Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


Алмагуль Тұрсынгазиновна Махатпаева



Pdf көрінісі
бет127/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Алмагуль Тұрсынгазиновна Махатпаева 

химия – биология бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР 

 

Бұл  мақалада  оқушылардың  танымдық  әрекетіне  тән  дағдыларды 



қалыптастыру  мақсатында  интеграциялық  үрдістерді  іске  асыру  жолдары 

көрсетілген. 

 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  мемлекетіміздің  болашақта  дамуына  арналған 



«Қазақстан  -  2030»  бағдарламасында  жоғары  білімнің  сапалылығы,  адам 

сүйгіштігі  және  ғаламдануы  арқылы  мәдениет  жасауға,  интеграцияға  ерекше 




363 

 

мән  бергені  белгілі.  Интеграциялық  оқытуды  жүзеге  асыру,  оның  ғылыми 



деңгейін  арттыру,  тұтастай  алғанда  оқушылардың  танымдық  әрекетіне  тән 

дағдыларды  қалыптастыру,  тіл  мәдениетін  дамыту  міндеті  күн  тәртібіне 

қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ. Осыған орай интеграция, 

интеграциялық  оқыту  мәселесі  сан  қырынан  зерттелуде.  Оқыту  мен 

тәрбиелеудегі  пәнаралық  байланыс  мәселесін  және  білім  берудегі 

интеграцияны  әр  түрлі  негізде  жасауға  Н.В.Малахов,  И.А.Лошкарёва, 

В.Н.Максимова,  Н.Я.Виленкин  тағы  басқалар  зор  үлес  қосты.  Казақстандық 

педагогика  да  жалпы  білім  беретін  мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісіндегі 

интеграция  мәселесінің  педагогикалық  негізін  Б.Т.Набиева,  А.Ерімбетова, 

А.А.Әбдиева тағы басқалар сипаттады. 

Интеграциялау – бөліктерді бүтін шығатындай біріктіру, оларды бір тұтас 

болатындай  етіп  қосу.  Осы  тұрғыдан  қарастырғанда,  кейбір  пәндерге  қатысы 

бар  материалдарды  белгілі  бір  пән  ауқымында  жеке  өткеннен  гөрі,  оның 

мазмұны  кең  қамтылатындай  етіп,  интеграцияланып  оқытылғаны  тиімді. 

Интеграциялау  –  материалды  жан-жақты  игерту,  оқушылардың  сабақта  алған 

білімдерін өмірлік практикада қолдануда тиімді әдіс. Сонымен бірге оқушының 

саналық,  адамгершілік,  эстетикалық  көзқарастарын  ұштауда,  оқу  мерзімін 

тиімді  пайдалануда,  оқу-тәрбие  процесін  басқаруда  пайдасы  зор.  [1] 

Сондықтан,  күн  талабына  сай  маңызын  ескере  отырып,  әр  сабағымда 

интеграциялық үрдістерді енгізудемін. 

Жетекші  жаңашыл-педагогтардың  ғылыми  еңбектерімен  танысып, 

интеграция ұстанымын  ұғынуға жеттім. 

Келесі  сатыда  интеграцияның  мақсаты  мен  міндеттерін  қою  мәселесін 

анықтау  болды.  Осы  мақсатта  6-  сыныптарда  сауалнама  жүргіздім. 

Сауалнаманың  тақырыбы  «Оқушылардың  оқу  пәндеріне  деген  өзіндік  көз-

қарастарын анықтау». 

Сауалнаманың мақсаты: 

1.Оқушыларды оқуға ынталандырудағы оқыту пәндерінің рөлін анықтау; 

2.Оқушылардың  білімі  мен  шеберліктерінің  интеграциясына  мүмкін 

болар серіктестікке нұсқайтын пәндерді анықтау. 

Сауалнама сұрақтары: 

1. 


Өзің ұнататын пәндерді өсу ретіне қарай орналастыр. 

Математика 

Орыс тілі 

Денешынықтыру 

Қазақ тілі 

Еңбек 


Дүниетану 

Ағылшын тілі 

Музыка 

2. 


Бұл пәндер саған неліктен ұнайды? 

3. 


Пәндерді ұнатпау себебін көрсет. 


364 

 

Сауалнама  қорытындысы:  Оқушылардың  пәнге  қызығушылықтарының 



нәтижелері мынандай: 

1. 


Математика – 88 %; 

2. 


Орыс тілі– 83 %; 

3. 


Дене шынықтыру – 81 %; 

4. 


Қазақ тілі – 77 % 

5. 


Ағылшын тілі – 65 %; 

6. 


Биология – 68 % 

7. 


Музыка– 50 %; 

Сауалнаманың  нәтижелерін  ескере  отырып,  алдыма  мынандай 

міндеттерді қойдым: 

1.  Пәнге  байланысты  ресурстарды  анықтау,  оларды  интеграция  тәсілі 

бойынша жүйелеу. 

2.  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтарын,  белсенділіктерін 

арттыруға себебін тигізетін қызықты ресурстар  дайындау. 

Осы міндеттерді іске асыру үшін мен ары қарайғы іс әрекетімді құрдым. 

Интеграциялық үрдестерді асыру мына тірек кесте арқылы жүзеге асты. 

 

 



 

I. 

Пәнішілік интеграция.  

Мақсаты:  

1. 


Пән  тақырыптарының  ішінен  интергациялауға  негіз  болатындай 

өзге пән элементтерін анықтау, бір жүйеге келтіру. 

2. 

Оқушылардың  қызығушылығын,  белсенділіктерін  жан-жақты 



дамытуға әсер ететін  әр түрлі ресурстар іздеу. 

II. 

Пәнаралық интеграция. 

Мақсаты:  

1.Әр  пәннің  өзіндік  құрылым  ерекшілігіне,  мақсатына,  міндетіне, 

бағдарламасына ешқандай өзгеріс енгізбей, әр пәннің өз дербестігін сақтау.  

2. Әр пәннің бағдарламарын негізге ала отырып, талқылау, мазмұны ұқсас 

тақырыптарды бөліп, бір жүйеге келтіру. 

3.Интеграциялық сабақ өткізуге жетекші болатын пәнді анықтау. 

Мұндай сабақты екі немесе үш пән мұғалімдері бірігіп өткізе алады және 

мұңдай  сабақтар  қызықты  және  оқушылардың  есінде  көпке  дейін  қалады  деп 

ойлаймын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет