Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі
он екінші шақырылымының
VII сессиясында
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Алматы қаласы,
1991 жылғы 23 желтоқсан
Құрметті халық депутаттары!
Соңғы күндер тарихтың күрт бұрылыстарында
оқиғалардың құбылмалы шапшаңдықпен өзгеретініне
біздің көзімізді тағы да жеткізді. Өткен екі апта бұрынғы
кеңестік федерация субъектілерінің болашағына, инте-
грациялық үдерістің мазмұнына деген көзқарастары-
мызға айтарлықтай түзетулер енгізсе, ақыр соңында,
ол геосаяси шындықтың терең өзгерісіне алып келді.
Осыған байланысты Экономикалық қоғамдастық
туралы көзделген шартты бекіту мен Егемен Мемле-
37
кеттер Одағы туралы шарттың жобасын талқылау күн
тәртібінен объективті түрде алынады, өйткені Минск
келісімі, содан кейін іле-шала болған Ашғабад уағда-
ластықтары және, ақыр соңында, 11 тәуелсіз мемле-
кеттер басшыларының Алматыдағы кездесуі мәселені
мүлдем басқа тұрғыдан қойып отыр.
Бүгін мен халық депутаттарына қалыптасқан
жағдайға өз бағамды мәлімдеп, осы бір күрделі, кейде
тіпті алмағайып аптадағы республика басшылығы
ұстанған айқындаманы ашып бергім келеді. Бірден
айтайын: ол біздің бүкіл соңғы жылдар бойы қорғап
келген берік саяси бағыттың қисынды жалғасы болды.
Мен Қазақстанның унитарлы өткенінен арылған сапалы
жаңа Одақтағы халықтарымыздың бірлігін сақтауды
көздеген стратегиялық бағытын меңзеп тұрмын.
Талдау толық болу үшін, бұдан бір жыл бұрынғы
оқиғаны – Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан
секілді 4 республика Егемен Мемлекеттер Одағын
құру бастамасын алғаш жасаған оқиғаны еске алу
керек деп ойлаймын. Егер естеріңізде болса, бұл қадам
орталықтың келеңсіз саясатынан туындаған болатын
және соның салдарынан жаңа Одақтық шартты әзірлеу
жөніндегі жұмыс тұйыққа тірелген еді. Біз сол кезде
КСРО Президентіне егер қол қою кешіктірілетін болса,
біздің республикалар жаңа Одақтың өзегі болуға және
орталықтың қатысуынсыз-ақ шарт жасауға әзір екенін
тура айттық.
Бұл М. С. Горбачевті интеграциялық үдерістің
мазмұны мен қарқынына қатысты өз ұстанымын
қайта қарауға және оны жандандыруға мәжбүр етті.
Шын мәнінде Ново-Огарево кездесулері нақ сол жолы
басталған болатын. Оның немен аяқталғаны баршаға
38
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
мәлім. Тамыз оқиғалары кертартпа күштердің қайт-
кенде де тарихтың объективті барысына бөгет жасап,
айрылғанын қайтарудың, мүлдем іріп-шіріген импе-
риялық, тоталитарлық режімді қайта жандандыру-
дың жан ұшырған әрекеті болды. Бүлікшілер бұған
қол жеткізе алмады, бірақ орталықтан ауытқу үрдісі
күшейді. Республикалардың толық мемлекеттік тәуел-
сіздікке ұмтылуы енді тек ұлттық сана-сезімнің буыр-
қана өсуін ғана емес, сондай-ақ өздерін тоталитарлық
орталықты қайта жандандырудан сақтауға деген берік
ниетін де көрсетті.
Сол жағдайда да Қазақстан тарихи бірлікті сақтау
идеясын табанды және дәйекті түрде қолдауын
жалғастыра бергені естеріңізде болар. КСРО халық
депутаттарының төтенше съезінде мен Ново-Огарево
үдерісіне қатысушылардың тапсыруымен мәлімдеме
жасадым, онда мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі
реформалау, конфедеративтік негізде жаңа Одақ құру
ұсынылды. Ол кезеңде бұл ұсыныс қалыптасқан саяси
жағдайға барынша сай болғанына сенімдімін.
Алайда орталықтан ауытқу үрдістері оны жүзеге
асыруға мүмкіндік бермеді. Демократия маятнигі күрт
оңға ауытқып кетті. Реакция күштерін еңсерудің қыз-
ды-қыздысымен кейбір саяси және қоғам қайраткерлері
құтқарушылықтың кесірлі идеясына қайта бет бұрып,
демократия жалауы астында бұрынғы империялық,
ұлыдержавалық ой-санаға қайта оралуға жол берді.
Мұның өзі, атап айтқанда, бұрынғы кеңес республи-
каларының бірқатарына қойылған белгілі аумақтық
талаптардан байқалды. Соның салдарынан олардың
кейбіреулері – бірінші кезекте Украина – өзінің мемле-
кеттік тәуелсіздігін жариялауды тездетті.
39
Мүлдем жаңа жағдай қалыптасты да, мұнда біздің
республика тағы да бастамашылықты өз қолына алды.
Үстіміздегі жылғы қазан айында бірінші Алматы кез-
десуін ұйымдастырып, сәтті өткізу үшін, қаншама
күш жұмсауға тура келгенін өздеріңіз білесіздер, ал
оның нәтижесінде Экономикалық қоғамдастық туралы
шартқа қол қоя алдық. Сол кезеңде бұл бірыңғай эко-
номикалық кеңістікті сақтау, күшейіп келе жатқан
экономикалық дағдарыс пен адамдардың әл-ауқаты-
ның төмендеуіне қарсы әрекет жасау мақсатындағы ең
қолайлы шешім болғанын тағы атап өткім келеді.
Өкінішке қарай, осы жағдайда да орталық оқиға-
лардың барысына ілесе алмады. 14 қарашадағы
Мемлекеттік Украина өкілі қатыспаған мәжілісінде
М. С. Горбачев республикалар басшыларының бір-
ауызды пікіріне тағы да құлақ асқысы келмеді. Сол
жолы ел саяси бірліксіз экономикалық бірлікті көз
алдына келтіре алмайтынын мәлімдеді және орта-
лықтандырылған мемлекеттік құрылымның қажеттігін
талап етті. Одан да зорын айтсам, Михаил Сергеевич
тіпті ұсынысы қабылданбаған жағдайда қызметтен
кетемін деп қорқытты. 30 қарашадағы Мемлекеттік
кеңестің келесі мәжілісі, айтпақшы, республикадағы
Президент сайлауына байланысты мен қатыса алмаған
мәжілісі, тұйыққа тірелді. Украинадағы желтоқсан
референдумының салдары оның жарқын көрінісі болды.
Мемлекеттік тәуелсіздікке берік бағыт ұстанған әрі
орталықтың тиісті әрекеті болмаған бұл республика іс
жүзінде ортақ кірігу үдерісінен шығып қалды.
Бәлкім, мұның нені білдіретінін жұрттың бәрі бірдей
түсіне де қоймас. Ұзақ түсіндіруге бармай-ақ айтсам:
Украинаның тек Достастықтан кетуінің өзі-ақ бұрынғы
40
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
кеңестік федерация республикалары экономикалық
байланыстарының толық қожырауын білдіретін-ді.
Бұған ешбір жағдайда жол беруге болмайтын еді.
Минскідегі шешімдер қабылдаудың асығыстығын мен
нақ осымен түсіндіре аламын. Минск құжаттарына
қол қою маған және ортаазиялық республикалардың
басшыларына көп ретте күтпеген жағдай болғанын
мен бұрын да айтқанмын. Рас, Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығын құру туралы келісімге төртінші тең құрыл-
тайшы ретінде алдын ала қол қоюға мені шақырған
болатын, алайда мен бас тартуға мәжбүр болдым, өйт-
кені құжатты әзірлеу үдерісіне басынан бастап қатысқан
жоқ едім.
Онымен танысқаннан кейін келісімнің тұтастай
алғанда даусыз оң сипаты барына көзім жетті. Онда
республикаларда тұратын барлық халықтар мен этно-
стық азшылықтардың құқықтарына кепілдік беріліп,
кең көлемді ынтымақтастық ниетінің жарияланатынын
айтсақ та жеткілікті. Осы идеялардың бәрін бұрынғы
федерацияда болған басқа мемлекеттердің өкілдері де
мақұлдап қабылдады. Сондықтан, егер басқа республи-
калардың басшылары Минскіге шақырылғанда, Алматы
нұсқасындағы Достастық біршама ерте дүниеге келер
еді деп ойлаймын.
Ал Беловежьедегі кездесу тіпті де бірмәнді пікір
тудырған жоқ. Кейбіреулер тек славяндық жаңа
құрылымның идеясын пайдалана бастады. Ашғабадта
жиналған тәуелсіз бес мемлекеттің басшылары балама
достастық құру туралы ойды мүлдем қабылдамай
тастады. Керісінше, қазіргі шындыққа парасатты, сал-
мақты көзқарас танытылды. Біз мәлімдемеде Минскіде
қол қойылған ТМД туралы келісімге алдын ала мәлім-
41
деме, түзетулер мен ұсыныстар қабылдадық. Қазақстан
және Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Ресей,
Украина және Беларусь лидерлерінің бұрынғы еріксіз
республикалардың орнына тәуелсіз құқықтық мем-
лекеттер құруға деген ұмтылысын түсіністікпен атап
өтті. Сонымен бірге, біз Украинаның кірігу үдерісінің
арнасына қайтып оралуын лайықты бағаладық.
Ашғабад кездесуінің материалдары баспасөзде
жарияланды, сіздер олардың мәнін жақсы білесіздер.
Мен тек бес республика басшылары жаңа Достастықты
құрудың құқықтық жағына ерекше назар аударғанын
атап өткім келеді. Өйткені үш мемлекеттің атынан
КСР Одағының халықаралық қатынастардың субъек-
тісі ретінде өмір сүруін тоқтату туралы жариялануын
жұрттың көбі құқықсыздық деп бағалағаны құпия емес.
Ресей, Украина және Беларусь лидерлерінің шешімін
осы республикалардың парламенттері бекіткеннен
кейін ғана дау-дамай бәсеңсіді.
ТМД құрылтайшыларының келісім мәтінін жаңа
саяси одақтың ынталы нұсқасы ретінде қарау жөніндегі
ұсынысын ескере отырып, бес республика президент-
тері бұл құжатқа жоғары дәрежелі келісуші тараптар
тең құқықты негізде қол қоюға әзір екендігін білдірді.
Басқаша айтқанда, Минск келісімін талқылай отырып,
біз өзіміздің ресейлік, украиналық және беларусьтік
әріптестерімізге мәміле жолын іздеуге әзір екендігімізді
білдірдік.
Бұрын КСРО-ға енген республикалардың ерікті
таңдау негізінде жаңа Достастық құруы қалыптасқан
жағдайда ортақ болашақ үшін қажетті мәмілеге жедел
қол жеткізу мақсатындағы бірден-бір парасатты шешім
болғанымен сіздер, сірә, келісетін боларсыздар. Маған:
42
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
бұл Кеңес Одағының болашағы туралы бүкілхалықтық
референдумның қорытындысына қайшы емес пе? –
деген сұрақ қойылуы мүмкін. Үстірт қарағанда, мүмкін,
қайшы келер. Бірақ сол жолдың өзінде-ақ қазақстан-
дықтар орталықтан «жіберілген» түсініксіз нұсқаға емес,
республика Жоғарғы Кеңесі қабылдаған тұжырымда-
маға дауыс бергенін еске сала кетейін. Сондай-ақ басқа
бір нәрсені де атап өткім келеді. Біз әрқашан да тиісті
кезеңдегі барынша мүмкін болатынды басшылыққа
алып, әрқашан да еліміздің бейберекет ыдырауының
алдын алуға тырыстық. Бұл мағынада біздің арымыз
таза.
Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып,
мен тәуелсіз мемлекеттердің басшыларын Алматыда
жинау үшін барынша күш-жігер жұмсадым. Бұл
ретте ішкі шиыршық атуы кейде тым асқындап тұрған
жағдайды кездесу қарсаңында ушықтырып алмаудың
барлық мүмкіндіктері қарастырылды. Шамшыл, бос
лепірмелік пен қажетсіз айтыстардың орнына икемділік
пен саяси ұстамдылық басым болуы үшін, Қазақстан
кездесуінің қорытындысында ешкім өзін ұтылған деп
сезінбеуі үшін қолдан келгеннің бәрі жасалды.
Бұл оп-оңай істеле қоймағанын айту керек. Аса үлкен
дайындық жұмыстары жүргізілді, оның барысында
біздің сарапшыларымыз Мәскеуде, Минскіде және
Киевте болып, болашақ құжаттардың әрбір жолын
мұқият келісті.
Нәтижесінде біздің күткендегіден де көп іс тындыра
алғанымызбен сіздер келісерсіздер деп ойлаймын. Он
бір мемлекет сапалық жағынан жаңа құрылымға, атап
айтқанда, не мемлекет емес, не мемлекет үстіндегі
құрылым емес Достастыққа бірігуге шешім қабылдады.
43
ТМД-ның құрылуына байланысты 69 жылдық тарихы
бар Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы енді
өмір сүруін тоқтатып, тарих тұңғиығынан орын алды.
Әрине, Одақ институттары, КСРО Президенті туралы
мәселелер де туындайды. Мұнда әртүрлі көзқарастар
болды. Мен мәселені халықаралық құқық нормала-
рына мейлінше жақындатылған тұрғыда шешуді,
атап айтқанда, М. С. Горбачевтің қызметтен кетуін
КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясының соңғы мәжілісінде
қабылдауды ұсындым. Бірақ Ресейдің, Украинаның,
Беларусьтің, басқа республикалардың басшылары,
тәуелсіз мемлекеттердің жоғары органдары одақтық
парламенттен өз өкілдерін кері шақырып алу туралы
шешім қабылдап қойғанына сілтеме жасады. Демек,
тиісті кворум болмайды. Объективті шындық осындай.
Ал Достастыққа қатысушылардың қарым-қаты-
настары қалай жүзеге асырылады? Ең алдымен – тең
құқықтық қағидатында, бір-бірінің аумақтық тұтастығы
және қазіргі бар шекараларының мызғымастығын құр-
меттеу, тепе-теңдік негізінде және ТМД мүшелерінің
арасындағы келісіммен белгіленетін тәртіппен жұмыс
істейтін бірқатар үйлестіруші жүйелер арқылы іске
асырылады. Достастыққа қатысушы мемлекеттер
өздерінің конституциялық рәсімдеріне сәйкес бұрынғы
КСР Одағының шарттары мен келісімдерінен туындай-
тын халықаралық міндеттемелерді орындауға кепілдік
береді.
Тәуелсіз жас мемлекеттердің бірлесуі «жоғарыдан»
түсетін ешқандай нұсқаусыз және міндеттеген қысым-
сыз, өз бастамалары бойынша болғандығы да Алматы
кездесуінің табысты өтуіне едәуір дәрежеде ықпал
етті ғой деп білемін. Сірә, соның қарсаңында, 20 жел-
44
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
тоқсанда Қазақстан Президентінің Жарлықтарымен
бұрынғы кеңестік федерацияның барлық республика-
ларының тәуелсіздігі ресми түрде танылуы да енді айта
қаларлықтай болып көрінеді.
Бүгінде күн тәртібінде біздің республикалары-
мызда ядролық қаруды бірлесіп басқару және оны тара-
тудан бас тарту, АЭХА (МАГАТЭ) нормаларын сақтау
және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің жаппай қырып-жо-
ятын қару-жарақты таратпау туралы Батыс елдерімен
ынтымақтастығы мәселесі тұр. Бізге өзіміздің ядролық
қаруымызбен дүниені қорқытуды әлдеқашан қоятын
кез жетті. Осыған байланысты Алматыда ядролық әле-
уетке ие төрт республиканың «Ядролық қаруға қатысты
бірлескен іс-шаралар туралы» келісімі қабылданғаны
өте қуанышты. Ол біздің ядролық қаруды таратпауға
бейілдігімізді, оны бірінші қолданбауға деген міндет-
темемізді, барлық ядролық қаруды жоюға ортақ ықы-
ласымызды, сондай-ақ халықаралық тұрақтылықты
сақтауға барынша ықпалдасуға деген ниетімізді қуат-
тайды. Біз біріккен стратегиялық қарулы күштердің
құрамына енетін ядролық қару Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушылардың бәрінің ұжымдық
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады деп келістік.
Келісімге сәйкес Беларусь Республикасы мен Укра-
ина Ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылғы
шартқа ядролық қарусыз мемлекет ретінде қосылуға
міндеттенеді. Қазақстан аумағында стратегиялық
ядролық күштер сол қалпында қалады. Дегенмен, бізді
әлемдік қоғамдастық танығаннан кейін және БҰҰ-ға
толық құқылы мүше ретінде кіргеннен соң, біз респу-
бликаны ядролық емес аймақ деп жариялау мәселесін
қарауға дайын екендігімізді атап өткім келеді.
45
Қарулы Күштерді реформалауға келетін болсақ,
бұл мәселеге қатысты барлық құжаттарды 1991 жылғы
30 желтоқсанға қарай тәуелсіз мемлекеттер басшы-
ларының қарауына ұсыну тапсырылды. Ортақ әске-
ри-стратегиялық кеңістікті біріккен қолбасшылықтың
басқаруында сақтау көзделуде.
Алматы кездесуінде, Алматы декларациясын және
1991 жылғы 8 желтоқсанда Минск қаласында Беларусь
Республикасы, РКФСР, Украина қол қойған Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісім хаттама-
сын қоса алғанда, барлығы негізге алынатын алты құжат
қабылданды. ТМД-ны құру туралы келісім негізінде
және оны бекіту кезіндегі ескертулерді ескере отырып,
Достастық шеңберінде ынтымақтастықты реттейтін
құжаттар әзірленетін болады.
Достастық мемлекеттерінің ортақ мүдделері сала-
сындағы іс-қимылдарын үйлестіруге байланысты
мәселелерді шешу үшін Достастықтың жоғары органы
– Мемлекет басшыларының кеңесі, сондай-ақ Үкімет
басшыларының кеңесі құрылды. Достастық мемлекет-
терінің өкілетті өкілдеріне осы жылғы желтоқсанның
30-ына дейін Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына
бұрынғы КСР Одағының құрылымдарын тарату және
Достастықтың үйлестіру институттары туралы ұсы-
ныстарды беру тапсырылды.
Болашақ экономикалық және саяси альянстың
маңызды тактикалық және стратегиялық негізі оның
қызметінде ұлттық және жалпыұлттық мүдделерді
үйлестіру болуы керек.
Мұндай үйлесімді іс жүзінде қамтамасыз етуде
Еуропа қоғамдастығы институттарының: ЕЭҚ, Еуро-
палық көмір және болат бірлестігінің, Атом энергиясы
46
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
жөніндегі Еуропа қоғамдастығының іс-қимыл тәжіри-
бесін ескеру өте пайдалы.
Бұдан өзге, Алматы кездесуінде Достастықтың
жоғары органының тұңғыш шешімі қабылданып, онда
КСРО-ның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелігін,
Қауіпсіздік Кеңесі мен басқа да халықаралық ұйымдар-
дағы тұрақты мүшелікті қоса, жалғастыруды өз мін-
детіне алған Ресейдің бастамасына қолдау көрсетілді.
Беларусь Республикасы, РКФСР, Украина Біріккен
Ұлттар Ұйымына толық мүшелік мәселелерін шешуде
Достастықтың басқа мемлекеттеріне қолдау көрсетеді
деп келісілді. Тәуелсіз мемлекеттер халықаралық құқық
субъектілерінің мәртебесін алғаннан кейін шетелдердегі
мекемелердің бұрынғы КСРО-ға қарасты материалдық
базасы туралы мәселе туып отыр. Ресей бұдан былай
елшіліктерді, сауда өкілдіктерін және басқаларды
ұстауды өз міндетіне алады, алайда шетелдіктер мен
дипломатиялық байланыстар орнатуына қарай Достас-
тыққа мүше әрбір мемлекеттің шетелдік диплома-
тиялық миссиялар меншігінің өзіне тиесілі бөлігіне
құқығы болады деген уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазір жұртшылық тәуелсіз мемлекеттердің басқа
республикалар аумақтарындағы мәдени игілігі туралы
мәселені мейлінше әділ қозғап жүр. Достастық мемле-
кеттері басшыларының кеңесі бұл мәселені егжей-тег-
жейлі қарастырып, барлығына қолайлы әділ шешімге
келу үшін, арнаулы комиссия құрды. Соның өзінде
Қазақстан бұл сияқты даулы мәселелерге бәтуалы
тұрғыдан қараудың өнегесін көрсетуде. Мұнда Бай-
қоңыр ғарыш айлағын барлық мүдделі жақтармен
бірлесе пайдалану жөніндегі біздің көзқарасымызды
еске сала кеткен де орынды.
47
Көріп отырғандарыңыздай, қысқа мерзім ішінде
орасан зор ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Оның
нәтижелері айдан анық. Баспасөздің хабарларынан
Алматы кездесуінің нәтижелері кең құлашты әлемдік
пікір туғызып, АҚШ-та, Жапонияда, Германияда, басқа
да көптеген елдерде ризашылықпен қабылданғанын
көруге болады.
Дегенмен тоқмейілсуге әлі ерте. Бүгінгі аса күйзелісті
экономикалық дағдарыс жағдайында уақыт факторы
үлкен рөл атқаруын жалғастыруда. Енді бір аптадан
кейін, 3 желтоқсанда, Мемлекет басшыларының кеңесі,
жаңа Достастық іс-қимылдарының нақты тетіктерін
жасауға қатысты шешімдер қабылдау үшін, Минскіде
жиналатын болады, ал бұл шешімдер оның болашақ
бет-бейнесін айқындамақ. Осыған орай Қазақстан
Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
кіруі туралы қабылданған шешімді жедеғабыл бекіту
өте маңызды. Құрметті депутаттар, осы тарихи актіні,
Ашғабадта айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды
ескере отырып, мақұлдауларыңызды өтінемін.
Сөзімнің соңында депутаттардың назарын бүгін
мынаған аударғым келеді. Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздік алуы біздің барлығымызға аса зор және
ешқандай теңдесі жоқ жауапкершілік жүктейді. Үш жүз
жылға жуық уақыттан бері тұңғыш рет империялық
және тоталитарлық құрылымдар тарапынан нұсқау-
сыз-ақ қалай өмір сүруіміз керектігін өзіміз айқындай-
тын боламыз. Бірақ бостандықтан масайрау сезімі өзінің
шешілуі үшін күн сайынғы қажырлы еңбекті талап
ететін қыруар проблемалардың жиынтығын бүркеме-
лемеуі керек. Өйткені іс-әрекет бостандығы өзінен өзі
елді тойындырып, киіндірмейді, адамша дұрыс өмір
48
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
сүруге қаражат та бермейді. Бұл жөніндегі қамқорлық
та енді тек өзіміздің ғана ісіміз. Өзімізден басқа ешкім
де бізге көмектеспейді, тек өз күшімізге сенуіміз керек.
Кеңес өкіметінің өткен барлық жылдарында респу-
блика дотацияда отырғанын еске алайықшы. Демек,
жетіспейтін қаржыны қазір бізге ешкім зерлі табаққа
салып әкеліп бермейді. Ал енді жаңа шығындар да
қосылды, оның ішінде армияны, ішкі әскерлерді ұстау
шығыны да бар. Дереу ақшамызды санап, шетелдік
капиталды кеңінен тартуды қоса алғанда, республика
бюджетін толықтырудың көздерін табуымыз керек,
тиімді салық салу мен экономикалық реформаларды
құқықтық жағынан қамтамасыз етуді ескеруіміз керек.
Осы заңдарды және атқарушы билікті нығайту туралы
заңдарды кешіктірмей қабылдау қажет. Егер мемле-
кеттің қалтасы тесік болса, тәуелсіздік дегеніміз бос
сөз болып шығады. Бүгінде тауар қорларын жасау
аса қажетті, мал қыстатуды білгірлікпен, шығынсыз
өткізуіміз керек. Еңбекшілердің өмірі үшін барлық
жауапкершілік мемлекеттік өкіметтің өкілетті орган-
дарына түседі, сұрауы да солардан болмақ. Барлығы да
республиканы өркендетудің ортақ ісіне бағындырылуы
тиіс.
49
Бағаларды ырықтандыруға байланысты
Қазақстан халқына
ҮНДЕУІ
Алматы қаласы,
1992 жылғы 14 қаңтар
Қымбатты отандастар!
Бағаның ырықтандырылуынан кейін небәрі
бірнеше күн өтті, бірақ олар қазірдің өзінде көпте-
ген адамдарды аса ауыр жағдайға душар етіп отыр.
Ресейден және басқа республикалардан кейін біздің де
осындай шара қолдануға мәжбүр болғанымызды сіздер
жақсы білесіздер. Әйтпесе біздің өнімдерімізді, бірінші
кезекте азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлары-
мызды бұрынғы КСР Одағының басқа аймақтарының
халқы жаппай сатып әкетер еді де, сөйтіп, Қазақстан
экономикасы орны толмас шығынға ұшырар еді.
50
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Нарыққа балама жоқ екенін тағы да атап көрсеткім
келеді. Бағаның өсу үдерісі, біздің ырқымыздан тыс,
өткен жылдың өзінде-ақ жүре бастаған болатын. Одан
«қалтарысшылдардың», басқа да алыпсатар элемент-
тердің байып, құныға түскені белгілі. Сондықтан да
бұған тыйым салу керек болды.
Әйтсе де біз Ресей мен басқа да республикалардың
басшылығына бағаның ырықтандырылуын 1992 жылғы
1 шілдеге дейін кейінге қалдыруға өтініш жасадық, ол
үшін таңдап алынған кезеңді мүлдем қолайсыз деп
санадық. Қыстың көзі қырауда, оның үстіне егін
шықпаған жылдан кейін, азық-түлік пен дүние атау-
лының бәрінің қатаң тапшылығы жағдайында мұндай
шараға баруға болмайтын еді.
Жаз кезі болса бірсәрі: жаңа өнімнің алғашқы жемісі
пайда болып, шаруашылық шарттар, үкіметаралық
келісімдер жұмыс істей бастар еді. Халыққа да жеңілдеу
тиер еді.
Ол аздай, еркін бағаны күту шаруашылық шарт-
тарды жасауды апатты түрде тежеп отыр. Ал қазір,
естен тандыру терапиясы жағдайында, кәсіпорындар
серіктестері ұсынған бағаны қолайсыз санап, бір-бірінен
өнім алудан бас тартуда.
Бірақ, өкінішке қарай, біздің дәйектемелеріміз
түсіністік таппады.
Мен нарыққа көшу елеулі қиыншылықтармен және
ауыр сынақтармен қосарлана жүретіні туралы талай
айтқан болатынмын. Ал өмір оның дұрыстығын дәлел-
деп отыр.
Ырықтандырылуынан кейін бағаның шарықтап кетуі
республиканың көптеген қарапайым адамдарына ауыр
тиді. Халық, әрі ең алдымен оның аз қамтамасыз етілген
51
жіктері, іс жүзінде кедейшіліктің шегінен де төмендеп
кетті.
Сондықтан өзіме халық берген билікті пайдалана
отырып, мен нанның, сүт пен сүт өнімдерінің барлық
түрлеріне, сары май мен қатты ірімшіктен басқасына,
бағаны оның ырықтандырылуына дейін қолданылып
келген бағадан 3 еседен асып кетпейтін деңгейде қал-
дыру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім біздің
экономикамыз бен бюджетімізге ауыр тиетіні түсінікті
және ол, бәлкім, кейбір шығындарды күрт қысқарту
немесе тіпті тоқтата тұру есебінен жүзеге асырылатын
болар. Бірақ басқа амал жоқ. Мен бұл қадамды саналы
түрде жасап отырмын және жалақыны өсірумен, зей-
нетақыны, жәрдемақы мен стипендияны ұлғайтумен
бірге ол сіздердің баршаңызға, Қазақстан азаматтарына,
еркін бағаға көшудің алғашқы, ең ауыр кезеңінен өтуге
мүмкіндік береді деген үміттемін.
Бұл орайда ең қысқа мерзімде қалалардағы сауда
алаңдарының кем дегенде 10 %-ын кеңшарларға, ұжым-
шарларға және өңдеуші кәсіпорындарға беру қажет
деп санаймын. Соның нәтижесінде азық-түлік тағамда-
рымен сауданы елеулі түрде қарқындату мүмкіндігі
пайда болады.
Сонымен бір мезгілде мен сөзімді ауыл еңбеккер-
леріне, аграрлық-өнеркәсіптік кешен шаруашылықтары
мен кәсіпорындарының басшыларына және маманда-
рына арнап, оларды өз өнімдерін қала тұрғындарына
мүмкіндігінше төмен, әлеуметтік қол жетімді бағамен
сатуға және сол арқылы осынау қиын кезеңде оларға
нақты қолдау көрсетуге шақырамын.
Мынаны барынша ашық мойындау керек: жергілікті
билік орындары бюджеттік ұйымдарда 15 желтоқсан-
52
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
нан бастап жалақыны 90 % өсіру туралы шешімді дер
кезінде жүзеге асыруды қамтамасыз етпеді. Сондай-ақ
кәсіпорындардың аз қамтамасыз етілген жұмыс-
керлер мен ардагерлерге ақшалай және заттай көмек
көрсетуін ұйымдастыру, кедейшілікке ұшыраған нақты
азаматтарға тегін тамақ беру мен әлеуметтік төмен баға-
мен тауарлар сатуды жолға қою үшін қайырымдылық
асханалары мен магазиндерінің жүйесін өрістету және
басқа да көптеген жайлар жөнінде нақты қадамдар
жасалған жоқ.
Мұның барлығы жергілікті билік орындары енжар,
сүлесоқ, іске қабілетсіздік қалпында қалатын болса,
жоғарыдан қабылданған кез келген шешімдер халыққа
ешқандай жеңілдік әкелмейтінін, ізгі ниеттердің өзін
немқұрайдылықтың, төрешілдіктің, сөзбұйдалықтың
ми батпағына батыруға соқтыратынын көрсетіп отыр.
Міне, сондықтан да биліктің барлық салаларында,
жоғарыдан төмен қарайғы өн бойында олардың жүзеге
асырылуы үшін қатаң сұраныс болуы қажет.
Халықтың мүддесін басшылыққа ала отырып,
мен жергілікті кеңестердің басшыларынан, олардың
атқарушы органдары мен жауапты лауазым иелері-
нен, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларынан
халыққа қосымша әлеуметтік қолдау көрсету мен
республиканың тұтыну рыногын қорғау жөніндегі
бұрын өзім қабылдаған және өткен жылғы желтоқсанда
баспасөзде жарияланған жарлықтар мен қаулыларды
нақты жүзеге асыру жөніндегі шараларды қабылдауды
үзілді-кесілді талап етемін. Олай болмаған жағдайда
кез келген лауазымды адамдар халық үшін осындай
қиын-қыстау уақыттағы қылмыстық қарекетсіздігі үшін
қатаң әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылаты-
нын ескертемін.
53
Сондай-ақ Министрлер Кабинетіне менің шешім-
дерімнің сөзсіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің
қажетті тетіктерін қарастыруға тапсырма берілді.
Біз өз еркімізден тыс тап болған осындай қиын
жағдайдан шығудың жолы халық үшін де, өнім
өндірушілер үшін де қоқан-лоқы жасаумен немесе
ереуілге шығумен жалақыны өсіру, өнімнің кез келген
қымбаттауының өтемін қайтару, я болмаса өнімнің
бағасын үнемі көтере беру емес екенін мен талай рет,
соның ішінде сайлаушылармен сайлау алдындағы
кездесу кезінде де айтқанмын және оны тағы да атап
көрсеткім келеді. Мұндай қадам тек инфляцияның
жаңадан шиыршық атуына соқтыруы мүмкін, ал оның
тұтынушыларды да, өндірушілерді де одан әрі титықта-
тары анық. Бұдан шығатын жол біреу-ақ – халықтың
әл-ауқатын ұдайы және дәйектілікпен арттыра түсу
үшін, көбірек әрі жақсырақ еңбек ету.
Осыған байланысты кәсіподақтар мен еңбекшілер-
дің басқа да қоғамдық бірлестіктеріне өздерінің
барлық күш-жігерін қазақстандықтарды өндірісті
ұйымдастыруды жетілдіру, оның көлемі мен ауқымын
ұлғайту ісіне топтастыруға бағыттау жөнінде ұсыныс
айтқым келеді. Өйткені оның кез келген тоқтауы эконо-
мика мен адамдардың өмір сүру деңгейіне қатты соққы
болып тиеді, берекесіздік туғызады және нарықтық
экономиканы енгізуге байланысты барлық үмітімізден
айыруы мүмкін. Бізді құтқарып қалатын бір-ақ нәрсе
бар, ол – өзара ұстамдылық, шыдамдылық және ықти-
ятты еңбек.
Қазақстандықтар қазіргі қиыншылықтармен бет-
пе-бет келе отырып, байсалдылық сақтайды, абыржы-
майды деп сенемін. Қайта олар өздерінің барлық ықти-
54
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
малды күшін, жігері мен еркін жұмылдыра отырып,
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару
көлемін ұдайы еселей түсіп, өз еңбегімен республи-
каны қазіргі дағдарысты жағдайдан алып шығатынына
сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |