Г.Сауырбаева, Д.Нургалиева
Өскемен қаласындағы №36 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ
«Білімді беруде тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше,әлеуметтiк
адаптация процесіне бейiмдеу қажет».
Н.Ә. Назарбаев
511
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына
сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің
алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру
жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге
алудың өзектілігін арттырып отыр.. Ал құзіретті тұлғаны қалыптастыруда басқа
пәндерді оқытуға негіз болатын тіл пәндерінің орны ерекше. Бұл өзге тілді
мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл
ретінде оқытылатын қазақ тілі бойынша оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл
туралы» Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған
мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады.
Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың
құзіреттілік бағытын іске асырудың, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын
кеңейтудің және білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік
сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі болып табылатын
функционалды сауатты дара тұлғаны қалыптастырумен тығыз сабақтасып
жатыр.
Елбасы айтқандай, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны
керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси
және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, үнемі білімін
жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан
дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып
табылады.Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу ,
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020
жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. .
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі
механизмін бөліп көрсетеді.
Оның бірінші механизмі-оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі
жаңарту / МЖБС -мемлекеттік стандарт/ . Ол үшін мұғалім оқушының бойына
әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практиакалық жағдайда тиімді
пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:
-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;
-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп
отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;
512
-коммуникативтік /қазақ ,орыс ,ағылшын тілінде ауызша ,жазбаша қарым-
қатынас жасау;
-әлеуметтік /қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;
-тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, , қажетті білім, білік,
дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын-
шылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;
-азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен
тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық
парызын түсінуі/
-технологиялық
/
ақпараттық
технологияларды,
білім
беру
технологияларды сауатты пайдалану/;
Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік
құзыреттіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында
оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық
сауаттылықты қалыптастыру – оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін
дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы.
Сондықтан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім
мазмұны аяларға бөлініп, қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай оқыту және
сұқбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық, рөлдік ойын,
шығармашылық тапсырмалар біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге
асырылады.Оқушыныңфункционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ең
негізгі деген құзыретіліктерді таңдап,зерттеулермен танысу арқылы мына
жолдар таңдалып алынды.
Коммуникативтік
бағыт әдіснамасын (И.И.Бим, Ф.Ш.Оразбаева,
Е.И.Пассов, В.Л.Ляховицкий); құзіреттілік бағыт әдіснамасын (В.А. Болотов,
И.А. Зимняя, А.К. Маркова, С.Г. Молчанов, А.В. Хуторской, С.Д.Мұқанова);
әрекеттік бағыт әдіснамасын (В.В. Давыдов, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин);
өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесін (Н.Сауранбаев,
С.Кеңесбаев,
С.Жиенбаев,
Т.Ахметов,
А.Айдаров,
Ж.Д.Адамбаева,
М.М.Артықова)оқу-танымдық құзыреттілікті дамыту әдіснамасын(А.Волков)
зерттеген осы саладағы ғылыми-теориялық қағидалар мен ой-тұжырымдар
басшылыққа алынды.Осы бағытта жұмысты бірлесе жүргізу арқылы бір
нәтижеге бағытталған тапсырмалар іріктеліп,жүйелі түрде жұмыстар жүргізе
бастадық.
Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуде лексика мен грамматикалық
минимумды қатар алып жүру сауаттылықты дамытудың басты шарты екені
белгілі.
Сабақта берілген жаңа тақырып бойынша өтілетін сөздерді меңгертуде
жүйелілікті сақтау,өткен сабақтағы жаңа сөздермен байланыстыру,түрлі
жағдаяттық тапсырмаларды орындата отырып грамматикамен жүйелі
байланыстыру ғана өз нәтижесін бермек.Оқыту барысында оқу танымдық
құзыреттілігін дамытуға бағыттайтын тапсырмалар беру арқылы
қызығушылығын
оятып,ізденіске
жетелеу
негізінде
функционалдық
513
сауаттылықты қалыптастырудың түрлері: семинар, диспут, жобаны қорғау,
сөзжұмбақ, білім аукционы, ой шабуылы, танымдық ойындар, білім сайысы,
рөлдік ойын, театрға бару секілді түрлерін қолдандық. Оқыту түрлеріне
сабақтың дәстүрден тыс басталуы (кіріспе, жұмбақ,музыканы тыңдату),
дидактикалық ойындар, АКТ қолдану, материалды топтау (сызба, кесте,
алгоритмдер), пәнарлық байланыс сабақтары, сабақтан тыс шаралар, дәстүрлі
емес сабақтар (саяхат, сөз мерген,білім сайысы), топтық жұмыс
(тізбек),шығармашылық тапсырмалар (сөзжұмбақтар, ой түю). Бұл жұмыс
түрлері ізденіске жетелеп,ойлау қабілеті мен танымын кеңейтуге ықпал
етті.Осындай
тапсырмалар
арқылы
сабақтан
тыс
уақытта
тілімізді,мәдениетімізді,әдебиетімізді танып білуге талпыныстарын ояттық.
Қалалық
байқаулар
мен
оқушылардың
ғылыми
практикалық
конференцияларында,білімсайыстарына қатысып,өз білімдері мен дағдыларын
байқап көруге талпыныстары артты.Балалардың алған білімін тиянақтау
мақсатында құрастырылған тесттік және диктанттар жинағы ұлттық
ерекшелігімізді аңғартатын мәтіндерден құрастырылды.Оқушылардың жеткен
жетістігі мен кемшіліктерін ескере отырып,сабақтан тыс уақытта түрлі
танымдық кештер,аймақтық компонент бойынша шағын ғылыми жобалар
жаздырып,поэзиялық кештер,өнердегі танымал адамдармен кездесулер
,байқаулар өткізу арқылы қатысушыларды жеткен нәтижесінде білім басты
қажеттілік екені ұғындырылды.Шешім қабылдап, ортағa қалыптасуына, тұлға
ретінде өзін айқындауына ықпал етті. Ақпаратты қабылдап, қажетті деректі
іріктеп алуға, өз бетімен ізденуге үйренді.Алайда оқушының қызығушылығын
оятып,ізденіске жетелеу алға қойған міндеттің бастапқы сатысы ғана.Оқушы
тілінің жаттығып,жүйелі,сауатты сөйлеуіне, күнделікті өмірде өз ортасында
қолдана білуіне бірден –бір ықпал ететін тапсырма бұл-мәтінмен жұмыс болып
табылады.
5-6-сынып
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығынқалыптастырудың тиімді әдістері ретінде оқытудың қатысымдық
әдісін, рөлдік ойын әдісін, дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісін, сұрақ-жауап
әдісін атауға болады. Олар жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар,
сұқбаттық тапсырмалар, құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмаларды
кешенді жүргізуде маңызды рөл атқарады. Осы ретте ұтымды жұмыс түрі –
мәтінді әңгімелету. Бұл – айтылымды қалыптастырудың өнімді түрі. Мәтінді
әңгімелетудің мына түрлерін жүргізуге болады:
• мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелету;
• мәтіннің мазмұнын толық әңгімелету;
• мәтіннің мазмұнын жалғастыра әңгімелету.
Мәтінді әңгімелетудің бұл түрлерінің әрқайсысында өз ерекшеліктері, өз
мақсаты бар.
• Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелетуде мынадай мақсаттар
көзделеді: мәтіндегі негізгі ойды білуге бағыттау,
• мәтінді өзінше әңгімелеуге жаттықтыру,
• мәтіннің негізгі ойын есте сақтауға жаттықтыру.
514
Бұл әдістемелік жұмыстар мәтінді ойланбай қайталауға жол бермейді.
Мәтінді ойланбай қайталау есте сақталмайды. Мәтінді түсініп, ондағы негізгі
ойды тауып әңгімелеу есте сақталады. Мәтіннің мазмұнын толық әңгімелетудің
шарты – мәтін мазмұнын өз сөзімен әңгімелету. Бұл – тіл үйренушіні қазақша
өз бетімен сөйлеуге мүмкіндік беретін тәсіл. Алғашқыда оқытушы үлгісін
көрсетіп жаттықтыруына болады, келесіде мәтіндегі сөйлеушінің жағын
өзгертіп әңгімелеуге жаттықтыру. Мәселен, мәтін бірінші жақта баяндалса, оны
3-жақта әңгімелеу. Немесе, мәтіндегі мезгілді өзгерту, мәтіндегі уақиғаның
болған орнын өзгертіп әңгімелеу т.б. Бұл жұмыстың түрлерін орындатуда
оқытушының көмегі керек. Бірақ әңгімелетудің бұл түрі тіл үйренушінің өзінше
сөйлеуін, өзінше әңгімелеуін, өзінше сөйлеуін қалыптастырады.
Мәтіннің мазмұнын жалғастыра әңгімелеу – шығармашылыққа апаратын
жолдың бастамасы. Мұндағы негізгі шарт – мәтінді жалғастыру, мәтін
мазмұнымен байланысты болу. Оқытушы мәтін мазмұнын қалай жалғастыруға
бағыт-бағдар беруіне де болады және ол жұмысты орындауға уақыт беріледі.
Мәтінді әр түрлі әңгімелету арқылы тіл үйренуші айтылымға әбден жаттығады.
Қазақша әңгімелеуге, қазақша сөйлеуге үйренеді. Бұл жұмыс түрі – қазақша
сөйлеуді қалыптастырудың тиімді жолы.
Тілдесім – адамдар арасындағы ең жиі қолданылатын сөйлеу әрекеті.
Өйткені, ол – отбасынан бастап, қоғамның әр түрлі саласында ең жиі
қолданылатын сөйлеу әрекеті. Сондықтан тіл үйренушілердің қазақша сөйлеуін
қалыптастыруда тілдесімнің мәні үлкен.
Тіл үйренушілер қазақша пікірлесе алу үшін шағын тілдесімге арналған
мәтіндерді қолданған тиімді, өйткені олар тіл үйренушілердің функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаны сыни ойлауға
үйрету, жауапкершілікке баулу, қатысымдық әрекетке бейімдейді. Тіл
үйренушінің аналитикалық, сыни ойлауын қалыптастыру оқу мәдениетіне, оқу
деректерін ажырата, талдай білуге, қорытынды жасауға, шығармашылық,
іздену, зерттеу жұмысына бейімдеу, өз бетімен білім алуға үйрету болып
табылады. Тіл үйренушіні қазақша байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру
бірден іске аспайды. Өйткені ол бірте-бірте қалыптасады. Сондықтан бұл
жұмыстарды бірнеше кезеңге бөлуге болады:
• алғашқы кезең – байланыстырып сөйлеуге үйрену кезеңі,
• байланыстырып сөйлеуді меңгерген кезең.тб
Байланыстырып сөйлеуге үйрену кезеңінде тіл үйренушілер оқытушыға
еліктеп әңгімелеуден бастап, мәтінді қысқаша әңгімелеу, толық әңгімелеуді
үйренеді.
Бұл кезеңде тіл үйренуші әңгімелеудің жолын, ретін, әңгіменің
байланысты болуын мәтіннен үйренеді. Бірақ ол мәтінді қайталау емес, мәтін
мазмұнын әңгімелеуді қамту керек екенін түсінеді, әрі байланысты сөйлеуге
жаттығады. Егер бұл талаптар толық сақталып, тіл үйренушілер өз сөзімен,
мәтін мазмұнын толық байланыста әңгімелесе, ол әңгімелеуді қазақша
байланыстырып сөйлеуді үйренді деуге болады. Әр оқушы қазақ тілінде
сауатты сөйлесе,мемлекеттік тілдің заман талабына сай қолданыс аясын
515
кеңейткеніміз болар еді. Сабағымыз оқылым,жазылым,айтылым мен тілдесімге
негізделе құрылып,грамматикалық минимум мен лексикалық минимум
сәйкесінше толық қамтылып отырса, жүйелік пен бірізділік сақталып,бірлесе
жұмыс нәтижесін болжай білсек, оқушының функционалдық сауаттылығын
қалыптастырар едік.
Библиографиялық сілтемелер
1. Хуторская А.В. «Негізгі құзыреттіліктер» Халықтық білім, 2003 №5
2. Воровщиков .С.Г «Оқушылардың оқу -танымдық құзыреттілігін
дамыту»М.2006.-232бет.
3. Білім Образование №3.2206.22-26.бет
4. Әлем және қазақ әдебиеті №2(20).2007ж
5. Зизева.Л.К.Пак.Н.Г
«Оқу
танымдық
құзыреттілікті
дамыту»2002;45бет
6. Рауандина А.Қ «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыру әдістемесі»А.2012ж
7. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары.- Алматы,2007
8. Петровская А.В «Сабақта және сабақтан тыс уақытта танымдық
құзыреттіліктерін жандандыру»Педагогикалық тәжрибе.2011ж№5
9. Рауандина АЖ «5-6сыныптарда функционалдық сауаттылықты
қалыптастыру жолдары»А.2012ж 28-29бет
Достарыңызбен бөлісу: |