Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет123/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   250
Бақытжан Серікбайқызы Құсайынова 

дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл атындағы 

мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 

Қазақстан, Өскемен қаласы. 

 

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 

ДАМЫТУ 

 

Абай шығармаларын оқушы тек әдебиет сабағында ғана оқымай, барлық 

пәндер  арқылы  қабылдаса,  Абайдың  даналығы  арқылы  оқушының  бүкіл 

болмысына  әсер  етуге,  нағыз  адам  болуына  ықпал  етуге  болады.  Абайды  оқу 

арқылы  адамды  танып,  оқушының  өмірге  деген  көзқарасын  өзгертуге,  сол 

шығармалар арқылы  оқушыларға өздерінің бүгінгі өмірі мен іс-әрекетіне, мінез 

құлқына, кескін-келбетіне, сымбатына, тіпті өздерін бүгінгі таңда қалай ұстап, 

қалай тәрбиеленіп жатқандарына сыни тұрғыдан баға беруге үйретуге болады. 

Абай  мұрасын  оқи  отырып,  оқушы  өзіне  тек  рухани,  адами  тәрбие  алып  қана 

қоймайды,  оған  қосымша  күш  бітіп,  өмірге  деген  көзқарасы  күрт  өзгеріп, 

өзгеше  қарайтыны  байқалады.  Қазақ  тілінде  білім  алып,  қазақи  рухта  тәрбие 

көріп  өскен  қазақ  баласына  ғана  емес,  ұлты  басқа,  тілі  мен  діні  басқа  ұлт 

өкілдері  де  Абай  шығармаларынан  өзгеше  нәр  алып,  өмірге,  қоршаған 

ортасына,  ата-анасына,  бала-шағасына,  махаббатқа,  табиғатқа  өзгеше 

қарағандықтарын жасырмайды. Бұл ұлы Абай шығармаларының құдіреті десек, 

қателеспейміз. Ендеше, осы құдіретті, осы қасиетті оқушы тек әдебиет пен тіл 

сабақтарынан  ғана  емес,  басқа  сабақтармен  ұштастыра  отырып  меңгеретін 

болса,  оларды  өмірмен  байланыстыратын  болса,  олардың  ең  қажеттерін  өз 

өміріне қолданатын болса нұр үстіне нұр емес пе? 

Абай тағылымын биология, валеология сабақтарында тиімді пайдаланса, 

оқушының  ұлттық,  рухани  баюына,  өзіндік  дүниетанымына  оңды  әсер  етуге 

болады. Осы тұрғыдан оқыту үдерісінің алдына мынадай мақсат қойылады: 

-  оқушыларға  биологиялық  дүниетанымды  Абай    тағылымы      арқылы 

дәріптеу;  

-  оларды  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  үйретіп,  іздену,  зерттеу  қабілеттерін 

қалыптастыру; 

- философиялық ой танымдарын ояту; 

- өз дүниетанымын Абаймен үндестіруге түрткі жасау. 

Осы мақсатқа сай мынадай нақты міндеттер қойылды: 

-  биология  және  валеология  сабақтарының  күнтізбелік  жоспарларын 

қайта қарап, Абай тағылымын аймақтық компонеттік негізде енгізу. 

- ақпараттық банк жинақтамаларын құру.  




355 

 

-  қосымша  материалдар  мен  Абай  тағылымын  сабақ  барысында  тиімді, 



қажетті деңгейде қолдануды саралау. 

- оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. 

Осындай мақсатты көздеген білім меңгертудегі өз тәжіриемді көпшілікке 

ұсынбақпын.  Абай  шығармаларының  элементтерін  биология  және  валеология 

пәндеріне  енгізуді  жыл  басындағы  күнтізбелік  жоспар  жасаудан  бастаймын. 

Бағдарламалық  материалдар  бойынша  Абай  шығармаларының  тақырыптық, 

мәндік, мағыналық үндестігі болуы шарт. Бұл жерде 8-сынып бағдарламасында 

Абай  шығармаларын  қай  тақырыпқа,  қандай  деңгейде  кіріктіру  жолдарын 

іздеймін.  Абай  шығармаларын  мұғалімге  ең  алдымен  өзі  оқып,  талдап  білуі 

керек.  Тәнтану  сабақтарында  өткен  бірнеше  сабақтардан  мысал  келтіретін 

болсам:  «Адам  мүшелері»  тақырыптарын  оқытуда  Абай  шығармаларындағы 

қыз бойжеткеннің кескін-келбетін сипаттайтын мына шумақтарынан сол кездегі 

бойжеткендермен  қазіргі  заман  қыздарының  дене  бітімін  ғана  емес,  олардың 

ішкі,  сыртқы  дүниесі  мен  жан  дүниесін  салыстырмалы  ұғасың.  Абай  қыз 

бойжеткендердің сыртқы келбетін әдемі сипаттап қана қоймай, оның қызға тән 

нәзіктігін, жаны мен тән тазалығын тамаша жеткізе білген. Адам мүсінін өлең 

жолдарымен  жасаудағы  шеберлігі  арқылы  оқушылар  санасына  үлкен  ой 

тудырады. 

Білектей арқасында өрген бұрым, 

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын, 

Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, 

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, –  

деп  қыз  баланың  сұлулығы  оның  шашында  екенін  айтады.  Оқушыларға 

бұл  тағылым  әсер  етпей  қоймайды.  Осыдан  кейін  оқушылар  бүгінгі  жас 

қыздардың шаш қою үлгілерін сөз етіп, шаш күтімі жайында ой бөлісіп, пәндегі 

«Тері»  тақырыбында  берілетін  шаш  туралы  өз  ойларын  ортаға  салады. 

Қосымша  материалдар  әкелу  арқылы  сабақтың  берілу  ауқымын  өз  беттерімен 

толықтырады. 

Абай  шығармаларын  сондай-ақ  адамның  сезім  мүшелерін  оқытуда 

кеңінен  қолданамын.  Әсіресе,  осы  тақырыпта  Абайдың  сезім,  махаббат 

лирикаларын  пайдалану  оқушыларға  тақырыпты  тезірек,  кеңінен  қабылдауға 

бірден-бір  көмегін  тигізеді.  Биологиядағы  «Жүрек»  тақырыбында  Абайдың 

жүрек  пәлсапаларын  қоса  оқыту  көпшілік  жағдайда  оқушыларға  ұтымды  әсер 

қалдырады. Мен биологиялық тұрғыдан: «Жүрек – құрылысы жағынан ерекше 

бұлшықеттерден  тұратын,  күні-  түні  бір  минутта  тоқтамай  жұмыс  істеуге 

қабілетті  ерекше  тұрғыдағы  ағза»,-  деп  берсем,  оқушылар  осы  жұдырықтай 

жүректері  жайында  Абай  сөзімен  өзге  қырынан  қарап  талдайды,  оның 

қаншалықты 

үлкен, 

қаншалықты 

өзгермелі, 

бір-біріне 

ұқсамайтын 

құбылыстарға бейім, әр жағдайда әртүрлі екендігін дәлелдеп берді. Мысалы: 

1. Асау жүрек аяғын шалыс басқан, 

Жерін тайып, арқыға сөз болмай ма? 

2. Қан жүректі қайғылы-ау, 

Қайрыла кет сен маған. 




356 

 

3. Жас жүрек жайып саусағын



Талпынған шығар айға алыс. 

4. Бәрін ішкен сұм жүрек. 

Ет жүрек өртеді, 

От болып  жанып –  

деген  жолдардан  Адам  баласының  жұдырықтай  жүрегінің  өмірде 

қаншалықты  әртүрлі  болатындығы,  жағдайға  байланысты  қаншалықты 

өзгеретіндігін,  оның  тек  жақсылықтың  ғана  жаршысы  емес,  қатыгез 

қаталдықтың,  адам  шошытар  жамандықты  да  бойында  сақтайтындығынан 

хабардар етеді. Қараңғылықпен алысқан Абайдың сол кездегі жалғыз сырласы 

да,  мұңын  шағар  мұңдасы  да  -  жүрегі  болса,  сол  жүректен  шыққан  жалынды 

сөздерін жеткізер тілі, биологияда – «Тіл - адам ағзасының бір мүшесі» ретінде 

қарастырылады.  Тілдің  мүше  ретіндегі  алар  орнын  да  Абай  өлеңдері  арқылы 

оңай жеткізуге болады.Мысалы: 

1. Қызыл тілім буынсыз, 

Сөзімде жаз шыбынсыз. 

2. Жүйрік тіл, терең ой, 

Сол күнде қайда едің? 

3. Сайра да зарла қызыл тіл, 

Қара көңлім оянсын –  

деген  жолдар  арқылы  тілдің  қаншалықты  өзгергіш,  алар  орнының 

ерекшелігін  көрсетуге  болады.  Бұл  тұрғыда  оқушылар  бір  өлеңдегі  тіл  мен 

келесі жолдардағы тілді салыстыруға дағдыланады, өз ойларын жүйелейді, өлең 

арқылы ойлана отырып, қорытынды жасауға талпынады. Өлеңді есте сақтауға 

жаттығады, ізденеді, зерттеуге талпынады. 

«Жануартану»  сабақтарындағы  «Сүтқоректілер»  тақырыбында  Абайдың 

«Аттың  сынынсыз»  қалай  бұл  тақырыпты  өтерсіз?  Жылқы  малының  бүгінгі 

күні ауыл өміріндегі қажеттілігі мен құндылығын білетін оқушы сабаққа Абай 

шығармаларындағы  жылқы  малының  сипаттамаларын  өздері-ақ  тауып 

қосымша  материалдар  ретінде  әкеледі,  оқушы  жылқы  малының  шығу  тегіне, 

басқа  төрт  түлікпен  ұқсастығына  салыстырмалы  түрде  сипаттама  беруге 

талпынады.  Ұқсастығын  іздеп,  айырмашылығын  тауып  Венн  диаграммасына 

тұрғызады. Өз бетімен жұмыс істеуге оқушылардың Абай өлеңдерінен кейінгі 

қиялдарынан  туындаған  ат  кескіні  сабақ  барысында  үлкен  талдау  тудырады. 

Жылқы  малының  бүгінгі  күнгі  өзектілігін  айқындай  түседі,  денсаулықты 

нығайтудағы  орны  -  ішсе  сүті  қымыз  шипалы,  мінсе  спорттың  бір  түрі 

болатындығын  да  кірістіріп  кетеді.  Салауаттылық  пен  ұлтжандылыққа 

баулитын  тәрбиелік  мәні  өз  алдына  зор.  Бұл  сабақ  қазақ  балаларының  ата-

дәстүр, салтшылдық пен малжандылық қасиеттерін аша түспесе, кемітпейді. 

Абай тағлымын биология пәнінде кіріктіре оқытудағы іс - әрекеттер: 

Мұғалім іс-әрекеті 

Оқушының іс-әрекеті 

Ізденеді 

Ізденеді 

Коммуникативтілік құзыретілігі артады 

Зерттейді  

Сөйлеу мәдениетін сақтайды 

Талдайды (анализ) 

Білімі артады 

Салыстырады (синтез) 



357 

 

Ой бөліседі 



Өз бетімен жұмыс жасайды 

Бақылайды 

Өз ойын толық жеткізуге дағдыланады 

Басшылық жасайды 

Коммуникативтілік құзыреттілігі қалыптасады 

Тіліміз бен дінімізді, қазақи рухымызды, ұлттық менталитетімізді сақтау, 

дамытуда Абай шығармаларын ұтымды пайдалану, жас ұрпақтың дарыны мен 

қабілетін,  белсенділігі  мен  ізденісін,  зертеушілігі  мен  шығармашылығын 

дамытуға,  оқушының  коммуникативті  құзырлылығының  дамуына  әсер  етері 

сөзсіз. 


 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Құнанбаев А. Өлеңдер жинағы. 

2. Бітібаева Қ. «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» 

Семей «Үш биік баспасы» 2007 ж. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет