Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет119/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   250
 

Амангүл Ерболатқызы Қасымова 

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі 

Қазақстан,Өскемен 

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  

НЕГІЗДЕРІ 

 

 



Бұл  мақалада  экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру,  білім  алушыларды, 

жалпы  қоғамның  экологиялық  мәдениеті  мен  сауттылығын  дамытудың 

теориялық  негіздері  қарастырылған.  Табиғатқа  деген  сыйды  жоғалту 

адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі 

уақыттағы  әлемдегі  экологиялық  жағдай  адам  көзқарасының  өзгеруін  талап 

етеді.  Өсіп  келе  жатқан  ұрпақта  жаңа  экологиялық  сезім  қалыптастырылуы 

керек  деп  санаймыз.  Келешекте  балалар  кім  болса  да,  олар  қоршаған  ортада 

рөлдерін біліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. 

 

 

Басты сөздер: экология, теория, тәрбие, білім беру, экологиялық тәрбие, 



экологиялық мәдениет, табиғат, қоршаған орта. 

 

Бүгінгі  таңда  бүкіл  адамзаттың  алдында  тұрған  өмірлік  маңызы  бар 



ауқымды  проблемалардың  ішінде  табиғатты  қорғау  мен  табиғи  ресурстарды 

6. Сабанчиева 

Н.Г. 

Формирование 



читательской  компетенции. 

-

http://kordkish.ucoz.ru/load/razrabotki_urokov/pedagogicheskie_chtenija/sabanch



ieva_n_g_formirovanie_chitatelskoj_kompetencii/3-1-0-3 

7. Калинкина  Л.А.  Система  творческих  заданий  на  уроках  литературного 

чтения 

как 


средство 

формирования 

полноценного 

восприятия 

художественного произведения. - http://festival.1september.ru/articles/610400/ 

8. Пашкевич  А.В.  Создание  системы  оценивания  ключевых  компетенций 

учащихся  массовой  школы:  монография.  –  М.:  РИОР:  ИНФРА-М,  2013.  – 

133 с. 



342 

 

тиімді  пайдалану  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлінуде.  Әлемдік  тәжірибе 



көрсеткендей,  күннен-күнге  туындап  отырған  экологиялық  мәселелер  мен 

олардың  шешімін  іздестіру  өзінің  көкейкестілігін  дәлелдеуде.  Ал  бұл  болса 

үздіксіз  білім  беру  процесінде  білім  алушылардың  экологиялық  тәрбиелілігін 

дамыту  қажеттілігін  күн  санап  арттыра  түседі,  өйткені  қоршаған  орта  мен 

адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады. 

Қоршаған  ортаны  қорғау  проблемасы  әр  кезеңде  де  өткір  қойылып 

отырған  өзекті  мәселелердің  бірі.  Қоршаған  ортаны  күйзелтпеу,  оны 

асқындырмау  әрбір  адам  қасиетті  борышым  деп  түсінуі  керек.  Алайда,  осы 

қоршаған  ортаны  біреулер  білместікпен  ластап  жүрсе,  екінші  біреулері 

«Табиғаттың  жаратылысы  ешқашан  да  өзгермейді,  о  баста  қандай  болса,  сол 

күйінде  мәңгі  сақталады»  деген  тұжырымның  жетегінде,  ал  үшіншілері  «Біз 

табиғаттың  қайырымдылығын  күтіп  отырмай,  оны  бағындыруымыз  керек» 

дегенойда  болады.  Айта  кету  керек,  ХІХ  ғасырдың  өзінде  табиғатқа  деген 

дұрыс  көзқарастар  да  болды.  Мысалы,  белгілі  философ  Ф.Энгельс  «Табиғат 

диалектикасы»  атты  еңбегінде  «...  біз  табиғатты  жеңдік  деп  шаттанбайық, 

себебі  әрбір  жеңісіміз  үшін,  табиғат  бізден  кегін  алып  отырады.  Осындай 

жеңістердің  аяғы  біз  күтпеген  нәтижелерге,  дағдарыстарға  әкеліп  бұл 

жеңістердің маңызын жоққа шығарады», - деп ойын білдірген екен. Егер бұдан 

да ары баратын болсақ, осыдан екі мың жылдай бұрын сол заманның ғалымы 

Эпикур-«Табиғатты қорлауға болмайды, адамдар өзіне қажетті тілектерін, оны 

ырқына  көне  отырып  залал  келтірмей  іске  асыруы  тиіс...  »  -  депті.  Сонымен 

экологиялық тәрбиенің теориялық –әдіснамалық негіздерін В.А.Сухомлинский, 

Н.К.Скалон,  А.Н.Захлебный,  М.Н.Сарыбеков,  Т.В.Кучер  және  отандық 

Ғ.К.Ділімбетова,  Ж.Б.Шілдебаева  еңбектерінде  кеңінен  қарастырылса, 

экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  ғылыми-әдістемелік  жолдары 

А.А.Сотников,  К.Ж.Сарманова,  Ұ.Ә.Есназаров,  К.С.Құрманбаева  еңбектерінде 

кеңінен  баяндалған.  В.А.Сухамлинский  «Табиғат  адам  танып  білгенде,  себеп- 

салдарын  байланыстыра  ой  жеткізуде  ғана  тәрбиенің  қуаты  қайнар  көзі  бола 

алады» - деп табиғаттың заңдарын жете меңгеру керектігіне ерекше мән береді. 

Ол  баланың  бойына  табиғатқа  сүйіспеншілік  сезімін  дамытуды  ешнәрсеге 

айырбастауға  болмайтын  эстетикалық,  адамгершілік  тәрбиенің  негізі  деп 

санады [1]. 

Бүгінгі  қоғам  алдында  тұрған  негізгі  мәселелердің  бірі-экологиялық 

мәселелер,  табиғатты  қорғау  және  табиғи  байлықтарды  үнемді  пайдалану 

болғандықтан  Республикада  қоршаған  ортаны  қорғау  үкіметіміздің  саяси, 

экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  2030  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму 

бағдарламасында  қоршаған  ортаны  ластауға,  экологиялық  қалыпты  жағдайды 

бүлдіруге  жол  бермеуге  зор  көңіл  бөлінгендіктен,  білім  алушыларды 

экологиялық  білім  беріп,  табиғатты  қорғауға  тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  кезек 

күттірмейтін  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Экология-бүкіл 

адамзат  баласының  шалыс  басқан  әрбір  іс-әрекетіне  келешекте  шек  қоятын, 

оның  тыныс-тіршілігіне  тікелей  атсалысатын  ғылымның  жаңа  саласы.  Ол 



343 

 

қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, 



табиғатпен  арадағы  тепе-теңдікті  қалпына  келтіруге  бағытталған  маңызды 

мемлекеттік  және  әлеуметтік  шара.  Қазақстан  Республикасының  «Қоршаған 

ортаны  қорғау  туралы»  (73-74  баптар),  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы»  заңдарында  (3-бап)  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  мемлекеттік 

саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген. 

Бүгінгі  таңда  зардап  шегіп  отырған  экологиялық  апаттар  бүкіл  адамзат 

қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей 

полигонын  және  тағы  басқаларды  адам  қолымен  жасалған  залалдар  деп 

түсінуге  болады.  Көптеген  осы  тұрғысынан  ғалымдардың  пікірі  бойынша, 

табиғаттағы  күрделі  өзгерістерді  болдырмау  үшін  экологияның  адам 

психологиясындағы  экологиялық  мәдениетті  дамытып,  қалыптастырудан 

бастау қажет деген ұсыныстарды айтады. 

Экологиялық  мәдениетті  қалыптастыру  бала  кезден  басталады,  ал 

балаларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтуге ұмтылу тән. 

Экологиялық  ағарту  осыны  қанағаттандыра  алады,  сондықтан  білім 

берудің  негізгі  баспалдағы-мектепте  оны  қолға  алу  керек.  Қоғамның 

экологиялық  мәдениеті  негізі  балалық  шақтан  қалыптасқан  әр  адамның 

экологиялық мәдениетінен тұрады. 

Қазіргі  таңда  мектептердің  басым  көпшілігі  бүгінгі  күні  осы  бағытта 

балаларға  үздіксіз  экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру  ісін  өзінің  негізгі 

міндеттерінің  бірі  ретінде  қарастыруда  немесе  кейбір  мектептерде  жекелеген 

пәндерде  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беріп  оқушыларды  экологиялық 

мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда [2]. 

Экологиялық  білім  беру  мәселесі  ұлттық  педагогиканың  негізгі  арқауы 

десек  те  болады.  Түркі  жұрты  табиғатпен  тікелей  қарым-қатынаста  өмір 

сүргендіктен,  табиғатқа  деген  қамқорлыққа  үлкен  жауапкершілікпен  қараса, 

ұлы  ақын  Абай  табиғаттың  ерекше  құбылыстарын  өз  туындыларын  арқау  ете 

отырып,  ұлттық  экологиялық  мәдениеттің  негізін  қалады.  Ал  ұлттық  білімнің 

негізін  салушылар  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов 

және  тағы  басқалар  қоршаған  ортаны  аялау,  салауатты  өмір  сүру  салтын 

құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады.  

Жоғары және орта оқу орындарында экологиялық білім және тәрбие беру 

мәселелеріне  көптеген  ғалымдардың  ғылыми-зерттеу  еңбектері  арналған. 

Белгілі  эколог-ғалым  академик  Әлия  Бейсенова  мектептен  бастап  жоғары  оқу 

орындарындағы ұлттық экология ғылымының жүйесін жасады. Сонымен қатар 

экологиялық  мәдениетті  қалыптастыру  Н.Сарыбековтың  еңбектерінде  негізгі 

орын алады. 

Экологиялық  білім  беру  мен  тәрбиелеудің  міндеттеріне  табиғат  туралы, 

оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми  негізделген білімді 

меңгеру,  оған  ықпал  етуге  байланысты  туындайтын  практикалық  шараларды 

дәлелдеп  орнықтыру,  қоғам  мен  адам  үшін  табиғаттың  құндылығы  шексіз 

екенін  ұғындыру,  табиғи  ортада  дұрыс  жүріп-тұрудың  нормаларын  сақтау, 

табиғат  пен сырласа  білу  қабілетін дамыту,  табиғат пен қайта  түлеген ортаны 



344 

 

жақсарту  жөніндегі  қызметті  сауатты  ұйымдастыру  жатады.  Міне,  осы 



міндеттерді  шешу  жастардың  экологиялық  білімін  арттырып,  олардың 

табиғатқа деген қарым–қатынасын қалыптастыруға бағытталады [3]. 

Табиғат – сұлулықтың өмір – бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан да 

ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының біріне саналады. Ал 

бұл  экологиялық  тәрбиемен  іштей  жалғасып,  табиғаттың  күйзеліп,  күйреуіне 

қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. 

Олай  болса,  тәрбие  саласындағы  экологиялық  көзқарас  педагогке  жеке 

адамды  қалыптастыруда  табиғат  сырын  мейлінше  толық  пайдалануға 

айналадағы  ортаның  әлеуметтік  табиғи  факторының  өзара  байланысына  назар 

аударуға бағыт-бағдар сілтейді. 

Экологиялық  тәрбие  еңбек  тәрбиесімен  байланысты.  Өйткені  өндірістік 

іс-әрекеттің  барысында  адам  қоршаған  ортаға  тікелей  әсер  етеді.  Оқушылар 

табиғи  ортаны  күтуде,  қорғауда,  орман-тоғай  шаруашылығын,  мемлекеттік 

қорықтарды  басқаратын  қызметкерлерге  көмектеседі.  Жабайы  аңдарды, 

өсімдіктерді қорғау жұмыстарына қатынасады. 

Қазіргі кездегі жастар тәрбиесінің өзекті  мәселелерінің бірі экологиялық 

білім мен тәрбие әлемдегі экологиялық деректерді ғылыми мағлұматтық білім 

мен  тәрбие  процесінде  пайдалану  мұғалімнің  терең  білімділігіне, 

педагогикалық  шеберлігіне,  жоғары  мәдениеттілігіне  байланысты.  Ең  басты 

міндеттердің  бірі  табиғатты  қорғау  мәселелері  мен  оқушыларды  ғылым 

негізінде  теориялық  және  практикалық  біліммен   қаруландыру.  Бұл  үшін 

экологиялық  білімнің  негізгі  көздері  химия,  физика,  биология,  география, 

астрономия  пәндері.  Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  қазіргі  кезде  барлық 

ғылымдар саласымен сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналуда. 

Қоғамдық  ой  санада  әлі  күнге  дейін  табиғатқа  қарым-қатынас,  жаулап 

алу,  бұзып  қиратып  пайдалану  орын  алып  келеді.  Сондықтан  да  жаңа  ой-

сананы, экологиялық білім беру концепциясына сүйене отырып дамуы қажет. 

Қазіргі  кездегі  экологиялық  проблемалардың  туындауы,  соның  ішінде 

табиғи  ортаға  тигізетін  адамның  іс-әрекетінің  шексіз  өсуі  және  оның  келеңсіз 

көріністері  айқын  байқалуда.  Оған  себеп  табиғи  ортаға  деген  көзқарастың, 

жауапкершілік  сезімнің  жетіспеуі.  Жалпы  әлемдік  деңгейде  мойындалып 

отырған  экологияландыру  процесіне  сәйкес  ізгілік  қасиеттерін,  құндылық 

қатынастарын,  теориялық-практикалық  тенденциялары  айқындала  бастады. 

Экологиялық тәрбие мен білім беру – көп сатылы процес, ол кешенді тұрғыда 

қарастыруды қажет етеді [4]. 

Біріншіден адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің 

ғылыми жүйесін қалыптастыру; 

Екіншіден  жеке  тұлғаның  ізгілік  қасиеттері  арқылы  дүниетанымын 

қалыптастыруға тәрбиелеу

Үшіншіден  қарым-қатынас  негізінде  білім  мен  тәрбиенің  жүзеге  асуына 

ықпал ету. 



345 

 

Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді 



ұйымдастырудың  бүгін  күн  тәртібіне  қойылуы  орынды.  Оның  өзіндік 

объективті және субъективті себептері бар.  Олар: 

-   туған  өлкеміздің  табиғаты  мен  оның  табиғи  ресурстарының  ұзақ  жылдар 

бойы  орынсыз  пайдалану  нәтижесінде  азаюы,  ластануы  және  есепсіз  сарқыла 

бастауы; 

-  өндіріс  пен  өнеркәсіп  кешендерінің  зиянды  қалдықтары,  ғарыш  айлағының 

сақталуы, 

полигондар 

зардаптары, 

жердің 


жарамсыздануы, 

адам 


денсаулығының нашарлауы; 

-  экологиялық  білім,  тәрбие  және  мәдениеттің  қалыптасуы  мен  «тұрмыстық» 

қажеттілік  мақсатындағы  «табиғатты  пайдалану»  сипаты  арасындағы 

алшақтықтардың ұлғаюы; 

- білім ошақтарында экологиялық білім мен тәрбиелеу мақсатында шаралардың 

ұйымдастырылмауы; 

Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет. 

Балабақша,  мектеп,  гимназия,  колледждер  және  басқа  да  оқу  мекемелері 

үздіксіз  экологиялық  білім  берудің  қайнар  көзі  және  ұйымдастырушы  ордасы 

болуы тиіс. 

Экологиялық  білім  берудің   негізгі  ұстанымдары.  Экологиялық  білімді 

жүзеге  асыруда  білім  беру  аспектілерімен  принциптерін  сақтау  керек.  Олар 

негізінен, ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, 

жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және аймақтйқ 

компанент [5]. 

Ғылымилық  ұстаным  негізінен,  оқушыларға  білім  беруде  фактілер, 

құбылыстар мен үрдістер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары 

және  экологиялық  жағдайлардың  нәтижелері  ғылыми  тұрғыда  материалдар 

негізінде берілуі және пайдаланылуы тиіс. 

Байланыстылық  ұстанымы  табиғаттағы  тірі  және  өлі  табиғат  пен  орта 

(топырақ, ауа, су, өсімдіктер мен жануарлар) арасында  тығыз байланыстың бар 

екенін ұғындыру. 

Тепе-теңдік  ұстанымытабиғаттағы  биоценоздар,  экожүйелер  арасындағы 

тепе-теңдіктің сақталмауы және олардағы бір құрам бөліктің өзгеруі табиғатта 

тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп  соғатынын түсіндіру. 

Қызығушылық ұстанымы оқыту барысында білім берудің барлық әдістері 

мен түрлері оқушылардың бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін 

оның  табиғи  байлықтарын  сүюге,  аялауға  ұмтылдыру.  Өсімдіктер  мен 

жануарлар дүниесін қорғауға ынтасын арттыру. 

Үздіксіздік  ұстанымы  оқушылардың 

білім  деңгейі  мен  жас 

ерекшеліктерін  ескере  отырып,  олардың  бойында  экологиялық  мәдениетті 

қалыптастыру. 

Дамытушылық 

ұстанымы 

білім 


алушылардың 

білім 


қорын 

балабақшадағы  сәбилік  кезінен  бастап,  бастауыш  сынып,  одан  жоғары 

сыныптарға  көтерілу  деңгейлеріне  үйлестіре  отырып  дамыту.  Жоғары 



346 

 

сыныптарға  экологиялық  жағдайларға  өз  бетінше  баға  беретіндей  деңгейге 



бірте – бірте жеткізу. 

Интеграциялау  ұстанымы  экологиялық  білім  беруде  жаратылыстану 

пәндері  (биология,  химия,  география,  физика,  тағы  басқа)  мен  гуманитарлық 

пәндер  (әдебиет,  тарих,  қоғамтану  тағы  басқа)  арқылы  оқушыларға  берілетін 

білім  негіздерін  жеке  адамнан  қоғамдық  деңгейге  көтеру.  Көпшілікке  үздіксіз 

экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру. 

Көрнекілік  ұстанымы  оқушыларға  экологиялық  білім  беруде  оқу 

үрдісінде  көрнекі  құралдар,  диофильмдер,  киносюжеттер,  компьютерлік 

роликтер,  кеппешөптер,  коллекциялар,  бейнекөріністер,  индикаторды  және 

табиғаттағы бақылаулар нәтижесін пайдалану. 

Қабылдаушылық 

ұстаным 


экологиялық 

ғылымның 

мазмұнын 

оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  жоспарлауы,  экологиялық 

терминдердің  түсініктілігін,  ұғымдар  мен  заңдарды  қабылдау  мүмкіндіктерін 

ескере отырып жатық әрі түсінікті тілмен берілуі. 

Аймақтық  компонент  экологиялық  білім  беруде  білім  алушылардың  

тұрмыстық салт-дәстүрлері, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын 

ескеру.  Мүмкіндігінше  жергілікті,  аймақтық  мәселелерді  көтеру  оған  білім 

алушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана-сезімін ояту. 

Білім 

алушылардың 



экологиялық 

тәрбие 


беруде 

табиғаттың 

маңыздылығын  жас  ерекшеліктеріне  қарай  сатылай  түсіндіру,  баланың  ойлау 

қабілетін,  адамгершілік  қасиеттерін,  отанға  деген  сүйіспеншілік  сезімін 

қалыптастыруда  маңызды  рөл  атқарады.  Сонымен  қатар  экологиялық  тәрбие 

білім  алушылардың  бойындағы  әдемілік,  әсемдік  жөніндегі  түсінігін  кеңейтіп 

табиғат сұлулығын танытып, сезіне білу оны шығармашылық пен өмірге ендіре 

білу қабілеті, талғам қиялын, көзін ашқан бұлақтай дамытады.  

 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Программа  «Балбөбек».  -  Алматы.,    Республиканский  издательский 

кабинет Казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2005.   

2. Үздіксіз экологиялық тәрбие //Қазақстан мектебі.- 2003. -№8, –32-34б. 

3. «Үздіксіз  экологиялық  білім  беру  тұжырымдамасы»,  Атамекен,  2000, 

20 желтоқсан, 2 бет. 

4. Манкеш.А.Е.,  Баталова  Э.Н.  Айналаны  қоршаған  орта.Экология. 

Әдістемелік нұсқау. «Алматы кітап». 2002ж 

5. Методика  ознакомления  с  природой  в  детском  саду/под  под  ред. 

П.Г.Саморуковой.- М."Просвещение", 1992 г 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет