kx
y
t
x
V
k
S
y
,
,
0
2
5
8
4
t
t
t
h
t
h
t
t
t
h'
с
м
h
v
t
t
t
h
t
v
/
8
0
'
0
,
0
,
10
8
'
0
5
8
4
,
0
2
t
t
t
h
5
2
,
2
1
t
t
с
м
h
v
/
12
2
10
8
2
'
2
t
h
0
10
8
t
t
v
8
,
0
t
м
h
t
h
2
,
7
8
,
0
0
cos
H
dh
F
A
h
mg
F
1
cos
0
cos
H
dh
F
A
2. саны х айнымалысы сияқты кез келген
нақты мән қабылдай алады.
2. Бірқалыпты қозғалыс кез келген
жылдамдықты ала алмайды.
3. Нақты мәселерге байланысты
шамаларының атаулары әртүрлі болуы
мүмкін.
3. Бұл жағдайда
шамаларының нақты
атаулары бар.
4. Бұл функцияның графигі түзу болады.
4.
графигі жарты түзу, себебі
жағдайы
қарастырылады.
t
y
x
k
,
,
t
v
s ,
,
t
s
0
t
350
мұндағы
болғандықтан,
Жауабы: 1,5кДж.
Сонымен, физика формулалары белгілі шек қойылған функциялық
тәуелділік ретінде қарастыруға болатындығы, оны есеп шығаруда
байланыстыра білуге дағдыландыру, ол әр мұғалімнің еншісінде.
Мектепте оқыту барысында көптеген кедергілерде кездеседі.
Олар:
мектеп оқушыларының әлемдегі ақпаратты тұтастай емес бөлшектеп
білуімен шектелуі;
алдыңғы өткен білімдерін, бүгінгі материалдармен басқа пәндермен
байланыстыра отырып жаңғырта алмауы;
мұғалімдер үшін оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына,
сапалы меңгеруіне, алған білімдерінің жақсы дамуына жол ашуға;
пән мен пәнді байланыстыра оқытудағы байланысты жаңа әдіс тәсілдердің
жетімсіздігі.
Осындай кедергілерді оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық
технологияларды, ондағы әдіс- тәсілдерді үйреніп, оқу арқылы бала бойына
сіңіре білу, ізденіспен ұштастырып көздерін жеткізу жұмыстарын жүргізсек,
оқушы бойына әлемдік стандарттық білім деңгейін, шығармашылық қабілет,
көшбасшылық, шешендік қасиеттерін сіңіріп, математикалық және
экономикалық сауаттылығын ұштастыра отырып, физиканың қажеттілігін
күнделікті өмірде керек екендігін үйрете аларымыз һақ.
Библиографиялық сілтемелер
1. ҚР-ның 2011-2020жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы. Астана, 2010
2. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы, 14.12.2012
3.
Гурский И.П. Элементарная физика с примерами решения задач. –М.:
Наука, 1989, -463с
Динара Бурабаевна Құсайын,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ,
Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру
кафедрасының аға оқытушысы
mgH
h
mg
dh
F
A
H
H
0
0
cos
2
2
gt
H
кДж
Дж
A
t
mg
gt
mg
A
5
,
1
2
5
,
2
8
,
9
5
,
2
2
2
2
2
2
2
351
PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН ЖҮРГІЗУ АЯСЫНДА
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН
ДАМЫТУ
Мақалада оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда
қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың мәселелері туралы айтылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа
Жолдауында
2012-2016
жылдарға
арналған
білім
алушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық жоспарды жасау
жүктелді. «Білім реформасы нәтижелігінің басты көрсеткіші - еліміздің әрбір
азаматы сәйкес білім және біліктілік ала отырып, әлемнің кез-келген елінде
сұранысқа ие маман бола алатын деңгейге қолжеткізу болып табылады. Біз
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізуіміз керек»,-
деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. ҚР Премьер-министрінің ресми
сайтында (www.pm.kz) хабарланғандай, республиканың білім жүйесін дамыту
үшін халықаралық салыстырмалы зерттеулердің маңызы зор. Қазіргі таңда
Қазақстан TIMSS және PISA сияқты екі үлкен зерттеуге қатысуда.
PISA Халықаралық зерттеуінің мақсаты 15 жастағы оқушылардың
математикалық сауаттылығын, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын
бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру
ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, танымын шыңдау, әртүрлі
өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға
бағыттау.
Оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
дамытуда
оқу
бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен
әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық
өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік,
этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы
мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде
пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік
қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ
тілінің басты міндеті болып танылады.
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени,
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның
мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты
мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының
зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,
оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа
алынатын сапалар белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім
қабылдай алу,өз кәсібін дұрыс таңдай алу және өмір бойы білім алуға дайын
352
тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында
қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020
жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Және де Елбасы
2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес
жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың
мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың
жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Осыған орай,
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін
бөліп көрсетеді. Оның бірінші механизмі-оқыту әдіснамасы мен мазмұнын
түбегейлі жаңарту. Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға
бейімделуіне, алған білімін практикалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай
негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:
- басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;
- ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін
көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;
- коммуникативтік /қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша
қарым-қатынас жасау;
- әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;
- тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік,
дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның
қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;
- азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен
тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық
парызын
түсінуі/ ;
- технологиялық / ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды
сауатты пайдалану/;
Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік
құзыреттіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші
механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып
отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты
анықталмаған / Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау
және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту
сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша
білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ/. Білім
алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру
үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық
бағалау жүйесі енгізілетін болады.
Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі- ата-аналардың
балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-
ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып,
353
саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын
дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының
ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына
рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез-құлық, әдеттрден
арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық
сауаттылық болуы тиіс.
Төртінші механизм-қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық
жоспарда
оқушылар
сарайы,музыка
мектептері,жас
техниктер
мен
натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған.
Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі
әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін
болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып
қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады.
Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері:
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай
қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:
1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.
2. Білім беру мазмұнын жаңартады.
3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг
жүргізу жүйесі енгізіледі.
5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру
Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және
функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін
орта мектептердегі құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны
ерекше болып келеді.
Оқушының бойында функционалды сауаттылықтың қалыптасуына
көптеген факторлар әсер етеді, алайда, функционалды қабілеттер мектеп
қабырғасынан және жанұядан басталады. Сондықтан, біз мектептегі
функционалды сауаттылықты дамыту жөніндегі жұмыстың сапасын
мүмкінідігінше жоғары деңгейде дамытуын қамтамасыз етуіміз қажет. Бүл –
заман талабы.
Сөз соңында, оқушылар арасындағы дер кезінде және сапалы
функционалды сауаттылық қалыптастыру - олардың бақытты болашағының
кепілі дегім келеді, олай болса, еліміздің бақытты болуы да осыған байланысты.
Ендеше, біз жұмысымызды осы бағытта құруымыз керек.
Библиографиялық сілтемелер
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832
Қаулысы
354
Достарыңызбен бөлісу: |