретте ойланбаған 


346

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


асығыстық та, орынсыз жайбасарлық та болмауға тиіс. 

Биліктің  барлық  тармақтарының  өзара  түсіністігін, 

өзара іс-қимылын қамтамасыз ету маңызды. Егер бір 

сәттік саяси пайда үшін мемлекеттің іргесін шайқайтын 

болсақ, болашақ ұрпақтарға теріс қызмет көрсеткен 

боламыз.


Түбегейлі  әлеуметтік-экономикалық  реформа-

ларды жүзеге асыруды, сөз жоқ, негізгі жалпыұлттық 

басымдықтардың қатарына қосқан жөн. Бұл – қазіргі 

Қазақстан үшін, оның тәуелсіздікке жетуі үшін өзекті 

мәселе. Реформалардың тағдыры саяси саланы мемле-

кеттік басқарудың тұтқаларымен тікелей байланысты, 

өйткені Қазақстанның соңғы онжылдықтардағы дамуы 

өте күрделі әрі ауқымды үдерістермен сипатталады. 

Нақ  осы  кезде  республика  аумағында  аса  ауқымды 

бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылды. Олар – тың 

және  тыңайған жерлерді игеру,  өнеркәсіптің орасан 

зор шикізат базасын құру, ядролық және ғарыштық 

зерттеулерді жүзеге асыру.

Алайда, бұл үдерістердің экономикалық және әскери 

жағының сыртында осы бағдарламаларды жүзеге асыру-

мен қоса, Қазақстанға сырттан енгізілген ұлттық, әлеу- 

меттік және мәдени проблемалар зерттелмеген және ой 

елегінен өткізілмеген күйінде қалып қойды. Сапалық 

ілгерілеу болды – қала халқының үлесі алғаш рет ауыл-

дықтар үлесінен асып түсті. Өңірлердің дамуындағы 

әркелкілік күрт күшейді. Елдің еуропалық бөлігінен 

болған орасан көп көші-қон есебінен халықтың ұлттық 

құрамы өзгерді. Қазақ халқының негізгі бөлігі ауылда 

шоғырланғанымен, оның құрылымында айтарлықтай 

қалалық буын пайда болды.


347

Осының  бәрі  саяси  және  мәдени  бағдарларда  аса 

күшті айырмашылықтардың пайда болуына соқтыр-

май қоймады. Сонымен бірге, идеологиялық бірліктің 

сырттай көрінісі әдейі көпірте, баса көрсетіліп, айыр-

машылықтар мен проблемалар елеусіз қалдырылып 

келді. Соның салдарынан халықтың әртүрлі жіктерінің 

идеялық-саяси  қарама-қайшылығы  өрши  түсті.  Ал 

бүгінде олар айқын көріне бастады. 

Нақ осы себепті жаңа экономикалық көзқарас қа- 

лыптастыру  бүгінде  айрықша  орын  алады.  Бұл  ең 

алдымен  оның  реформалар  барысын  жеделдетуге 

тигізетін  тікелей  ықпалымен  байланысты.  Идеялар-

дың  пікір  алуандығына  негізделген  демократиялық, 

құқықтық  қоғам  идеологиясы  меншік  пен  шару-

ашылықты  жүргізу  формаларына  көзқарастардың 

бейнеленуінен  басқа  ештеңе  де  емес.  Біз  алдымызға 

шынайы нарықтық тетіктер мен әлеуметтік бағдардағы 

көпукладты нарықтық экономика құруды стратегиялық 

мақсат етіп қойдық. Яғни, біз жеке адамның экономика-

лық бостандығы мен экономикалық мүдделері шүбәсіз 

болатын, ал өз пікірі мен рухани құндылықтарын еркін 

білдіруіне мемлекет пен заң кепілдік беретін қоғам құру 

жолын таңдап алдық.

Дегенмен, бұрынғы идеологиялық таптаурындардың 

жаны сірі болғандығынан, бұл нормалардың орнығуы 

кінәратсыз өте қояры екіталай. Бізде билік деңгейінде 

де, тұрмыстық деңгейде де реформаларды көпе-көрнеу 

қабылдамау көріністері сирек кездеспейтіні ешкімге де 

құпия емес. Бұл жағдайда не істеуге болады: қатал бағыт 

таңдау ма, мемлекеттің тікелей өктемдігін орнату ма, 

үкіметті сынағаны үшін оппозицияны қуғын-сүргінге 

салу  ма?  Айтпақшы,  экономикалық  реформаларды 


348

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жүргізудің осы заманғы тарихында мұның мысалдары 

аз емес.


Қазақстандағы нақты қоғамдық-саяси жағдай респу-

бликаның халықаралық беделін түсіретін мұндай күш 

қолдану әрекетіне бармауымызға мүмкіндік береді. Тек 

мемлекеттілікті нығайту мәселесінде де, экономикада 

да үкіметтің және негізгі саяси қозғалыстар мен парти-

ялардың реформа мәселелері жөніндегі ұстанымдарын 

екі жақтан да өзара жақындастырмай болмайтынын 

атап өткен жөн. Әрине, әңгіме әлдебір келісімпаздық 

туралы, үкіметтің іс-қимылына сындарлы сын айту мен 

баламалы бағдарламаларға тыйым салу жайында болып 

отырған  жоқ.  Қауіп  басқада.  Кейбір  ТМД  елдерінің 

тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, ол ұлтаралық және 

саяси тұрақсыздыққа байланысты, ал ол, сірә, бірде-бір 

саяси  партияның,  көпұлтты  Қазақстанның  бірде-бір 

тұрғынының мүддесіне сай келмесе керек.

Қазақстанның  экономикалық  кеңістік  пен  уақыт 

аясында суырылып алға шығуына шын көңілден мүд-

делі жұрттың бәрімен мәдениетті, өркениетті үнқатысу 

қажет. Осының бәрін ескеріп, экономика саласындағы 

идеологияның негізгі қағидаттарын тұжырымдау керек. 

Олардың бағыттары мынадай:

– өндірістің бәсекелі өзін өзі реттеуі мен экономика-

лық дамудың негізгі параметрлерінің мемлекет тара-

пынан реттелуінің ұштасуына негізделген әлеуметтік 

бағдарлы, аралас нарықтық экономика құру;

– тікелей материалдық игіліктер өндіретін салалар-

дағы, қызмет көрсету, құрылыс, көлік және сауда сала-

ларындағы жеке кәсіпкерлікке басымдық бере отырып, 

барлық түрдегі өзіміздің кәсіпкерлікті қолдау;


349

– өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру, отын- 

энергетика, металлургия кешендеріне, азық-түлік пен 

халық тұтынатын тауарлар нарығына, коммуникация 

жүйесін дамытуға басымдық бере отырып, оның шикі-

заттық біржақтылығын жою;

– халықты, әсіресе, оның әл-ауқаты төмен, еңбекке 

жарамсыз  топтарын  әлеуметтік  қорғау,  жұмыспен 

қамтамасыз ету, жұмыссыздықты, көші-қон үдерісіндегі 

ретсіздікті жою;

– республиканың орталық «еуразиялық» геосаяси 

орналасуы  жағдайынан  туындайтын  экономикалық 

артықшылықтарын, мемлекетаралық байланыстарда 

экономикалық-саяси серіктестер таңдаудағы прагма-

тизмді пайдалану.

Қалың  бұқара  экономикалық  тиімділік,  адамның 

дербес экономикалық еркіндігі мен жеке меншік деген 

санаттарды түйсініп, қабылдамайынша, нарықты құру 

мүмкін емес. Тегі, енді ғана қалыптаса бастаған әлеу- 

меттік  база  болмайынша,  бұл  категориялар  санаға 

сіңе  алмайтын  болу  керек.  Мұндай  жағдайда  жаңа 

экономикалық идеологияны қорғау функциясын нақ 

мемлекеттің өзі жауапкершілігіне алады. Мемлекеттің 

пәрменді идеялық қолдауынсыз нарықтық психология 

қалыптаса да алмайды. Бұл орайда нақты нарық өзінің 

құндылықтарын насихаттауды ғана емес, қажетті тетік-

тері мен машықтарды игеруді де талап ететінін түсіну 

керек. Қазақстанда сондай тетік-құралдарды меңгерген 

кадрларды  ауқымды  түрде  даярлауды  тек  мемлекет 

қана жүзеге асыра алары анық.

Мемлекеттік бастауларды нығайту құқықтық қоғам 

орнатумен бірге жүргізілуі тиіс. Бұл – жалпыұлттық 



350

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мәні  бар  міндет.  Сөз,  ең  алдымен,  республикадағы 

құқық мәдениеті мен құқықтық реформа мәселелері 

туралы болып отыр, өйткені оларсыз қоғам өрге бас-

пайды, ал тәуелсіздік толыққанды болмайды.

Өркениетті қоғамда құқық мәдениеті – әр адамның 

жалпы мәдениетінің қажетті бір бөлшегі және әрбір 

лауазым  иесіне  қойылар  кәсіби  талап.  Бұл  жөнінде 

мейлінше  байыпты  сөз  болуы  керек,  себебі,  тиісті 

құқық тәртібін орнықтырмайынша, біздің экономиканы 

реформалауымыз, қоғам өмірінде демократиялық нор-

маларды орнықтыруымыз неғайбіл.

Нарық, ең алдымен, тауар өндірушілер мен тұты-

нушылар қарым-қатынасының сапалы заңдар негізінде 

өздігінен  реттелуін  көздейді.  Сондықтан  мүлтіксіз 

жұмыс істейтін заңнама болмайынша, ешқандай нарық 

та жоқ және болуы да мүмкін емес.

Демократия  тежеусіз  билеушіліктен  де,  бетімен 

кетушіліктен  де  айқын  оқшауланған  мемлекеттік 

билікті қажет етеді. Оны тек міндетті құқықтық рәсім-

дерді  сақтау  арқылы  ғана  қорғауға  болады,  өйткені 

азшылықтың  да,  көпшіліктің  де  зорлық-зомбылығы 

бірдей  қауіпті.  Сондықтан  құқықсыз  демократия  да 

болмайды.

Өркениеттіліктің нысаналы идеясы ретіндегі жеке 

адамның бостандығы өзге жеке адамның егемендігін, 

оның қол сұғылмастығы мен абыройын – мейлі ол бала 

немесе ересек адам, жұмыс беруші немесе жалданушы, 

мемлекет шенеунігі немесе қатардағы қызметші бол-

сын – кім-кімнен де қорғауды көздейді. Мұндай заңды 

тең құқықтылық демократиялық жолмен қабылданған 

заңдарды жұрт жаппай орындаған кезде ғана орнығуы 


351

мүмкін. Тек сот қана кез келген әлеуметтік жанжалды 

өркениетті үнқатысуға айналдыра алады. Демек, құқық-

сыз бостандық жоқ.

Өзінің  маңыздылығы  мен  күрделілігі  жөнінен 

құқықтық  реформа  экономикалық  реформамен 

тең екенін атап көрсетуге болады. Құқықтық мемле-

кет  құруды  мемлекеттің  өзінен  бастау  керек.  Бұл  – 

нарықтық экономиканың, демократиялық қоғамның 

қатаң  талабы.  Егер  сапалы  заңдар  болмаса,  оларға 

ұдайы түзетулер мен өзгерістер енгізіп отыруға тура 

келеді.  Заңдар  жұмыс  істемесе,  бұрынғысынша, 

«телефондық құқық» жұмыс істейтін болады. Санада 

құқықтық ойлау орнықпаса, әкімшіліктің, тергеу мен 

сот әділдігінің функциясына қол сұққысы келетіндер 

табылады.

Егер біздің құқық пен адамгершілік идеялары сал-

танат құратын өркениетті қоғам орнатпақшы екеніміз 

рас  болса,  онда  әрбір  азамат  мектеп  қабырғасынан 

бастап-ақ, өзіміз математиканың қарапайым бастаула-

рын білетініміздей, олардың қарапайым бастауларын 

игеріп алуға тиісті.

Кез келген егемен мемлекет сияқты, Қазақстан өзінің 

қорғаныс  қабілеттілігін  сақтап,  ұлттық  қауіпсіздігін 

нығайтатын  болады.  Біз  соғысты  болдырмау  шара-

ларын  да,  республиканың  егемендігі  мен  аумақтық 

тұтастығын қорғаудың әдістерін де көздейтін әскери 

доктрина мен әскери заңдар топтамасын қабылдадық. 

Біздің доктринаның тек қана қорғаныс бағыттылығы 

бар. Бұл ретте біз ТМД елдерінің доктриналарын еске-

реміз  және  бірлескен  қорғаныс  міндеттерін  шешуде 

олармен ынтымақтастықта болуды көздейміз. Алайда, 



352

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


әскери мәселелерде жағдай қалай қалыптасса да, мем-

лекеттер  мүдделерінің  тепе-теңдігін  ескеретін  саяси 

әдістер  ғана  халықаралық  проблемаларды  шешудің 

және жанжалдарды реттеудің өркениетті тәсілі болып 

табылады. Осы бағытқа адалдығын Қазақстан бірнеше 

рет дәлелдеді. Сонымен бірге, біздің геосаяси факторды 

да мұқият ескергеніміз жөн. Әскери саладағы шешімдер 

барынша байсалды болып, өңірде сақталып отырған 

тұрақтылықты ешқандай жағдайда бұзбауы тиіс.

Қорғаныс  қабілеттілігін  сақтау  мемлекеттің  аса 

маңызды  функциясы  саналады.  Мұнда  саяси  астар-

дың да маңызы бар. Біздің Қарулы Күштеріміз қазір 

қалыптасу кезеңінде тұр. Мемлекет оларға күнделікті 

қолдау  көрсетіп  келді  және  көрсете  береді.  Респу-

блика  әскері  өзінің  алғашқы  қадамдарынан  бастап 

жауынгерлік  даярлығын  арттыруға,  жастар  үшін 

Отанға  адалдықтың  шынайы  мектебі  болуға,  біздің  

халқымыздың шын мәніндегі даңқты жауынгерлік және 

еңбек дәстүрлерін дамыта беруге міндетті. Сонымен 

бірге,  қоғамда  Отанды  қорғаушыларға  құрметпен 

қарау сезімін орнықтыру қажет. Әскери қызмет орасан 

зор абыройлы болуға тиіс, әскердің халық арасындағы 

беделін мызғымастай ету керек. Мұнда көп нәрсе әске-

рилердің өздеріне де, үкіметке де, қоғамдық ұйымдарға, 

бәрінен бұрын жастармен жұмыс істейтіндерге де бай-

ланысты. Біз әскердің төңірегінде кінәратты ахуалдың 

қалыптасуына,  әскери  қызметшілер  өздерін  екінші 

сортты адамдар ретінде сезінуіне жол бермеуге тиіспіз.

Мемлекеттің  тәуелсіздігін  нығайта  отырып,  біз 

сыртқы  саясаттағы  бағдарымызды  қалыптастыруды 

жалғастыра беруіміз керек. Біз Қазақстанның халықара-

лық бағыт-бағдарына жұрттың жіті назарын аударып, 



353

зор қызығушылық танытқанын сезіп отырмыз. Базбірде 

республиканың сыртқы дүниеге шығуының бағытын 

алдын ала белгілеуге көрінеу немесе жасырын әрекеттер 

де жасалуда.

Осыған байланысты өзіміздің географиялық орна-

ласуымызды, этнодемографиялық және басқа да фак-

торларды ескере отырып, көпжақты бағдар ұстану аса 

маңызды көрінеді. Біздің халықаралық байланыстары-

мыздың негізінде таяу және алыс шет елдердің бәрімен 

өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени 

қатынастар орнатуға ұмтылыс жатыр. 

Тарихи  дамудың  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

біз  Ресеймен,  Орталық  Азия  республикаларымен, 

ТМД-ның  басқа  да  мемлекеттерімен  ынтымақтас- 

тықты  кеңейтуге  бірінші  кезекте  мән  беріп  отырға-

нымыз  және  солай  ете  беретініміз  сөзсіз.  Олардың 

көпшілігімен  бізді  тығыз  интеграциялық,  одақтас- 

тық,  соның  ішінде  қорғаныс  келісімдері  байланыс- 

тырып отыр.

Экономикалық одақ құру мемлекетаралық байла- 

ныстарды, өзара шаруашылық ықпалдастықты нығай-

туға, жаңа жағдайда ұтымды байланыстарды қалпына 

келтіруге,  тиімді  салалық  ынтымақтастық  орнатуға, 

ақпараттық  және  мәдени  алыс-берісті  кеңейтуге 

қолайлы мүмкіндіктер туғызады.

Біз құрлықтық дамудың серпініне зор мән береміз. 

Біздің  Біріккен  Ұлттар  Ұйымында  ұсынған  белгілі 

бастамаларымыз, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл  

және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңес  шақыруға, 

Азиялық  экономикалық  ынтымақтастық  ұйымының 

қызметіне  байланысты  қадамдарымыз  дәл  осыған 

негізделген.


354

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Сыртқы  саяси  қызметте  біз  жалпы  жұрт  таныған 

халықаралық  нормаларды  дәйекті  түрде  ұстанып, 

өзімізге  алған  міндеттемелерді  мұқият  орындайтын 

боламыз. 

Қазақстанның егемендігі қалыптасуының тағы бір 

аса маңызды факторы әрі онсыз идеялық тұғырнаманы 

құру мүмкін болмайтын ақпараттық тәуелсіздік туралы.

Біз барған сайын жаһандық ақпараттық алыс-беріске 

кеңінен дендеп келеміз әрі бұл оң құбылыс екені дау-

сыз. Алайда бұл үдерісті қарадүрсін түсіндіруге бол-

майды. Халықаралық ақпарат жүйесінің кеңеюі өңір-

дегі демократиялық үдерістердің өздігінен тереңдеуін 

білдірмейді. Дүниедегі ақпараттық арналар біркелкі 

таралмаған және олардың қызмет жүктемесі де әртүрлі, 

ал  бұл  ақпаратты  баяндау  тілдерінің  саны  шектеулі 

болуына және мемлекеттердің қаржылық деңгейі мен 

техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.

Тәуелсіз жас мемлекеттер көбіне сырттан таңылатын 

пікірлердің қатал қысымына ұшырайды. Соның салда-

рынан өзіндік қисыны бар аса күрделі ішкі үдерістер 

сырт көзқараспен бағаланады, көбінесе үстірт, ал кейде 

біржақты түсіндіріледі. Бұл көптеген мемлекеттердің 

шынайы тәуелсіздігін орнықтыру жолындағы өзіндік 

бір кедергіге айналады. Алайда сыртқы ақпарат көз-

дерін жабу біз үшін өзімізді өзіміз оқшаулау болар еді.

Бұдан  шығар  жол  ақпараттық  хабарлардан  саяси 

ұстанымдарды көре білуде болмақ. Мемлекет ақпарат-

тық тепе-теңдікті реттеп отыруға міндетті. Бұл ашық 

қоғам  қағидаттарына  ешқандай  да  қайшы  келмейді 

және сонымен бірге шынайы ақпараттық тәуелсіздікке 

жетуге байыппен қарауға мүмкіндік береді. Бұл ретте 

біздің  бұқаралық  ақпарат  құралдарымыз  республи-



355

каның мүдделерін қорғай білуді, дүние жүзінің саяси 

өрісінде өзінің ақпараттық кеңістігін құруды үйренулері 

қажет. Республикадан тысқары жерлердегі оқырманға 

жол табу керек, бұл әсіресе біздің сыртқы және ішкі 

саяси қадамдарымызды негіздейтін салмақты қисын-

дарымыз жеткілікті болуына байланысты.

Негізгі жалпыұлттық басымдықтарымыз осындай 

және оларды ұстану бізді нақты тәуелсіздікке жеткізетін 

жолға шығарады. Мұның өзі қоғамда топтасушылық, 

тұрақтылық, рухани келісім жағдайын туғызғанда ғана 

мүмкін болмақ.



Идеялық топтасуға жетейік

Қазір ұлттық қозғалыстардың, әсіресе, тәуелсіз жаңа 

мемлекеттерде, орасан зор рөл атқаратынына ешкімді 

де иландырып жатудың қажеті бола қоймас. Кез келген 

халықтың сана-сезімінің, мәдениетінің, руханиятының, 

салт-дәстүрлерінің, тілінің қайта өрлеуінен көрініс таба-

тын ұлттық мүдделерді елеулі дәрежеде қорғайтын да 

нақ солар. Бұл үдерістер қазір Қазақстанда да жүріп 

жатыр. Ұлттық идеяны жүзеге асыру қоғамға көптеген 

оң нәтижелер берді. Мұны көрмеу, ұлттардың өзіндік 

қайта өрлеуге деген табиғи талабын тек басқалардың 

құқықтарын  шектеу  немесе  әлдебір  үрдіске  үстірт 

еліктеп, көбінесе жылтырақ сипатта өткенге үңілу деп 

қарау үлкен қате болар еді.

Жоқ, бұл – қалыпты адами жағдайға қайта оралу. 

Сондықтан  республика  халықтары,  бір  жағынан, 

қазақ халқының санасында болып жатқан өзгерістерге 

түсіністікпен  қарап,  оған  рухани  және  зияткерлік 

тұрғыдан қолдау көрсетуге тиіс. Екінші жағынан, жаңа 


356

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жағдайда  басқа  халықтар  да  қалыптасудың  күрделі 

үдерістерін бастан кешіп отырғанын әрі бұл қазақ ұлты 

тарапынан осындай түсіністік  пен көзқарасты талап 

ететінін көре білу қажет. Басқаларға құрметпен қара-

майынша, өзін, өзінің ұлттық қадір-қасиетін күштеп 

сыйлатуға болмайтыны әркімге де түсінікті болуға тиіс.

Көпұлтты Қазақстан жағдайында жалпыұлттық мүд-

делерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан 

анық, ал ол – қазақ ұлтының біріктірушілік ықпалымен 

барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету. Кез кел-

ген басқа жол апатты қақтығыстарға, демократиялық 

реформалардың тежелуіне соқтыруы мүмкін. Осыған 

байланысты біз үшін өзекті идеологиялық міндет ұлт- 

аралық келісімді қамтамасыз ету болмақшы.

Қазір  Қазақстанның  ұлттық  саясатының  өтпелі 

кезеңге арналған, республикада тұратын ұлттар мен 

ұлыстардың өзіндік ерекшеліктеріне тән мұқтаждарын 

зерттеуді, олардың еркін дамуына қатысты Конститу-

ция  ережелерін  жүзеге  асыруды  қамтитын  арнаулы 

біртұтас тұжырымдамасын жасау өте-мөте қажет. Бұл 

орайда мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар-

дың қызметі әуел бастан халықтардың өзара әрекетте-

стігін дамытуға, алға қойылған мақсаттарға жету үшін 

олардың рухани бірлесуіне бағытталуы өте маңызды. 

Біздің міндетіміз – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты 

топтастырушы факторға айналдыру.

Бұл  міндетті  жүзеге  асыруда  білім  беру  жүйесі, 

отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттармен 

қатар,  ұлттық  мәдени  орталықтар  да  маңызды  рөл 

атқара алады. Олар тек ұлттық сарасананы сақтап қалу-

дың, өзіндік ерекшелігі бар руханилықты дамытудың 

ошақтары ғана емес, сонымен қатар, шынайы интер-



357

национализм  мектептеріне  айналуға  тиіс.  Өздерінің 

адамдармен  тікелей  жұмыс  жүргізу  мүмкіндігін 

пайдалана отырып, бұл орталықтар ұлттық шектелу 

мен  оқшаулануды,  шовинизмнің,  ұлтшылдық  пен 

сепаратизмнің көріністерін жою үшін көп іс тындыра 

алады. Олардың ықпалы ерекше тиімді болатын сала 

да бар. Әңгіме біздің тұрмысымыз, адамдардың күн-

делікті өзара қарым-қатынасы туралы. Кейде елеусіз 

болып көрінетін, бірақ қатерлі салдары бар ұлтаралық 

қақтығыстар дәл осыдан шығып жататыны бар ғой.

Олар мемлекеттік институттармен қатар, халықтар 

арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, пікір алу-

андығын, мәдениеттердің әрқайсысының еркін дамуы 

жағдайында олардың үйлесімін қамтамасыз ету үшін 

көп іс тындыра алады.

Алдағы болашақта, бәлкім, ұлтаралық келісім, бірігу 

идеяларын жүзеге асыру қызметін өз міндетіне алып, 

Қазақстан халықтары форумының басшы органы бола 

алатын  әлдебір  мемлекеттік  емес  құрылым  қажет 

болар. Оның құрамында барлық этностық топтардың 

өкілеттігі,  белгілі  қоғам  қайраткерлері,  республика-

дағы неғұрлым беделді адамдар, әкімдік басшылары 

болуын  көздеген  жөн.  Ол  қоғамдық  ұйымдармен, 

ұлттық  мәдени  орталықтармен  бірлесіп,  халықтың 

барлық жіктерінің күш-жігерін жасампаздық арнаға 

бағыттап, әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың 

өзара қарым-қатынасындағы терең үдерістерді зерттей 

отырып, елдің кез келген өңіріндегі ұлтаралық және 

әлеуметтік  шиеленістерді  болдырмауға  бағытталған 

дәйекті саясат жүргізе алар еді.

Осы  игілікті  жұмысқа  қоғамдық  қозғалыстар  мен 

партиялар белсене қатыса алар еді. Ең алдымен бағдар-


358

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ламалық ұстанымдары реформаларды ілгерілету мақса-

тымен қазақстандық қоғамды топтастыруға бағытталған 

қозғалыстар мен партиялар қатыса алар еді.

Қазақстан  қоғамын  топтастыру  идеясын  жүзеге 

асыруда,  ұлтаралық  келісімді  орнықтырумен  қатар, 

ұлт ішіндегі бірлікті нығайту да маңызды көрінеді. Бұл 

проблема  қазір  орын  алып  отыр,  сондықтан  міндет 

ұлттық идеяның бұл ретте біріктіруші, жұмылдырушы 

рөл атқаруында.

Қазақстанның  өз  ішінде  жүзге,  руға,  аумақтық 

топтарға  бөліну  тарихы  мен  табиғатын,  оның  өткен 

уақыттағы және қазіргі кездегі қоғам дамуына әсерінің 

сипатын зерттеу тұрғысында әлі де ой елегінен өткізу 

қажет. Бірақ мәселе қазір ұлт ішіндегі бөлінудің жаңа 

әрі  зиянсыз  деуге  тіпті  де  болмайтын  үрдісі  пайда 

болуында. Қоғамдық өмірдің демократиялануын, өңір-

лердің белгілі бір дербестігін жергілікті төбе топтар 

ресурстарға жеке-дара бақылау жасаудың тұтқалары 

ретінде пайдалана бастады. Рулық тамыр-таныстықтың, 

туыстық пен аумақтық лоббидің әртүрлі нышандары 

кейде билік құрылымдарында, қаржылық және ком-

мерциялық салаларда көріне бастады.

Жалпы алғанда, қазіргі рулық-тайпалық идеология – 

ұлтішілік ыдырау мен бағдардан айрылудың өте қауіпті 

түрі. Сондықтан да мемлекеттік идеологияның өзекті 

арнасының бірі рулық таптаурындарды  жою  болуға 

тиіс.  Ол  үшін  әлеует  бар.  Бұл  –  ең  алдымен  тарихи 

қалыптасқан ұлттық мемлекеттілік. Бұл – мемлекеттің 

унитарлық құрылымы. Бұл – Қазақстанның аумақтық 

тұтастығы.  Бұл  –  сан  ғасырлық  мәдениеттің  бірлігі. 

Осы ұрандармен бүгінде республиканың барлық жұрт-

шылығы бірігуде және, керек десеңіз, олар қазақ халқын 

ұлттық бірігуге шақыруға тиіс.


359

Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз 

– қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, әр азаматтың 

өзін өзі айқын билеуін қалыптастыру. Мамандар мұны 

«өзін  өзі  сәйкестендіру»  дейтін  терминмен  атайды. 

Әрі әңгіме тіптен де айқын заңдық мәні бар құқықтық 

актілерге қатысты азаматтық туралы болып отырған 

жоқ. Азаматтықты қабылдау мен өзін азамат ретінде 

сезінудің арасында елеулі айырмашылық бар.

Өкінішке  қарай,  бүгінде  біздің  барлығымыздың 

бұрынғы  КСРО-ның  немесе  ТМД-ның  емес,  егемен 

мемлекет Қазақстанның азаматы екендігімізді түсінуіміз 

әбден үстіртін сипатта ғана болып отыр. Оның үстіне, 

бұрынғы мұраттарын жоғалтып, жаңаларына ие бола 

алмай  отырған  халықтың  бірқатар  жіктері  бүгінде 

біршама  абыржушылықты  сезінуде,  ал  бұл  оларды 

атышулы «әлеуметтік атомдар» жиынтығына айналды-

руда. Ал шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты 

қалыптастыру жеке адамның өзін саяси тұрғыдан айқын 

сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын қажет етеді.

Әрбір адамның біздің мемлекетімізге, оның бай да 

даңқты  тарихына,  оның  болашағына  өзінің  қатысты 

екенін  мақтанышпен  сезінетіндей  іс-әрекет  жүйесін 

талдап жасау қажет. Елдің проблемалары да, болашағы 

да барлық адамдарға жақын әрі түсінікті болуы тиіс.

Бұл  міндет  сондай-ақ  білім  берудің,  мәдениет 

органдарының,  қоғамдық  ұйымдардың,  бұқара-

лық  ақпарат  құралдарының  күллі  жүйесіне,  әрбір 

отбасына  қатысты.  Ал  оны  елдің  туын,  елтаңбасын, 

әнұранын  қастерлеуге,  заңға  құлықтылыққа,  мемле-

кетті  құрметтеуге  тәрбиелеуден  бастау  керек.  Әрбір 

адам  бала  кезінен:  Қазақстан – менің Отаным,  оның 

мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жа- 


360

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


уаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетін-

дей еткен жөн.

Идеялық  бірігу  жөніндегі  сындарлы  жұмыстың 

арнасында қоғамда жоғары тіл мәдениетін орнықтыру 

мәселелері де болуға тиіс. Бұл проблема таяуда тым 

саясиландырылып жіберілді, ал оған, осы уақытқа дейін 

әрекет етіліп келгендей, мемлекеттік тілді оқшаулау, 

оны  басқаларға  қарсы  қою  тұрғысынан  емес,  қайта, 

керісінше, оның біріктірушілік рөлі тұрғысынан қарау 

керек. Қазақ тілі мәдениеттің бір бөлігі ретінде барлық 

қазақстандықтарды  біріктірудің  қосымша  факторы 

болуға  тиіс.  Ол  –  барлық  ұлттар  мен  ұлыстар  үшін 

қазақ  халқының  мәдениетін,  дәстүрін,  әдет-ғұрпын, 

тұрмыс-тіршілігін танып-білудің негізі. Оны мәжбүрлеу 

арқылы емес, саналы түрде үйрену, жұрттың барлығы 

үшін бала кезден басталып, ұйымдық және әдістемелік 

жағынан қамтамасыз етілуге тиіс. Әрі мұнда тұратын 

әрбір адам осындай көзқарастың қажеттілігін айқын 

сезінуі керек. Оның үстіне, барлық адамдар тұтастай 

алғанда біздің заңдарымыз және жекелей алғанда тілдер 

туралы заң оларды мемлекеттік тіл мен кез келген басқа 

тілді білуі немесе білмеуі үшін қандай да болсын бір 

шектеулер мен қуғындаудан қорғайтынын білуге тиіс.

Қазақ тілінің біріктірушілік рөлін көтеру мәселесі 

көкейкесті  болатындығының  тағы  бір  себебі  –  соңғы 

ондаған жылдар ішінде қазақ жастарының белгілі бір 

бөлігі ана тілінің қолдану аясын жасанды тарылтудың 

кесірінен өзінің тілдік ортасынан шет қалды.

Бұл проблеманы барынша өркениетті түрде шешуге 

болады. Қазақ халқының осы бөлігінің өзіндік ұлттық 

тамырларынан  нәр  алуға  деген  ынтасы  мен  әзірлігі 

жоғары.  Демек,  жағдайды  шиеленістіре  бермей, 



361

ақтаңдақтардың  орнын  толтыру  үшін  жағдай  жасау 

керек. Ұлттық мәдениет пен тіл өзіне табиғи әрі етене 

адамдар тарапынан адамгершілік сезімталдық та қажет.

Тіл проблемасы жайында айта отырып, оны біздің 

ортақ  мақсаттарымызбен  байланыстыру  қажет. 

Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа терезесі тең дәрежеде 

кіруге ұмтылуда. Ал тілдік тұрғыдан өзін өзі оқшаулау 

онымен еш сыйыспайды. Қазіргі дүниеде ақпараттың 

орасан зор ағынына қосылудың бір арнасы – орыс тілі. 

Сондықтан  оны  білу  –  республика  халықтары  үшін 

жағымды фактор. Тұтастай алғанда, барлық ұлттардың 

жастарына  тілдік  әлеуетті  ұдайы  байытып  отыруға 

деген құштарлық сезімін дарыту қажет. Өз ана тілі мен 

мемлекеттік тілді білумен қатар, қазір еуропа, шығыс 

тілдерін де оқып-үйрену – уақыт талабы. Ал бұл ретте 

мемлекет оқуға барлық жағдайды жасауға міндетті.

Қазақстандағы кез келген сындарлы, бүлдіргіш емес 

идеология біздің мемлекетіміз тек көпұлтты ғана емес, 

сондай-ақ  көп  конфессиялы  екенін  де  ескеруге  тиіс. 

Діни дүниетаным жүздеген мың азаматтарға тән және 

әртүрлі діндерді ұстанушылар саны артып келеді. Діннің 

қоғамдағы орны да өзгерді. Таяуда ғана ол, жұмсартып 

айтқанда, шеткері жақтарда ғана болатын, ал қазір әлеу-

меттік және рухани өмірдің бір бөлшегіне айналып отыр. 

Діннің қайырымдылық қызметінің аясы, атап айтқанда, 

денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салала-

рында кеңейіп келеді (балалар үйі мен қарттар үйін,  

ауруханалар мен білім беру мекемелерін құру). Әртүрлі 

діндердің  адамгершілік  қағидаларының  негізінде 

жалпы адамзаттық мұраттар жататыны әмбеге белгілі. 

Діни қауымдастықтар қоғамда саламатты ахуалды, бей-

бітшілік пен келісімді, руханилық негіздерін орнықтыру 


362

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


үшін көп іс тындыруда. Түрлі діндерді ұстанушылар 

жаңа  мемлекеттілікті  құруға  өздерінің  де  қатысты 

екендіктерін сезініп, оны нығайту мен дамытуға бар 

ділімен мүдделі болуы маңызды. Дінмен идеологиялық 

текетірестен бас тарту, Конституция мен «Діни наным 

бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңның 

қабылдануы  бұл  тұрғыдан  кең  мүмкіндіктер  ашып 

отыр.


Сонымен қатар, мемлекеттің зайырлы сипаты кез 

келген  дінді  немесе  атеизмді  еркін  таңдау  мәселесін 

барынша  демократиялық  түрде  шешуге  мүмкіндік 

беретінін, әртүрлі конфессиялардың теңдігін қамтама-

сыз ететінін баршаның санасына жеткізу қажет. Діни 

бірлестіктерді мемлекеттен бөлу діни қажеттіліктерді 

қанағаттандыру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасап қана 

қоймай, олардың кез келген мемлекеттік институттар 

мен ұйымдардың жұмысына араласпауын меңзейтінін 

түсіну де маңызды.

Конституцияның  діни  негізде  саяси  партиялар 

құруға және діни бірлестіктердің саяси қызметіне жол 

бермеу туралы қағидаларын орындауға қол жеткізген 

жөн.  Діни  сезімдерді  қоғамда  жанжал  туғызу  үшін 

пайдалануға  қарсы  тұру,  діндердің  қызметіндегі  оң 

бағыттарға жәрдемдесу керек. Ал жаңа идеологиялық 

қағидалардың  тиімділігі  сондай-ақ  негізгі  қоғамдық 

күштердің, соның ішінде әртүрлі діндер басшылығының 

үнқатысуды қаншалықты кең әрі табысты жүргізетініне, 

оған қатысушылардың көпұлтты Қазақстан халқының 

игілігі үшін өзара түсіністік пен ынтымақтастық жолын 

бірлесіп іздестіруде қаншалықты ерік-жігер танытаты-

нына да байланысты.


363

Тұрақтылық пен азаматтық келісім ахуалын құру 

қоғамның топтасуын нығайтуға елеулі әсер етеді. Бұл 

ретте мемлекеттің жаңа саяси институттармен – саяси 

партиялармен және қоғамдық қозғалыстармен жақсы 

жолға қойылған үнқатысуына көп нәрсе байланысты. 

Тұтастай  алғанда,  сапалық  және  сандық  жағынан 

қалыптасқан  көппартиялық  туралы  айтуға  әлі  ерте. 

Алайда біз қоғамда саяси оппоненттердің көзқараста-

рына  шыдамдылықты  тәрбиелеуге  тиіспіз.  Жалпы, 

оппозиция  –  қалыпты  әрі  пайдалы  құбылыс.  Бірақ, 

ең бастысы, партиялар, қозғалыстар сындарлы рухта 

іс-қимыл жасап, сынампаздықпен емес, шынайы сын-

мен  айналысқаны  жөн.  Бізге  жалпылама  әңгімелер 

мен сөз жарыстырулар емес, ортақ игілікке қызмет ете 

алатын белгілі бір бағдарламалардың идеялары мен 

нұсқалары қажет. 

Мемлекеттік органдар қазіргі кезде партиялар мен 

қозғалыстарға  қатысты  қоғамның  бір  бөлігінің  мүд-

десіне емес, қайта жалпымемлекеттік мүддені сақтауға 

жәрдемдесетін центризмді ұстануда. Біз алдағы уақытта 

да саяси тұрақтылықты орнықтыратын құрылымдарды 

белсенді қолдаймыз, сонымен бірге, экстремистік идея-

ларға негізделген, Конституцияға қарсы, құқыққа қарсы 

әрекеттердің жолын кесетін боламыз.

Сондай-ақ партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың 

саяси  мәдениетті  қалыптастырудағы,  біз  үшін  жаңа 

саяси дәстүрлерді жасаудағы рөлі аса маңызды. Мұнсыз 

топтасудың негізі ретіндегі тұрақтылыққа, азаматтық 

келісімге қол жеткізу қиын.

Тұрақтылық бізге реформаларды жалғастыру, олар-

дың  кезеңдікке  сәйкесетін  дұрыс  қарқынын  анықтау 



364

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


үшін қажет екенін түсінген жөн. Атап айтқанда, жеке-

шелендіруді жалғастыру үшін белгілі бір мәдени бе- 

йімделу қажет. Яғни, тек түзету енгізу мақсатымен ғана 

емес, сондай-ақ оған қоғамдық сананы әзірлеу, бойын 

үйрету мақсатымен де аялдап, өткен жолды байыппен 

талдау керек болғанда өзіндік бір «есептеу нүктесін» 

белгілеу  қажет.  Мұндай  тәсіл  саяси  реформалауда 

да  өте  маңызды.  Біз  радикалдардың  наразылығына 

қарамастан, саяси жүйені біртіндеп өзгертуге саналы 

түрде бардық. Айтпақшы, кадр мәселесінде де асығыс- 

тықтың қажеті жоқ. Біз үшін тұрақтылық әлдеқайда 

маңыздырақ.

Революциялық секірістер синдромы – қоғам үшін аса 

қауіпті дерт. Әлеуметтік-саяси революциялар – мемле-

кет дамуының ең тәуір тәсілі емес. Қазақстандықтардың 

бүгінгі ұрпағының бір міндеті – эволюциялық тұрпат-

тағы тұтқалар жұмыс істейтін, жаңаруы дәйектілікпен 

жүретін қоғам құру.

Жаңғыру идеологиясының да топтастырғыш бастау-

лары бар, ал оның өзі – көпдеңгейлі күрделі құбылыс. 

Бұл экономикалық реформалардың идеялық тұғырна-

масы да, саяси институттардың өзгеруі де, әлеуметтік 

мінез-құлықтың жаңа тұрпаты да.

Бүгінде  Қазақстандағы  жаңғырудың  қауіптілігі 

туралы айтып, 1930-шы жылдардағы қайғылы тәжіри-

бені еске салатындар екі жағдайды ескермейді. Бірінші-

ден, әңгіме мүлдем басқа жаңғыру туралы болып отыр, 

екіншіден, бұл зорлық-зомбылықты сипатта емес.

Рас,  күштеп  ұжымдастыру  мен  шаруашылықты 

жүргізудің басқа тәсілдеріне зорлап көшіру ең алдымен 

санаулы жылдардың ішінде бүкіл тұрмыс салтын бұзып, 

халыққа аса зор соққы болып тиді. Ол кездегі жаңғыру 



365

саяси тұрғыдан алғанда қоғамның барлық салаларында 

тоталитарлық идеясының үстемдік құруына әкеліп тіре-

ген болатын. Біз нақ осы біркелкілікті жеңуіміз қажет. 

Егер  қоғамды  жаңғыртпасақ,  онда  біз  болашақтан 

айрыламыз.  Тіпті  болмағанда  белгілі  бір  нұсқадағы 

тоталитаризм қалпына келетін болады.

Жаңғыру кемелденген азаматтық қоғамның қалып-

тасуын көздейді. Ал бұл ең алдымен адамдардың ерікті 

түрдегі бірлестіктерінің жиынтығын: отбасын, қоғамдық 

ұйымдарды, діни, мәдени, шаруашылық бірлестіктерін, 

кәсіптік одақтарды және т. б. қамтиды. Олардың ортақ 

сипаттамасы – шын мәніндегі ерікті, мемлекеттік емес 

және саяси емес ұйымдар екендігі. Бұл – адамдардың 

бүкіл жеке өмірі, белгілі бір әдет-ғұрыптары, дағды-

лары мен құқықтары. Бұл – өмірдің бөгде біреулердің 

араласуынан қорғалған саласы.

Осындай азаматтық қоғамның қалыптасуы байыпты 

эволюцияны  қажет  етеді.  Экономикалық  тұрғыдан 

оның негізі – мемлекеттік емес кәсіпорындар, яғни аза-

маттардың ерікті негізде және өзіндік ынтасы бойынша 

құрылған күллі шаруашылық бірлестіктері. Экономи-

каның осы секторы мемлекеттік сектор сияқты маңызға 

ие болған кезде азаматтардың экономикалық бостандық 

дәрежесі олардың өз болашағын өздері айқындауына 

мүмкіндік береді.

Әлеуметтік тұрғыдан бұл – ең алдымен отбасы және 

азаматтардың  барлық  мемлекеттік  емес  қоғамдық 

бірлестіктері, тек саяси мақсаттар үшін құрылмаған 

бірлестіктері. Олар ғалымдар қауымдастығынан немесе 

бұқаралық  ақпараттың  ресми  емес  құралдарынан 

бастап спорт клубына немесе экономикалық ұйымға 

дейін болуы мүмкін.


366

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Ақыр соңында, идеялық тұрғыдан бұл – идеологи-

ялық пікірлер алуандығы, нақты сөз бостандығы мен 

ождан бостандығы.

Қазақстанды жаңғырту әрбір азаматтың бостандығы 

мен тұтастай алғанда қоғамдағы тұрақтылықтың шарты 

болып табылатын азаматтық қоғамның қалыптасуын 

көздейді.

Бұдан бөлек, саяси институттарды белгілі бір жаңғыр- 

ту мен жаппай демократиялық сана-сезімді қалыптас- 

тыру қажет.

Демократияны  әлдебір  анархиялық  бостандық 

ретінде  утопиялық  тұрғыдан  түсіну  шын  мәніндегі 

демократиялық қоғамдардың саяси құрылымына тіпті 

де сай келмейді. Шындығында, олардағы саяси өмірді 

ұйымдастыру біршама өзгеше. Ондағы саясат кәсіптік 

қызмет аясына айналады, халық оған жергілікті өзін-

өзі басқару, сайлау мен бұқаралық ақпарат құралдары 

арқылы қатысады. Бұқаралық митингілік анархия емес, 

қайта нақ осындай құрылыс демократия тұрақтылығы-

ның көрсеткіші болып табылады. Бұл жүйе көппарти-

ялылықты, көптеген азаматтық қозғалыстарды, ұлттық 

мәдени орталықтарды, экономикалық және мәдениет 

қорларын  қамтиды.  Бірақ,  ең  бастысы,  азаматтық 

қоғамда мемлекет адамның экономикалық өмірі мен 

жеке өміріне өзінің араласуын күрт азайтады.

Азаматтық қоғамның қалыптасуы құндылықтарды 

да  жаңғыртпайынша  мүмкін  еместігін  ескеру  керек. 

Мемлекеттік  әсіре  қамқорлықтан  бас  тарту  қажет. 

Әңгіме өзінің тепсе темір үзетін жылдарын қоғамдық 

еңбекке  арнаған  зейнеткер  туралы  болсын  немесе 

еңбекке әбден жарамды адам туралы болсын – солар-

дың бәрі үшін және барлық жағдай үшін мемлекеттің 



367

жауапкершілігіне біздің етіміз үйреніп кеткен. Ал бұдан 

былай қолдау халықтың шын мәнінде ділгер жіктеріне 

ғана көрсетілетін болады. Мақсатты әлеуметтік саясат 

ең  алдымен  тұрмысы  төмендерге,  көп  балалыларға, 

мүгедектерге,  зейнеткерлер  мен  оқушыларға  бағыт-

талған. Бірақ бұл мәселенің бір жағы ғана. Кез келген 

экономикалық  дербес  адам,  әсіресе,  жеке  секторда, 

экономикалық  бостандық  жауапкершілікті  де  талап 

ететінін түсінуге тиіс. Егер әртүрлі жағдайларға байла-

нысты әлеуметтік әлсіз жіктерге жатпайтын болса, әр 

адам өз игілігін өзі жасауы тиіс. Өзінің материалдық 

және әлеуметтік жағдайына деген осы бір жоғары жеке 

жауапкершілік сезімі басты адамгершілік нормалары-

ның біріне айналуы керек.

Сондай-ақ топтық таңдаудан дербес таңдауға көшуді 

жүзеге асыру керек. Жаңа экономикалық, саяси және 

мәдени салада жеке бостандық, жеке таңдау ең мәр-

тебелі  құндылық  болып  табылады.  Қазақстан  жеке 

бостандық пен таңдауға басымдық беретін халықара-

лық құқықтық актілерге тактикалық ниетпен қосылған 

жоқ. Бұл – қазіргі дүниенің бұлжымас идеологиялық 

қағидасы. Топтық бақылаудың бұрынғы жүйесі қирап 

бітті. Ішкі өзін өзі бақылау тетіктерін жасау қажет, ал 

бұл тәрбиенің бүкіл жүйесін өзгертуді талап етеді.

Ақыр соңында, жаңа идеялық тұғырнаманы жүзеге 

асыратын институттарды айқындау қажет.

Саяси  сахнамыздан  кеткен  идеология  туралы 

айтқанда, біз оның институттары да, сол идеологияға 

қызмет еткен зор аппарат та бірге кеткенін ескереміз. 

Әрине,  оны  қалпына  келтіру  туралы  әңгіме  болуы 

да мүмкін емес, өйткені біз идеологиялық қызметтің 

мазмұнына ғана емес, сондай-ақ ұйымдастырылуына 


368

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


да мүлдем өзгеше қағидаттар мен әдістерді жариялаған 

болатынбыз.

Алайда,  кез  келген  демократиялық  мемлекеттегі-

дей,  бізде  қазіргі  заманғы  білімдерді,  қажетті  саяси 

және әлеуметтік-экономикалық ақпаратты таратудың, 

жүргізіліп жатқан өзгерістерге сай имандылық құн-

дылықтарын,  мінез-құлық  нормаларын  насихаттау-

дың  жүйесі  жасалуға  тиіс.  Бұл  үшін  міндетті  түрде 

кәсіби аппарат керек, ал оның міндеті, сондай-ақ біздің 

өміріміздің күрмеулі мәселелерін адамдардың түсіне 

білуіне, саяси-қоғамдық құбылыстарды, экономикалық, 

халықаралық проблемаларды талдай алуына көмектесу 

болмақшы.

Қоғамды реформалау ісі насихатшылар мен идео-

логтардың, оның ішінде бірінші кезекте мемлекеттік 

қызметшілердің аса білімдар топтарына сүйенуі қажет. 

Олар  қалың  бұқараға,  әсіресе,  жергілікті  халыққа 

саяси  және  экономикалық  стратегияны,  тактиканы 

белсенді түрде түсіндіріп, жеткізушілер болуға тиіс. 

Біліксіз, кертартпа көңіл-күйдегі шенеуніктерді озық 

ойлы,  саясаттанудың,  әлеуметтанудың,  психологи-

яның  негіздерін  білетін,  сенімі  берік  және  қажыр- 

лы,  терең  пайымдауға  және  өз  бетінше  баға  беруге 

қабілетті  мамандар,  нарық  заманының  ұрпақтары 

ауыстыруы керек.

Қоғамның саяси мәдениетін қалыптастыруға, оның 

прогресс жолымен дамуына көмектесетін гуманистік 

идеяларды жүзеге асыруға білім беру жүйесі, ғылым, 

мәдениет,  шығармашылық  ұйымдары,  бұқаралық 

ақпарат құралдары қатысуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет