Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет199/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   250
Сауле Базархановна Турсынханова 

«Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мұғалім 

Қабден Ақынов атындағы орта мектебі» КММ 

Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылы 

 

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ 



ШЕШІМІН ТАБУ  ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ҮРДІСІНДЕ СЫНИ 

ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ӘДІС- ТӘСІЛІНІҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Баяндамада оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда озық 



технологиялардың маңызы туралы сөз етіледі. 

 

Басты  сөздер:  құзыреттілік,  сындарлы  оқыту  теориясы,сыни  тұрғыдан 

ойлау, дамыту.  

 

Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  өтпелі  кезеңі  аяқталып,  дамыған 



елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз 

көшбасшылық  орынға  шығып,  2020  жылға  дейін  жоғары  білім  сапасы  мен 

халықаралық 

деңгейде 

нәтиже 

беретінін 

айқындайды. 

Cондай-ақ 

оқушылардың   функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі    2012-2016 

жылдарға  арналған   Ұлттық  іс-қимыл  жоспарын  іске  асыру  және  PISA 

халықаралық  зерттеулері  аясында  өкізілетін   оқушылардың   ғылыми  - 

жаратылыстану 

функционалдық 

сауаттылығын  

дамыту  

әдістері 

қарастырылуда.  Қазіргі  уақытта  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің 

Қазақстан  мектептерінде  оқытылуы  заманауи  талаптардан  кенже  қалғанын 

және осыған орай бүкіл білім жүйесінде кешенді шаралар қабылдау қажеттігін 

көрсетіп  отыр.  Кейбір  фактілермен  қатар  оқушылардың  жаратылыстану 

ғылымы  бойынша  білім  деңгейлерінің  жеткіліксіздігі  пән  мазмұнының  тым 



583 

 

теорияландырылып  берілуімен,  оқытудың  практикалық  өмірлік  сұраныстары-



мен және одан әрі кәсіби әрекеттерімен байланыстың әлсіздігімен негізделеді.  

Осының  салдарынан  оқушылар  жобалаудың  практикалық  біліктерімен 

дағдыларын  жеткіліксіз  меңгеріп,  химиялық  үдерістерді  моделдеу,  химиялық 

өндірістегі тиімді және инновациялық технологияларды мен олардың өнімдерін 

пайдалану  туралы  ақпараттардыаз  қабылдайды.  Сондықтан  «Жаратылыстану» 

білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру 

бойынша білім мазмұнын жаңарту жолдары іздестірілуде.  

Қазіргі  таңда  оқушының  өзін-өзі  дамытуға,  алған  теориялық  білімдерін 

өмірменбайланыстыруға,  оны  қолдана  білуге  бағытталған  жұмыстарға  көңіл 

бөлінуде.  Осы  тұрғыдағы  іс-әрекеттерді  қарасытыра  отырып,  оқушының 

білімін қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік түрлері айқындалды, олар: 

 

  



 

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыратын  оқыту  мазмұны 

төмендегідей  мамандықтарға  жоғары  сынып  оқушыларын  бейімдеуге 

икемделеді:   химия,  химиялық  технология  және  өндіріс,  тұрмыстық  химия, 

экологиялық химия, медицина және фармакология негіздері, табиғи ресустарды 

қорғау,  нанотехнология  бағыттары  бойынша  оқушыларды  бейіналды  және 

дайындау.  Оқушының  PISA  зерттеулерінің  әдісімен  тест  тапсырмаларын 

орындаудағы  функционалдық  сауаттылығы-оның  берілген  тапсырманы  зейін 

қойып  тыңдауы,  берілген  сызбаларды  салыстыруы,  өзінің  ойындағы  түсінік, 

болжам,  пікірлерін  жүйелі  жеткізе  білуі  мен  логикалық  ойлана  отырып,  сыни 




584 

 

көзқарас  қалыптастыруына  жетелейді.  PISA зерттеулерінің  әдісімен  тест 



тапсырмаларын  орындаудағы  қиындықтарды  шешу  жолдары  ретінде  мына 

мәселелерді атап өткен жөн: 

-  оқушыларға  тапсырмаларды  6  деңгейлі  Блум  таксономиясы  негізінде 

құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру; 

-  стандарт  талаптарына  сай  берілген  тапсырмаларды  орындаумен  қатар 

оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу; 

-  оқушының  логикалық  ойлауын,  сыни  тұрғыдан  ойын  жеткізуді  жүзеге 

асыру  үшін,  білім  беруде  сабақтың  құрылымын  өзгерту,  яғни  оқытудың 

белсенді  стратегияларын  қолдану,  оқушының  сабаққа  деген  ынтасын  арттыру 

үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру; 

- оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту. 

-  тапсырманы  зейін  қойып,  орындауға  және  эксперименттік  есептер, 

зертханалық  шағын  зерттеу  жұмыстарын  орындата  отырып,  өзінің  орындаған 

жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету. 

Осы  іс-әрекеттерді  орындаған  жағдайда  оқушыға  жоғары  деңгейде 

білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұғалімдердің жан-жақтылығы, 

шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек. 

Химия  сабағында  оқушылардың  ойлауын  дамыту,  олардың  бұрынғы 

алған  білімдері  мен  жаңа  немесе  сыныптағы  түрлі  дерек  көздерінен, 

мұғалімнен, оқулықтан, және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі 

жағдайында  жүзеге  асырылатын  сындарлы  оқыту  теориясын    сабақ  үрдісінде 

басшылыққа  ала  отырып  жүргізу  керек.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  «ойлау  туралы 

ойлану»  деп  сипатталған.  Ол  маңызды  мәселелерді  талқылауды  және 

тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы 

білім  беруді  дамыту  үшін  маңыздыболып  табылатын  қазіргі  ең  басты 

педагогикалық  түсінік.  Бұл  модуль  оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де  сыни 

тұрғыдан  ойлауды  дамытуды  саналы  және  оймен  қабылдауын  көздейді.  Сыни 

тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде 

алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға бағытталған пәндік шешім. Ол 

болашақта  әрекет  жасауға  негіз  бола  алады.Сыни  тұрғыдан  ойлау  көбінесе 

қарсы  пікір  айтуға,  баламалы  шешімдерді  қабылдауға,  ойлау  және  іс- 

әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға және 

басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді ( 1). 

Бірінші  кезең-қызығушылықты  ояту  кезеңі.  Бұл  кезеңде  оқушының 

тақырып  туралы  не  білетіндігі  анықталады,  белсенділігі  артады,  оқушыларды 

психологиялық 

тұрғыдан 

дайындай 

отырып, 

қызығушылықтарын 

оятустратегияларының бірін қолданып сабаққа тарту. 

Екінші кезең-мағынаны ашу.  Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен 

ұштастыра  түседі.  Бұл  кезеңді  іске  асыру  үшін  бірнеше  тәсілдер  бар.  Олар-

болжау  кестесі,  ойлан,  жұптас,  ортаға  сал,  сұрақ  қоя  білу,  өзара  оқыту.  Осы 

тәсілдерді  қолдана  отырып,  яғни  оқушының  өздігінен  білім  алу,  танымдық 

қабілеттерінің  даму,  шығармашылық  іс-әрекетінің  ояну,  бір  сөзбен  айтқанда  , 

өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.  



585 

 

Үшінші кезең-«рефлексия»-ой толғаныс білім алудың қорытынды кезеңі, 



оқушылар сабақ бойы алған білімдерін көрсете алатын кезең. 

Мұғалімге арналған нұсқаулықта қарастырылған жеті модульдің ішіндегі 

сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқушының еркін сөйлеуіне, пікірталастыруына, 

достарының  ойын  тыңдауға,проблеманы  шешу  жолдарын  іздей  отырып 

қиындықты  шешуге  бағытталған.Оқушы  бұрынтек  тыңдаушы  болса,  енді 

ізденуші, ойланушы,өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім-осы әрекетке бағыттаушы, 

ұйымдастырушы.Сыни  тұрғадан  ойлау  технологиясын  басшылыққа  ала 

отырып,  9  сыныпта  «Темір»  тақырыбы  бойынша  өткізілген    сабақтың 

жоспарын ұсынуға болады: 

Сабақтың  тақырыбы 

Темір  

Сілтеме  

Қосымша материалдар, Сабақ жоспары. Оқулық беті. 

Мақсаты 


1. 

Оқушыларға темір элементін жан - жақты зерттеу арқылы оның 

қосылыстары,  қолданылуы,  шығу  тарихы,  биологиялық 

мыңызы туралы білімдерін кеңейту.  

2. 

Оқушылардың 



ойлау, 

өздік 


жұмыс 

орындаушылық, 

ізденгіштік,қорытындылау және жүйелеу қабілеттерін ашу. 

3. 


Оқушылардың 

шығармашылық 

мүмкіндіктерін 

дамыту, 


қабілеттерін 

арттыру, 

еңбексүйгіштікке, 

тәртіптілікке, 

эстетикалық көзқарастың дамуына тәрбиелеу. 

Оқыту нәтижесі 

Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады. Жаңа тақырыптың 

негізгі  идеясын  өмірде  қолдана  біледі,  салыстыра  біледі, 

тыңдай алады, ой қорытуды үйренеді.   

Түйінді идеялар  

1.  Өздігінен  іздене  отырып  меңгеру,  өзіндік  түсініктеме  беру 

қабілетіне ықпалын тигізеді. 

2.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  оқушылардың  өз  идеясын  сенімді 

түрде білдіруіне,түрлі тақырыптарға көңіл бөлуге және оларды 

бағалауға мүмкіндік береді. 

Блум 


таксаномия

сы 


7 модуль 

Ресурстар 

Сабақ мазмұны 

Мұғалімнің 

іс-

әрекеті 


Оқушының іс-әрекеті 

 

Жас 



ерекше 

ліктеріне 

қарай 

топтастыру 



Ұйымдастыру 

Топтарға бөлу 

Санау  реті  бойынша 

топтарға бөлінеді 

 

Диалог 


 

Ынтымақтастық 

атмосферасын 

құрады 


Бір-біріне  жақсы  көңіл-

күй тілейді 

Білу 

Сыни 


ойлау 

Ой 


шақыру 

стратегиясы 

«Темір»  туралы  не 

білеміз? 

(кластер  жасайды)  өз 

білетіндерін айтады. 

Түсіну 

Сыни 


ойлау 

Пән 


аралық 

байланыс 

Интерактивті 

тақтада«Темір» 

туралы  жан-  жақты 

мәліметтер берілді.   

ПЖ-гі  орны  бойынша 

сипаттама  бере  отырып, 

табиғатта 

таралуы 


туралы 

өз 


ойларын 

айтады.  

Қолдану 

Сыни 


ойлау. 

Дарынды 


және 

Оқыту, 


нұсқау 

стратегиясы 

Топтар 

бойынша 


берілген  қосымша 

тапсырмаларды 

орындау.  

Тақырыпты  қаншалықты 

меңгергендігін 

пайымдайды. 

( топпен жұмыс) 



586 

 

талантты 



балалар 

 

АКТ 



қолдану 

Сергіту 


Сергіту 

сәтін 


ұйымдастыру 

Әуен  арқылы  жаттығу 

жасайды 

Талдау 


Сыни 

ойлау. 


Оқулық, 

сұрақ-жауап 

Сатылай 

кешенді 


талдау.Берілген 

жоспар 


бойынша 

сатылап талдау 

Топпен  өз  жұмыстарын 

қорғау 


Жинақтау 

Сыни 


ойлау. 

Әр  түрлі  тест 

тапсырмалар

ы, 


«Кім 

жылдам?» 

ойыны. 

Берілген 

тапсырмаларды 

орындау 


Жаңа білімдерін қолдана 

отырып  тапсырмаларды 

орындайды. 

Баға 


лау 

Сыни 


ойлау. 

Бағалау 


парағы 

Кері 


байланыс 

орнатылды. 

Критерий  бойынша  өз-

өзін бағалайды  

 

АКТ-ны 


қолдану 

Интернет 

матер-дары 

Үй 


тапсырмасын 

беру.§39 

 

 

Сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету  арқылы  оқытудың  тиімділігі  сол,  әр 



кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар және олар бірімен бірі өзара тығыз байланысты 

болып  келеді.  Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше 

білім 

алуға, 


жұптық 

және 


ұжымдық 

бірлесіп 

жұмыс 

жасауға, 



шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. 

Пән  бойынша  жүйелі,  жан-жақты,  терең  білім  берілсе,  сыни  ойлауға 

үйрету  арқылы  шығармашылығы  дамыған,  өздігінен  білім  алуға  құштар 

бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлға болып қалыптасады. 

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі 

ерекшеліктер: 

- ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу;  

- сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау,  

- пайым: өз ойын айта білу; 

- тәртіп: тиянақты, жан-жақты болу;   

-  Өзіндік  сана  сезім:  яғни  өзінің  эмоциясы  мен  көзқарасын  сенімі  мен 

болжамын айта білуге үйренеді. 

«Әрбір  бала-данышпан»  деген  қағидаға  мән  берсек,  оқушылардың 

жарқырап көрінуі үшін, олардың бойындағы қабілетін ашу және оларға дұрыс 

бағыт  бағдар  беру  әрбір  ұстаздың  міндеті.  «Мектеп  жұмысы  мен  оқушы 

жетістіктерін  өрістетудегі  негізгі  тұлға-  мұғалім»  деп  Стронг  айтқандай, 

ұстаздық 

білімділікпен 

қоса 

ізденімпаздықты, 



дарындылық, 

ұйымдастырушылық,  басқа  да  құндылықтарды  талап  ететін  маман  иесі.  «Егер 

балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кіналауға тиіс емес, 

оларға  түсіндіре  алмаған  өзін  кіналауға  тиіс.  Ол  балалармен  сөйлескенде, 

шыдамдылық етуі керек...» Ы. Алтынсарин. Әр мұғалім жас ұрпақтың саналы 

да  сапалы  білім  алуының  бірден-бір  шарты  мұғалімнің  ізденімпаз  болуы. 

Себебі,  еліміздің  болашағы  бүгінгі  жас  ұрпақтың  білім  деңгейімен  өлшенеді. 

Сондықтан  сабақты  жаңаша  құрып,  инновациялық  түрлі  тәсілдерді, 

педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, 



587 

 

нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болу керек. «Сыни тұрғысынан 



ойлауға  үйрету»  модулі  негізінде  өткен  сабақтар  оқушылардың  танымдық 

белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  білім  алуға,  жұптық  және  ұжымдық 

бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. 

 

Библиографические ссылки 



1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.-Астана, 2012.-III деңгей. 3басылым. 

2.  Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 

3. // Қазақстан мектебі.- 2015.-№1.  

4. // Оқыту-тәрбиелеу технологиясы.-2011.-№57 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет