Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесінің салтанатты отырысында
Қазақстан Республикасы
Конституциясының қабылдануына байланысты
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Алматы қаласы,
1993 жылғы 29 қаңтар
Құрметті дипломатиялық өкілдіктердің
басшылары!
Құрметті шетелдік меймандар!
Құрметті халық депутаттары!
Жолдастар!
Жаңа ғана шын мәнінде тарихи оқиға болып өтті –
Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы
қабылданды.
Бүгін мен барлық отандастарымызды осы оқиғамен
шын жүректен құттықтасам деймін. Негізгі заңның
293
қабылдануы – республика үшін, оның барлық азамат-
тары үшін айтулы оқиға. Осы арқылы мемлекеттіліктің
қалыптасуы, ұлттық тәуелсіздікті қамтамасыз етудің
сапалы жаңа кезеңіне өту, азаматтық құқықтар мен
бостандықтардың нақты кепілдіктері, демократиялық
қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың ілгерінді
мақсаттарын жүзеге асыру үшін, құқықтық негіздің
іргетасы қаланды.
Халық депутаттарына, құқық саласындағы маман-
дарға, шетелдік достарымызға, қазақстандықтарға,
жаңа Конституцияны жасауға белсенді қатысқандардың
барлығына ризашылық білдіруді өзімнің парызым деп
санаймын.
Екі жылдан астам уақыт бойы жүргізілген орасан зор
әрі күрделі жұмыс аяқталды.
Конституция жобасын жасаудың бастапқы
кезеңінде біздің алдымызда бұрын болған Негізгі
заңды жамап-жасқамай немесе оның шетелдік қандай
да бір баламасын көшіріп ала салмай, біздің жас мем-
лекетіміздегі осы заманғы демократиялық өзгерістерді
бейнелейтін, өркениетті қоғамдық және мемлекеттік
дамудың нормаларына сәйкесетін мейлінше жаңа Кон-
ституция жасау міндеті тұрды.
Бұл талаптар республиканың мемлекеттік тәуелсізді-
гін, оның әлеуметтік бағдарланған экономикаға көшуін
орнықтыру, сапалық жаңа заңнама қалыптастыру
қажеттігінен туған болатын. Конституция мемлекет пен
оның институттары тұрақтылығының құқықтық кепілі
ретінде қарастырылды.
Өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан, адам-
ның құқықтары мен бостандықтарының басымдығы
мойындалатын, азаматтары азаматтық тыныштықты,
294
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
ұлтаралық келісімді, өздері мен болашақ ұрпақтары
үшін лайықты тұрмысты қамтамасыз етуге ұмтылатын
қоғамды дамытудың сенімді және пәрменді құқықтық
іргетасын қалау міндеті алда тұрды.
Конституцияны әзірлеу барысындағы табанды
жұмысты қорытындылай келіп, бұл кезеңде алға қо-
йылған міндеттер негізінен орындалды деп толық сенім-
мен айтуға болады.
Конституцияның қабылдануымен Қазақстанның
халықаралық аренадағы шептері де нығаяды. Осыған
байланысты жобаны әзірлеу барысында халықаралық
құқықтың мемлекеттік құрылыс, адам құқықтары мен
бостандықтары саласындағы жалпы жұрт мойындаған
қағидаттары толық көлемінде ескерілгенін атап көрсету
қажет.
Шын мәнінде, Конституцияның азаматтардың
құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін тия-
нақтайтын кез келген бабы олардың жеке, қоғамдық
және мемлекеттік мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті
сапалы іс-әрекеті үшін мейлінше кең өріс ашады.
Конституцияның ерекше сипаты – оның адамгершіл
бағыттылығы мен зерделі түрде мақсатқа сай болуы.
Біздің мемлекетіміздің Негізгі заңымен адамды кем-
сітушіліктің кез келген түріне тыйым салынады.
Біздің ұлттық мемлекеттілігіміздің тарихында
тұңғыш рет бекітілген конституциялық қағидат бо-
йынша Қазақстан Республикасының аумағын амалсыз-
дан тастап шыққан барлық азаматтарының, сондай-ақ
басқа мемлекеттерде тұратын қазақтардың сол мемле-
кеттердің азаматтығымен қоса, Қазақстан Республика-
сының азаматтығына ие болу құқы танылады. Әрине,
бұл сол елдің заңдарына қайшы келмейтін болса. Біздің
295
конституциялық қағидаттарымыз бойынша, Қазақстан
Республикасы адам құқықтарын бұзудың құрбан-
дықтары болған шетел азаматтарына және азаматтығы
жоқ адамдарға баспана беруге құқылы.
Осылайша, Конституция республиканың барлық
азаматтарына еркін әрі саналы өмір орнықтыруы
үшін қажетті құқықтық жағдайларға кепілдік беретін
сапалық жаңа нормаларды бекітіп берді. Халықара-
лық қоғамдастық біздің конституциялық құрылысқа
деген көзқарасымызға лайықты бағасын беретініне
сенімдімін.
Сонымен, біздің көпұлтты халқымыз жаңа Кон-
ституция бойынша өмір сүріп, жұмыс істей бастаған
уақыттың жаңа есебі басталды.
Конституциялық нормалардың күллі жаңғыр-
тушылық әлеуетінің іс жүзінде ашылуы көптен-көп
ретте барлық азаматтарға, біздің әрқайсымызға, бар-
шамыз болып Негізгі заңның өзегіндегі адамгершіл
мұраттарды қаншалықты мақсаткерлікпен және батыл
түрде басшылыққа алып, оның рухы мен әрбір сөзіне
адал болуымызға байланысты.
Дамудың тарихи тәжірибесі демократия мен бетімен
кетушіліктің арасында ортақ ештеңе жоқ екенін әлдеқа-
шан дәлелдеген. Демократиялық құрылым азаматтар-
дың құқықтары мен міндеттері арасындағы табиғи бай-
ланысты, тәртіпті нығайтуды және жеке адамның қоғам
мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін қажет етеді.
Демократияның негізгі кепілі – Конституция мен
заңдарға нақпа-нақ және сөзсіз бағыну, мемлекет бел-
гілейтін құқық нормаларын құрметтеу. Біз мұны анық
түсінуіміз керек. Қоғамда жеке адамның құқықтары
мен бостандықтарын іске асыру мемлекеттен жұрттың
296
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
бәрінің Негізгі заң талаптарын сөзсіз және қатаң сақтауы
қамтамасыз етілетіндей саясат пен идеология жүргізу
талабын қояды. Мұндай көзқарас болған жерде Консти-
туция бостекі сөз болып қалмай, өрлеу мен өркендеудің
қуатты факторына айналады.
Азаматтардың қоғам өміріне белсенді, саналы және
кеңінен қатысуының маңызды шарты саяси партиялар-
дың, бұқаралық қозғалыстардың, діни және басқа да бір-
лестіктердің қалыптасуы мен жұмыс істеуінің құқықтық
негіздерін конституциялық тұрғыдан бекітіп беру болар
деп ойлаймын.
Қазақстанның республика Конституциясы мен заңда-
рының шеңберінде әрекет ететін қоғамдық бірлестіктерге
тең мүмкіндіктердің кепілдігін беріп, олардың құқықтары
мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ететіні саяси
тұрғыдан өте маңызды. Бұл ретте қоғамды жөнсіз мемле-
кеттендіруге сенімді тосқауыл қою көзделген.
Сонымен қатар, нәсілдік, ұлттық, діни төзбеушілікті
жариялайтын, заңмен тыйым салынған қызметпен
айналысатын бірлестіктер мен құрылымдарды құруға
және олардың қызметіне салынған тыйым конститу-
циялық тұрғыдан бекітілді. Республика аумағында
заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар
құруға тыйым салынады. Сол арқылы қоғамның ұлттық
немесе сословиелік топтарына қатыстылығына қара-
мастан, кез келген бірлестіктердің немесе адамдардың
экстремизмге барар жолына конституциялық деңгейде
тосқауыл қойылады.
Тиісті әлеуметтік-экономикалық негізі болмайынша,
мемлекет өзіне алған міндеттемелердің орындалуы
қиын боларын бүгінде ұмытуға болмайды. Сондықтан
осы тұрғыдан да экономиканы тұрақтандырудың біз
297
үшін бірінші дәрежелі мәні бар. Әрі Конституци-
яда нарықтық қатынастарды дамытудың, меншіктің
алуан түрлі формаларын дамытудың қажетті әрі берік
құқықтық негізі қаланғаны өте маңызды.
Мемлекеттік құрылыс негіздерін дәйекті түрде
дамытып, жетілдірмейінше де қоғамдық қатына-
старды үйлестіру мүмкін емес. Мемлекеттік билікті
заң шығарушы, атқарушылық және сот билігі деп
бөлу қағидатын конституциялық тұрғыдан тиянақтау
да сөзсіз жетістік болды. Соған сәйкес мемлекеттік
органдар өз өкілдіктері шеңберінде дербес, тежемелік
және тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып өзара
ықпалдасады. Осы қағидалардың бәрі бұл Конститу-
цияны бұрынғыларынан түбегейлі ерекшелендіреді,
республиканың демократиялық өзгерістер жолымен
ілгері басуын баянды етеді.
Мемлекеттік биліктің дербес үш саласының Консти-
туция бойынша қарым-қатынасы кез келген мемлекет-
тік органның көлденеңнен килігіп, «басшының» немесе
«жоғарғының» рөлінен дәмегөйлену мүмкіндігін жоққа
шығарады. Сонымен бірге, біз біртұтас мемлекеттік
биліктің үш тармағы арасындағы диалектикалық бірлік
қағидаттарын бұдан былай да дамытып және жетілдіре
отырып, олардың жұмыс атқаруының пәрменділігін
қамтамасыз ете береміз.
Конституция Жоғарғы Кеңес пен Президенттің
құзыретін жеткілікті деңгейде нақты межелеп берген.
Бұлар – әрқайсысының соңында республика халқы
тұрған биліктің дербес тармақтары. Бұл жағдай олар-
дың ортақ мүдде қамы үшін өзара әрекеттесуіне ықпал
етіп, бір-бірінің қызмет аясына араласуына жол бермей,
тайталас дейтінді әсте болдырмауға тиіс.
298
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Менің байқауымша, Конституцияда сот билігі мен
прокуратура органдарының жаңа жағдайдағы рөлі
барынша нақты бейнеленген. Соттың мемлекеттік
органдар жүйесіндегі айрықша орнын атап көрсетіп,
Негізгі заң сот билігі органдарын мемлекеттің басқа
институттарынан ерекшелендіретін сипатты белгілерді,
сондай-ақ Қазақстан Республикасында сот әділдігін
ұйымдастыру мен жүзеге асырудың қағидаттарын
даусыз бекітіп берді.
Пәрменді сот билігін орнықтыру үшін де нақты
жағдайлар жасалған, оның тәуелсіздігінің кепілдіктері
қамтамасыз етілген. Негізгі заңның жоғары сот қорға-
нысын қамтамасыз етуге тиісті Конституциялық сотқа
кең өкілдіктер берілген.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру-
дың жолына жаңа ғана түскенін атап көрсету керек, ал
бұл жолмен ол әлі талай онжылдықтар бойы жүретін
болар. Біз осындай қоғамның заңнамалық базасын
құруға назарымыз бен күш-жігерімізді жұмылдыруы-
мыз керек.
Қабылданатын заңдардың сапасын арттыруына
ұдайы қамқорлық жасап отыруға тура келеді. Осы
тұрғыдан олар ақылға қонымды, әділ және көкейкесті
болып, қоғамдық тіршілік қарекетінің объективті
үдерістерін бейнелейтін, республиканы дамытудың
перспективаларына сәйкесетін болуы тиіс.
Заң шығару үдерісін түбегейлі жетілдіру ерекше өзек-
тілік пен практикалық мәнге ие болуда, ол құқықтық
актілерді қабылдау қажеттігін біліктілікпен дәйектеу
мен заң жобасын талқылауға жұртшылықты кеңінен
қатыстыру барысында перспективалық-жоспарлы
негізде жүзеге асырылуы қажет.
299
Конституцияның тікелей әрекет ету қағидаты мен
басқа барлық заңдардың алдындағы үстемдігін тия-
нақтап, іске асыру – біздің аса маңызды міндетіміз.
Осыған байланысты назарды заңдылық пен құқық
тәртібін қолдау тетіктерін күшейтуге тиісті құқықтық
реформаны жүзеге асыруда неғұрлым жоғары
тиімділікке жету проблемаларына жұмылдырған дұрыс
болар еді.
Заңдарда конституциялық ережелер бұлжытпай
сақталып, ал ведомстволық және басқа да норма-
тивтік актілерде қолданыстағы заңнамаға қарама-қай-
шылықтар болмауы үшін бақылау жүйесін жетілдіру
тұжырымдамалық мәнге ие болып отыр.
Осы айтылғандардың ауқымында, сондай-ақ қолданыс-
тағы заңнаманы қайта қарауға, саралауға және жүйе-
леуге бағытталған батыл шараларды жүзеге асыруды
тездету маңызды.
Біз лауазым иелерінің, азаматтардың құқықтық ұйға-
рымдарды тиісінше орындауы ортақ мәдениетіміз бен
мінез-құлқымыздың ажырамас сипатына әлі айнала
қоймағанын да ұмытпауымыз керек. Құқықтық наси-
хатты және азаматтарға Конституцияны құрметтеу мен
орындау рухында тәрбие беруді елеулі түрде жетіл-
діру қажет болып отырғаны осыдан. Қоғамда күллі
құқықтық ахуал өзгеруі қажет. Және бұған, бірінші
кезекте, жаңа Негізгі заң жағдай жасауы тиіс.
Біз әрі өзіміздің басымыздан кешіріп отырған
өтпелі кезеңнің өзіндік ерекшелігін ескеруіміз керек.
Экономикадағы, қоғамдық қатынастардағы, халықтың
мінез-құлқындағы өзгерістер ерте ме, кеш пе консти-
туциялық нормаларды жетілдіру қажеттігіне апарып
тірейді. Оған бола әлдебір сарыуайымға салынудың
300
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
қажеті жоқ. Бұл – табиғи үдеріс. Айта кетейін: қазір
де Конституцияның жекелеген қағидалары бір мәнде
қабылданбайды. Оны талқылау үдерісінің өзі-ақ
кемшіліктерінің бар екенін растайды. Біз оны білеміз.
Дегенмен, Конституция – біздің өміріміздің, ортақ
проблемаларымыздың өзіндік бір айнасы. Сондықтан
оларды бір дегеннен шешіп тастауға немесе олардан
сырт айналып, Негізгі заңда шындықты боямалап
көрсетуге бола ма? Жоқ, біз өз таңдауымызды қазір
жасаймыз және нақ осы Конституцияны қабыл аламыз,
неге десеңіз, бізге басқа таңдау шын мәнінде жоқ. Ал
бұл белгілі бір кезеңнен соң біз уақытпен сәйкеспейтін
кейбір конституциялық нормаларды нақтылауға қай-
тып оралмаймыз дегенді білдірмесе керек.
Қымбатты қазақстандықтар!
Қабылданған Негізгі заңымыз Қазақстанды мекен-
дейтін барлық халықтардың, оның барша азаматтары-
ның жақындасуына таптырмас мүмкіндік береді. Иә,
Конституция қызу пікір таластарында, қауырт, тыным-
сыз және шығармашылық жұмыс барысында туып,
талқыланып, қабылданды. Оны талқылау азаматтық
туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары,
тілдердің мәртебесі, билік пен басқару органдарының
өкілеттігі және басқалар туралы құқықтық нормаларды
конституциялық ресімдеуге байланысты бірсыпыра аса
күрделі проблемалардың бетін ашты.
Дегенмен көпұлтты мемлекет жағдайында біз ұлтқа,
әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайға, діни
қатынасқа қарамастан, теңдікті қамтамасыз ету сияқты
жоғары мақсатты басшылыққа алып, ең бір даулы мәсе-
301
лелер бойынша лайықты шешімдер таба алғанымызды
атап көрсету ләзім. Республикада мемлекеттік тілді
және ұлтаралық тілді білмейтін белгісі бойынша ешкім
де кемсітілмейтін болады.
Бұл мәселелерде біз ортақ бір ойдан шықтық. Дұры-
сын айтқанда, бұл пәтуа адамдардың өздерінің өмірлік
шындығын, көзқарасын, заң шығару үдерісіне деген
түсінік-пайымын бейнелейді. Сондықтан Негізгі заңның
жасаушысы Қазақстан халқының өзі деп батыл айтуға
болады. Біз қоғамдағы келісім, өзара түсіністік және
ынтымақтастық ахуалын одан әрі нығайта беру үшін
қазіргі жағдайды пайдалана білуіміз керек.
Сөзімнің соңында демократиялық егемен мемлекет
– Қазақстан Республикасының жаңа және тұңғыш Кон-
ституциясы халықтың игілігі мен өркендей беруі үшін
толық мәнінде жұмыс істесін деп тілек айтқым келеді!
302
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Қазақстан Республикасындағы
Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендірудің 1993–1995 жылдарға
арналған ұлттық бағдарламасының жобасы
туралы Қазақстан Республикасы
орталық және жергілікті атқарушы органдардың
басшыларымен кеңесте
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Алматы қаласы,
1993 жылғы 3 наурыз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІ МЕМЛЕКЕТ
ИЕЛІГІНЕН АЛУ МЕН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ
1993–1995 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ
Құрметті әріптестер!
Республика түбегейлі өзгерістер кезеңінде тұр және
олардың өзекті бағыты мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру болып табылады. Экономиканы рефор-
303
малау, оны дағдарысты жағдайдан шығару меншік
қатынастарын түбегейлі өзгертпейінше мүмкін еместігі
айдан анық.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
қандай саяси, экономикалық, әлеуметтік бағдарларды
көздейтіні, таяудағы және одан арғы болашақта жұртты
қандай өмір күтіп тұрғаны Қазақстанның барлық аза-
маттарын өте-мөте алаңдатулы. Мемлекет иелігінен
алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын
отандастарымыздың оң қабылдауы, Қазақстан халқынан
түсіністік пен қолдау табуы өте маңызды.
Егер шынын айтатын болсақ, мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендірудің алғашқы кезеңінде белгіленген
шептерге толық көлемінде қол жеткізе алмағанымыз-
ды мойындауымыз керек. Қазір республикада 1991
жылғы баға бойынша құны 41 млрд сомға жуық деп
бағаланған 6 198 объект қайта құрылымдалды. Жекеше-
лендірілген кәсіпорындарда 767 мың адам сөз жүзінде
емес, іс жүзінде меншік иелеріне айналды, бұл – жұмыс
істеушілер санының 12 %-ы. Мемлекеттік тұрғын үй
қорын, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объек-
тілерін жекешелендіру жөніндегі белгіленген ережелер
орындалған жоқ. Мысалы, саудада жекешелендірілген
кәсіпорындардың үлесіне бөлшек тауар айналымының
небәрі 4,5 %-ы ғана келіп отыр, ал олардың жалпы саны-
ның 40 %-ы жекешелендірілген болатын. Тұрмыстық
қызмет көрсетудегі мемлекеттік емес сектор белгіленген
50 %-дың орнына тек 21,1 %-ға ғана тұрмыс қажетін өтей
алды.
Басқаша айтқанда, біз ең бастысына қол жеткізе
алмадық. Атап айтқанда, халықтың басым көпшілігінің
экономикадағы нарықтық өзгерістердің маңызын терең
304
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
түсінуіне, өз ісін ұйымдастыра алатынына сенуіне, соңғы
70 жылдағы тоталитарлық режім кезінде айрылып
қалған қожайын, меншік иесі сезіміне қайта ие болуына
жете алмадық. Тіпті шынын айтсақ, бүгінде жекешелен-
діруге негізінен кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару
органдарының басшы қызметкерлері нақты мүдделі
болып отыр. Еңбекшілердің осындай енжарлығы олар-
дың көпшілігіне тіпті қолайлы да, өйткені ол әртүрлі
қулық-сұмдықтарға жол ашады.
Неге бұлай болып отыр? Жекешелендірудің бірінші
кезеңінің шеңберінде белгіленген істерді жүзеге асыру-
дағы сәтсіздіктің себебі неде?
Ең алдымен, экономикалық, әлеуметтік, сондай-ақ
таза саяси тұрғыдан алғанда да осындай ауқымы кең
және ерекше күрделі шараны іске асырудағы тәжіри-
бенің жоқтығы әсер етті. Мысалы, істің құқықтық
жағын алып қарайық. Меншік қатынастарын реттейтін
қабылданған заңдар топтамасында жекешелендіру
үдерісіне кедергі келтіріп, сатушыны да, сондай-ақ
тұтынушыны да көбінесе тығырыққа тірейтін көпте-
ген қайшылықтарға жол берілді. «Жергілікті өзін-өзі
басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жер-
гілікті Кеңестері туралы», «Қазақ КСР-інің меншігі
туралы» заңдар жекешелендіру үдерісімен елеулі
шиеленісте болды. Тіпті «Мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру туралы» Заңның өзі де көп түзетулерді
қажет ететін болып шықты.
Белгіленген бағдарламаны орындауға мемлекеттік
меншіктің республикалық және коммуналдық меншікке
бөлінуі, сондай-ақ меншіктің ұжымдық түрлерімен,
жекешелендіру туралы заң берген артықшылықтармен
және жеңілдіктермен артық әуестену теріс әсер етті. Біз
бүгін мүліктің мемлекеттік меншіктен ұжымдық мен-
305
шікке ауысуы өндірістің тиімділігіне пәлендей өзгеріс
жасай қоймағанын көріп отырмыз. Еңбек ұжымдары-
ның нақ осы жеңілдік алған жағдайы олардан жеке-
шелендірілген мүлік үшін жоғары ақы төлеуді талап
етуімізге мүмкіндік бермеді.
Біз осы мүліктің көп ретте кәсіпорынның өз қызмет-
керлерінің еңбегі есебінен құрылғанын немесе алынға-
нын ескердік, бірақ мұны тек олар ғана емес, қайта
бүкіл халық жасағанын ескере алмадық. Енді, міне, тегін
алынған мүлікке көзқарас та «тегін» екеніне, меншікті
осылай бере салу иегерлік сезімін тіпті де қалыптастыр-
майтынына, керісінше, масылдық пен жауапсыздықтың
келеңсіз дәстүрлерін тереңдете түсетініне көзіміз жетті.
Еңбек ұжымының жекешелендірудегі басым құқығы
дегеніміз социалистік психологияны нарықтық рефор-
маларды жүргізу қажеттігімен «келістірудің» сәтсіз
әрекеті екеніне кәміл сенімдімін. Өкінішке қарай, біз
осынау, турасын айтқанда, кесірлі әдістің саяси және
экономикалық жарамсыздығын тағы да дәлелдеп,
уақытты өткізіп алдық.
Жекешелендіру барысын талдай келіп, тағы бір
маңызды жағдайды атап өтпей болмайды. Әдетте, қайта
құрылған кәсіпорынға мемлекеттік басқару органдары
бірден өгей баладай қарай бастайды. Бұл – үлкен
қателік, өйткені министрліктер мен ведомстволардан
салалық істерді мемлекеттік реттеу жөніндегі міндет-
терін ешкім алған емес, жекешелендіру осы реттеудің
түрлерін ғана өзгертеді. Дәл бастапқы кезеңде осы
кәсіпорындарды мемлекеттің қолдауы қажет екені де
осыдан, себебі меншіктің аса көп үлесі соның қолын-
да қалып отыр.
Тұрғын үйді жекешелендіру бағдарламасы алғашқы
кезеңнің өзіндік бір тағылымына айналды. Бірқатар
306
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
жергілікті әкімдердің купонды тетік туралы бекітілген
ережеге қарамастан пәтерлерді өтеусіз сату, оған қоса
купондарды да бірге беру туралы шешімдері оның
нәтижесіне теріс әсер етті. Енді бұл тұрғын үй купон-
дарының қалдықтарын жекешелендіру барысында
пайдаланудың қосымша нұсқаларын іздестіруімізге
мәжбүр етіп отыр. Үйді тегін алғандарға ешқандай
купон берілмеуі керек.
Бізге Мүлік жөніндегі мемлекеттік комитет пен ком-
муналдық меншікті басқару жөніндегі органдардың
іс-қимылдарындағы үйлесімсіздік қатты бөгет жасады.
Шын мәнінде жергілікті әкімдіктердің жанынан жеке-
шелендіру жөніндегі қосарлас органдар құру практи-
касын тоқтату туралы Жоғарғы Кеңестің қаулысы орын-
далмай қалды. Әлемнің ешбір елінде жекешелендіру
жөнінде біртұтас мемлекеттік саясат Қазақстандағыдай
алуан түрлі сценарийлермен жүргізілген емес.
Меншіктің аражігін ашу жөнінде талдап жасалған
идеология ескерусіз қалды. Мысалы, Алматы қала-
сының өзінде бір жылдың ішінде бірін бірі жоққа
шығарған 4 қаулы қабылданған. Кәсіпорындарды респу-
бликалық меншіктен коммуналдық меншікке шексіз
көшіре беруді тоқтату керек.
Сайып келгенде, жекешелендірудің кемшіліктері мен
еңбекшілердің басым көпшілігі тарапынан оған деген
теріс көзқарас бірінші кезеңде оны бейберекет жүргізуге
байланысты. Біз үдеріс «төменнен» болатын бастама
бойынша өздігінен жүріп кетеді деп ойладық. Сөйтіп,
қателестік. «Жоғарыдан» тиісті реттеу мен бақылау бол-
маған соң, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында
жекешелендіру тетіктері кең насихатталмағандықтан іс
307
алға басқан жоқ. Жергілікті жерлердегі төрешіл, шен-
шекпенді топтардың белгілі бір қарсылығы да әсер
етті, ал оны «төменнен» еңсеру оңай емес. Бір сөзбен
айтқанда, лайықты мемлекеттік басқарумен қамтама-
сыз етілмеген жекешелендіру мен мемлекет иелігінен
алудың тиісті нәтижелер бере қоймайтынына біздің
көзіміз жетті.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
барысын, демек, экономикалық реформалаудың бүкіл
үдерісін тежеп отырған негізгі себептер, міне, осындай.
Ал уақыт өтіп жатыр және жұртшылық тұрмысымыз
қашан жақсарады? – деп барған сайын жиі әрі табанды
түрде сұрайтын болып келеді.
Президент ретінде менің де, Министрлер Каби-
нетінің де, барлық қиындықтарға қарамастан, эконо-
микалық сауығу іс жүзіндегісінен тезірек болар деп
үміттенгенімізді жасыра алмаймын. Біз экономиканы
ырықтандыру мен ақша-қаржы жүйесін тұрақтан-
дыру мәселесін бір мезгілде шешуді көздедік. Алайда
осыншалық қысқа мерзім ішінде оған қол жетпейтін
болып шықты. Оның үстіне, нақты мәліметтер эконо-
микада да, әлеуметтік салада да қиындықтардың арта
түсіп келе жатқанын, сомның құнсыздануы тоқтамай
тұрғанын, мемлекеттік қаржы саласындағы, сондай-ақ
кәсіпорындардың қаржы ахуалындағы жағдайдың мәз
еместігін, халықтың тұрмыс деңгейі едәуір төмендеп
бара жатқанын көрсетіп отыр.
Әйтсе де біздің шегінер жолымыз жоқ. Біздің нарық-
тық экономикаға қарай ілгері басуымызға кедергі кел-
тіретін тосқауылдарды батыл да дәйекті түрде жеңе
отырып алға басуымыз керек. Бұған басқадай балама жоқ.
308
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Бүгін таңда республикадағы мемлекеттік меншікті
қайта құрылымдау үдерісінде бетбұрысты кезең туып
отыр. Алғашқы кезеңде атқарылған жұмыс қоғамдық
пікірді кең ауқымды жекешелендірудің қажет екенін
түсінуге дайындады, ал оны таяу жылдарда өрістету
керек. Осыған сәйкес мемлекеттік меншікті қайта
құрылымдаудың оңтайлы ұйымдастырушылық түр-
лерін құруға бағдарланған жаңа экономикалық стра-
тегияны әзірлеу қажеттігі де туындады.
Бағдарламаның мәнін аша келіп, сіздердің назарла-
рыңызды негізгі екі мәселеге аудармақшымын.
Бірінші. Әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын сақтау
және азаматтардың жалпыхалықтық меншіктің үлесіне
деген конституциялық құқығын іске асыру мақсатында
жекешелендіру үдерісіне республиканың тұрақты
тұрғындарын барынша көп тарту көзделіп отыр.
Бастысы – меншікті үлестіріп беруде емес, оны одан әрі
пайдалануда. Адамдардың ынтасы мен кәсіпкерлігіне
ерік беріп, дүниеге жандары ашитындай реті бар мен-
шік иелерінің қалың жігін құру керек, сол арқылы кез
келген мемлекеттің қоғамдық-саяси тұрақтылығының
негізі болатын орта тапты дәйекті түрде қалыптасты-
руды қамтамасыз ету қажет.
Екінші. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды
меншіктің басқа түрлеріне қайта ауыстыру меншік иесі
ретіндегі мемлекеттің ғана ынтасымен, жариялылық
және жекешелендірудің барысына пәрменді бақылауды
сөзсіз қамтамасыз ету арқылы жүргізілетін болады.
Бағдарламада жекешелендірудің негізгі бағыттары,
купондарды пайдалану, агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекет иелегінен алу мен жекешелендірудің ерек-
309
шеліктері, жекешелендіруге шетелдік инвесторлардың
қатысуы, сондай-ақ оны жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін бірқатар ұйымдық шаралар көзделген.
Бұл ретте бағдарламаны жүзеге асыру республика
халқын әлеуметтік қорғаудың шараларымен міндетті
түрде бірге жүргізілетін болады. Бұлардың арасында
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерісінде
босап қалғандарды жұмыспен қамту, кадрларды даяр-
лау мен қайта даярлау жөніндегі мемлекеттік және жеке
мекемелер жүйесі арқылы оларға қызмет аясын және
мамандығын ауыстыруға мүмкіндік беру бар.
Халықтың аз қамтылған және әлеуметтік қорғалмаған
жіктерін қолдау мен әлеуметтік қорғау үшін арнайы
мемлекеттік, жекеменшіктік және аралас қорлардың
құрылуына айрықша назар аударылатын болады.
Республиканың ерекше меншігіндегі объектілер:
жер, оның қойнауы, сулар, әуе кеңістігі, өсімдік және
жануарлар дүниесі, басқа да табиғат ресурстары,
тарих пен мәдениет ескерткіштері, халықтың мәдени
және тарихи құндылықтары, республикалық бюджет
қаржысы, республикалық қамсыздандырушы резерв
қорлары мен басқа да қорлар, сондай-ақ республика-
ның егемендігін, оның әлеуметтік және экономикалық
дамуын қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мүліктік
кешендер жекешелендіруге жатпайды.
Мемлекет экономиканың жекелеген аспектілеріндегі
өзіне қажетті және оңтайлы реттеуді, халықтың белгілі
бір жіктерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін
тиісті акциялар топтамасын өзінде қалдырады.
Шетелдік сарапшылардың пікірінше, дүние жүзінде
әлі ешкім де Қазақстандағыдай күрделі жағдайда
310
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
жекешелендірумен айналыспаған көрінеді. Жұрт
жекешелендіруден рыноктың арзан тауарлармен және
қызметтермен жедел молығуын, мемлекеттік бюджетке
қомақты ақша түсімі болуын әрі, сонымен бірге, бәрін
қамтитын әлеуметтік әділеттікке міндетті түрде қол
жеткізілуін күтеді. Бірақ жекешелендіру осы пробле-
малардың бәрін өздігінен шеше алмайтынын анық
түсінуіміз керек. Оның үстіне, дүниежүзілік тәжірибе
жекешелендіру, кез келген түбегейлі реформа сияқты,
алғашқы кезеңде экономикалық жағдайдың елеулі
нашарлауына апарып соғатынын көрсетеді, ал шару-
ашылық байланыстары жүйесінде де қайта құруды
талап етіп отырған біздің жағдайда бұл тіпті болмай
қоймайтын нәрсе.
Қысқасы, бізді алда қоғамның материалдық жағынан
жіктелуі, кәсіпорындардың банкрот болуы, жұмыссыз-
дық, тұрмыс деңгейінің төмендеуі сияқты үлкен қиын-
дықтар күтіп тұр. Осының барлығын бастан өткізіп,
еңсеруіміз керек.
Біздің еріксіз болған әрбір қатеміз үшін төмпештеп
қалуға тырысатын сыншыларымыз да аз болмайды.
Бірақ сынау оңай, ал іс тындыру одан әлдеқайда қиы-
нырақ.
Біз тәуелсіз мемлекет құрдық, әлемдік қоғамдастық
жоғары бағалаған жаңа, нағыз демократиялық Кон-
ституция қабылдадық. Бүгінде біздің күресетін де, өз
еңбегімізбен қорғайтын да нәрсеміз бар. Сондықтан
бірігудің, ортақ мақсатқа қарай ұмтылудың орнына
біз тайталаспен, өміріміздегі белгілі бір кемшіліктер
мен қиындықтар үшін кінәлілерді іздеумен айналыс-
сақ, қайғы-қасірет сол болмақ. Ауқымды реформалау
311
кезеңінде барлық егесуші партиялар мен қозғалыстар
өз қызметтеріне мораторий жарияласа жөн болар еді.
Егер бәріміз алдымызда тұрған міндеттердің маңыз-
дылығына бойламасақ, түпкі мақсатқа жету үшін жеке,
уақытша мүдделерден бас тарта алмасақ, біз белгіленген
шептерге жете алмаймыз. Конституциялық бостандық,
өзіміз соншама аңсап жеткен демократия құр елеске
айналуы мүмкін.
Қазақстанның бүкіл халқын биік мақсат жолындағы
өнегелі және саяси бірлікке шақырамын.
312
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Достарыңызбен бөлісу: |