Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

Арал теңізін сақтап қалу  

проблемалары жөніндегі  

мемлекет басшыларының I конференциясында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Қызылорда қаласы, 

1993 жылғы наурыз

Құрметті әріптестер!

Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларына, Ресей 

Федерациясының  өкіліне  Қызылорда  жерінде  сәлем 

бере тұрып, мен Арал проблемасына терең алаңдау- 

шылық білдіргендеріңіз, осынау аса ірі экологиялық 

апаттан  шығудың  жолдарын  табуға  ұмтылған  ынта-

ларыңыз үшін баршаңызға өзімнің ризашылығымды 

білдіремін.

Осы  конференцияның  жұмысына  егемен  мемле-

кеттер  басшыларының,  ірі  мамандардың,  эколог-ға-



313

лымдардың қатысуы, сөз жоқ, бұл проблеманы шешу-

дің  сындарлы  жолын  табуға  мүмкіндік  туғызатын 

болады.


Арал  проблемасын  тек  біздің  мемлекеттеріміздің 

бірлескен күш-жігерімен және әлемдік қоғамдастықтың 

кең қолдауына сүйеніп қана шешуге болады.

Бұл үшін жан-жақты ынтымақтастықты нығайтып, 

дамыта беру қажет. Тағдырларының тарихи ортақтас-

тығымен, географиялық жағдайымен біріккен біздің 

елдеріміздің  оған  жетерлік  әлеуеті  мен  саяси  табан-

дылығы  бар.  Бұл  арада  мен  апаттың  қанат  жаюын 

болдырмау көбінесе біздің өзімізге ғана байланысты 

екенін айтып тұрмын.

Бүгінде  Арал  маңындағы  экологиялық  жағдай 

әлдеқайда  қиын,  сондықтан  біз,  айталық,  бұдан  үш 

немесе  бес  жыл  бұрынғымыздан  неғұрлым  ширақ 

қимылдауымыз  керек.  Естеріңізде  болар,  сол  кезде 

бұрынғы Одақ көлемінде кешеуілдетуге болмайтын бір-

неше маңызды қаулылар қабылданған болатын, бірақ 

белгілі  себептерге  байланысты  біздің  қолға  алынған 

көптеген жұмыстарды енді өз күшімізбен жеріне жет-

кізуімізге тура келіп отыр. Экономикалық тұрақсыздық 

аясында  бұл  Арал  проблемасына  белгілі  бір  салқы-

нын тигізуде. Әйтсе де оны шешуге біз аз үлес қосқан 

жоқпыз. Бұл кездесуде бұрынғыдан да тиімді жұмыс 

атқарып, Аралға қатысы бар ведомстволар арасындағы 

кедергілерді жоюдың жолдарын бірлесіп табармыз деп 

үміттенемін.

Осындай келелі кеңестің қажеттігі әлдеқашан пісіп- 

жетілген болатын. Бірақ біз үшін маңыздысы сөз емес. 

Арал проблемасын шешуге арналған идеялар жетіп 

артылады. Теңізді құтқару жобаларының өзі 200-ден 


314

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


астам. Бізге керегі – нәтиже. Ол үшін біз, жақында ғана 

егемендік алған мемлекеттер, алда атқарылар жұмысқа 

қатысты өз пайымдауымызды тұжырымдауымыз керек. 

Менің ойымша, ол ең әуелі Арал маңын мекендейтін 

халықтардың  экологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етуге негізделуі тиіс.

Бүгінде  экологиялық  апат  аймақтарынан  ұлттық 

шекаралармен тұйықталуға болмайды. Біздің ынты-

мақтастығымыз  елдер  мен  халықтардың  ортақ  мүд-

делерін білдірсе, экологиялық дағдарыс салдарынан 

арылып, жақсарудың үмітін жаға алса, онда ол терең 

мәнге  ие  болмақ.  Біз  тек  өзара  келісім,  тыныштық 

пен  тұрақтылық  жағдайында  ғана  қалыпты  эконо-

мика  құрып,  өз  халықтарымыздың  тұрмыс  деңгейін 

арттыруға  қол  жеткізе  аламыз.  Міне,  осы  себептен 

Қызылордадағы кездесу біздің ынтымақтастығымызды 

сапалық жаңа қатынастармен байытып, Арал маңын-

дағы жағдайды жақсы жағына қарай өзгертуге деген 

құлшынысымызды іс жүзіне асыруға көмектесуі керек.

Қазір  бізге  бірлескен,  үйлесімді  шаралар  қажет. 

Әмудария мен Сырдарияның сулары біздің арамыз-

 ды  бөлмей,  қайта  біріктіруі  тиіс.  Солай  болып  та 

жатыр.  Айтпақшы,  біздің  байланыстарымыздың 

оң  ықпалына  Халықаралық  қайта  құру  және  даму 

банкінің мамандары назар аударып отыр. Осы өзен-

дердің су ресурстарын басқаруды және Орталық Азия 

мемлекеттері  арасында  су  бөлінісін  жүзеге  асырып 

келген  КСРО-ның  бұрынғы  Мелиорация  және  су 

шаруашылығы  министрлігі  тарағаннан  кейін  біздің 

министрлеріміздің бәтуаласып, келісімге келіп, Мем-

лекетаралық  сушаруашылық  үйлестіру  комиссия-

сын құрғанына және Аралды сақтауға қажетті үлесті 



315

ескере  отырып,  су  ресурстарын  пайдалануға  қатыс- 

ты  барлық  мәселелерді  бірлесіп  шеше  алғандарына 

олар ризашылықпен таңданыс білдіруде. Бұл, меніңше, 

Арал  проблемасын  шешуге  қосылған  маңызды  үлес 

болса керек, бірақ, әділін айтқанда, бұл алға қойылған 

мақсатқа жетудің алғашқы қадамы ғана.

Бұл конференцияда қол қойылатын құжаттар біздің 

өңірде экологиялық дағдарыстардың пайда болу ықти-

малдығын кемітуі тиіс. Арал мен Арал маңы пробле-

маларын шешу жөніндегі бірлескен шаралар туралы 

қабылданғалы отырған келісіммен бірге біз оны іске 

асырудың тетіктерін жасауымыз керек. Олар тұрақты 

жұмыс  істейтін  органдары  бар  Арал  бассейнінің 

проблемалары бойынша Мемлекетаралық кеңес пен 

Аралды құтқарудың халықаралық қоры болуға тиісті. 

Әр мемлекеттен осы органдарға жіберілетін өкілдердің 

келісілген  кандидатуралары  бар,  біз  соларды  қарап, 

бекітіп, жемісті еңбек етулеріне тілек білдіруіміз қажет.

Өзінің  ауқымы  жағынан  Арал  апаты  біздің  пла-

нетамыздағы аса ірі экологиялық апат деп танылған. 

Оның  салдары  сорақы  екені  сонша,  оны  жоюға  көп 

уақыт, қыруар қаржы мен күш-жігер керек. Сондықтан 

өңірдегі  әлеуметтік-экономикалық  және  экологи-

ялық жағдайды түбегейлі өзгерту үшін, бізге әлемдік 

қоғамдастықтың  қолдауы  қажет.  Бұл  жайында  мен 

БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында сөйлеген 

сөзімде де айтқанмын. Айтпақшы, осыған байланысты 

Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық Су ресурстары 

күнін белгіледі, ол жыл сайын 22 наурызда атап өтілетін 

болады. Бірақ бұл көмек біздің шеттеп қалмай, кешенді 

және дәйекті түрде жұмыс істеп жатқанымызға дүние 



316

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жұртының көзі жеткенде ғана көрсетілетінін ескеруі -

міз керек.

Мен осы кездесуді өткізуіміздің өзі-ақ үлкен жетістік 

деп білемін. Біз өз қам-қарекетімізбен томаға-тұйық 

қалмай,  күллі  өңір  халқының  игілігі  мен  өркендеуі 

үшін бірлескен шараларды қолға алдық. Қызылорда 

конференциясы біздің мемлекеттеріміздің арасындағы 

ынтымақтастықты  кеңейтіп,  тату  көршілік  ахуалын 

тереңдетудің маңызды кезеңі болады деп үміттенемін.


317

Қазақстан Республикасы  

Қарулы Күштерінің 1 жылдығына байланысты 

N-ші әскери бөлімінің  

офицерлер құрамы алдында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

1993 жылғы 29 сәуір



Қымбатты достар!

Біз сіздермен бірге республикамыздың және оның  

Қарулы  Күштерінің  өміріндегі  маңызды  оқиға  қар-

саңында жиналып отырмыз – биылғы 7 мамырда олар 

өздерінің алғашқы жылдығын атап өтпекші.

Әрине,  ТМД  елдері  өздерінің  Қарулы  Күштерін 

құрар алдында бұрынғы Одақ аумағында болған күр-

делі саяси оқиғалар сіздердің естеріңізде болар деймін 

әрі олар туралы мен талай айтқанмын. Қазақстанның 

ең соңғы сәтке дейін Достастықтың біртұтас, ал содан 



318

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


соң біріккен Қарулы күштері идеясын жақтап келгені 

баршаға белгілі. Республика басшылығы бүгін де әрбір 

егемен  мемлекеттің  қауіпсіздігі  Достастық  елдерінің 

ұжымдық қорғанысы арқылы сенімді түрде қамтамасыз 

етілетініне берік сенеді. 

Бұл  тұрғыдан  алғанда  Қазақстанның  өз  Қарулы 

Күштерін құруға соңғылардың бірі болып кіріскені көп 

жайды аңғартады. 1992 жылғы 7 мамырда мен тиісті 

Жарлыққа  қол  қойдым  да,  республикадағы  дербес 

қорғаныс құрылысы бастау алды. Қай жағынан, саяси, 

экономикалық,  ұйымдық  жағынан  алып  қарасақ  та, 

бұл  –  бәрі-бәрі  ескерілуге  тиісті  аса  күрделі  үдеріс. 

Мұның  тағы  бір  маңызды  –  геосаяси  астары  да  бар. 

Республика  Еуразияда  ерекше,  құрлықтар  арасын 

«байланыстырушы»  орынға  ие.  Мұндай  жағдайда 

әскери  саясат  саласында  өзіміздің  өңірдегі  қалыпта-

сып  отырған  тұрақтылықты  ешбір  бұзбайтын  саяси 

қадамдар  мен  шешімдердің  ерекше  сарабдалдығы 

қажет.

Бүгін біздің Қарулы Күштеріміздің қалыптасуының 



ең  алғашқы,  ең  қиын  кезеңі  тұтастай  алғанда  артта 

қалды деуімізге болады. Олар өздерінің мемлекеттік 

мәртебесіне  ие  болып,  Қазақстан  Республикасы  еге-

мендігінің құрамдас бөлігіне айналды, ол туралы ел 

Конституциясына жазылды.

Бір жыл деген – көп уақыт емес, бірақ біз әскери-

леріміздің атқарғаны аз емес екенін  көріп отырмыз. 

Қарулы Күштерді құрудың Тұжырымдамасы жасалды, 

республиканың экономикалық мүмкіндіктерін ескеріп 

жаңа әскери-техникалық саясат қалыптастыру аяқта-

лып келеді. Бөлімдердің өздеріндегі істің жағдайына 


319

келер болсақ, жауынгерлік даярлық деңгейінің төмен-

деуін белгілі бір дәрежеде тоқтатуға, әскерлерді басқару 

мен даярлау жүйесін жолға қоюға қол жетті. «Мұраға» 

қалған қару-жарақ пен әскери техника мұқият тексеру-

ден өтті, әскерлердің құрамын қайта құру, кадрларды 

қайта аттестаттау аяқталып келеді.

Республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған әскери 

мәселелер  бойынша  заңдар  топтамасы  Қарулы 

Күштерді құрудың құқықтық негізін, әскери қызмет 

атқаруды, әскери қызметшілердің мәртебесін, оларды 

әлеуметтік қорғаудың және зейнетақымен қамсыздан-

дырудың кепілдіктерін заң жүзінде бекітіп берді. Бұл 

бүгін әскери реформалар жүргізу, Әскери доктринаны 

жүзеге асыру үшін құқықтық база жасалды деп айтуға 

негіз береді. 

Дегенмен, Қарулы Күштердің жақын арадағы және 

болашақтағы міндеттері туралы айтқанда, біз ТМД-да, 

республикада және тұтас дүние жүзінде қалыптасқан 

жағдайларды ескермей тұра алмаймыз.

Біз бұрынғы Одақ елдерінің бірігуі мен ықпалдасуы 

ұстанымын жақтайтынымызды айтудан мен жалыққан 

емеспін. Кемел ойдың бұл ұстанымы барлық адамдар 

үшін өмірлік маңызды ұжымдық қауіпсіздік, экономи-

каның тұрақтылығы, адам құқықтарын сақтау, эколо-

гия сияқты және басқа да толып жатқан мәселелерді 

шешуде ақылға қонымды мәміле болуын көздейді.

Көп ретте Достастыққа қатысушы елдердің іс-әрекет 

тактикасы  мен стратегиясын айқындайтын  маңызды 

фактор – шетелдерден болады деп уәде берілген эко-

номикалық қолдау-көмекке, БҰҰ-ның, ЕҚЫК-нің ТМД-

дағы шиеленіс жағдайларды шешудегі бітімгершілік 

күш-жігерінің ерекше рөліне байланысты көп үміт арту. 


320

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Сырттан келетін көмекке үміт артуға болар-ау, бірақ 

одан бас тартпастан ТМД экономикасындағы жағдайды 

түзету мен Достастықтың әртүрлі өңірлеріндегі жан-

жалдарды реттеу жөнінде өзіміз үйлесімді шаралар 

қолдануымыз керек.

Осыған байланысты бір мәселеде өзгелердің алдын 

орап  кету,  шетелдік  әріптестермен  әлдебір  ерекше 

қатынастар  орнату  арқылы  ұтысқа  шығу  әрекеттері 

тек уақытша пайда беретінін және бұл қайткен күнде 

де жеке мүдделерінің амал-айласына кең мүмкіндіктер 

ашылатын сол серіктестерге ерекше пайдалы болаты-

нын түсініп, ортақ ұстанымға келген жөн болар еді. Ал 

егер экономикалық немесе әскери-саяси ынтымақтас- 

тықтың нақты мәселелері бойынша Достастық мемле-

кеттері бір тұрғыдан әрекет етсе, ондай ынтымақтас- 

тықтың тиімділігі анағұрлым арта түседі.

Қазақстан  бұл  бағытта  бастамаларын  жасаған  да 

болатын. Атап айтқанда, әңгіме БҰҰ қамқорлығымен 

Алматыда превентивтік дипломатия орталығын құру, 

сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шара-

лары  жөніндегі  кеңес  (АӨСШК)  өткізу  туралы  БҰҰ 

тарапынан қолдау тапқан ұсыныс жайында болып тұр. 

Оның міндеті Достастықтың тек азиялық емес, өзге де 

өңірлерінде бейбітшілікті нығайтудың тетіктерін жасау 

болуы тиіс.

Нақ осы мақсатпен тиісті министрліктердің, ведом-

стволардың, қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстардың 

тарапынан әртүрлі даулар мен жанжалдарды шешудің 

әмбебап амалы ретіндегі консультацияларды Достастық 

мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасының тұрақты 

тәжірибесіне енгізсе өте пайдалы болар еді.


321

Дегенмен  экономикаға  оралайық.  Орталықтың 

өктемдігімен  «тар  шеңберлі  мамандандырылуы» 

мәпелеп  өсірген  республикалардың  қай-қайсысы  да 

Одақ  ыдырағаннан  кейін  көлбеу  байланыстардың 

бұзылуынан  ең  ауыр  тауқыметтерді  тартты.  Қазір 

бірыңғай кеден саясаты мен үйлесімді сыртқы байла-

ныстар саясатының шеңберіндегі еркін саудалы ортақ 

экономикалық кеңістіктің қажеттігін түсінген саясаткер-

лер (қарапайым халық мұны әлдеқашан бұрын түсінген 

болатын)  қатары  күн  санап  артып  келеді.  Бірыңғай 

жалпыұлттық  валютасы  бар  валюта-қаржы  одағын 

құру, Достастыққа мүше мемлекеттердің несие және 

бюджет саясатын үйлестіру мәселелері қашанғысынан 

да көкейкесті сипат ала түсуде.

Қазақстанға келетін болсақ, экономикадағы жағым-

сыз үдерістер бізге де соқпай өткен жоқ. Ұлттық табыс, 

өнеркәсіп өндірісінің көлемі, халық тұтынатын тауарлар 

өндіру кеміп кетті. Күрделі құрылыс көлемі азайды. 

Өткен жылы 32 млн. тоннадан асатын рекордты мөл-

шердегі дәнді дақылдар жиналғанымен, ауыл шару-

ашылығында,  әсіресе,  мал  шаруашылығында  елеулі 

проблемалар қалып отыр.

ТМД мен республикадағы экономикалық және саяси 

ахуалға,  өзгелердің  және  өзіміздің  қателіктерімізге 

жасалған  талдау,  халықаралық  тәжірибені  зерделеу 

Дағдарысқа  қарсы  шұғыл  шаралар  мен  әлеуметтік- 

экономикалық реформаларды тереңдетудің бағдарла-

масын жасап, қабылдауымызға мүмкіндік берді. Өзінің 

мәні бойынша ол қолда бар өндірістік және ғылыми 

әлеуетті тиімді пайдалану, нарықтық тетіктерді эконо-

микаға етене енгізу арқылы халықтың тұрмыс дәрежесін 

арттыруға бағытталған.


322

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін 

әлеуметтік қорғаудың өткір проблемалары да респу-

блика  басшылығының  ұдайы  назарында.  Мәселен, 

үстіміздегі жылғы 1 ақпаннан бастап әскери қызмет-

керлердің лауазымдық жалақылары – 2,2 есе, ал әскери 

атақтары бойынша 2 есе өсірілді.

Алайда әскери құрылыстағы табыстар мен табыс-

сыздық, әскери қызметкерлердің көптеген проблема-

ларының шешілуі тек республикалық органдарға ғана 

байланысты деу дұрыс болмас еді. Бұл жергілікті билік 

органдарына  да  байланысты,  өйткені  қорғаныс  пен 

қауіпсіздіктің жай-күйіне олар да дәл сондай дәрежеде 

жауапты.

Республиканың  жаңа  Конституциясы  мен  қабыл-

данған заңдар мобилизациялық ресурстарды жинақтау 

мен жетілдіру, мобилизациялық қуаттарды сақтау мен 

дамыту, әскерлерді азық-түлікпен және басқа да мате-

риалдық-техникалық  ресурстармен  қамтамасыз  ету 

мәселелерінде жергілікті билікке зор құқықтар мен кең 

өкілеттік береді. Сіздер де, офицер және прапорщик 

жолдастар, жергілікті билік орындарына ұдайы көмек 

көрсетіп отыруларыңыз керек.

Күрделі әлеуметтік проблемалардың бірі тұрғын үй 

проблемасы болып келді және солай болып та отыр. 

Өздеріңіз білесіздер, мен барлық әскери қызметкер-

лерді пәтермен қамтамасыз ету туралы Жарлыққа қол 

қойғанмын. Алайда шаруашылық байланыстарының 

үзілуі,  құрылыс  материалдары  жеткізілімінің  үнемі 

орындалмауы  және  басқа  да  көптеген  себептер  алға 

қойылған  істің  атқарылуына  кесірін  тигізді.  Әсіресе 

климат жағдайы ауыр жерге орналасқан сіздердің гар-

низондарың қатты қиыншылыққа ұшырады. Сіздердің 



323

отбасыларыңыз тап болып отырған мұқтаждықтарды, 

130  офицер  мен  прапорщиктің  үй-күйі  жоқ  екенін, 

балабақшалар  мен  яслилерде  орын  жетіспейтінін, 

тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуде іркілістер бола-

тынын білеміз.

Бүгін шешілуі сіздердің өздеріңізге қатысты мәселе-

лерді де қозғай кетсек деймін. Бұл ретте әскери құрылыс- 

тың  кейбір  мейлінше  көкейкесті  проблемаларына 

тоқталайын.

Ең әуелі бұл әскери және мобилизациялық даяр-

лығы. 


Соғыс  қаупі  деңгейінің  төмендеу  үрдісі,  әлемдік 

қоғамдастықтың өзара қауіпсіздік пен ынтымақтастық 

құрылымдарын жасау жолдарын іздестіруге ұмтылуы 

ондаған  жылдар  бойы  қалыптасқан  жағдайды  объ-

ективті  түрде  өзгертуде.  Дегенмен  әлі  күнге  дейін 

сенім мен өзара ашықтық шараларының пәрменділік 

кепілі осы заманғы техникамен және қару-жарақпен 

жасақталған  оңтайлы,  жоғары  кәсіби  армия  болып 

қалуда. Жоғары әскери даярлықты сақтау әскерлерді 

жедел пайдалану жоспарларын дер кезінде жасауды, 

стратегиялық резервтер құруды және қорғаныс өнер-

кәсібінің соғыс жағдайында әрекет етуге мобилизаци-

ялық даярлығын қажет етеді.

Сондықтан  біздің  мемлекетіміздің  егемендігі  мен 

аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған шараларды 

қолдану – бірінші кезектік маңызы бар міндет.

Өздеріңіз білетіндей, қорғаныс құрылысын дербес 

жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасы өзінің 

және Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігі қағи-

даттарын басшылыққа алады.



324

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Осыған  байланысты  Қазақстан  Республикасының 

бұл мәселеге қатысты ұстанымы туралы тағы да айта 

кеткенді жөн санаймын.

Жаппай  зымырандық-ядролық  соғыс  ықтимал-

дығының барынша кемуі талайлардың психологиялық 

көңіл  күйін  дүние  жүзінде  кез  келген  стратегиялық 

қоқан-лоқылар  мен  шиеленіс  жағдайлары  толық 

жойылды дейтін жайбарақаттыққа дейін жеткізді, ал 

бірақ өмірдің өзі біздің алдымызға бұған қарама-қарсы 

сипаттағы мысалдарды көптеп тартып отыр. Варшава 

шарты ұйымы мен КСРО-ның ыдырауына байланысты 

дүниедегі стратегиялық тепе-теңдік бұзылды.

Сонымен  бірге,  әскери-стратегиялық  тепе-теңдік, 

қарсы  соққының  кепілді  қабілеті  сияқты,  осы  күнгі 

дүниедегі  жаһандық  тұрақтылықтың  негізі  болып 

табылады. Осы жағдайдағы ТМД-ның тарихи міндеті 

– күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз ету және страте-

гиялық шабуылдаушы қару-жарақты біртіндеп ақылға 

сыйымды жеткілікті деңгейге дейін қысқарта беру.

Еуразиядағы бейбітшілікті сақтаудың маңызды фак-

торы болып, ұжымдық та, жеке-дара да қорғанысты 

қамтамасыз етіп отырған ТМД-ның пәрменді қорғаныс 

жүйесі мынадай қағидаттар негізінде құрыла алар еді:

1.  ТМД  шеңберінде  әскери  мәселелер  бойынша 

қабылданған келісімдерді сақтау.

2. Жеке және ұжымдық қорғану, әр мемлекеттің өз 

Қарулы Күштерін құру, техника мен қару-жарақ алу 

құқығы.


3.  ТМД  елдерінің  ортақ  стратегиялық  ядролық 

күштерге және бірыңғай әуе-ғарыш қорғаныс жүйесіне 

сүйенетін әскери-стратегиялық тепе-теңдігін сақтау.


325

4. Келісілген және өзара тиімді шарттар негізінде 

Әскери кадрлар даярлау мен әскерлерді жасақтаудың 

бірыңғай жүйесін сақтау.

5. Достастық мемлекеттері арасындағы өзара тиімді 

әскери-саяси,  әскери-техникалық  ынтымақтастық. 

Сенім және өзара ашықтық шараларын дамыту. Бей-

бітшілікті сақтау жөніндегі ұжымдық күштерді пайда-

лануға өзара келісім.

6. Үшінші бір елдермен ғылыми-техникалық ынты-

мақтастық  кезінде  ТМД  елдерінің  өзара  мүдделерін 

ескеру,  конверсияның  келісілген  бағдарламаларын 

талдап жасау.

Көбінесе  бұл  міндеттерді  дайындық  сатысындағы 

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық 

туралы шарттың негізінде шешу ұйғарылады.

Сонымен бірге, республиканың қорғаныс қабілетін 

қолдау аса маңызды мемлекеттік функциялардың бірі 

және  бүкіл  халықтың  ісі  екенін  атап  көрсету  керек. 

Осы ойлар «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» 

қабылданған Заңда бейнеленген.

Бүгін  бізге  осы  заманғы  ең  озық  үлгідегі  қарумен 

жарақтанған, аса оңтайлы, кез келген жағдайда әрекет 

етуге үйретіліп, даярланған армия керек.

Ұйымдық шаралар өткізу барысында бөлімдердің 

жауынгерлік  қабілетінің  деңгейін  төмендетуіне  жол 

беруге болмайды. Бұл, әсіресе, штат жағынан өзгертіл-

ген,  күшейтілген,  ішінара  жаңа  техникамен  қайта 

жарақтандырылған мемлекеттік шекараны күзетуші 

бөлімдерге қатысты.

Ықшамдалған құрамдардың бөлімдер саны едәуір 

болып отырғанда жауынгерлік және мобилизациялық 

даярлықты әзірленген мобилизациялық ресурстарсыз 

қамтамасыз  ету  мүмкін  емес.  Бұл  маңызды  жұмыс 



326

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


және жақсы ойластырылған жоспарларды қажет етеді. 

Біздің  республикада  запастағы  офицерлермен,  тіпті 

барлық резервтегілермен тәп-тәуір жұмыс жүргізіл-

генін айтуым керек. Енді бұл деңгейді төмендетпеуге  

тиіспіз.

Қарулы Күштердің сапасы мен сенімділігі, түптеп 

келгенде, кадр проблемасының шешілуіне, офицерлер 

құрамының іске қатынасына, оның моральдық көңіл 

күйіне байланысты.

Қазір біз әскери мамандардың біршама тапшылығын 

сезініп  отырмыз.  Сондықтан  республика  үкіметі 

Қорғаныс министрлігінің белсене қатысуымен Қарулы 

Күштерді  толықтырудың  шараларын  қабылдауда. 

Біз жастарды ТМД әскери оқу орындарында оқытуды 

жалғастыра беруді, өз училищелеріміз бен азаматтық 

жоғары  оқу  орындарындағы  әскери  кафедралар-

дағы  даярлықты  жетілдіре  түсуді  көздеп  отырмыз. 

Алыс шет елдердегі әскери оқу орындарына тыңдау- 

шылар жіберуді тәжірибеге енгізе бастадық.

Мемлекетіміздің  қорғаныс  қабілетін  арттырудың 

маңызды шарты – әскери тәртіпті, заңдылық пен құқық 

тәртібін нығайту.

Өкінішке  қарай,  армияны  кадрлармен  нығайту- 

дағы  шалағайлықтарымыздың  негізі  жасөспірімдер- 

дің әскерге шақырылғанға дейінгі даярлығының мұқият 

ойластырылған кешенді жүйесінің болмауында екенін 

айтуға тура келеді.

Бізді азаматтардың Қарулы Күштерге шақырудан 

дәлелсіз жалтаратыны алаңдатады. Әскери комисса-

риаттардың  бұл  істегі  салғырттығы  мүлдем  сорақы, 

ал  оның  салдары  –  қосымша  әскердің  жетіспеуінен 

сержанттар  мен  қатардағы  жауынгерлерге  шамадан 

тыс күш түсетіндігі.


327

Бұл жекелеген бөлімдердегі жағдайдың тұрақсыз- 

дануына, әскери тәртіпті бұзу фактілеріне соқтырады.

Әскерге шақырылатын контингенттің сандық қана 

емес, сапалық іріктелуі жөнінен де әскери комиссари-

аттарға көп дағуа айтуға болады. Көп ретте әскерге тәни 

де, рухани да ешбір даярлығы жоқ жастар келетіні бар. 

Осыдан барып, қызмет атқарудың бастапқы кезеңінде 

көптеген жас жауынгерлер қиындыққа шыдамай, әскер-

ден қашады.

Қызмет орнын өз еркімен тастап кету әскери қыл-

мыстардың ең көп тараған түріне айналды және оның 

жалпы санының ⅔ бөлігін құрайды. Әскери қызметтен 

қашушылық секілді құбылыстың ерекше қауіптілігін 

ескеріп,  республика  басшылығы  оны  жоюға  бағыт-

талған шараларды өткізу барысына айрықша бақылау 

қойды.

Әскери ұжымдардағы тәрбие жұмысының жағдайы 



ерекше  алаңдаушылық  туғызып  отыр.  Олардың 

көпшілігінде жарғыға жат қарым-қатынастар, әскери 

міндеттерді  орындауға  қылмысқа  барабар  енжар-

лықпен қараушылық белең алған.

Әскери  қызметшілер  мен  олардың  туысқанда-

рының  жарғыға  жат  қатынастардың  көріністеріне, 

солдаттар тұрмысының жайсыздығына қатысты көп-

теген  шағымдары  Қазақстан  Республикасы  Қарулы 

Күштерінде қызмет етуге байланысты азаматтардың 

жүгіністерін қарау жөніндегі арнаулы комиссия құруға 

мәжбүр етті.

Республиканың Қарулы Күштеріндегі тәртіп жағдайы- 

на  жасалған  талдау  қазір  әскерлердегі  қылмыстың 

деңгейі жоғары қалпында қалып отырғанын көрсетеді. 

Әскери мүлік қана емес, қару мен оқ-дәрінің де ұрлана-


328

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тыны бар. Мұны қару десе жанын салатын қылмыскер 

элементтер пайдаланады.

Егер әскери құрылыс үдерісі осындай қылмыстық 

үдерістермен  қатар  жүре  беретін  болса,  біз  сенімді 

Қарулы  Күштерімізді  ешуақытта  құра  алмаймыз.  

Сіздер де осы пікірде екендеріңізге сенімдімін.

Әскери  тәртіпті,  заңдылық  пен  құқық  тәртібін 

нығайту мақсатында мен үстіміздегі жылғы 19 қаңтар-

дағы  Жарлығыммен  командирлердің  тәрбие  және 

әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары 

институтын енгіздім.

Бірақ  мұнымен  де  бітпейді.  Қарулы  Күштердің  

бүкіл  офицерлер  жасағы  жеке  құрамды  интерна-

ционалдық  достық  қағидаттарында  тәрбиелеу  мен 

халықтарымыздың даңқты жауынгерлік дәстүрлерін 

насихаттаудың іргесі бұзылған жүйесін қайта жандан-

дыруға тиісті.

Әскери-патриоттық тәрбие, өте бір сирек кездесетіні 

болмаса, әлемдік қоғамдастықтың барлық елдерінде 

жүргізіледі. Айтпақшы, ол бізде де абыройсыз болған 

емес. Жастарымызға әскери патриотизм сезімін қайта-

руымыз керек.

Әскердегі жағымсыз жайттар туралы баяндай кел-

генде, атап айтарым: орын алып отырған кемшіліктер 

Қазақстан  армиясындағы  жақсы  нәрселерді  жоққа 

шығара алмайды.

Халық  игілігі  үшін  лайықты  қызметтеріңіз  үшін 

сіздерге рахмет.

Өздеріңіз білесіздер, 8 мамырда Алматыда әскери 

парад  өтпекші,  ол  әскери  бөлімдердің  жауынгерлік 

әзірлігін  көрсетеді,  сондай-ақ  қазақстандықтардың 


329

өмірі мен бейбіт еңбегін, республиканың мемлекеттік 

тәуелсіздігі мен егемендігін мүлтіксіз қорғауға деген 

тастүйін тәуекелімізді паш етеді.

Сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері- 

нің  алда  келе  жатқан  бір  жылдығымен,  Ұлы  Отан 

соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтай- 

мын! 


330

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет