Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет28/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   250
Әлия Кәкімқызы Бакиева 

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік 

техникалық университеті, 

Қазақстан, Өскемен 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДА 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ 

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  алғы 



шарттарына  талдау  жасалған.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізгі әдістері 

мен тәсілдері көрсетілген. 

 

Басты сөздер: тиімділік, оқу үрдісі, мультимедия, қашықтық, ақпарат. 

 

Ғылым  мен  техниканың  даму  қарқыны  білім  беру  саласында  оқыту 



үрдісіне  жаңа  технологиялық  әдістер,  оның  ішінде  интерактивті  құралдарды 

кең  көлемде  қолдануды  қажет  етеді.  “Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық 

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте 

қажет”  деп  Елбасымыз  атап  көрсеткендей,  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында 

ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін 

арттырудың маңызы зор. 

Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін 

қажетті  шартқа  айналды.  Қазір  кез  келген  білім  беру  саласында 

мультимедиялық  электрондық  оқыту  құралдарын  барлық  пәндерді  оқытуға 

пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне қарқынды 

түрде  енгізу  бағытында  қолданылатын  құралдардың  бірі  -  бағдарламалық-

техникалық  кешен  болып  саналатын  интерактивті  тақтаны  тиімді  пайдалану 

арқылы берілетін білімнің сапасын арттыруға болатынына көз жетіп отыр. 

Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, тиімді оқыта білу үшін әр ұстаз өз пәніне 

сүйіспеншілікпен қарап, ерінбей еңбек етіп, қазіргі заман талабына сай сәйкес 



84 

 

компьютер  тілін  білуі  қажет.  Ақпараттық  технологияларды  игеру  қазіргі 



заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Компьютер қоғамның 

барлық саласын толық қамтып, әр адамның өміріндегі қажетті құралға айналды. 

Бүгінгі  таңда  сабақ  өткізу  барысында  компьютерді  пайдаланбайтын  пән  жоқ. 

Басқа  пәндер  сияқты  қазақ  тілі  сабағында  да  компьютерді  пайдалануға  толық 

мүмкіндік  бар.  Компьютерді  қолдана  отырып  білім  беру  қазақ  тілі  пәнінің 

оқытылуын  жаңаша  құруға  мүмкіндік  береді.  Пәнді  үйренудің  әдістемесі  әлі 

қалыптасу  үстінде.  Өйткені  ағылшын  тілін  үйрену  әдістемесінің  екі  жүз 

жылдық,  орыс  тілін  үйретудің  жетпіс-сексен  жылдық  тарихы  бар.  Пәнді 

компьютер  арқылы  оқыту  үшін  бізге  көп  ізденіс  керек.

 

Компьютер



 

арқылы


 

оқытуда  оқытушының  рөлі  ерекше.  Өйткені  ол  студенттерге  қажетті  білім 

береді, сол білімнің көмегімен студент өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде 

компьютерді  пайдалана  отырып,  өзін-өзі  дамыта  алады.  Бірақ  компьютер 

оқытушыны  толық  алмастыра  алмайды,  себебі  ол  оқу  үрдісінің  орталық 

тұлғасы  бола  тұра,  студентке  тек  бағыттаушы  ретінде  әсер  етеді,  оқу 

материалын дайындайды, көмек беру деңгейін анықтайды. Компьютер тек қана 

ақпарат  беретін  құрылғы  ретінде  қызмет  атқарып  қоймайды,  оның  көмегімен 

бізге ақпаратты енгізуге, жүйелеуге, сақтауға және беруге болады [2]. 

Ақпараттық  технология  тек  жеке  даралықты  қарастырмайды,  ол  бірдей 

жастағы  балалардың  ортақ  қасиеттерін  жүйелей,  жинақтай  отырып,  оқу 

ақпаратын  меңгерудің  ортақ  жақтарын  да  қарастырады.  Себебі  әр  тіл 

үйренушінің материалды меңгеру деңгейлері әртүрлі, бірақ меңгеру талаптары 

барлығына  ортақ  болуы  тиіс.  Сондықтан  да  ақпараттық  технологияны 

меңгерудің  сатылап  жүру  кезеңдерінде  тұлғалық  бағдарлау,  модульдік  оқыту, 

даралық  және  топтық  оқыту  әдіс-тәсілдерін  интеграциялық  түрде  қолданудың 

маңызы зор. 

Ақпараттық  технологияны  қазіргі  заман  талабына  сай  пайдалану 

мүмкіндігі  мен  тиімділігі  білім  беру  үрдісінде  шығармашылық  қабілетті 

дамытуға мүмкіндік береді. 

Оқытушылар үшін тиімділігі мынадай: 

а) студенттің өз бетімен жұмысына

ә) уақытын үнемдеуге; 

б) білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде. 

Ақпараттық технологияны пайдаланудың мүмкіндігі: 

Үшінші  мыңжылдық  кезінде  қоғамның  даму  көрсеткіші  ретінде 

ақпараттық  қоғамға  өту  ісі  алынады  да,  ал  оның  ең  анықтаушы  рөлін  ақпарат 

түсінігі  атқарады.  Ақпараттар  жинау,  сақтау,  өңдеу  және  тарату  тәсілдері  мен 

құралдары  динамикалық  түрде  өзгеріске  ұшырап,  солар  арқылы  қоғамның 

инфрақұрылымы қалыптаса бастайды. 

Ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігі: 

а) қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің болуы; 

ә) қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 

б)  экономикалық  тиімділігі  (бару,  келу,  т.с.с.  материалдық  шығынды 

қажет етпеуі); 



85 

 

в) білім сапасына әсері зор. 



Компьютерді  қолдану  негізінде  пәнді  оқыту  сапасын  арттырып,  білім 

беруді  ақпараттандыру  жүйелі  түрде  жүзеге  асады.  Компьютер  оқытушыға 

техникалық  және  технологиялық  жағынан  көмек  беріп,  тіл  үйренушімен 

байланысын  өзара  жақындастыратындай  жолдармен  жүргізуге  мүмкіндік 

береді. Яғни компьютер, тіл үйренушінің қателігіне оперативті реакция көрсете 

отырып, оның білімін бағалау функциясының көп бөлігін өзіне алады. Барлық 

көрсетілген  қателер  есепке  алынады.  Сондай-ақ  білімді  бағалау  көрсеткіштері 

нақты,  дәл болады.  Оқытушы  үшін  компьютердің  бұл  жерде  қызметі,  маңызы 

ерекше  екені  сөзсіз.  Компьютер  тіл  үйренушінің  өз  ритмінде,  өз  темпінде 

жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді.  Ал  оқытушы  топтағы  оқушылардың 

материалды  меңгеру  деңгейін  көріп,  бағалап  әрбір  тіл  үйренушімен  оның 

қабілетіне  қарай  жеке  жұмыс  істеуге  мүмкіндігі  болады.  Компьютермен 

өткізілген  әрбір  сабақтан  соң  студент  тест,  бақылау  жұмыстары  арқылы  өз 

білімдерін  бекітеді.  Яғни  студент  өз  білімін  өзі  тексере  алады.  Бұдан  соң 

студенттің  өзінің  өз  бетінше  оқуға  қызығуы  артады,  өз  білімін  көтеруге 

тырысады [5]. 

Қазақ 

тілі 


сабағында 

компьютерді 

қолдану 

мәтіндер 

мен 

информацияларды білуге жол ашады. Бұрын адам ойында болмаған оқытудың 



жаңа  әдістерін  ұйымдастыруға  болады.  Әртүрлі  бағдарламалардың  көмегімен 

жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын 

үйренеді.  Студенттің  сабақ  барысында  алған  білімін  бағдарлама  тікелей 

тексеріп, оқу процесі барынша екі жақты жүреді. Бұл студенттердің өз бетінше 

жұмыс  істеу  дағдысын  және  олардың  танымдық  белсенділігін  арттырады, 

орфографиялық,  лексикалық,  грамматикалық  дағдыларды  қалыптастырады. 

Компьютерді  қолданудың  психологиялық  тұрғыда  тиімділігі  –  олар 

студенттердің  есту,  көру,  сөйлеу,  түрлі  ойындар  ойнау,  суреттер  салуына 

септігін тигізеді. 

Тестік  жүйе  арқылы  студенттің  білімін  объективті  тексеріп  отыруға 

болады.  Тестік  жүйе  білім  сапасын  арттырудың  бір  жолы  десе  де  болады. 

Үздіксіз,  әр  тарауды  біткен  соң  тест  арқылы  студент  білімін  тексеріп 

отырамын. Студент оқытушының үнемі назарында екенін сезінеді [1]. 

Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі 

факторлары болып табылады. Компьютер арқылы электрондық оқулықты орыс 

бөлімдерінде  қазақ  тілін  оқыту  үрдісінде  жандандырып,  сапасын  арттыра 

түседі.  Сондықтан  сабақта  электрондық  оқулықтарды  қолдану  арқылы 

монологтық  айтылым,  сұхбаттық  айтылым,  тыңдап  түсіну,  оқылым,  жазылым 

сияқты  айтылымның  барлық  түрін  қамтитын  жұмыстарды  жүргізуге  болады. 

Сонда  тіл  үйренуші  өтілген  материалдар  негізінде  белгілі  бір  лексикалық 

минимум  көлемінде  әңгіме  жүргізе  алуға  және    толыққанды  хабар  жасай  ала 

білуге үйренуі қажет. 

Электрондық оқулықтардың тиімділігі мынада: 

- студент арнайы бағдарламамен жұмыс істейді; 

- студенттің білімі компьютерлік жүйе арқылы бағаланады



86 

 

- иллюстрациялық әдіс көп қолданылады



- ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады; 

- берілген тапсырмаға деген қызығушылығын артырады. 

Электрондық  оқулықты  университетте  қолдану  -  студенттердің  жоғары 

белсенді  дүниетанымын  және  өзіндік  жұмыс  аясын  кеңейтеді,  жан-жақты 

ақпараттандыруға мүмкіндік береді [4]. 

А.Қ.Омарова «Қазақ тілін оқытуда мультимедия технологиясын қолдану» 

атты  мақаласында  тіл  үйренушінің  компьютерлік  әдістемелік  қызметін  былай 

айқындап көрсетеді: 

«1. Көмекші қызметі: 

- қатысымдық – чат арқылы тілдесуге болады. 

-  ұйымдастырушылық-қызықтырушылық  –  қазіргі  уақытта  компьютер 

адамдарды қатты қызықтырады, осының өзі жағымды фактор болып саналады. 

2. Негізгі қызметі: 

-  ақпарат  берушілік  –  компьютердің  ең  тиімді  жағы  ақпаратты  сақтауға 

және  оны  өңдеуге  мүмкіндік  беруі.  Сондықтан  компьютер  тіл  үйренуде 

ақпараттық жүйе ретінде пайдаланылады. 

-  жаттықтырушы  –  компьютер  арқылы  тіл  үйренуде  студенттің  тілдік 

материалдары жаттап алуы үшін бірнеше рет қайталауына мүмкіндік болады. 

-  бақылаушылық  –  түзету  –  ағымдық  және  қорытынды  бақылау 

жұмыстарын  тексеруге,  тексерудің  объективті,  яғни  шынайы  болуына, 

оқытушының  бақылау  жұмысын  тексеруге  уақытын  бөлмеуге,  бақылау 

жұмысының қорытындысын жасауға тиімді» ,- дейді [3]. 

Сөзімді  түйіндей  келе,  ұстаз  ұтымды  әдістерді  пайдалану  арқылы 

оқушының  білімге  деген  ынтасын  ұштайды,  таным  көкжиегін  кеңейтеді. 

Оқушы  бірте-бірте  ұстаз  дәрісін  жалыға  тыңдаушыдан  белсенді  ойлаушы, 

ізденімпаз шәкіртке айналады. 

Олай  болса, білім беру  жүйесін  ақпараттандыру  -  жастардың  танымдық, 

шығармашылық,  саралау,  талдау,  жүйелей  білу  сияқты  қабілеттері  мен 

құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы  қалыптастыруды  көздейтін  адам 

дүниетанымының  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  интеллектуалды  дамуды 

қалыптастырудың аса маңызды да тиімді жолы екені белгілі. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Байтасова  С.Қ.  Компьютер  технология  әдістерін  практикалық  сабақта 

қолдану\\ ҚазҰУ хабаршысы.Филология сериясы, № 1 (91).2006.- 87 б. 

2. Жақыпова Г. Қазақ тілін компьютер арқылы оқытудың психологиялық 

жай-күйі // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004.-№5. 

3. Омарова  А.Қ.  Қазақ  тілін  оқытуда  мультимедия  технологиясын 

қолдану\\ ҚазҰУ хабаршысы.Филология сериясы, № 1 (91).2006.- 117 б. 

4. Рысбаева Г. «Электрондық оқулықтардың қажеттілігі» //Қазақ тілі мен 

әдебиеті орыс мектебінде.- 2004.-№12. 




87 

 

5. Тілегенова  К.Ә.  Орыс  тілді  аудиторияда  қазақ  тілін  оқытуда 



компьютердің  алатын  орны  \\  Мемлекеттік  тілді  қолдану  іс  жүзінде  – 

Государственный язык в действии.- 183 б. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет