Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет175/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

 

 

Анар Сергазиновна Сапаргалиева 

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 


501 

 

Педагогика ғылымдарының магистрі 



Өскемен қаласы 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 

ЖЕТІЛДІРУДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ 

ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ  

 

Мақалада  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытуда  

айқындалған  құзыреттілік  түрлері  мен  дамытылатын  дағдылар  және  күтілетін  

нәтиже  болжанған.  Оқушыларда  мектеп  қабырғасында  қалыптасатын 

функционалдық  сауаттылықтың  бір  саласы  оқу  сауаттылығын    дамытуға 

бағытталған  тапсырмалар  легі  қамтылған.  Сонымен  қатар  осы  бағытта  сыни 

ойлауды  дамытудың  құралдары  ретінде  оқылым  әрекетіне  қатысты  әдіс- 

тәсілдер, тапсырмалардың нақты үлгілері берілген. 



 

Басты  сөздер:  оқушылар,  функционалдық  сауаттылық,  құзыреттілік, 

дамытылатын дағдылар,  әдіс- тәсілдер, тапсырмалар. 



 

Тәуелсіз  еліміз  үшін  маңызды  болып  табылатын  тағы  бір  стратегиялық 

міндет - Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – 

Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  Жолдауындағы  мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  байланысты  ұлттық  жоспарды 

қабылдауды нақты міндет етіп қоюы 

[1].

 

Қазіргі  заманғы  ғылымның  дамуы  үшін  тұлғаның  ең  басты  функциялық 



сапалары белсенділік, шығармашылықпен ойлауы және шешім қабылдай алуы, 

кәсіби  жолын  таңдай  алуға  қабілеттілігі,  өмір  бойы  білім  алуға  дайын  тұруы 

болып  табылады.  Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында 

қалыптасатыны белгілі. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  ұғымын  зерделеп  көрсек, 

бұл  термин  тұңғыш  рет  өткен  ғасырдың  60-шы  жылдары  ЮНЕСКО 

құжаттарында пайда болып, кейіннен зерттеушілердің қолдануына енген екен. 

Функционалдық сауаттылық- білім берудің көп жоспарлы адамзат қызметімен 

байланысы және оны біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі. 

«Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму»    ұйымының  (ЭЫДҰ) 

қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 

халықаралық  бағдарламасы  РІSА  (Programmer  for  International  Student 

Assessment)    функционалдық  сауаттылықты  бағалауға  арналған  неғұрлым 

танымал  халықаралық  бағалау  зерттемелерінің  бірі  болып  табылады.  РІSА  15 

жастағы  оқушылардың  мектепте  алған  білімдерін,  іскерлігі  мен  дағдыларын 

адами  іс-әрекеттердің  әртүрлі  салаларында,  сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-

қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді  шешу  үшін 

пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. 

Бұл зерттеуде функционалдық сауаттылықтың үш саласы математикалық 

және  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық,  оқу  сауаттылығы    бағаланады.  Ал 




502 

 

бұл зерттеу 2012 жылы өткенде біздің еліміз екінші рет қатысып, оқушылардың 



нәтижелері оқу  сауаттылығы  бойынша  65  мемлекеттің  ішінде  63-орынды 

иеленгені  белгілі  болған.  Бұдан  шығатын  қорытынды  еліміздің  төменгі 

деңгейде  болуы  білім  беру  жүйесіндегі  талаптарды  өзгертуге,  тек  білімді 

берумен  шектелмей,  оқушылардың  ой-өрісін  дамытуға,  логикалық  ойлануға, 

сыни  көзқарас  қалыптастыра  отырып,  функционалдық  сауаттылыққа  баулу 

құзыреттіліктерін қалыптастыруды міндеттейді 

[2].

 

Осы міндетке сай бүгінгі таңдағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу 



бағдарламалары  мен  оқыту  мақсаттары  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамытуға  және  негізгі,  пәндік  құзыреттіліктерге  қол  жеткізуге 

бағытталған. Оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор десек, соның ішінде 

қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  алатын  орны  ерекше.  Оқушыға  халықтың  өмір 

шындығын,  арман-  тілектерін  таныту,  рухани-  адамгершілік,  мәдени- 

эстетикалық  т.б.  тәрбие  беру,  өмірге  көзқарасын,  мінезін,  жалпы  оқу,  ойлау 

мәдениетін  қалыптастыру  –  әдебиет  пәнінің  басты  мақсаты.  Әдебиет  арқылы 

оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптасады. 

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  оқытудағы  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  қалыптастырудағы  іс-әрекеттерді  қарастыра  отырып,  бірнеше 

құзыреттілік  түрлері  айқындалды.  Сондай-  ақ  осы  құзыреттіліктер  негізінде 

дамытылатын  дағдылар  мен  оларды  іске  асыруда  қолданылып  жүрген  өз 

тәжірибеміздегі әдіс- тәсілдерді, тапсырмаларды ортаға салуды жөн көрдік. 

Кесте 1.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы 

құзыреттілік түрлері мен оны жүзеге асыру жолдары 

Құзыреттілік 

түрлері 

Дамытылатын дағдылар 

Қандай іс-әрекет арқылы? 

(тапсырма түрлері) 

Ақпараттық 

құзыреттілік 

Мәліметті оқушының өз 

бетімен табуы, талдауы, іріктеу 

жасауы, түсіндіруі және 

ақпаратты тасымалдауы, оның 

ішінде қазіргі заманғы 

ақпараттық коммуникациялық 

технологиялардың көмегімен 

жүзеге асыруы сияқты 

дағдылардың дамытылуына 

мүмкіндік береді. 

«Оқушы үні» 

 - оқушылардың өз пікірлерін 

айтқызу; 

- оқушылармен әңгімелесу;  

- рефлексия кезеңіндегі 

оқушылардың пікірлесуі шынайы 

болуы; 


- оқу мен білім беруге байланысты 

оқушыларға қызықты және 

маңызды сұрақтарды қою т.б. 

Күтілетін  

нәтиже 

Оқушылар нені өзгерткілері келетіні туралы өз пікірлерін жеткізеді. 

Әсіресе, «үндемейтін» және «жеке- дара» оқушылардың барлығының 

да пікірлері ескеріледі. 



Коммуникативтік 

құзыреттілік 

Оқушының нақты өмірлік 

жағдайларда өзінің міндеттерін 

шешуі үшін ауызша және 

жазбаша коммуникациялардың 

түрлі құралдарын қолдануын 

жетілдіруіне мүмкіндік береді. 

«Блоб ағашы» әдісі 

 

Оқушы суреттен өзін тауып 



белгілейді. Түсіндіреді. Болашақта 

мақсатқа жетудің жоспарын 

анықтайды. 



503 

 

Күтілетін 



нәтиже 

Оқушы автордың  әдебиетте алатын орны мен тақырыптың 

өзектілігіне, автор өмір сүрген заман көрінісіне  анализ жасауға 

тырысады. 



Проблемалардың 

шешімін табу 

құзыреттілігі 

Оқушының әр түрлі жағдайда 

проблемаларды анықтауына, 

жауапты шешім қабылдауына, 

өз шешімінің нәтижесін 

бағалауына мүмкіндік туғызады 

Рөлдік ойындар арқылы  

«Белгілеуіш» 

«Байланыстырушы» 

«Талқы себепшісі» 

«Суреттеуші» 

«Қорытындылаушы» рөлдері 



Күтілетін 

нәтиже 

Оқушыны өзінің рөлдік ойынға кіруі барысында өмірмен 

байланыстыра отырып, сыни ойлау дағдысын жетілдіреді. 

Демек,  оқытудағы  тапсырмалар  легі  оқушының  функционалдық 

сауаттылығына, жан-жақты болуына, өзінің ісіне сыни көзқарас қалыптастыра 

алуына жағдай жасауға негізделу керек деген сөз. 

Сонымен  қатар  тіл  сабақтарында  да  оқылым  тапсырмалары  арқылы 

оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескеру керек. 

Кесте  2.  Оқылым  тапсырмалары  арқылы  оқушының  оқу  сауаттылығын 

арттыруға арналған тапсырмалар 

Оқу сауаттылығының 

құзыреттілігі 

Оқылым әрекеті бойынша 

сыни ойлауды дамытудың құралдары 



Табу және алу: 

мәтінді көзбен жүгірту; 

 

басты элементтерін анықтау; 



 

ізденіс аймағын тарылту



 

қажет ақпаратты айыру. 



Түсіндіру және ықпал 

ету: 

 



мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру; 

 



мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер табу; 

 



автор ой түйінінен қорытынды шығару; 

 



мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды 

жасау. 


Зерделеу және 

бағалау: 

 



басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған 

ақпаратты байланыстыру; 

 

тақырып туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген 



пікірді салыстыру; 

 



автормен ішкі диалог жүргізу: өз көзқарастары мен автор 

көзқарасын қорғауда дәлелдер іздеу. 

Зерттеулер  көрсеткендей  оқушыларға  тек  теориялық  мәліметтерді  беріп 

қана қоймай, өз білімдерін қазіргі өмір жағдайларында қалай пайдаланатынын 

түсінуі  қарастырылады.  Оқу  сауаттылығы  бойынша  алынған  нәтижелерді 

күнделікті  өмірде  шынайы  жағдайларда  пайдалану  үшін  негізгі  ұғымдарға 

назар  аудару,  алған  ақпаратты  сыни  бағалау,  болжамдар  жасау,  өзіндік 

көзқарастарын  негіздей  білу  қажет  болды.  Сондықтан  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

сабақтарында  жүйелі  қолданып,  нәтиже  көрсетіп  жүрген  жұмыс  түрлерін 

ұсындық. 

Кесте 3. Оқылымға қатысты әдіс- тәсілдер 

Оқылымға 

қатысты 

әдістәсілдер 

Тапсырманың нақты үлгілері 

 

«Бұл туралы не 



Мұғалім бір әңгімені оқып жатқанда, белгілі  Бұл әдіс оқушылардың 


504 

 

ойлайсың?»  



бір жерлерде оқушыларға бір- бірлеп «       » 

- тың орнында болсаң сен не істер едің? 

немесе «          » - тың орнында болсаң, не 

сезінетін едің? т.с.с. сұрақтар қойып 

оқушыларды  сөйлеткізеді.  

сөйлеу, ойлау 

қабілеттерін жетілдіреді. 

«Мәтінді тексеру»  Сыныпты 4- 4- тен топтарға бөліп, әр топ 

оқыған мәтіндері бойынша 5 сұрақ 

дайындап, қағазға жазады. Сосон мұғалім әр 

топтан бір оқушы алып, 4 кісілік жаңа топ 

құрайды. Барлығы бір- біріне сұрақтар 

қояды. Айтылған жауаптарды топ 

басшылары не мұғалім тексеріп отырады.  

Бұл әдіс оқушылардың 

мәтіндегі басты 

элементтерін 

анықтауына жол ашады. 

«Тақырыпқа 

сәйкес 


жаңалықтар» 

Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай 

газеттегі жаңалықтардың тақырыбын 

алғашқы сөйлемімен бірге қиып алып, 

топтарға таратып береді. Оқушылар 

жаңалықты жалғастырып жазады. Соңында 

өздерінің жазғандары мен газеттегі 

жаңалықтарды салыстырады. 

Бұл әдіс оқушыларды 

тақырып туралы 

өздерінің көзқарастары 

мен мәтінде берілген 

пікірді салыстыра алуға 

дағдыландырады.  

«Сөйлем табу» 

Мұғалім оқитын мәтіндегі маңызды 

сөйлемдерді оқушыларға алдын- ала 

жаздырады және сол тақырып бойынша 

сөйлеседі. Сонан соң мәтінді оқушыларға 

таратып, оқыған кезде жаздырылған 

сөйлемдерді таптырады.  

Бұл әдіс оқушылардың 

қажет ақпаратты айыру 

дағдыларын нығайтады. 

«Орнына қой» 

Мұғалім оқушылардың деңгейіне лайықтап 

мақалаларды, жаңалықтарды газеттен қиып 

алады. Тақырыптары мен олардың алғашқы 

абзацын бөлек қырқып, А4 қағазға 

араластырып, жапсырады. Оны көбейтіп, 

оқушыларға таратады. Оқушылар абзацтар 

мен олардың тақырыптарын жұптастырады.  

Бұл әдіс оқушылардың 

мәтіндегі ақпарат 

элементтерін бірге 

байланыстыру 

қабілеттерін шыңдайды. 

«Бұл кім?» 

Оқылатын мәтіндегі кісі аттары тақтаға 

жазылады. Оқушылар олардың біреуін 

таңдап, сол кейіпкердің 

- жасын 


- мамандығын 

- басқа кейіпкерлермен байланысын 

анықтайды 

Мәтінді оқығаннан кейін оқушылардың 

айтқандары мен мәтіндегі мәліметтер 

салыстырылады.  

Бұл әдіс оқушылардың 

басқа ақпарат көздерінен 

алған білім мен мәтіннен 

алған ақпаратты 

байланыстыруларын 

көздейді.  

 

«Қорытып жазу» 



Мұғалім әр оқушыға бір әңгіме береді. 

Оқушылар мәтінді оқып, мәтіндегі негізгі 

ойды 3 сөйлеммен қорытып жазады. 

Мұғалім мәтіндер мен оқушылардың 

жазғандарын тақтаға іледі. Оқушылар әр 

жазудың қай мәтінге қатысты екенін табады.  

Бұл әдіс арқылы 

оқушылар тақырып 

туралы өздерінің 

көзқарастары мен 

мәтінде берілген пікірді 

салыстырады.  

«Үйренгім келеді»  Мұғалім оқушыларға қызықты әңгіме тауып 

әкелуді тапсырады. Әр оқушы мәтінде 

жауабы жоқ сұрақ дайындайды. Бұл сұраққа 

жауап берген оқушы мәтінді қайтадын 

Бұл әдіс оқушылардың 

автормен ішкі диалог 

жүргізуін, өз 

көзқарастары мен автор 




505 

 

өзгертіп жазады.  



көзқарасын қорғауда 

дәлелдер іздеуін 

жетілдіреді. 

«Журналмен 

жұмыс істеу» 

Мақаланың негізгі ойы не? Негізгі ойға 

қатысты сөйлемдер қайсы? Мақаладан не 

үйрендің? Автормен келісесің бе? 

Мақаланың ең қызықты тұсы қайсы? деген 

сияқты жетелеуші сұрақтармен мақаланың 

мазмұнын қысқаша жаздыруға болады. 

Бұл әдіс оқушылардың 

мәтіндегі басты ой 

немесе автор ойы туралы 

қорытынды жасауына 

септігін тигізеді. 

Бұл  жұмыстарды  сыни  ойлауды  дамытудың  құралдары  деп  түсіндіруге 

болады.  Сондай-  ақ  мұғалімге  сараланған,  дамытушы  тапсырмалар  мен 

оқушының  таным  үрдісін  дамытуға  қабілеттендірілген,  соның  ішінде  сыни 

ойлауға  ынталандыратын  белсенді  ойындардың  кең  таңдауын  да  ұсынуға 

болады.  Әр  тапсырманы  берудің  Не?  Не  үшін?  Қашан?  Қайда?  Қалай?  деген 

ұстанымдары  болу  керек.  Сыни  ойлауды  дамытудың  белсенді  стратегияларын 

қолдана  отырып,  әр  сабақта  топтық,  жұппен,  жеке  жұмыстардың  нәтижелі 

үйлесімділігі  көрініс  берсе,  бақылау  және  шағын-  зерттеу,  практикалық 

жұмыстар  іске  асырылса.  қарсы  шығу,  мәнін  түсіну  және  рефлексия  жасау 

сияқты жұмыстар тақарлуы тиіс. 

Келесі  алда  тұрған  міндет  функционалдық  сауаттылыққа  байланысты 

тапсырмаларды құрудағы тағы бір қиындықтар, яғни ол тапсырмалардың басқа 

формасын диаграммалар, кестелер, сызбалар мен карталардан тұратын іскерлік 

стильдегі  мәтіндермен  жұмыс  жасай  алу  дағдыларын  жетілдіру  болып 

табылады. Сондықтан  оқушылардың  әртүрлі  мазмұндағы,  форматтағы 

мәтіндерді  түсінуі  мен  оларға  рефлексия  жасауда  практикалық  дағдыларын 

нығайту мәселелерін дұрыс жолға қою керек деп ойлаймыз.  

Бұл  қиындықтарды  шешу  жолдары  ретінде  мына  мәселелерді  атай 

аламыз: 

1.  Тапсырмаларды  6  деңгейлі  Блум  таксономиясы  негізінде  құрып, 

ондағы синтез, анализ, бағалауға аса мән беру. 

2.  Оқушы  өмірде  қолдана  алатындай  тапсырмалар  құрастыруға  көңіл 

бөлу. 

3.  Мұғалімдер 



үшін  ең  маңыздысы  о

қытудың  белсенді  стратегияларын 

қолдана отырып, оқушының

 сыни ойлау дағдыларын жүйелі 

дамытуды жүзеге 

асыру


.  

4.  Оқушыларды  өзін-өзі  бағалауға,  тапсырманы  зейін  қойып  орындауға 

және өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізуге үйрету. 

Осы  іс-әрекеттерді  орындаған  жағдайда  оқушының  білімін  жоғары 

деңгейде  қалыптастыруға  жол  ашылады.  Ал  оларды  бағалау  оқыту 

мақсаттарына жеткендігін бағалайтын төмендегідей жетістік критерийлері (үлгі 

ретінде) арқылы жүзеге асырылуы керек. 

№ 

Жетістік критерийлері 



Ж 

Т 



Егер мәтінде жасырын тұрған мәліметтерді анықтап, нақты жауап бере 

алса 


 

 



Егер берілген ақпаратты түсіне отырып, салыстыра алса 

 

 



Егер өзінің ойын жеткізе алса 

 

 



506 

 



Егер өзіне қажетті мәліметті жинақтай алса 

 

 



Егер баламалы жауаптар бере алса 

 

 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептеріндегі  жаңа  кіріктірілген  бағдарлама 



оқушыларға ойлануға, рефлексия жасауға, әртүрлі идеялармен, көзқарастармен 

танысуға, өз көзқарасын білдіруге, сұрақ қоя білуге, өзгелердің пікірін тыңдай 

білуге,  бірлесе  әрекет  ете  отырып  мәселелерді  шешуге  және  талдауға 

мүмкіндіктер беретінін батыл түрде айтуға болады. 

Қорыта  айтқанда  озық  ойлы  адамдар  заманның,  қоғамның  дамуына, 

өзгеруіне  өз  үлесін  қосары  анық.  Яғни,  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  да  –  бүгінгі  заман  талабы.  Осы  ретте  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті пәнін дұрыс оқыта білудің маңызы зор.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет