Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет18/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   250
Бақытгүл Омарғалиқызы Ауғанбаева 

дарынды балаларға арналған облыстық 

Жамбыл атындағы мамандандырылған 

мектеп-гимназия-интернатының  директорының 

инновациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары 

Қазақстан. Өскемен 

 

Қ. БІТІБАЕВАНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 



АТАУЛЫ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ 

ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ 

 

Мақалада  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  оқушылардың  функционалдық 



сауаттылығын 

арттыру 


мәселесі 

қарастырылады. 

Қ.Бітібаеваның 

республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертханасының мектептегі ғылыми-

зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастырудағы  рөліне  талдау  жасалып,  тиімділігі 

көрсетіледі. 



 

Басты  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  құзіреттілік,  инновациялық 

технология, әдебиетті оқыту, поэзия, әдіс-тәсілдер. 

 

Оқушыларды ғылыми ізденіс, зерттеу жұмыстарына баулу – бүгінгі білім 



беру үдерісінің басты талабы. Олар әр түрлі конкурстарға, ғылыми жоба жазып, 

қорғауға  қатыстырылуда.  Ал  енді  оқушыларды  ғылым  әлеміне  қалай  әкеліп, 

қалай жетелеу керек, оның тиімді жолдары қандай деген өзекжарды мәселелер 

ғалымдарды  да,  ұстаздарды  да  ойлы,  жүйелі  жұмыстарға  жетелейді. 

Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу төменгі сыныптардан басталуы  керек. 

Мектеп  мұғалімінің  бұл  үдерістегі  басты  мақсаты  -  оқушыларды  дербес 

ойлауға,  өз  беттерімен  еңбектенуге,  өз  бетттерімен  ізденуге,  проблеманы 

өздерінше  шеше  білуге  баулу  болып  табылады.  Ал  бұл  мақсаттар  бірте-бірте 




57 

 

оқушылардың  білімге  селқос,  ықылассыз  қарауын  өзгертіп,  дайын  дүниені 



қайталап  берумен  ғана  шектелетін  іс-әрекеттерін  тежейді.  Керісінше,  оларды 

таным, ойлау белсенділіктерін дамытып, зерттеу, іздену жұмыстарына ынтасын 

арттырады.  Ең  бастысы,  оқушы  ешкімге  «тәуелсіз»  зерттеу  еңбегіне  төселеді, 

өзін-өзі оқытады, білімдерін өз ізденістерімен алуға түрткі жасайды. 

Оқушыға  зерттеу,  іздену  жұмысында  жетекшісі,  ұстазының  ақыл-кеңесі 

бағыт-бағдары  қажет.  Бұл  жөнінде  ғалым  А.С.Обухов  былай  дейді: 

«Успешность  исследовательской  деятельности  обеспечивается  совместными 

усилиями преподавателя и обучаемых, т.к. это «творческий процесс совместной 

деятельности  двух  субъектов  (двух  личностей)  по  поиску  решения 

неизвестного,  в  ходе  которого  осуществляется  трансляция  между  ними 

культурных  ценностей,  результатом  которой  является  формирование 

мировоззрения»  [1].  Бұл  мәселеге  Ресейліктердің  ерекше  көңіл  бөліп  келе 

жатқанын  жүйелі  түрде  шығып  тұратын  «Исследовательская  работа 

школьников»  атты  журналдан  көруге  болады.  Ғалымдар,  тәжірибелі  жаңашыл 

ұстаздар  оқушыларды  ғылыми-зерттеу  жұмысына  баулудың  теориялық, 

практикалық мәселелерін жазып, арнайы зерттеуде. 

Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды 

талапты  ұрпағы.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың: 

«Қазақстан  ұлы  державада  болуы  үшін  бізге  күш  қуат,  қажыр  қайраты  мол, 

ақылды  да  ойлы,  дарынды  жастар  керек»,  -  деген  сөзі  бүгінгі  ұрпақ  тәрбилеп 

отырған педагог біздерге үлкен ой салады [2]. 

Дарын  –  зерделілігімен  дамып  отыратын  үздіксіз  үрдіс.  Психология 

ғылымының  докторы  В.Панов:  «Дарындылық  оқушы  үшін  қабілеттілік  қана 

емес,  ол  –  сын.  Дарынды  оқушы  ұстаз  үшін  мәртебе,  әрі  сын...»,  -  деген  [3]. 

Дарынды  оқушымен  жұмыс  мұғалімнің  өзіне,  қызметіне,  кәсіби  біліктілігіне 

жаңа,  жоғары  талаптар  қояды.  Осы  талаптарға  сай  жұмыс  істеп  келе  жатқан 

бүгінгі  күні  Шығыс  Қазақстан  облысы  аумағында  білім  мен  мәдениеттің, 

руханияттың  ошағына  айналған  95  жылдық  тарихы  бар  дарынды  балаларға 

арналған 

Жамбыл 


атындағы 

мамандандырылған 

мектеп-гимназия-

интернатында  дарынды  балалармен  жұмыс  істеудің  тиімді  жолдары,  оларды 

ғылыми  жұмысқа  баулу  және  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  мәселелері 

жетекші орынға қойылған. 

2009  жылдан  бері  Өскемендегі  Жамбыл  атындағы  гимназия-

интернатында  әйгілі  педагог,  әдіскер  ғалым,  ұлт  ұстазына  айналған  Қанипа 

Омарғалиқызы  Бітібаеваның  республикалық  ғылыми-әдістемелік  атаулы 

зертханасы  жұмыс  істеп  келеді.  Қазіргі  кезде  Қ.Бітібаеваның  ұзақ  жылдар 

қызмет  еткен  Жамбыл  атындағы  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-

интернатында  ұстаздың  пәндік  оқу  кабинетінде  оқу-әдістемелік  материалдар 

мен  көрнекіліктердің  республикада  теңдесі  жоқ  жүйеленген  аса  бай  қоры 

жинақталған.  46  еңбектің  авторы  Қ.О.Бітібаеваның«Ғылым  әліппесі»  атты 

оқушылар  үшін  жазылған  оқу  құралыелімізде  тұңғыш  рет  жазылғанеңбек 

болып  саналады.  Бұрын-соңды  болмаған,  оқулық-дәптер  үлгісінде  жазылған 

тікелей  оқушыға  арналған  оқыту  құралының  ішкі  мазмұны  да  ерекше.  Ол  әр 



58 

 

оқушыға арналған, күнделікті алдында жататын көмек-құрал. 



Сондай-ақ,  әдіскер  ұстазбен  авторлық  бірлікте  жазған  келесі  еңбегіміз 

оқушыларды  ғылыми  ізденіс,  зерттеушілік  іс  әрекетке  жетелеудің  белсенді 

жолдарын,  құзыреттілік  тұрғысынан  оқыту,  дарын    көзін  ашу  мәселесін    сөз 

ететін  «Оқушыларды  ғылыми  ізденіс,  зерттеу  іс  әрекетіне  баулу»  атты  оқу 

құралын  айтуға  болады.  Осы  еңбектер  негізінде  «ғылым»  деген  не,  ғылыми-

зерттеу жұмысына қалай келуге болады, ғылыми жұмыстардың түрлері қандай, 

ғылыми  жобаны  қалай  жазуға  әрі  қорғауға  болатыны  жайында  оқушыларды 

теориялық  біліммен  қаруландыруға,  оны  тәжірибеде  жүзеге  асыруға  жол 

көрсетіп,  оқушыларға  бағыт-бағдар  беруді  көздейміз.Бұл  оқу  құралдары 

облысымыздағы  мектеп  мұғалімдерінің  ең  қажетті  күнделікті  сабақта 

пайдаланатын әдістемелік құралдарына айналып отыр. 

Ғылыми  жұмыстарға  баулудың  тиімді,  өнімді  әдіс-тәсілдерін  іздеу, 

тәжірибеге кіргізу мұғалімнің тер төге еңбектенуін талап етеді. Осы мәселемен 

айналысып  жүрген  санаулы  уақыт  ішінде  авторлық  бағдарламалар,  бірнеше 

мақалалар  жазылды.  «Ғылым  әліппесі»  атты  оқу  құралында  ғылыми  зерттеу-

іздену іс-әрекетіндегі оқушы мен мұғалімнің қызметін төмендегідей көрсетуге 

болады: 

Ғылыми ізденіс, зерттеу іс-әрекетіндегі мұғалім 



 

 

Оқушылардың  зерттеушілік  іс-әрекетін  дамыту  мақсатында  білім 



бағдарламасын,  арнайы  курс  бағдарламасы  жасалды.  Біздің  мектепте 

оқушыларды,  мұғалімдерді,  тәрбиешілерді    ғылыми  ізденіс,  зерттеушілік  іс-




59 

 

әрекетке  баулу  мақсатында  төменде  ұйымдастыру  жұмыстарының  түрлерін 



атап көрсетуге болады: 

1)  Мектепте  мұғалімдерге,  оқушыларға  арналған  ғылыми  орталық,  клуб 

т.б  ұйымдастыру,  жүйелі  жұмыстар  жүргізу.  («Әл-Фараби  ұрпақтары»,  «Мен-

зерттеушімін» т.б.). 

2)  Ғылыми  зерттеу,  іздену  іс-әрекетіне  баулитын  элективті  курстар, 

факультативтер ұйымдастыру, пән олимпиадаларына қатыстыру. 

3)Жоғарғы оқу орындарының ғалымдарымен байланыс жасау. 

4)  Дарынды  бала,  дарынды  ұстаздарға  үнемі  көмек,  қолдау,  марапат 

жасап отыру. Оларды анықтау (диагностика т.б әдіс-тәсілдер арқылы) 

5) Конкурстар, ғылыми жоба, авторлық бағдарламаға қатыстыру. 

6)  Ғылыми-практикалық  конференциялар,  симпозиум,  семинарларға, 

құрылтайларға қатысуларына қолдау жасау. Білім департаментіне ұсыныс беріп 

отыру. 

7) «Класс-аудиториядан, класс-зертханаға» девизімен жұмыс жүргізу. 

8)  Ата-аналар,  қоғамдық  ұйымдармен  жұмыс  жүргізу.  Олардың 

қолдауын, көмегін ұйымдастыру. 

9) Ғылыми-практикалық конференциялар өткізу (оқушылар, мұғалімдер) 

-Оқушылардың  өз  ізденістері,  зерттеулерінің  жүру  барысы,  нәтижесі 

туралы ғылыми есептерін тыңдау, бағыт-бағдар, көмек беру. 

-«Ғылым күнін» өткізу. 

-Жобалап  оқыту  технологиясына  негізделген  оқушылар  оқушылар 

ізденісіне  негізделген  «Жобалау  айлығын»,  не  апталығын  жылына  екі  рет 

өткізіп отыру. 

-Оқушылардың  ғылыми  ізденістері  бойынша  көрмелер  ұйымдастыру, 

жариялау, марапаттау. 

-Сабаққа  қатысу  мақсатының  бірі  ретінде  мұғалімнің  оқушыларды 

ғылыми ізденіске баулу іс-әрекетіне ерекше көңіл қою. 

-Оқу  жылы  соңында  жыл  бойы  атқарылған  жұмыстарды  қорытындылау, 

оның қызықты формаларын таңдап алу. 

-Оқушыларды  ғылыми-зерттеу  жұмысына  баулу  мақсатында  оларды 

әдістемесін  құралдармен  қамтамасыз 

ету. 


Дарынды 

балаларға 

арналған 

облыстық 

Жамбыл 

атындағы 

мамандандырылған 

мектеп-гимназия-

интернатында 

дарынды 


балалармен 

ғылыми 


зерттеу 

жұмыстарын 

ұйымдастыру 

төмендегідей 

бағытта 

жүреді: 


 

«Әл-Фараби 

ұрпақтары» 

атты 


оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған 

 

Оқушылардың ғылыми



қоғамы мүшесінің жеке

жұмысы.  

Оқушылардың ғылыми

қоғамы секция жұмысы

Оқушылардың ғылыми қоғамының

бұқаралық жұмысы

.

Түпдеректермен,  қосымша



әдебиетпен

өз бетінше жұмыс

жасау, орындалған

жұмыспен,  

ғылыми зерттеу

жұмыстарының

тақырыбымен

жұмыс жасау.

Түрлі байқауларды қою

мен өткізу; 

Референттік жұмыстарды

талдау;  

ғылыми-зерттеу;  іздеу;  

өнертапқыштық

жұмыстарды

қорғау


Жалпы жиналыс,  конференциялар,  байқаулар,  олимпиадалар,  фестивальдер,  

көрсетулер,  слеттер; ғалымдармен,  мамандармен кездесулер,  тақырыптық

кештер ұйымдастыру;  көрмелер,  ғылыми және жоғары оқу орындарының

лабораториясына бару; ғылым,  техника апталықтарына,  басқа да

бұқаралық шығармашылық істерге қатысу.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет