Бакытгул Сейтбековна Сейтказина
«№19 орта мектеп-кешені»
Қазақстан, Өскемен
аlan-timon@mail.ru
ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІС-
ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі таңда
Қазақстандағы білім мазмұны жылдан жылға жаңаруда, сол
себептен көшпен бірге аяқ басып, білім жүйесіндегі тың өзгерістермен
жаңашылдықты тез қабылдаумен қатар, оның бағыт-бағдарының заман
талабына сай жасалуын міндеттейді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер -
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.
XXI ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры.
Олай болса, біздің алдымызда тұрған бірден-бір мақсат оқушылар алған
516
білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік
жағдайда қолдана білетін, өмірге көзқарасы бар азамат болып жетілуіне
көмектесу.
Қазіргі заманның қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелердің бірі-басқа ұлт
өкілдерін мемлекеттік тілде сөйлей білуі.
Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын
қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты
– оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым – қатынас біліктілігін
қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудырумен қатар
өз ісінің шебері болуын да талап етеді. Осы орайда оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдерін саралап, оның ішінен ең тиімдісін таңдауды қажет етеді.
Мұғалімнің шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы
ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірбиені жетік меңгеру, игеру. Оларды өзінің
күнделікті қызметіне пайдалана білу, мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең
алдымен сабақпен байланысты.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың кеңінен
қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды
қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамыздың
мүшелері — жастар бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның
алдында тұрған ең басты міндет.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытуда заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерінің бір
түріақпараттық – коммуникативтік технологиялар болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, Елбасымыздың жолдауына сай, оқушыларды жан-
жақты дамыған, сауатты, бәсекеге қабілетті, қазіргі заман талабына сай азамат
болып қалыптасуына үлес қосу менің де парызым деп санаймын.
Сондықтан өзім заманауи технологиялардың арасынан ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды таңдап, мына сұрақтарыма жауап іздедім:
Ақпараттық-коммуникативті технология сабақта қолдану барысында, одан
қандай өзгерістер, тың нәтижелер күтуге болады? Осы сұрақтарыма жауап
ретінде дәйекті дәләл тапқандай болдым.
Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты:
Оқушыларды ақпарат көздерімен еркін жұмыс істеуге қалыптастыру,
коммуникативтік қабілеттіліктерін арттыру;
Оқушыны - ақпараттық қоғамның жеке тұлғасы ретінде дайындау;
Оқушының білім деңгейіне сай оқу материалдарын игеруге ықпал жасау;
Ғылыми-ізденіс қабілеттерін дамыту, тығырықтан шығу жолдарының тиімді
әдістерін игерту.
Осы алдыма қойған тың бастамаларды жүзеге асыру үшін, алдымен жеке
басыма мынандай мақсаттар қойдым:
АКТ тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды оқу;
АКТ қолданып жүрген мұғалімдердің іс-тәжірибесімен үнемі танысып отыру;
517
Өз тәжірибемде АКТ әдіс-тәсілінің тиімді жолдарын қарастыру;
Мерзімдік басылымдардан АКТ жайында қосымша ақпараттар алу.
АКТ әдісін пайдалану оқушының қазақ тілі пәніне деген танымдық
қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық
технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
• Берілген материалды іздеу барысында ғылыми — көпшілік журналының
сайтына кіру;
• Оқушылардың алған білім сапасын тексеру үшін, интернет-
олимпиадамен шығармашылық байқауларға қатысу;
Жаңа ақпараттық технологияның ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың
компьютерлік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, презентациялық
технологиялары кіреді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы — ақпаратты бейнелеу,
тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және
басқару сияқты мұғалімнің кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік
техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті
программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау
тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін
толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға
мүмкіндік
береді.
Қазіргі
оқыту
құралдары
(компьютерлер,
телекоммуникациялық
байланыс
құралдары,
қажетті
интерактивті
программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын
жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім
алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындайтын әдістемелік құрал
ретінде атқаратын жұмыстың маңызы өте зор, әрине, қазіргі компьютер мен
интерактивті программалық — әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының
әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып,
көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының
білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа
моделдерін (баяндама, реферат) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға
бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Бірнешеуін тізімдеп,
бағытын айқындасақ:
Мультимедиялық технологиялар — бейнелік және аудиоэффектілік, әр
түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық
жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау
тәсілдері. Осы мультимедия құралдарымен графиканы, гипермәтінді, дыбысты,
анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, қазақ тілін оқытуда
тиімді әдіс ретінде қарауға болады. Оған мысал ретінде берілген тарауларды
өткен кезде әр түрлі ойын түрлері «Алтын қақпа», «Мұхтар шыңы» т.б. сияқты
компьютердің көмегімен өткізілетін қортынды сабақтарды алуға болады.
Келесі компьютерлік технологиялардың бірі - презентациялық технологиялар.
Бұл технология, бір жағынан , оқушыларға жаңа материалдарды
518
(иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материялдар, т.с.с.)
көрнекі түрде көрсету құралы ретінде пайдаланып, қазақ тілінің
грамматикасының ауыр түрлерін, сызба- тірек ретінде көрсету арқылы
балаларға есте сақтау қабілетін дамыта отырып, сабақты қызықты өткізуге
болады және үлгерімі нашар оқитын оқушыларға шығармашылық тапсырма
берген кезде материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де
жеңілдетеді.
Алдын
ала
жүргізілген
тәжірибелер
презентациялар
технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып,
сабақ барысында АКТ пайдалану кезіндегі сабақтың мәні дәстүрлі сабаққа
қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде өтуіне себін тигізеді.Оған дайындалу
мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе
оқушы дайындағанда) қысқартады, ең бастысы —жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалануға оқушыларды дағдыландырады.
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық және компьютерді қолданудың
кибернетикалық-дидактикалық теориясы, оның әлеуметтік мәні синтезделіп,
әдістемелік жаңа теория қалыптасуына негіз болады. Әдңстеме теориясының
табиғаты зерттеу нысанының әлеуметтік мәнін ашу арқылы меңгертудің
әлеуметтік мәнін мына қатысымдық модель арқылы көрсетуге болады.
1-сурет - Дәстүрлі сабақ моделі
Берілетін білім мазмұны
Мұғалім Оқушы
2-сурет – Ақпаратты коммуникативтік технология моделі
Берілетін білім мазмұны
Мұғалім Оқушы
Компьютер арқылы оқушыларға қазақ тілі мәтіндерін оқыта отырып, олардың
қатысымдық қабілеттерін дамытуды мақсат етіп отырғандықтан, қатысымның
жан-жақты ерекшеліктерін қарастыру керек. Егре дәстүрлі сабақ берудегі
қатысымдық үрдістке белгілі бір жағдайларға байланысты кіріге алмайтын
болса, компьютер арқылы беріліетін сабақта оқушы мұғаліммен үнемі
қатысымдық әрекет жасап, екі жақты байланыс жүзеге асады. Компьютерді
қолдана отырып, қазақша мәтіндердің өзге ұлт мектебінде оқытуда оқушының
алатын білім мазмұны оның санасында әлем картинасын қалай жасайтынына,
ол картинаның адамгершілік және дамытушылық қасиеттерге толы болуына
тікелей әсер етеді.
Жаңа ақпараттық технологияны сабақтарда пайдаланудың тиімділігі мен
ерекшеліктерін
қорытындылай
келе,
Ақпараттық
коммуникативтік
519
технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады.
Сонымен, компьютерлік технологияны сабақтарда пайдаланудың үш негізгі
түрі бар:
• Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану;
• Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс өзіндік
жұмыстарды орындау барысында пайдалану;
• Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану
(дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия т.б. Оқыту барысында
ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық
бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана
тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді
Библиографиялық сілтемелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан ХалқынаЖолдауы. «Қазақстан-2050»
2. Ә.А Шипина «Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары»Алматы
1999.
3. Ж.А Қараев Педагогическая технология обучения Караева. – Алматы
– 1988.
4. Г.К Нұрғалиева «Оқыту әдістері.» Алматы, 1991.
5. М.Н Махмудов «Мектепте проблемалық оқуды ұйымдастыру» –
Алматы, 1981.
6. Ж.А Қараев «Компьютерді оқыту процесіне пайдалану» Алматы 2000
7. Н.Д Хмель «Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс»
Астана 1992.
8. Қ.Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы : Мұрагер 2005.
9. С.Рахметова «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы : Ана тілі 1991.
10. C.Т.Мұхамбетжанова «Компьютермен жұмыс жасау тәсілдері»
Алматы 2010.
11. М.Кенже «Компьтерді оқыту технологиясы» Бастауыш мектеп 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |