Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

Қымбатты достар! 

Менің  ойымша,  кеше  біздің  көпұлтты  республи-

камыздың  өмірінде  үлкен  оқиға  болды  –  Қазақстан 

халықтарының  форумы  өтті.  Бұл  шараның  маңыз-

дылығы, ең алдымен, онда ұлтаралық келісімді, аза-

маттық тыныштықты, біздің рухани бірлігімізді сақтап, 

нығайту жолдары туралы жемісті әңгіменің өрбуінде. 

Бүгінгі, көңілді кірбің шалған шындықтың аясында бұл 

форум  өтпелі  кезеңдегі  қиыншылықтарды  абырой-

мен аттап өтеміз деген оптимизмге бөлеп, сенімділік 

ұялатқан оқиғаға айналды. Мүдделілікпен болған пікір 

алысулар, форумға қатысушылармен әңгімелер мем-

лекеттің ұлттық саясаты бұдан былай да Қазақстанда 


255

тамыры ғасырларға тартылған достық пен туысқандық 

дәстүрлеріне негізделе береді деген сенімімді нығайта 

түсті.  Біздің  осы  баға  жетпес  игілігімізді  көптеген 

ұрпақтар жасаған, сондықтан да оны жоғалтуға біздің 

қақымыз жоқ.

Бізде еске аларлық та, мақтануға тұрарлық та нәр-

селер бар. Ұлы Отан соғысын – біздің ортақ қасіретіміз 

бен төгілген қанымызды, бәрімізге үлкен жеңісімізді 

ұмытуға  болар  ма!  Қазақстан  жерінде  қалалар  мен 

зауыттар  тұрғызып,  астық  өсірген  ондаған  ұлттар 

өкілдерінің  бірлескен  орасан  зор  еңбегінің  нәтиже-

лерін сызып тастауға болар ма! Мен өткен мен бүгін-

нен  интернационализм  ұғымын  қастерлеп-сақтаған, 

туған республиканың, оның халқының өркендеуі үшін 

өздерінің бар жан жылуын, бар күш-қайратын берген 

және  беріп  келе  жатқан  көптеген  жерлестеріміздің 

есімдерін атай аламын.

Мен кеше форумда Президенттің Бейбітшілік пен 

рухани  татулық  сыйлығын  алғашқы  үш  лауреатқа  – 

академик Мехлис Сүлейменовке, Қазақстанның халық 

жазушысы Дмитрий Снегинге және жазушы Герольд 

Бельгерге зор қанағат сезімімен тапсырдым. Олардың 

республика алдындағы еңбегі мен шығармашылық зор 

табысы кең танымал, олар туралы тағы да айтып жат-

пай-ақ қояйын. Нақ осындай адамдардың арқасында 

– ал олар республикада басым көпшілік екеніне мен 

сенімдімін – біз ұлтаралық татулықты сақтап келеміз, 

жұрт айтпақшы, жерді тіреп тұрған да нақ солар.

Бірге туғандай боп бір шаңырақ астында тату-тәтті 

тұрып,  қуанышы  мен  қайғы-қасіретін  тең  бөлісіп 

отырған адамдардың өзара сезімі мен бір-біріне деген 

ықыласы ешқашан үзілмейтініне сенімдімін. Мен тіпті 


256

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ұлты әртүрлі сан мыңдаған отандастарымыздың төсекте 

бастары қосылғанын айтып та тұрған жоқпын. Мұның 

барлығы – біздің өміріміздің шынайы көрінісі, нақты, 

өмірлік интернационализм.

Мен, форумға Қазақстан халықтарының татулық пен 

бірлік ассамблеясын құруды ұсынғанда, ең алдымен 

осы  адамдардың  қам-қарекеттері  мен  арман-мүдде-

лерін ойлаған едім. Біз Одақ ыдырағаннан кейін пайда 

болған мейлінше жаңа жағдайда тұрып жатқанымызды 

ұмытпауымыз керек. Ірі держава ыдырап, үйреншікті 

қатынастар мен байланыстар үзіліп жатқан жағдайда 

адам өзін қолайсыз сезінбесе біртүрлі оғаш болар еді. 

Әркім өз отбасының, балаларының болашағы туралы, 

қоғамдағы өз орны туралы ойға қалады және, әрине, 

қай  ұлтқа  жататынына  қарамастан,  әрбір  адамның 

айтары бар. Біз сол үнді естіп, белгілі бір халықты не 

алаңдататынын білуге тиіспіз. Не мемлекеттік, не саяси 

емес, бірақ халықпен кең байланысы бар орган ретінде 

Ассамблея ұлтаралық қоғамдық ортаның негізгі мәсе-

лелеріне көңіл тоқтатып, Қазақстанда тұратын алуан 

ұлттар өкілдерінің рухани ұжымдасушылық құлшы-

ныстарының жеткізушісі бола алар еді.

Біршама тұрақтылыққа қарамастан, бізде ұлт сая-

саты мәселесінде проблема жоқ, барлығы да жып-жыл-

мағай, ойдағыдай деп айтуға әлі ерте. Едәуір дәрежеде 

бұл – өткен он жылдықтарда жол берілген бұрмалау- 

лардың,  демографиялық  үдерістерге,  халықтардың 

өзара  қарым-қатынасы  проблемасына  байыпты  да 

көреген көзқарас болмауының салдары.

Осыдан жүздеген жылдар бұрын басталып, бүгінге 

дейін  жалғасып  келе  жатқан  қоныстану  мәселесін 

алайық.  Қай  халық  қашан  және  кімнің  ырқымен 



257

Қазақстаннан  бір-ақ  шыққанын  бүгінде  қайталап 

жатудың қажеті жоқ. Тек бір ғана жайға – миграци-

ялық  үдерістердің  ықпалымен  қоныстанушылардың 

өздерінің де, сондай-ақ байырғы халықтың да психо-

логиялық және әлеуметтік көңіл-күйінің өзгергеніне 

тоқталайын. Мұнда миллиондаған адамдар тоғысты: 

біреулер жақсы тұрмыс іздеп келсе, екінші біреулер 

айдалып,  ал  тағы  біреулері  «комсомолдық  жүрек-

тің  қалауымен»  келді.  Осылардың  бәрі  де  негізінен 

Қазақстанда уақытша болуға келген еді десем қателес- 

песпін. Көбі кейін шынында кері қайтты. Бірақ өмір өз 

дегенін істеді: тәп-тәуір табыс, аз да болса өмір сүріп, 

жұмыс істеуге жарамды жағдай, жергілікті тұрғындар-

мен қарым-қатынастағы тілектестік – сөйтіп, адамдар 

осы жерге бауыр басып қала берді.

Алайда,  ашығын  айтайық,  олардың  байырғы 

халықпен  арақатынасы  тіпті  де  бірмәнді  қалыптаса 

қойған жоқ. Қоныстанушылар да, байырғы халық та өз 

ырқынан тыс, сол кездегі жүйе белгілеп берген өзіндік 

аяда қала берді. Тек сол жүйе күйрегеннен кейін ғана 

жағдай  түзеле  бастады.  Алайда  бұл  үдеріс  ескі  тап-

таурындарды қиратумен байланысты ауыртпалықты 

үдеріс болып шықты. Сондықтан мұны бүгінде барлық 

халықтар жете ұғынуы тиіс.

Ең алдымен, жүздеген жылдар ішінде тұңғыш рет 

мемлекеттілігін орнатуға, толыққанды дамуға, өзінің 

ізгі  дәстүрлерін,  мәдениеті  мен  тілін  қайта  түлетуге 

мүмкіндік алған қазақ халқын түсіну керек. Бұл – табиғи 

құлшыныс және оны барлық халықтардың оң қабыл-

дайтынына сенімдімін.

Сондай-ақ барлық басқа халықтар да тоталитаризм 

дәуірінен  кейін  қайта  жаңғырудың,  жалтақтық  пен 


258

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


таптаурындардан арылудың күрделі кезеңінен өтетінін 

түсіну  қажет.  Рухани  келісім,  кәдімгі  адами  өзара 

түсінушілік – міне, біздің барлығымыздан қазір талап 

етілетін ең басты нәрселер осы болар.

Мен  айтқан  мәселелердің  біз  үшін  принципті 

маңызы бар. Бұлардың барлығы тәуелсіздік жағдайында 

жасалған Қазақстан Республикасының бірінші Консти-

туциясында белгілі бір түрде көрініс табатын болады, ал 

оның жобасын әзірлеу жұмысы қазір аяқталуға жақын. 

Бұл шын мәнінде республиканың барлық халқының 

және жекелей алғанда әрбір азаматтың мүддесін біл-

діретін шын мәніндегі өзекті құжат болмақшы. Адам, 

оның құқықтары, бостандықтары және заңды мүдде-

лері Негізгі заңда алдыңғы қатарға шығарылады. Оны 

бүкіл Қазақстан қоғамының игілігі мен тұрақтылығын, 

мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатымыздың, өзіміз 

бастаған жаңғыртулардың табысты болуын қамтамасыз 

ететіндей ғып жасау біздің қолымыздан келетіндігіне 

мен сенімдімін.

Бүгінде  көп  нәрсе  біздің  халықаралық  аренадағы 

іс-қимылымызға  байланысты.  Қазақстан  әлемдік 

қоғамдастыққа кіру үдерісін белсенді түрде жалғасты-

руда. Бұл, сөз жоқ, қиын әрі көп ретте біз үшін жаңа 

іс. Меніңше, ең маңыздысы айтарлықтай қысқа мерзім 

ішінде түбегейлі ұлттық-мемлекеттік мүддемізге сай 

келетін өзіміздің сыртқы саяси бағдарымызды айқын-

дауға қол жеткендігі болар деймін. Екінші жағынан, 

біздің сыртқы саясатымыздың бойында оны әлемдік 

қоғамдастықтың қолдауын қамтамасыз ететін жалпы-

адамзаттық қуат бар. Мұның жарқын дәлелі Қазақстан 

Республикасының  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  кіруі 

болды.  Біз  БҰҰ-ға  бейбітшілікті  қамтамасыз  етудің 



259

аса маңызды құралы ретінде қараймыз және осы бір 

құрметті де беделді халықаралық ұйымның пәрменді 

қызмет атқаруына ұдайы қолдау көрсететін боламыз.

Қазақстан  Халықаралық  қайта  құру  және  даму 

банкіне, Халықаралық валюта қорына кірді, Еуропадағы 

қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  жөніндегі  кеңестің 

жұмысына қатысуда, басқа да халықаралық ұйымдар-

мен байланыс орнатты.

Қытайға, АҚШ-қа, ГФР-ға, Францияға, Ұлыбритани-

яға, Иранға, Түркияға, Пәкстанға, Үндістанға мемле-

кеттік сапарлар жасалды. Олар саяси байланыстарды 

жоғары деңгейде бекітті, өзара тиімді ынтымақтастыққа 

негіз қалауға көмектесті.

Біздің мемлекетпен ауқымды екі жақты байланыс- 

тарды дамытуға және Қазақстанды сенімді серіктес етуге 

Батыс Еуропа елдері мүдделі болып отырғанын атап 

өткім  келеді.  Бұған  республиканың  демократиялан-

дыруға, экономиканы нарықтық реформалауға алған 

бағыты, Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы 

буын мүмкіндігін беретін геосаяси жағдайы көмектесті.

Біздің  АҚШ-пен  байланыстарымыз  барған  сайын 

мазмұнды  бола  түсуде.  Олар  алдағы  уақытта  да 

Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай келетін болса, 

біз бұл байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытуды 

жақтаймыз.

Шығыстағы ұлы көршімізбен сауда-экономикалық 

ынтымақтастықта айтарлықтай ілгерілеушілікті қамта-

масыз еткен Қытай Халық Республикасымен белсенді 

саяси сұхбат жүргізілуде. Бізді тарихымыз бен мәдени-

етіміздің ортақтығы байланыстыратын Түркиямен ара-

дағы достық пен ынтымақтастық үнемі нығайып келеді. 

Араб мемлекеттерімен қатынастар жолға қойылуда.


260

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Біздің  сыртқы  саяси  проблемаларға  мемлекеттік 

көзқарасымыз халықаралық тұрақтылыққа деген терең 

мүдделілікпен анықталады. Біз барлық елдермен қаты-

настардың тепе-тең дамуын жақтаймыз және жекелеген 

этностық қауымдастықтар мен саяси одақтарға қарай 

бұра тартпақ емеспіз. 

Біздің  сыртқы  саясатымыз  үшін  ел  қауіпсіздігін 

қамтамасыз еткеннен және қазақстандықтардың бейбіт 

өмірін қорғаудан артық маңызды міндет жоқ. Мұндағы 

ең маңызды мәселе – Ресеймен қарым-қатынасымыз. 

Біз онымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек 

туралы ұзақ мерзімді шарт жасасып та қойдық. Алайда 

пәрменді ұжымдық қауіпсіздік жүйесінен тыс жағдайда 

аймақтағы нақты қауіпсіздік туралы айту мүмкін емес 

шығар.  Осыны  басшылыққа  ала  отырып,  біз  Азия-

дағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға, азиялық 

қауіпсіздік тетіктерін құруға бағытталған шараларды 

қолдаймыз.

БҰҰ  Бас  Ассамблеясында  сөйлеген  сөзімде  Азия-

дағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  кеңесін 

шақыру мен оның қызметінің кезең-кезеңді қамтитын 

перспективасы осы қызметті одан әрі дамытумен қатар 

баяндалған болатын.

Республиканың аймақтық проблемалар жөніндегі 

ұстанымы кез келген даулы мәселе бойынша реттеу-

дің сенімді әрі баршаға қолайлы формуласы жасалуы 

тиіс екендігіне сүйенеді. Біз БҰҰ мен басқа да өңірлік 

институттардың бітімгершілік әлеуетін күшейтуді сөз-

сіз қажет деп есептейміз.

Республика  төңірегіндегі  әскери-саяси  жағдайды 

бағалап, әскери қауіптің ауқымы мен сипатын болжай 

отырып, біз стратегиялық шабуылдаушы қаруларды 



261

қысқарту туралы қол жеткен келісімді құптаймыз, жап-

пай қырып-жоятын қарудың басқа түрлеріне тыйым 

салуға  бағытталған  бастамаларды  қолдаймыз.  Бұл 

мәселе бойынша біз Ресеймен, Украинамен, Беларусь-

пен бәтуалы бағыт жүргіземіз және әскери құрылысты 

принципінде  ТМД  мүшелерімен  бірлесіп  жүргізу 

қажет деп есептейміз. Міне, сондықтан біз тиісті шартқа 

қол қоюға бардық, біртұтас қорғаныс кеңістігі арқылы 

біріккен мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіру үшін 

қадамдар  жасаудамыз.  Біздің  әскери  доктринамыз 

Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен 

тәуелсіздігін қарумен қорғау үшін не қажеттің бәрімен 

жарақтанған шағын, икемді армияның болуын көздейді.

Біздің  сыртқы  саясатымыздағы  басымдықтардың 

арасында  –  ашық  теңізге  бөгетсіз  шығуды  қамтама-

сыз ету, Тынық мұхиттан бастап Қытай, біздің аумақ, 

Орталық Азия, Иран және Түркия арқылы трансеура-

зиялық теміржол транзитін ұйымдастыру бар. Мем-

лекеттік делегацияның Иранға соңғы сапары Каспий 

теңізін Қазақстанды Солтүстік Иранмен және Парсы 

шығанағымен  байланыстыратын  көлік  артериясына 

айналдыру  туралы  уағдаластықпен  аяқталды.  Осы 

жоспарларды жүзеге асыруда біз халықаралық эконо-

микалық ұйымдармен ынтымақтастыққа үміт артамыз. 

Сондай-ақ дүние жүзінің көптеген мемлекеттерімен әуе 

қатынасы да дамиды.

Біздің  сыртқы  саясатымызда  ескерілетін  тағы  бір 

жайт – «ислам факторы». Біз оған реалистік тұрғыдан 

қараймыз және халықтың ислам мәдениетінің рухани 

негіздеріне деген ынтасын, исламның қазіргі заманғы 

халықаралық  қатынастардағы  маңызын  ескереміз. 

Ислам  дүниесі  зор  ресурстарға  ие,  сондықтан  мұны 


262

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


назарға  алмауға  болмайды.  Сонымен  бірге,  елімізде 

діни фундаментализмнің күшеюі туралы әңгіме жүргізу 

үшін бізде ешқандай да негіз жоқ.

Біздің  сыртқы  саясатымыздың  басым  бағыттары-

ның бірі – ТМД елдерімен өзара қарым-қатынас. Бұл 

қатынастар оп-оңай дамып жатқан жоқ. Бұл туралы 

менің талай рет айтуыма тура келген. Бірақ біз өзара 

іс-қимыл мен ынтымақтастық қалайда кеңінен қанат 

жайып, нығаюы үшін барлық күш-жігерді жұмсаймыз. 

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан сындарлы ұсыныстар 

жасамаған  мемлекет  басшыларының  немесе  үкімет 

басшыларының бірде-бір кездесуі болған емес.

Алайда олар әрқашан да түсіністікке ие бола бер-

мейді, ал кейде дәлелсіз секемшілдік туғызады. Мей-

лінше айқын айтайын: біздің ұсыныстарымыздың екі 

жақты сипаты жоқ, біз әлемдік экономикалық қоғамдас- 

тықта қалыптасқан мінез-құлық ережелерін сақтауға 

тырысамыз. Қазақстан бұрынғы тиімсіз шаруашылық 

байланыстарды сақтауға шақырмайды, дегенмен жаңа, 

барынша тиімді байланыстар табылғанға дейін қазіргі 

жағымды  әрі  өзара  қолайлы  нәрсенің  бәрін  бұзуды 

да  жақтамайды.  Біз  сондай-ақ  экономикалық  кірігу 

мәселесін саяси мемлекетаралық құрылыс проблема-

ларынан анық ажырата қараймыз.

Біз  қаншалықты  қаламасақ  та,  мемлекетаралық 

еңбек бөлінісі, сауда рыноктарындағы бәсекелестік және 

тағы  сол  сияқты  әлемдік  шаруашылық  қағидаттары 

объективті түрде өмір сүреді. ТМД  мемлекеттерінің 

жеке алғанда қай-қайсысында болсын бүгінде, шикі-

зат  пен  қару-жарақтан  басқа,  толық  өзіне  жетерлік 

экономикасы, әлемдік рынокта бәсекелес бола алатын 

өнімдерінің толық шоғыры жоқ. Сондықтан мемлекет- 



263

аралық  кооперацияны,  ортақ  кеден-экономикалық 

кеңістікті, Достастықтың рубль аймағын сақтау және 

дамыту  қажеттігі  мен  мүмкіндігі  объективті  түрде 

бар.  Тек  осы  жағдайда  ғана  біз  отандық  өнімдердің 

дүниежүзілік рынокта бәсекелес бола алмауынан сөз-

сіз бататын шығындарымызды біршама өтей аламыз, 

миллиондаған адамдарды жұмыс орнымен, еңбекпен 

және табыспен қамтамасыз етеміз.

Бір  сөзбен  айтқанда,  қиындықтарға  қарамастан, 

біз ТМД мемлекеттеріне қатысты өз идеяларымызды 

табанды түрде жүргізетін боламыз. Олар өзара тиімді 

институционалдық құрылымдар құру арқылы жүзеге 

асуы әбден мүмкін.



Қымбатты отандастар!

Өткен кезең қиын да болса жемісті жұмыспен өтті.  

Біздің әрқайсымыз, сайып келгенде, оның тиісті жемісін 

беретіндігіне, Қазақстанды өркендеген және лайықты, 

бақытты өмірдің өркениетті жолына шығаратынына 

сенетінімізді айтсам, қателеспеспін. Бұл, сөзсіз, солай 

болады.  Дегенмен,  алда  тұрған  істердің  ауқымы  аса 

қомақты,  сондықтан  оның  адам  айтқысыз  көлемін 

еңсеру үшін көп уақыт қажет етіледі. 

Шындықтың бетіне тура қарасақ, біздің қоғамымыз 

әзірге  өткеннің  ескі  дағдысымен  өмір  сүріп  жатқан-

дығын мойындауымыз керек. Қазақстан Республикасы 

–  өз  заңы,  өз  жолы,  өзінің  болашағы  бар  мемлекет 

дейтін шындықты жұрттың бәрі әлі толайым танып, 

білген жоқ. Сондықтан да біз, республикада тұратын 

барлық адамдардың игілігі үшін, қандай күрделі болса 

да,  өзіміздің  барлық  түйіндерімізді  бірлесе  отырып 


264

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


шешуге тиіспіз. Біз үшін ешкім де Қазақстанды жаң- 

ғыртып  бермейді,  ол  үшін  әлемдік  қоғамдастықтан 

орын  әпермейді,  біздің  тұрмысымыздың  деңгейін 

көтермейді.

Бүгінде біз өз іс-қимылдарымызды салыстыратын 

нақты  бағдарларымызды  естеріңізге  салғым  келеді. 

Таяудағы 3 жылда тұтыну рыногын қалыпқа түсіріп, 

содан кейінгі 5 жылда экономиканың шикізаттық сипа-

тын жеңіп, 10–15 жылда жаңа индустриялық елдердің 

қатарына  қосылуымыз  керек.  Егер  біздің  тыныс-тір-

шілігіміздің тек қана материалдық жағын ғана алатын 

болсақ, міне, біз осыған ұмтыламыз.

Сондықтан  да  мен  сіздерді  қажырлы  еңбекке, 

төзімділік пен ұлттық келісімге шақырамын, өйткені 

тек осы үш фактор ғана халықтың алға қойған мақсат-

тарына жетуінің берік кепілі бола алады.

Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты қазақстан-

дықтар! 


265

Қазақстан Республикасы  

Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының 

X сессиясында Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар 

мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды 

тереңдету бағдарламасы туралы

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1993 жылғы 18 қаңтар

Құрметті депутаттар!

Мемлекетте  конституциялықтың  баянды  етілуі 

– дағдарысқа қарсы және әлеуметтік кепілді рефор-

маларды  жүргізудің  маңызды  шарты.  Конституци-

яға  деген  абстрактілі  құрмет  қана  емес,  сонымен 

бірге,  Конституция  мен  одан  туындайтын  заңдарға 

құйтыр  қы түсінік берудің жолын кесіп, оларды мүл-

тіксіз орындау төменнен жоғарыға дейін қамтамасыз 

етілмесе, реформа күйрейді. Реформалардың басты 


266

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жауы  –  саяси  және  құқықтық  былыққа,  жершіл-

дікке  тек  конституциялық  қана  қарсы  тұра  алады. 

Реформаларды жүргізу үдерісі заңнан тыс қалмауы 

керек,  әйтпеген  жағдайда  реформаланушы  эконо-

миканың жалпы жай-күйі қылмыстың, соның ішінде 

ұйымдасқан қылмыстың жүгенсіз кетуімен айқында-

латын болады.

Бүгінде  реформалардың  саяси  бағытын  түбегейлі 

өзгерту  үшін  объективтік  негіз  жоқ.  Осыны  түсіне 

отырып, халық сайлаған Президент ретінде менің де 

реформадан ауытқуға қақым жоқ. Менің бұл сенімім 

өзімнің сайлау алдындағы тұғырнамама сай келеді.

1992  жылдың  басынан  бастап  республика  үкіметі 

Ресей еріксіз таңған ойын тәсілін қабылдауға мәжбүр 

болғаны  өздеріңізге  мәлім.  Әңгіме  екі  үкіметтің  де 

экономиканы ырықтандыру мен ақша-қаржы жүйесін 

тұрақтандыруды  бір  мезгілде  жүзеге  асыруға  сенім 

артқанында  болып  отыр.  Өткен  жылдың  тәжірибесі 

қысқа уақыт аралығында бұл екі мақсатқа қол жеткізу 

мүмкін емес екенін көрсетті.

Түбегейлі  мәселе  Қазақстанның  объективтік  заң-

дылықтары мен ерекше жағдайы осы міндеттерді қан-

шалықты шешуге, қандай ретте және қандай мерзімде 

шешуге мүмкіндік беретіндігінде болып отыр. Объек-

тивті жағдайларды елемеу, екі проблеманы да атүсті 

шешуге  әрекет  жасау  елді  зор  қатерге  ұрындыруды 

білдірер еді.

Басқа  елдердегі  тұрақтандыру  бағдарламаларын 

жүзеге асыру тәжірибесіне сілтеме жасау, әлдебір жал-

пылама, сыналған сызба бойынша әрекет етуге ұмтылу 

орынсыз болып көрінеді.


267

Тұрақтандыру бағдарламалары жүзеге асырылған 

мемлекеттерде экономика өзінің бастапқы жағдайында 

нарықтық болды немесе, ең бері салғанда, ол біздегі 

сияқты мұншама терең ырықтандыруды қажет еткен 

жоқ.


Бүгінгі міндет – қаржыны тұрақтандырумен қатар,  

өндіріс  пен  тұтынудың  құлдырауын  тежеу,  тұтыну 

кешені  салаларындағы  дағдарысты  құбылыстарды 

болғызбау. Бұл ретте кәсіпорындардың жаппай бан-

кротқа ұшырауы мен үлкен жұмыссыздыққа жол бер-

меу  үшін  еліміздің  ұлттық  мүдделерін  басшылыққа 

алу керек.

Үкімет  сіздердің  алдарыңызда  дағдарысқа  қарсы 

шұғыл шаралар мен әлеуметтік-экономикалық рефор-

маларды  тереңдету  жөніндегі  өзінің  бағдарламасын 

баяндады. Оны талқылау кезінде сындарлы да салиқалы 

ұсыныстар айтылды, үкімет өз бағдарламасын одан әрі 

жүзеге  асыру  кезінде  соларды  ескеруі  керек.  Үкімет 

бағдарламасы,  республиканың  бюджеті  мен  төлем 

балансын қоса алғанда, нақты есептерге негізделгенін 

атап өткім келеді. Соңғысын Қаржы министрлігіндегі, 

Ұлттық  мемлекеттік  банктегі,  Статистика  жөніндегі 

мемлекеттік комитет пен Жоғары экономикалық кеңес- 

тегі біздің мамандар тұңғыш рет халықаралық қаржы 

ұйымдары  сарапшыларының,  сондай-ақ  осындай 

реформаларды  жүзеге  асыру  тәжірибесі  бар  шетел 

кеңесшілерінің қатысуымен жасады. 

Алайда  экономикалық  реформаларды  тереңдету 

мен дағдарыстан шығу жөніндегі нақты, өзара үйлесімі 

қисынды ұсыныстардың орнына жекелеген саясатшы-

лар тырнақ астынан кір іздеушілікке салынуда. Және 

де көп ретте дәлелдердің жетіспеушілігі қиып түсетін, 


268

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


бірақ істің мәнін ашып көрсетпейтін бөспелікпен ал- 

мастырылады.

Кейбір депутаттар үкіметті өз бағдарламасын әзір- 

леуге экономист-ғалымдарды тартпайды деп кінәлайды. 

Осыған байланысты мен Жоғары экономикалық кеңес 

мәжілісінде  жеке  өзім  ғалымдарымыздың  пікірін 

тыңдағанымды  айтқым  келеді.  Олардың  ешқайсысы 

нақты,  бірегей  идеялар  ұсына  алмады  және,  менің 

білуімше,  олар  нарықтық  экономиканың  заңдарын 

жеткілікті түсінбейтін де сияқты. Экономикалық инсти-

туттар, шетелдіктерді қоса алғанда, әртүрлі сарапшы-

лар ұсынған материалдарды егжей-тегжейлі зерттеу, 

сондай-ақ интеллигенция мен партиялардың жекеле-

ген өкілдерінің сөйлеген сөздері осының бәрі негізінен 

құрастырмалы сипатта екенін және бұқаралық ақпарат 

құралдарында  жарияланған  әртүрлі  мақалалардың 

«ғылыми тұрғыдан» баяндалуы болып табылатынын 

көрсетті. Немесе өздерінің бір байланыстары бар нақты 

бір шетел компаниясына ғана, оның үстіне баламасыз 

түрде қолдау көрсетуді ұсынады. Әрі олары үкіметтің 

экономикалық саясатын жақсартуға бағытталған ба- 

йыпты ұсыныстар ретінде көлденең тартылады. 

Мен  біздің  экономист-ғалымдарымыздың  және 

популистердің де ғылыми мүдделерін талдап көрдім. 

Бізде  макроэкономика,  қаржы,  ақша-несие  және 

сыртқы экономикалық мәселелер бойынша ірі маман-

дар ғана емес, тіпті орта буын мамандар да жоқ екені 

айқындалды. Мұны Қазақстанның алдында бұрын осын-

дай міндеттердің қойылмағанымен түсіндіруге болар. 

Әйтсе де әркім өзін осы мәселелер бойынша маман деп 

есептеп, мақалалар жариялап жатады, ал оларын оқып 

көрсең,  өздерінің  біліксіздігіне  тағы  да  көзің  жетеді. 



269

Әркім өз ісімен білікті түрде шұғылдануы тиіс. Пікірлер 

алуандығына деген құрметіме қарамастан, әлемде ең 

алдымен адамдардың біліктілігі бағаланатынын ұмыт-

пауымыз керек.

Мен  жүргізіліп  жатқан  реформаларды  ғылыми 

тұрғыдан  қамтамасыз  етудің  қажеттігіне  және  оның 

тиісті  дәрежеде  орындалуы  көп  жағдайда  ғылымға 

келіп қосылатын, қазірдің өзінде келе бастаған жаңа, 

жас  күштерге  байланысты  екендігіне  сенімдімін. 

Икемді  экономикалық  саясатты  жүзеге  асырудағы 

табысқа, біріншіден, аса көрнекті «адами материалмен» 

жасақталған мемлекеттік бюрократия жүйесі арқылы, 

екіншіден, осы жүйені практик ғалымдар қатарымен 

нығайту, олардың бас-аяғы жоқ дерексіз пікірсайыс- 

тарға түсіп кетпей, нақты болмысты құрметтеуге ойы-

суы арқасында қол жеткізуге болады.

Үкімет  бағдарламасының  артықшылықтары  мен 

кемшіліктерін  тізбестен,  мен  бұл  жерде  депутаттар 

көтерген кейбір даулы мәселелерге және оларды жүзеге 

асырудың тетіктеріне тоқталғым келеді.

Бірінші  –  1993  жылға  арналған  бюджет  мәселесі. 

Жоғарыда айтып өткенімдей, оның кіріс және шығыс 

бөлігі  инфляцияны  тоқтатуға  бағытталған  үкімет 

Бағдарламасын негізге алып құрылды. Мен салық сая-

саты әзірге жетілмеген дегенмен келісемін. Бірақ неден 

үнемдеуге болады? Сіздер егемен мемлекетіміздің өз 

Қарулы  Күштерін  құру  жағда-йында  әскердің  жеке 

құрамын ұстаудан үнемдеуге болмайтынымен келісетін 

шығарсыздар. Немесе ғылыми-зерттеу және конструк-

торлық-тәжірибе  жұмыстарынан,  сондай-ақ  мәде-

ниеттен үнемдеуге болмайды, өйткені бюджетте осы 

мақсаттарға көзделген шығындар онсыз да төменгі дең-


270

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


гейде тұр. Әлеуметтік шығындарды қысқарту керек пе?  

Бірақ  тіпті  олардың  құрылымдары  жетілмей  отыр- 

ғанның өзінде олардың көлемін азайту қиын және де 

мұны халық мүддесі үшін үнемдеу деп айтуға да бол-

майды. 

Бюджеттің шамадан тыс тапшылығының, алды-ар-



тына қарамастан беріліп жатқан мемлекеттік дотация-

лар мен тегін несиелердің салдары – инфляция, инфля-

ция,  инфляция.  Біз  өз  жағдайымызды  басшылыққа 

алуымыз керек және біз шаруашылығымызды қира-

тушы инфляцияны тоқтатпасақ, онда өнім құнының 

инфляциялық өсуінен озық жүретін халықтың нақты 

табысының  инфляциялық  құлдырауы  болады  да, 

соның салдары ретінде мемлекеттік кәсіпорындардың 

тұтынушыларға  инфляциялық  салық  салу  өктемдігі 

орын алады. Мен бюджеттің нөлдік тапшылығына жету 

туралы айтып тұрған жоқпын, дүние жүзінде ондай 

елдер де жоқ. Біз өркениетті нарықтың көріністеріне: 

салық төлеушілердің байлығын ынталандыру, экономи-

каны сауықтыру, инвестициялық қызметті жандандыру 

есебінен бюджеттік түсімдерді өсіруге негізделген бюд-

жеттің серпінді тұрақтануын қамтамасыз етуге тиіспіз. 

Екінші  жағынан,  егер  бағаның  ырықтандырылуы 

жағдайында бұл үдеріс тұтыну тауарлары мен өндірістік 

ресурстар жеткізілімінің кеңейтілуімен қатар жүрмесе, 

тауар жетімсіздігі мен инфляция адам айтқысыз қатаң 

түрге енеді. Сондықтан қазақстандық тауар өндірісінің 

әлеуетін толығымен іске қосу үшін барлық мүмкіндікті 

жасау  өте  маңызды.  Осы  мақсатта  үкімет  белсенді, 

нысаналы құрылымдық саясат жүргізетін болады, ал 

ол нарықтық қатынастардың дамуына бөгет жасамай, 

сонымен  бірге,  халық  шаруашылығын  қайта  құруға 



271

басқарылатын  сипат  беріп,  өмірге  бейімсіз  өндіріс-

терді тұқырту қарқынын институционалдық өзгеріс- 

термен,  инвестицияларды  тарту  мүмкіндіктерімен, 

жаңа жұмыс орындарын құрумен және әлеуметтік-са-

яси тұрақтылықты қамтамасыз етумен сәйкестендіре 

алар еді.

Шындық мынада: Қазақстанның белсенді құрылым-

дық саясатты жүзеге асыруына мүмкіндігі тым шектеулі. 

Демек, әңгіме басым салаларды бөліп алып, оларды қол-

дау жөнінде шаралар белгілеу туралы болуы керек. Мен 

қазіргі кезеңде мынадай басымдықтарды бөліп көрсетуге 

болады деп санаймын:

– отын мен қуат – тіршілікті қамтамасыз ету жүйе-

лерінің бірі және негізгі экспорт базасы ретінде;

тұтыну секторының салалары;

–  әлеуметтік  инфрақұрылымды  жетілдіру  үшін, 

өнеркәсіп өркениетінің үдерісі үшін өмірлік қажетті 

металлургия кешені;

–  коммуникация  –  нарықтық  экономиканың  аса 

маңызды алғышарты ретінде.

Мен үкіметке осы бағыттар бойынша индикативті 

жоспарлаудың негізін құрайтын Мемлекеттік бағдар-

ламалар жасауға тапсырма бердім. 

Бұл жерде мұның тек мынадай шаралар кешенін 

қамтуы керек екенін айтпақпын. 

Біріншіден, бұл тауар өндірушілерге қатысты қаржы- 

экономика  сипатындағы  елеулі  акциялар  кешенін 

жүргізу. Әңгіме ең алдымен мемлекеттік кепілдіктер 

беру арқылы қабылданған басымдықтарға сәйкесетін 

инвестициялардың жобалары бойынша банк инвести-

циялық несиесін қолдауды қамтитын несие саясатын-



272

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дағы өзгерістер, қаржы ресурстарын тарту үшін құнды 

қағаздарды шығарып, орналастыру туралы болып отыр.

Екіншіден, бұл – өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы 

өндірісін тікелей реттеу жүйесіндегі өзгерістер. Мұндай 

алға басудың базалық элементі – өзара келісім-шарт 

бойынша басқару жүйесі.

Үшіншіден, кәсіпорындардың экономикалық бел-

сенділігін қамтамасыз ететін ынталандырушы салық 

саясатын жүзеге асыру.

Және, төртіншіден, тікелей шетелдік инвестиция-

ларды тартудың қолайлы жағдайларын жасап, тетігін 

игеру.


Экономиканы құрылымдық қайта құрудың басым 

бағыттарын  жүзеге  асыру  үшін,  қажетті  ішкі  және 

сыртқы инвестициялық ресурстар Экономика мини-

стрлігіне  шоғырландырылуы  керек.  Бұл  бағыттағы 

алғашқы  қадам  қазірдің  өзінде  жасалды  –  Шетел 

инвестициялары жөніндегі агенттік осы министрлікке 

берілді. Таяудағы уақытта инвестициялық қорлар бо- 

йынша тиісті шешімдер қабылдау қажет. Үкімет Даму 

банкін құру қажеттігі туралы мәселені жеріне жеткізуі 

тиіс,  оған  республикалық  бюджеттен  мемлекеттік 

басым бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жеңілдік 

жағдайымен немесе пайызсыз ұзақ мерзімді несие беру 

тетігінде маңызды рөл атқаратын қаржы аударылатын 

болады.


Түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысында 

банкрот  кәсіпорындар  пайда  болуы  мүмкін  екенін 

ашық айту керек, бірақ бұл үдеріс жойқын стихияның 

ырқында кетпеуі тиіс.

Кең ауқымды жекешелендіру – аса маңызды инсти-

туционалдық өзгерістер, экономикалық реформаның 



273

орталық буыны. Оны меншік қатынастары сияқты күр-

делі де нәзік салада әбігерлі де волюнтаристік әрекет-

терсіз дәлме-дәл және мұқият құрылған тұжырымдама 

негізінде сенімді түрде, кезең-кезеңімен жүргізу керек. 

Мұнда  ең  маңыздысы  меншікті  тарату  емес,  одан 

кейін не болатынында. Жұрттың бәрін біркелкі мен-

шік иелері мен біркелкі өндіріс қожалары ету әрекеті 

сәтсіздікке ұшырады. Өйткені әркім өндірістің меншік 

иесі,  қожа-йыны,  ұйымдастырушысы  бола  алмайды 

және мұны біздің тарихымыз дәлелдеп берді. Басқаруға 

қатысусыз меншік иесі болу – бос сөз! Меншік иесі болу 

дегеніміз – білек сыбанып жұмыс істеу, басқару, іске 

жаны ашу, өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету. Өз 

капиталын, жағдайын және келешегін тәуекелге тігу. 

Ал бұл әркімнің қолынан келе ме? Жоқ. Толып жатқан 

адамдар меншік иесі болудан және өндіріс нәтижелері 

үшін жауапкершілік арқалаудан, жинаған қорларына, 

игілігіне, тыныштығына тәуекел етуден қашқақтайды. 

Өндірісті ұйымдастыруға қабілетсіз, бірақ оның есесіне 

өз  саласында  жақсы  маман  болып  жүрген  көптеген 

адамдар бар. Олар, сірә: мен жақсы жұмыс істейтін 

болайын, ал сіз ол үшін маған жақсы ақы төлеңіз және 

өндірістің қалай болатыны, өнімді қалай өткізу керек-

тігі,  кәсіпорынды  техникалық  жағынан  қалай  қайта 

құру қажеттігі туралы сіздің басыңыз ауыратын болсын, 

дейтіндей  жолды  қалауы  мүмкін.  Сондықтан  бұған 

нақты қарау керек деп есептеймін: адамдар әртүрлі, 

олардың тілегі, қабілеті, бейімділігі де бірдей емес. Ең 

маңыздысы  –  біреудің  өзін  өзі  көрсетуіне  мүмкіндік 

беріп, ал дәл сондай қабілеті бар екінші адамға мүмкін-

дік берілмейтін кемсітушілікті, әлеуметтік әділетсіздікті 

болдырмау. Бастапқы жағдай баршаға бірдей болуға 


274

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тиіс. Ал өз қызмет аясын таңдап, өз мүмкіншіліктерін 

көрсету – әркімнің өз ісі.

Бүгінге  дейін  үкімет  таяудағы  2–3  жылға  арнап 

жекешелендірудің Мемлекеттік бағдарламасын, қабыл-

данған заңдарға қажетті түзетулер, сондай-ақ норма-

тивтік-әдістемелік  және  нұсқаушылық  материалдар 

даярлады.  Оларды  Жоғарғы  Кеңесте  мақұлдағаннан 

кейін, ал оны ұзаққа созбау керек, негізгі үш бағыт бо- 

йынша жекешелендіруді өрістету: «шағын жекешелен-

діру», «жаппай жекешелендіру» және «жеке жобалар 

бойынша ірі индустрияны жекешелендіру» басталады.

Бұл бағдарлама сіздерге баяндалатын болғандықтан, 

оның егжей-тегжейіне бармай-ақ, мемлекеттік кәсіп- 

орындарды реформалау мәселелеріне тоқталғым келеді.

Қазақстан  экономикасында  мемлекеттік  сектор 

нарықтық экономика жағдайында жеке сектормен бәсе-

келесіп, әлі ұзақ уақыт бойы елеулі рөл атқаратынын 

ескеріп, мемлекеттік кәсіпорындарды реформалауды 

жүзеге асыру қажет.

Реформаның  мәні  мемлекеттік  кәсіпорындар  мен 

басқару органдарының құқықтары мен міндеттерінің 

аражігін ашып, кәсіпорындарды мемлекеттің қамқор-

лығынан шығаруда, олардың шаруашылық қызметтің 

нәтижелері үшін банкроттық пен жабылуға дейін толық 

экономикалық  жауапты  болуы  үшін  экономикалық 

және құқықтық алғышарттар құруда, кәсіпкерлік тә- 

уекелге қатысты меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын-

дарды теңестіруде болып отыр.

Қазіргі  уақытта  мемлекеттік  кәсіпорындар  шару-

ашылықты толығымен жүргізуге құзыретті, бұл меншік 

иесі құқығымен тең (іс жүзінде бұл – кәсіпорын дирек-

торы), бірақ мемлекет меншігін сақтау мен еселей түсуге 



275

нақты  жауап  бермейді.  Іс  жүзінде  мемлекет  өзінің 

меншік иесі функциясын жүзеге асыру мүмкіндігінен 

айрылған.

Осы келеңсіз жағдайды жою үшін «Кәсіпорындар 

туралы» Заңға өзгеріс енгізу қажет және мен оны осы 

сессияда жасауды сұраймын.

Реформа  барысында  мемлекеттік  кәсіпорындар 

мен  ұйымдардың  екі  санаты  белгіленеді.  Олардың 

біріншісіне тікелей мемлекет басқаратын, мемлекет-

тік  органдардың  тапсырмаларын  орындайтын  және 

бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындар кіреді, 

яғни бұлар – қорғаныс өнеркәсібінің, көлік, байланыс 

кәсіпорындарының белгілі бір саны, сондай-ақ коммер-

циялық өлшемдерге бағдар ұстай алмайтын өндірістік 

емес салалардың ұйымдары. Мұндай кәсіпорындар мен 

ұйымдардың жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер 

мәртебесіне ие болады.

Екінші санат – толық коммерциялық есеп айырысу 

қағидатында жұмыс істейтін кәсіпорындар, басқаша 

айтқанда,  мемлекет  меншігінде  қалатын  өзге  кәсіп- 

орындар. Олар акционерлік қоғамдар немесе жауапкер-

шілігі шектеулі қоғамдар болып қайта құрылуға тиіс 

болады да, барлық акциялары немесе бақылау пакеті 

олар басқа иегерлерге сатылғанға дейін мемлекеттің 

қолында қалады.

Осындай  кәсіпорындарды  басқару  үшін  бақылау 

кеңесі  (директорлар  кеңесі)  құрылады,  оны  салалық 

министрліктер тағайындайды, ал басшылармен еңбек 

шарты жасалады. Мұның барлығы сондай-ақ мемле-

кеттік холдинг компанияларына жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік орган-

дар арасындағы өзара қатынастар мемлекеттік мүлікті 


276

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


басқару мен кәсіпорын қызметін басқару функцияла-

рын бөлу негізінде құрылады.

Мемлекеттік мүлікті (мемлекетке тиесілі акциялар 

пакеттерін) басқару функцияларын Мүлік жөніндегі 

мемлекеттік комитет органдары, сондай-ақ олар өкілет-

тік берген органдар жүргізеді.

Кәсіпорындар  қызметін  заңмен  белгіленген  шең-

берде басқару функцияларын Қазақстан Республика-

сының сол кәсіпорындар өздеріне қарайтын министр-

ліктері  мен  ведомстволары  атқарады.  Бұл  функция-

лар, негізінен, кәсіпорындардың рентабельділігі мен 

берешегіне бақылау жасау, оларға мемлекеттік басым 

бағдарламалар шеңберінде көмек көрсету, кәсіпорын 

басшыларымен шарттар жасау арқылы шектеледі. Осы-

ның барлығын жүзеге асыру үшін үкімет нормативтік 

құжаттарға, қаулыларға тиісті өзгерістер енгізуі қажет.

Кәсіпорындар  залалмен  жұмыс  істеген,  төлем 

қабілетінен  айырылған  жағдайда  жоғарыда  аталған 

органдар  оларды  сауықтыру,  қайта  құру  және  жою 

шараларын қолданулары керек.

Үкімет осы санаттарға мемлекетке тиесілі мүліктің 

құнына  (ұлттық  дивиденд)  байланысты  мемлекеттік 

бюджетке төленетін арнаулы салық енгізу туралы мәсе-

лені пысықтауы керек.

Мұндай  кәсіпорындарда  еңбек  ұжымдарының 

құқықтары  олардың  мүшелерінің  заңда  және  Жеке-

шелендіру  бағдарламасында  белгіленген  негіздерде, 

кәсіпорындардың меншігіне қатысуы, сондай-ақ қадаға-

лау кеңесіндегі өкілдіктері арқылы кепілдендіріледі.

Салалық  министрліктер  негізінде  құрылған  және 

жергілікті монополистер болып отырған концерндер 

мен  қауымдастықтарды  шұғыл  тарату,  ең  алдымен, 



277

кәсіпорындардың  тығыз  технологиялық  байланыс- 

тарды  сақтауға  және  қаржы  ресурстарының  шоғыр-

лану қажеттігіне мүдделі болып отыруы себепті тиімді 

болмауына  байланысты  қазіргі  бар  концерндер  мен 

қауымдастықтарды,  жұмыстарының  төмендегі  қағи-

даттар негізінде құрылуы тиіс екенін ескере отырып, 

негізінен сақтау қажет деп есептеймін.

Біріншіден, мемлекеттік корпорациялар, концерн- 

дер мен қауымдастықтар шаруашылық бірлестіктері 

болып табылады және ешқандай мемлекеттік функци-

яларды атқармайды.

Екіншіден, бұл құрылымдар не заңмен белгіленген 

мемлекеттік кәсіпорындар (бірлестіктер) мәртебесіне 

ие болады да, оларға кіретін барлық кәсіпорындардың 

құқықтары шектеледі, немесе олар барлық құқықтарды 

пайдаланатын,  бірақ  өздерінің  өкілеттіктерінің  бір 

бөлігін бірлестіктің басқару органдарына шарт негізінде 

беретін ерікті бірлестіктер (қауымдастықтар) болады. 

Үшіншіден,  монополистік  әрекеттер  байқалған 

жағдайда  монополияға  қарсы  заңға  сәйкес  бұл 

құрылымдарды таратуға дейін санкциялар қолданы-

лады.

Және,  төртіншіден,  жекешелендіру  үдерісінде, 



әдетте, концерннің немесе қауымдастықтың құрамына 

кіретін кәсіпорын жекешелендіру объектісі болады.

Жаңа аграрлық құрылымды құру – Қазақстан эко-

номикасындағы  жүйелік  өзгерістердің  аса  маңызды 

элементі. 1992 жылғы 8 ақпанда мен агроөнеркәсіптік 

кешеннің мемлекеттік ауыл шаруашылығы, дайындау, 

өңдеу және қызмет көрсету кәсіпорындарының мүл-

кін  жекешелендіру  жөніндегі  кезек  күттірмес  шара-

лар туралы жарлық шығарғанымды білесіздер. Онда 


278

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ұжымшарлар мен кеңшарларды реформалаудың басты 

бағыты көрсетілген, ал оның мәні олардың меншігін 

еңбек ұжымдарымен жекелеген жұмыскерлерге беруге, 

ұжымшарлар мен кеңшарларды коммерциялауға және 

толық дербестігін қамтамасыз етуге саяды. Ауыл шаруа- 

шылығы кәсіпорындарының өнеркәсіптегіден бір ерек-

шелігі – олар өздерінің жерлері мен мүліктерінің негізгі 

бөлігін ұжымдық-үлестік меншікке тегін алады.

Еңбек ұжымдары өз кәсіпорнының құқықтық-ұжым-

дық формасы туралы, ашық немесе жабық түрдегі акци-

онерлік қоғамға немесе өндірістік кооперативке қайта 

тіркеу жайындағы шешімді дербес қабылдайды. Оның 

үстіне, ұжымшарлар мен кеңшарлар түп-түгел дербес 

және ұсақ жеке кәсіпорындарға бөлініп, содан соң ерікті 

негізде біртұтас қауымдастыққа немесе бірқатар қызмет 

көрсетуші кооперативтерге бірігуі мүмкін.

АӨК  ұқсатушы  өнеркәсібінің  кәсіпорындары, 

агроқызмет  кәсіпорындары  мен  ұжымдары  көпте-

ген  жағдайларда  жергілікті  монополистер  болып 

келеді. Жекешелендіру жүргізу кезінде осы монопо-

лияларды жою үшін жарлықта ауыл шаруашылығы 

өндірушілеріне аталған кәсіпорындардың акцияларын 

алуда басым құқықтар беру жөнінде шаралар көзделіп 

отыр.


Мен жақында Ауыл шаруашылығы академиясының 

ғалымдарымен  кездесуімде  білгенімдей,  жергілікті 

жерлерде жоғарыда аталған кәсіпорындарды жекеше-

лендіруде менің 1992 жылғы 28 сәуірдегі «Материалдық 

өндіріс  салаларындағы  меншікті  мемлекет  иелігінен 

алу  және  жекешелендіру  жұмыстарын  жандандыру 

жөніндегі кезек күттірмес шаралар туралы» Жарлығым 

басшылыққа алынады екен. Бірақ АӨК-тегі жекеше-



279

лендірудің өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстыр- 

ғанда  өз  ерекшелігі  бар  ғой,  дербес  екі  жарлықтың 

шығарылуы да сондықтан. Мемлекеттік мүлік жөніндегі 

комитет мұнда дереу тәртіп орнататын болсын және 

жарлықтарда жекешелендіру жөнінде бірін бірі жоққа 

шығаратын шаралар болса, онда оларды жою жөнінде 

ұсыныс әзірлесін.

АӨК-тегі  жекешелендіруге  байланысты  тағы  бір 

мәселе.  Әңгіме  дәрменсіз  шаруашылықтар  және 

олардың  қарыздары  туралы  болып  отыр.  Кейбір 

депутаттар, жекелеген мамандар бізге оларды есептен 

шығарып тастауды немесе мемлекеттің иелігіне алуды 

ұсынады. Бұл проблеманың популистік тәсілдермен 

шешілмейтінін тағы да атап көрсеткім келеді. Мұндай 

қарыздарды мойнына алған қандай мемлекет, қандай 

бюджет оған төтеп бермекші? Бұдан шығудың жолы 

басқада.  Атап  айтқанда,  дәрменсіз  шаруашылықты 

қайта құру мерзімін белгілеу керек. Мұндай шешімді 

облыс әкімшілігі қабылдауға тиіс. Қайта құруға қарыз- 

ды өтеуге қатысатын көлденең ұйымдар да тартылуы 

мүмкін. Егер қарыз өтелмесе, онда олар мүліктің бір 

бөлігін аукционда сату есебінен жабылуы тиіс.

Тұтастай алғанда, бұл мәселені түпкілікті шешуді 

және  таяу  уақытта  тиісті  жарлықтарға,  нормативтік 

құжаттарға қажетті өзгерістер енгізуді ұсынамын.

Тиімді  ақша-несие  саясатын  жүзеге  асыру  үшін 

республиканың Ұлттық мемлекеттік банкінің қызметін, 

оның  үкіметпен,  коммерциялық  банктермен  өзара 

қатынасын түбірінен қайта құру қажет.

Көптеген елдерде ұлттық банк үкіметтің банкирі, 

агенті мен кеңесшісі екені мәлім. Ол үкіметтің жалпы 

экономикалық  және  қаржы  макробағдарламаларын 


280

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жүзеге асыруда, ақша операцияларын реттеп, болжау- 

да өзекті орын алуы керек. Ұлттық мемлекеттік банк 

пен үкіметтің арақатынасын қамтамасыз ету үшін банк 

ресурстарын үкімет бағдарламаларын жүзеге асыру-

дың, ақша айналымы тұрақтылығының мүддесіне пай-

даланудың тиісті тетіктері мен нормативтерін талдап 

жасап, оларды қолда ұстау керек. Банктің жаңа рөлі 

шеңберінде оны түпкілікті жаңарту, нарық жағдайын-

дағы  ақша-несие  проблемаларына,  банк  ісіне  кәсіби 

тұрғыдан жетік жас күштерді қатыстыру арқылы кадр-

ларды даярлау мен қайта даярлау маңызды.

Банк  қызметіндегі  тым  келеңсіз  үрдістерді,  атап 

айтқанда,  сауда-делдалдық  операциялармен,  ресур-

старды  алыпсатарлықпен  қайта  сатумен  және  т. б. 

әуестенуді жою қажет. Коммерциялық банктер инве-

стициялық  салаға  қаржы  салуды  іс  жүзінде  қойды, 

олар өндірістен сырт айналып кетті. Банктер жүйесі  

жасанды  ұсақ,  бытыраңқы  болып  кетті,  ірі  өнер-

кәсіптің сұранысынан қол үзіп, оған қызмет көрсетуге 

қабілетсіз болып қалды. Жағдайды түбірінен өзгерту 

керек. Ұлттық мемлекеттік банк мейлінше сараланған, 

іріктелген  несие  саясатын  жүргізіп,  бағдарламалық 

инвестициялық  салымдарға  елеулі  артықшылықтар 

беріп, экономикадағы құрылымдық өзгерістерге жағдай 

жасауы  керек.  Бұл  міндетті  түрде  коммерциялық 

банктерді ірілендіріп, шын мәнінде тиімді банк жүйе- 

сін қалыптастыратыны сөзсіз. Өтпелі кезеңде Ұлттық 

банктің төрағасын Министрлер Кабинетінің құрамына 

енгізу жөн деп есептеймін. 

Дүниежүзілік банк сарапшыларын қатыстыра оты-

рып, Ұлттық мемлекеттік банк пен ірі коммерциялық 

банктерге  аудиторлық  тексеру  ұйымдастыру  қажет. 



281

Үкіметтің  әлеуметтік  саясатының  маңызды  элементі 

– жоғары тиімді еңбек үшін жағдай жасау, халықтың 

әл- ауқатының төмендеуіне жол бермеу және халықтың 

әлеу меттік тұрғыдан әлсіз қорғалған жігін кепілдендіріл-

ген ең төменгі деңгеймен қамтамасыз ету. Республика 

бюджетін құрудағы күрделі жағдайды ескеріп, әлеумет-

тік бағдарламаларды аса зәру болып отырғандарға қайта 

бағдарлау, табысы төмен отбасыларына нақты қолдау 

көрсету  қажет.  Халықты  әлеуметтік  қолдау  жү  йесі 

жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыларды, өтемақы-

ларды, кадрларды жұмысқа орналастыру, оқыту және 

қайта оқыту, қосымша жұмыс орындарын құру, зейнет- 

ақы мен жәрдемақы төлеу шығындарын қаржыланды-

руды қамтуы тиіс.

Еңбек  рыноктарын  реттеп  отыратын  тетіктерді 

пысықтау,  жұмыспен  қамту  бағдарламасын  әзірлеу, 

жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  қамсыздандыру  және 

зейнетақы  қорларының  қаржы  жағдайы  үкіметтің 

бақылауында болуға тиіс. Бюджеттік мекемелер қыз-

меткерлері жалақысының және санының деңгейі мен 

құрылысын реттеп отыру жөніндегі шараларды көздеу 

қажет. Зейнетақының ең төменгі деңгейін нақты реттеп 

отыру маңызды. Тиімді еңбекке нақты ынталандыру 

үшін  қызметкерлердің  елеулі  игіліктер  алуына  ұзақ 

мерзімді тұтыну несиесін берудің ерекше маңызы бар.

Экономикалық  өзгерістерді  құқықтық  қамтама-

сыз  ету  саласында  көптеген  маңызды  проблемалар 

жинақталып қалды, ал оларды неғұрлым тезірек шешу 

реформаны едәуір алға жылжытуға ықпал етер еді.

Құқықтық  реттеу  саласындағы  жағдайға  егжей- 

тегжейлі баға беріп жатпастан, мына жәйттерді көр-

сеткім келеді.


282

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Бүгінде  қабылданған  құқықтық  актілердің  ішкі 

қайшылығы пайда болып отыр, бұл оларды пәрмен-

ділігінен айырып қана қоймай, сонымен бірге, нақты 

заңдарды орындамау үшін де «заңды» негіз туғызуда. 

Оның үстіне, Кеңес Одағы өмір сүріп тұрған кезде қа- 

былданған заңдардың алғашқы толқыны көз алдымыз- 

да ескіруде және өзінің екіұштылығымен шаруашылық 

жүргізудің жаңа формалары мен әдістерін құқықтық 

тұрғыдан жүзеге асыру үшін кедергі келтіріп отыр.

Сондай-ақ  республиканың  заң  қызметінің  жалпы 

жағдайы не кадрлық, не материалдық-ресурстық тұрғы-

дан  жаңа  функцияларды  атқаруға  және  өзі  шешуге 

тиісті мейлінше жаңа мәселелердің орасан зор көлеміне 

дайын емес екенін де атап өткен жөн.

Аталған кемшіліктердің объективті себептерге байла-

нысты туындап отырғанына күмән жоқ. Бірақ құқықтық 

тұтқаларды,  әсіресе,  қазіргі  дағдарысты  жағдайда 

реформаның тежегішіне айналдыруға болмайтыны да 

соншалықты күмәнсіз.

Осыған байланысты, біріншіден, жаңа қоғамдық-саяси 

және әлеуметтік-экономикалық шындықты ескере оты-

рып, бұған дейін қабылданған құқықтық актілерді белгілі 

бір тексеруден және ішінара тазартудан өткізуді ұсынар 

едім. Екіншіден, заңдарды, ең алдымен, дағдарысқа қарсы 

заңдарды  жүзеге  асырудың  құқықтық  тетіктері  мен 

тәртіптеріне баса назар аударып, жаңа шаруашылық заң 

шығарушылықты барынша азайту керек.

Жергілікті  нормашығарушылыққа  бақылауды 

күшейтіп, жергілікті билік органдарының республика 

заңдарын  орындаудағы  жауапкершілігін  арттырған 

жөн. Заңсыз норма шығарғаны үшін олар таратылуы 

және кезектен тыс сайлау белгіленуі тиіс.



283

Қолданыстағы басқару жүйесінде көбінесе бұрынғы 

жүйенің сипаты сақталған, ал ол кезде республикадағы 

басқару  органдары  өз  саясатын  әзірлеуге  қабілетсіз, 

негізінен одақтық басқару құрылымдарының «филиал-

дары» есепті болатын. Мұндай жағдай объективті түрде 

қалыптасқан еді және оны тез өзгертудің кез келген әре-

кеті басқару құрылымдарының үлкен салғырттығынан 

тек кері нәтиже береді.

Соңғы кезеңде экономикалық басқару жүйесін жетіл-

діру бойынша қолданылып келе жатқан шаралардың 

ішкі қисыны болғанымен, сонымен қатар өз бетінше 

әрекет ету сипаты бар және стратегиялық болашақ мақ-

саттарынан гөрі экономикалық тактика міндеттеріне 

көп бағынышты.

Оның үстіне жоғары басқару құрылымдары, әдетте, 

оқиғалардың ықтимал өріс алуын болжау мен ықти-

мал  шиеленістердің алдын алу туралы  айтпағанның 

өзінде, пайда болып жатқан өзгерістерге жедел жауап 

қатып та үлгермейді, көп ретте олар тек істің қалып-

тасқан  жағдайын  атап  көрсетумен  ғана  шектеледі. 

Экономиканы  басқарудағы  табан  астындағы  ұйым-

дық  әрекеттер  мен  алдын  ала  жасалған  және  жан- 

жақты есептелген іс-қимыл бағдарламасынсыз әртүрлі 

аударып-төңкерулер тек теріс әсер ғана туғызады.

Қалыптасқан құрылымды түпкілікті қирату емес, 

қайта оны оңтайлы негізде кезең-кезеңімен реформа-

лап, бұрынғы басқару жүйесіне тән жағымды жайт-

тарды – атқарушылықты, өзара тәуелділік пен қатар 

бағыныштылықты пайдалана отырып, шаруашылық 

практикасының  жаңа  талаптарына  біртіндеп  бағын-

дыру неғұрлым сындарлы болмақ.



284

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Менің  ойымша,  негізгі  өзгерістер  экономиканы 

реттеудегі мемлекеттің рөлін күшейтумен байланысты 

болады, сөйтіп, біз дүние жүзінің барлық елдерінде 

қабылданған, сол рөл ерекше саналатын практикаға 

қайтып ораламыз. 

Нарықтық өзгерістер идеясының дүниеге келуінің 

әуел басынан-ақ бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ 

бізде де экстремистік үрдістер үстем болды. 

Бізге ұнай ма әлде ұнамай ма, бірақ Қазақстан эко-

номикасы «жартылай нарықтық» болып барады және 

әлі де көптеген жылдар бойы солай бола береді. 

Жаңасы әлі салынып бітпей жатып, ескіні асығыс 

түрде революциялық қирату экономикада көп ретте 

ілгерішіл  жаңа  идеяның  беделін  кетіретін  былыққа, 

құлдырауға апарып соғады. Бұл ретте жарамсыз болып 

қалған ескі жүйенің беделі лажсыздан қайта түлейді, 

өйткені  ол  жақсылы-жаманды  болса  да  күн  көруге 

мүмкіндік беріп келді ғой.

Мысалы,  жоспарлауды  алайық.  Жоспарлауды 

мемлекеттілік  тірегінің  бірі  ретінде  нарыққа  және 

нарықтыққа қарсы қою кімге және не себепті қажет 

болды.  Өйткені  жоспар  мен  нарықты  «әрі  не  бері» 

контексінде бір-бірімен сыйыспайтын санаттар ретінде 

қарау барып тұрған сауатсыздық. Нарықтық экономи-

када шаруашылықты жүргізудің жоспарлылығы, өзара 

жоспарлы  міндеттемелерді  сақтай  отырып,  шаруа- 

шылық байланыстарды демеп, дамыту әміршіл эко-

номика деп аталатындағыға қарағанда ешбір кем бай-

қалмайды. Нарықтық экономикада жоспар жоғарыдан 

соншалықты қатаң таңылмайтыны, оның директивалық 

сипаты  болмайтыны,  қайта  неғұрлым  индикативті 

болып, шарттық негізде қалыптасып жататыны басқа 



285

әңгіме. Дегенмен нарықтық экономикасы бар елдерде 

де  мемлекеттік  жоспарлау  бар  (Франция,  Жапония 

және басқалары).

Көп ретте біздің қырсықтарымыз мемлекеттік және 

нарықтық  негіздерді  ұтымды  мөлшерлеп,  оларды 

ұштастырып, шамадан артық мемлекеттілікті жаңа бой 

көтеріп келе жатқан нарықтықпен біртіндеп ығыстыра 

білмеуден немесе оны қаламаудан туып жатады.

Күшті де жауапты билікті қайта қалпына келтіріп, 

басқару  құрылымдарын  өтпелі  кезеңнің  талапта-

рына  сәйкестендіріп  қайта  құруды  қамтамасыз  ету, 

басқару  сатысын,  төменгі  органдар  мен  жергілікті 

әкімшіліктердің  жоғары  органдарға  тікелей  бағы-

ныштылығын қалпына келтіру қажет. Экономиканы 

басқару  құрылымы  оның  әртүрлі  элементтері  мен 

жоғары басшылық мүшелері арасындағы, мемлекеттік 

және шаруашылық басқару функциялары арасындағы 

өкілеттіктердің  аражігін  дәлелді  ажырату  арқылы 

айқын  болуы  керек.  Экономикалық  ведомстволар, 

үкімет бөлімшелері мен жоғары лауазымды адамдар 

арасындағы функциялардың қосарластығы мен қайта-

ланушылығын жою керек. Қазіргі кезеңде орталықтан-

дырылуы қажет болып отырған функцияларды айқын-

дау керек, оның үстіне белгілі бір функцияны жүзеге 

асыру үшін бір басқару органы немесе бір лауазымды 

адам жауап беруге тиіс. Экономикалық ықпал етудің 

негізгі тұтқалары басқару сатысының жоғары деңгейіне 

жинақталуға тиісті.

Өзінің  басқару  органдары  арқылы  мемлекеттің 

экономикалық  және  әкімшілік  әдістерін  пайдалана 

отырып,  экономиканың  тек  мемлекеттік  секторына 



286

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік емес құрылымдарға 

да тиімді ықпал ету мүмкіндіктері болуға тиісті. Мем-

лекет тарапынан реттеушілік ықпалдың күшейтілуі, 

сондай-ақ,  нарықтық  шараларды  ТМД-ның  басқа  да 

елдерінің іс-қимылдарымен неғұрлым тығыз үйлестіріп 

отырудың,  шетелдік  инвесторлармен,  халықаралық 

экономикалық және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қи-

мылдың қажеттігіне байланысты.

Экономикалық реформаны іске асыру тұрғысынан 

неғұрлым маңызды, басшыларының барлық қажетті 

өкілеттіктері болуға тиісті министрліктер мен ведом-

стволардың орталық тобын: Экономика министрлігін, 

Қаржы министрлігін, Ұлттық мемлекеттік банкті, Мүлік 

жөніндегі мемлекеттік комитетті және Монополияға 

қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетті белгілеу 

маңызды.


Реформаны  нақты  іске  асыру  мәселелерін  шұғыл 

шешу және бақылау мақсатымен үкімет құрамында 

Премьер-министр басқаратын және құрамында Пре-

мьер-министрдің  экономикалық  реформа  жөніндегі 

бірінші орынбасары, сондай-ақ аталған министрліктер 

мен ведомстволардың басшылары болатын тиісті Кеңес 

құрылды. Реформа барысына тек солар ғана жеке жауап 

береді.


Министрлер Кабинетінің қызметін түбегейлі эконо-

микалық өзгерістердің түбірлі мәселелеріне жұмыл-

дыру, мәртебесін арттыру және жұмысын ретке келтіру 

мақсатымен оның құрамы шешуші министрліктер мен 

ведомстволардың басшыларымен шектелетін болады. 

Өзге  басшылар  Министрлер  Кабинетіне  кеңесші 

дауыспен кіреді.

Мемлекеттік  басқару  мен  тікелей  шаруашылық 

жүргізу  функцияларының  аражігін  заң  жолымен 


287

бөлудің, тиісті жағдай жасалуына қарай министрлік-

тер мен ведомстволарды біртіндеп жедел өндірістік, 

шаруашылық  және  коммерциялық  функцияларды 

орындаудан  босатудың  маңызы  зор.  Экономикалық 

ведомстволар халық шаруашылығы аясындағы салалар-

дың дамуын талдап, болжап және үйлестіріп отыруға 

тиісті. Жаңа тұрпатты мемлекеттік органдар ретіндегі 

басқа министрліктердің қызметінде нарықты реттеу, 

ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, өнім сапасы 

мен өндіріс тиімділігін арттыру, ғылыми-техникалық, 

инвестициялық, экономикалық және әлеуметтік сая-

сатты жүзеге асыру, қабылданған шешімдерді жедел 

іске асыру функциялары басым түсуге тиіс.

Мемлекеттік  билік  пен  басқару  органдары  қыз-

метінің облыстық деңгейінде әкімшілік басшысы мен 

облыстық Кеңестің құзырына заң арқылы қатаң меже-

леу жүргізу қажет. Мүмкін, өкілетті, бірақ атқарушы 

билікке бағынатын бір орган ұстау керек болар.

Әкімшілік  басшысының  өкілеттілігі  оның  респу-

блика  Президентінің  өкілі  және  аумақтың  әлеумет-

тік-экономикалық дамуы үшін тікелей жауап беретін 

лауазымды адам ретіндегі жағдайымен айқындалады. 

Министрліктер мен ведомстволардың жергілікті жер-

лердегі  өңірлік  бөлімшелері  мен  өкілдіктерін  құру 

мәселесін қараған жөн.

Экономикалық  реформаны  сенімді  кадрлармен 

қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару органдарына 

жоғары кәсіпқой мамандардың келуін ынталандыру 

қажеттігін басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қыз-

мет туралы заң қабылдау, дәрежелер туралы арнаулы 

тізімдік жасау жұмысын жеделдетіп, заңды әлеумет-

тік  артықшылықтар  жүйесін  енгізу  керек.  Шенеунік 


288

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ақшаны, соның ішінде параны қайдан алуды ойламай, 

тек тапсырылған іске ғана «бас қатыруы» тиіс. Турасын 

айту керек, тәуелсіз мемлекеттің жоғары білікті басқа-

рушыларының іріктелген таңдаулы тобының болмауы 

мүмкін емес және егер біз күшті мемлекет болғымыз 

келсе,  қазір  осы  проблемамен  шұғылдануға  тиіспіз. 

Бүкіл дүние жүзінде осылай істеледі.

Мемлекеттік қызметкер жөнінде мемлекет қамқор-

лық  жасауы  тиіс  және  бұл  қамқорлық  жалған  емес, 

шынайы болуы керек. Тек сонда ғана аппарат швейцар 

сағатынша жұмыс істейтін болады, сонда ол іске жан-

тәнімен беріледі. Бүгінде біздің қолымызда «Крылов 

атамыздың квартеті» ғана бар, онда қағаздар да жоғалып 

жатады, телефон да не әрқашан бос емес, не жауап бер-

мейді, келушіні де кабинеттен кабинетке «итере салып» 

отырады. Министрлер осындай аппаратқа тасаланып, 

өмірден қол үзіп қалған, тек бір-біріне өздері қабыл-

даған шешімдердің маңыздылығы туралы әңгімелеу-

мен ғана болады, бірақ ол шешімдері кабинеттен әрі 

аспайды, неге екенін өздері де білмейді және сұрайтын 

да адам жоқ: жауапкершілік ботқа сияқты былығып 

кеткен.


Нақты  істің  өзі  басқарудағы  аралық  буындардың 

тым көптігінен-ақ мұқалып бітеді. Мен бірінші кезекте 

министрліктер мен Министрлер Кабинеті аппаратының 

бөлімдері арасындағы өзара қатынастарды айтып тұр-

мын. Министрліктер мемлекеттің негізгі функцияларын 

жүзеге  асыру  жөніндегі  тиімді  басқарудың  орталық 

буындарына  айналуы  керек.  Министрліктердің  бас-

шылары тек үкімет мүшелері ғана емес, олар өздеріне 

тапсырылған  салада  мемлекет  саясатын  белгілейді, 

шенеуніктердің қызметіне бағыт беріп, түзету енгізіп 



289

отырады. Министрлік аппаратының жәрдемімен күллі 

мемлекеттік құрылымға аса елеулі, көп ретте шешуші 

ықпал жасалады.

Қазір үкіметтен бастап елді мекенге дейінгі аппарат 

қызметкерлерінің саны шамадан тыс далиып барады. 

Қызметтер көбіне бір міндетке емес, нақты шенеунікке 

арнап құрылады, сөйтіп, ол салық төлеушінің мойнына 

мініп  алады.  Осы  үдеріске  бақылау  жоғалған.  Сон-

дықтан үкіметтің тек министрліктер мен ведомстволар-

дың ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлердегі сан мен 

сапа құрамына бақылау жасау құқығын қалпына кел-

тіруді ұсынамын. Бұл үшін жергілікті өзін-өзі басқару 

туралы заңға шұғыл түрде өзгеріс енгізу қажет.

Премьер-министр  аппаратының  ешқандай  заң 

тұрғысынан өкілеттігі жоқ және болмауы керек, бірақ 

ол үкіметтің ішкі жұмысын ұйымдастырады, министр-

ліктер мен ведомстволар қызметін үйлестіру міндетін 

жүзеге асырады, Премьер-министрдің баяндамаларын 

құрастырады, Кабинет мәжілістері үшін материалдар 

әзірлеп, оның шешімдерін министрліктердің орында-

уын бақылайды. Бірақ Аппарат бөлімдерінің басшы-

лары мәртебесі бойынша министрден жоғары болмауы, 

оған орындау сипатындағы нұсқау бермеуі керек. Бөлім 

мен министрлік арасындағы келіспеушіліктер Мини-

стрлер  Кабинетінің  мәжілісінде  және  Премьер-ми-

нистрдің  тікелей  өзі  немесе  оның  орынбасарлары 

арқылы шешілуі тиіс. Ал бізде Министрлер Кабинетінің 

шешімдері бөлім шешімдерімен жиі шендестіріледі, 

ал шын мәнінде соңғыларының министрліктер үшін 

міндетті болатын дербес шешімдер қабылдау құқығы 

жоқ. Жалпы алғанда, басқарудың осы екі құрылымы-

ның өзара қарым-қатынастарына тиісті тәртіп орнату 


290

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қажет,  сол  үшін  Президент  Аппараты  мен  үкіметте 

қайта ұйымдастыру жүргізу керек. 

Президент жарлықтарын, қаулылары мен өкімдерін 

барлық мемлекеттік басқару органдарының орында-

уына бақылауды ұйымдастыру және жемқорлықтың 

жолын кесу үшін Президент жанынан кең өкілеттіктері 

мен құзыреттері бар арнаулы бақылау буыны құры-

лады.


Үкімет  бағдарламасына  байланысты  сіздердің 

назарларыңызды  аударғым  келген  басты  мәселелер 

осылар, ал оларды ойдағыдай жүзеге асыру Қазақстан 

экономикасын дағдарыстан аз шығынмен шығаруды 

қамтамасыз етеді.

Қоғамда әлі сақталып отырған жағдайдың жақса-

руына деген бұлыңғыр үміт өте ауыр психологиялық 

әсер  туғызатынын  мен  түсінемін.  Бірақ  әл-ауқатты 

жақсартудың көзге айқын көрінетін, халыққа түсінікті 

қадамдарын жасау үшін, нарықтық реформалардың 

әлеуметтік  базасы  кеңейтілуге  тиіс.  Мен  үкіметтің 

Бағдарламаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  қызметін 

халықтың қолдауын, бірақ қолдап қана қоймай, рефор-

маның белсенді қатысушысы болуға деген ұмтылысын 

айтып тұрмын.

Үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны халық депу-

таттарының ұдайы қолдауы, қажырлы еңбек, халықтың, 

барлық партиялар мен қозғалыстардың топтасуы және 

олардың елді экономикалық дағдарыстан тезірек алып 

шығуға  деген  мүдделілігі  мен  мемлекет  егемендігін 

нақты мазмұнмен толтыруы жағдайында ойдағыдай 

жүзеге асыра алады. Кез келген тайталас дертті одан 

әрі ушықтырып жіберуі мүмкін және жағдайды оқиға-


291

ның осылайша өріс алуына дейін жеткізу аса қауіпті. 

Сондықтан күш-жігерді топтастыру, бірін бірі тыңдап, 

мемлекеттің  де,  тауар  өндірушілердің  де,  халықтың 

барлық жіктерінің де мүдделерін ескере отырып, одан 

нақты қорытындылар шығара білу ғана еліміздің эконо-

микасын дағдарыстан шығаруға, әлеуметтік шиеленісті 

бәсеңдетуге көмектеспек.



292

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет