Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет49/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Нұргүл Алдабергенқызы Даулетова  

Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» 

 АҚ филиалы Атырау облысы бойынша  

педагогикалық қызметкерлердің  

 біліктілігін арттыру институты 

Қазақстан,Атырау 

 

ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 

 

«Әлеуметтік-экономикалық 



жаңғырту-Қазақстан 

дамуының 

басты 

бағыты»    атты  Елбасы    Нұрсұлтан  Әбішұлы    Назарбаевтың    2012  жылғы  27 



қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  мақсатында  бес  жылдық    ұлттық 

жоспарды қабылдау міндеті қойылды.  

Осы  міндетті  жүзеге  асыру  барысында  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық 

жоспардың мақсат,  міндеті нақтыланып жасалды. 

Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 

дамыту  үшін  төмендегідей  кешенді  жоспар  жасалды.  Олар:  мазмұндық,  оқу-

әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан 

Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  барысында  жасалатын 

іс-шаралардың  мақсаттылығын,  біртұтастығын  және  жүйелілігін  негізге  ала 

отырып дайындалған. 

Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, 

адамдардың  (жеке  тұлғаның)    әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық 

қызметтерге  белсене  араласуы  және  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін 

базалық  факторы.    Яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай 

ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, 

жасына  қарамастан  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы.  Мұндағы  басшылыққа 

алынатын  функциональдық  сапалар:  белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда 

ойлау,  шешім  қабылдай  алу,  өз  кәсібін  дұрыс  таңдай  алуға  қабілеттілік,  тағы 

басқа.  Яғни,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 



140 

 

оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін 



білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 

білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі 

өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, 

білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда 

болуда.  Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде 

мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін 

меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. 

Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны 

күшейген  заманда  ақыл-ой  мүмкіндігін  қалыптастырып,  адамның  қабілетін, 

талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті. Ол бүгінгі білім беру 

кеңістігіндегі  ауадай  қажет  жаңару  мұғалімнің  қажымас  ізденімпаздығы  мен 

шығармашылық  жемісімен  келмек.  Сондықтан  да  әрбір  оқушының  қабілетіне 

қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа 

тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  оқытудыңинновациялық  технологияларын 

меңгеруге  үлкен  бетбұрыс  жасалуы  қажет.  Өйткені  мемлекеттік  білім 

стандарты  деңгейінде  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  оқытудың  инновациялық 

технологияларын ендіруді  міндеттейді. 

Ұлы  Абай  жиырма  бірінші  қарасөзінде  «Ғылым,  өнер  –  дүниенің  кілті. 

Оны  білгенге  дүние  арзанырақ  түседі»  –  дейді.  Абай  «ғылым,  өнер»  дегенде  

алдымен білімді меңзеп отырса керек. Өзі өмір сүрген ХІХ ғасырда халқының 

жаппай  сауатты  болуын  аңсаған  ағартушы,  ойшыл  ақын  қазақтың  тек  ғылым-

білімнің    арқасында  ғана  озық  елдің  ойлы  азаматы  атанарына  сенген.  ХХІ 

ғасырдың  Абай  заманынан  уақыт  айырмашылығы  болғанымен,  ғылым-білім, 

мақсат-мүдде  хақында түсінік өзгерген жоқ. Бәсекеден тұратын бүгінгі әлемде 

ұлтымыздың  өзгелерге  тәуелді  болып  кетпеуі  үшін  басты  тегеурені  –  білім 

болмақ.  Ал  білім  беру  жүйесіне  инновациялық  технологиялардың  енгізілуі, 

оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін  ығыстырып, оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын  қалыптастыруға,  яғни  танымдық  белсенділігі  мен  өзіндік 

ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы  білім беру моделіне көшуге 

жол  ашады.  Әлемдік  білім  беру  жүйесіне  негізделген  осындай  басым 

бағыттарды көздей отырып,   оқушының  ойы озық, саналы, дара тұлға ретінде 

дамуын қамтамасыз ету басты нысанада қарастырылады. 

Мұғалімнің  рөлі  оқушының  өз  әлеуетіне  сүйеніп  және  оқыту 

технологиясын  қолданып,  өздігінен  білім  алатын  білім  беру  ортасын    құру 

болып  табылады.  Білім  беру  саласындағы  осындай  мазмұндық  өзгерістер 

талабынан  оқыту  әдістемесін  жетілдіру,  білім  беру  ісін  инновацияландыру 

мәселесі  туындап  отыр.  Осыған  орай  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басым  міндеттерінің  бірі-оқытудың 

жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 

ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. 

Инновациялық  технология  түрлері  саналуан,  оларды  таңдау  және  одан 

шығатын  нәтиже  мұғалімнің  кәсіби  біліктілігіне  байланысты.  Педагогикалық 



141 

 

технологияларды  білім  беру  жүйесіне  енгізу  жүйелі  әрі  мақсатты  түрде 



жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады.  

Қазақстандық  ғалым  Ғ.М.Құсайновтың  пікірінше,  педагогикаклық 

технология – мұғалімнің жоспарлаған оқу мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар 

мен нәтижелерге жету және сабақберу үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі 

ұжымдық  оқыту  әдісі  қазіргі  заман  талабына  сай  жан-жақты  жетілген  жеке 

тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді деп есептейді. Сондықтан ғалым: 

«Педагогикалық технология –оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген 

оқу материалын оқушылардың  өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру үрдісі», 

–десе  [1],  ғалым  Ж.Қараевтың  пікірінше,  «Технология  дегеніміз  –  әдістемелік 

жүйе  мен  сәйкес  дидактикалық  үрдістер  кешенінің  тәжірибеде  жүзеге 

асырылатын  жобасы,  ал  педагогикалық  жағдаяттарға  сай  қолданылатын 

әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады» [2].  

Елімізде  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындары  үшін  білім  беру 

технологияларын    ойластырып,  ғылым  мен  практиканыұштастыра  зерттеп 

жүрген  ғалымдарымыз  баршылық.  Атап  айтқанда:  «Оқытудың  үшөлшемді 

әдістемелік  жүйесі»  (Ж.А.Қараев,  Ж.У.Кобдикова),  «Сатылай  кешенді  талдау 

технологиясы» (Н.А.Оразыхынова) тағы басқа педагогикалық технологияларды 

жатқызуға болады.  

Кез-келген  технологияны  білім  беру  үрдісінде  енгізуде  міндетті 

орныдалуғатиісті шарт бар. Ол шарт-технологиямен толық қаруланған мұғалім. 

Себебі  кез  келген  технологияның  білім  беру  үрдісіне  дендеп  енуіне  тікелей 

қызмет ететін-мұғалім.  Ол үшін мұғалім технологияны меңгеріп қана қоймай, 

оны  өз  тәжірибесінде  нақты  қолдана  алуы,  сондай-ақ  өзінің  анализі, 

рефлекциясы арқылы өзін-өзі жетілдіріп, отыруға тиіс.  

Инновациялық технологиялардың барлығына ортақ тән белгілер- жаңашылдық, 

жүйелілік,  үнемділік,  тұтастық,  дамытушылық,  субъект-субъектілік  қарым-

қатынастар.  Сондай-ақ  білім  беру  технологиялары-  оқытудың  ұтымды 

жолдарын  зерделейтін,  оқу  үрдісінде  түрлі  әдіс-тәсілдерді  мақсатты  түрде 

жұмылдыратын,  оларды  сабақта  жүзеге  асырудың  жолдарын  көрсететін,  жаңа 

ұстанымдар жүйесін ендіретін күрделі құбылыс.  

Оқу  үрдісіне  педагогикалық  технологияларды  енгізудің  қажеттілігі 

қандай  деген  сұрақ  туындайтыны  белгілі.  Кез  келген  технологияны  мақсатты 

түрде білім беру үрдісінеенгізетін болса, мұғалім өзі басшылыққа алып отырған 

технологиясының мақсатын, міндетін, ерекшелілігін жете түсінеді, сол арқылы 

оң  нәтижеге  қол  жеткізумен  қатар  шығармашылық  белсенділігі  артып, 

қолжеткізген  жетістігін өзі  саралай  алады,  әріптестерімен бәсекелестікте жаңа 

сапада жұмыс жасайды.  

Ұстаздар арасында белгілі бір технологияны басшылыққа алып, оны білім 

беру  үрдісінде  нәтижеге  бағыттап  жұмыс  жасап  жүргендері  өз  ісінің  хас 

шеберлері десек қателеспеспіз. 

Мәселен,  «Оқытудың  үшөлшемді  әдістемелі  жүйесі»  педагогикалық 

технологиясы  жаңаша  өзгерген  мақсатпен  оқушылардың  өздігінен  танып, 

іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында 



142 

 

оқушы  тұрады  және  өз  бетімен  білім  алудағы  белсенділігіне  аса  назар 



аударады.  Оқушы  өзі  ізденіп,  өзі  оқып,  өзі  үйренеді.  Сабақта  проблемалық 

оқыту  іске  асырылады.  Мұғалім  сабақта  басқарушылық  міндеттер  атқарады, 

оқушыға  бағыт-бағдар  беріп  тұрады.  Негізгі  көңілді  әрбір  оқушының  жеке 

мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын  анықтауға бөледі. 

Оқушының  қызметі  көптеген  тұлғалық  қасиеттеріне  қарай  бағаланады 

(интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, жауапкершілігі тағы басқа).  

Әрбір  оқушының  дамуы  басқа  оқушымен  емес,  өзімен  салыстырылады. 

Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі.  

Бұл  технологияда  жеке  оқыту  мен  топтық  оқыту  түрлері  негізі  болып 

табылады.    Топтық  оқытудың  негізгі  мақсаты  –оқушыларды  шағын  топтағы 

бірлескен жұмысқа тарту. Мұнда қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек 

сұрай  алады,  ортақ    міндеттерді  шешеді.Бұл  жағдайда  әрбір  оқушы  тек  өзінің 

жетістіктерін  бағалап  немесе  кемшіліктерін  түсініп  қана  қоймайды,  сонымен 

бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.  

Жеке  оқыту  түрі  оқушыға  кейбір  тапсырмаларға  тереңінен  тоқталуға 

мүмкіндік  береді,  өзінің  де,  мұғалімнің  де  алдында  тапсырмаларды  орындау 

нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. Оқытудың бұл түрінің негізгісі – оқушыға 

сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау  

қасиеттерін ынталандыру.  

Бұл оқыту технологиясы оқушыларға жұмыс міндетті үш деңгейлік:  

1-деңгей  –  оқушылық, 2-деңгей  –  алгаритмдік, 3-деңгей  –  эвристика-лық  және 

4-қосымша шығармашылық деңгей  талаптарынан тұрады. 

Деңгейлік  тапсырмалардың  басты  мақсаты  –  сынып  оқушыларын 

«қабілетті-қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы 

болмасын,жақсы  оқитынына  қарамастан  жұмысты    1-деңгейден  бастап 

орындайды.  1-деңгей  тапсырмаларын  орындау  –  мемлекеттік  білім  стандарты 

мазмұының  ең  аз  қажетті  көлемін  меңгеруге  кепілдік  береді.  Әрбір  оқушы 

бірінші  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындауға  міндетті  және  одан  жоғары  2-4 

деңгейдегі  тапсырмаларды  орындауға  құқылы.  Барлық  деңгейді  орындауды 

сыныпта  үлгермей  жатқанжағдайда  қалған  тапсырмаларды  үйде  орындауға 

мүмкіндік    алады.  Сол  арқылы  әр  оқушының  қабілетіне,  жеке  оқу  қарқынына 

қарай үй тапсырмасын саралап берумәселесі шешіледі. Демек, үй тапсырмасы 

дәстүрлі жағдайдан ерекше, деңгейлік тапсырмалар қатарында ескеріледі.  

 «ОҮӘЖ»  технологиясы  білім  сапасының  нақтылы  нәтижелілігіне,  жеке 

тұлғаға  бағытталған  оқытудың  жаңа  үлгісі  ретінде  білімнің  кешенді  жүйесін 

құруда ұлттық ғылыми құндылығымен ерекшеленеді. 

Ал  «Сатылай  кешенді  талдау»    технологиясы-күрделі  құрылымды,  

біртұтас  педагогикалық  жүйе.  Оның  нәтижесінде  әр  оқушының  өзін-өзі 

өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық 

жағдайлар жасалады.  

Сатылай  кешенді  талдау  дегеніміз-оқыту  мақсаты,    міндеттері,    әдіс-

тәсілдері,  өзіндік    ерекшелігі    бар  және    оқушыларға    білімді  ғылыми  негізде 




143 

 

сатылай, жүйелі, кешенді  меңгертіп, оларға  ұлттық  құндылықтарды  бағалай,  



қолдана  білуге машықтандыратын  оқыту[3].  

Аталмыш технология- тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті 

шеберлік  пен  дағдыны  қалыптастырумен  ғана  шектелмейтін,  баланың  жалпы 

тұлғалық    дамуына,  ойлау,    есте  сақтау,  қиялдау,  елестету  сияқты  басқа 

танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған 

оқытудың  түрі,яғни  оқушылардың  танымдық  қасиеттенін  дамытуда  бұл 

технологияның пайдасы зор. 

«Сатылай  кешенді  талдай  оқыту»  технологиясында  мұғалім  мен  оқушы 

арасындағы 

қарым-қатынас 

жаңа 

қағидаларға 



негізделеді. 

Олар: 


ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттер. Бұл 

технологияның  маңызды  тағы  бір  ерекшелігі  –  оқушыларды  жақсы,  жаман, 

орташа  деп  бөлмей,  тек  материалды  өте  жылдам,  жылдам,  баяу  қабылдауына 

қарай  тапсырманы  да  он  деңгейге  икемдеп,  барлық  баланың  дамуы  үшін 

қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады.  

Оқушының  шығармашылық  қабілеті  оның  ойлауы  мен  практикалық 

әрекеттері  арқылыдамиды.  Ойлауға  үйрететін  сабақтар-«Сатылай  кешенді 

талдау»  технологиясын  қолдану  сабақтары  болып  табылады.  Бұл  технология 

бойынша  өткізілген  сабақтарда  оқушыда  ерекше  ақуал,  мұғалім  мен  оқушы 

арасында  ынтымақтастық  қатынас  қалыптасады.  Мұғалім  бұлжағдайда  дайын 

білімді  түсіндіріп  қоюшы,  бақылаушы,  бағалаушыемес,  танымдық  іс-әрекетін 

ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы 

интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.  

Осыған  сәйкес  сабаққа  қойылатын  талап  та  мұғалімнен  зор  шеберлікті 

қажет  етеді.  Мұғалім  сабақ  үрдісінде  материалды  дайын  күйінде  бермей, 

оқушы ізденісінежол ашатындай, түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдапалуы 

қажет.  Сонда  ғана  оқушышын  мәнінде  өзіндік  ойлау  қабілеті  бар,  жеке  адам 

болып қалыптасады.  

Дегенмен  де,  әліде  болса  білімберу  ісінде  уақыттың  көбі  баланы 

жалықтыратын  баяндау,  түсіндіру,  үлгіні  көрсету  сияқты  өнімсіз  еңбекке 

жұмсалады. Осы  себептен оқушы игерген білімін іс-әрекетте пайдаланаалмау 

қиындығына  тап  болады.  Ал  оқушыны  сатылай  кешенді  талдау 

технологиясымен  оқытатын  болсақ,  ізденушілік-зерттеушілік  әрекеттерін 

ұйымдастыру жағдайы басты назарда болмақ.  

«Сатылай  кешенді  талдау»  технологиясының    дәстүрлі  оқытудан 

айырмашылығы:  көздеген  мақсатында,  мазмұнында,  білім  берудің  негізгі 

факторында,  мұғалімнің  рөлі  мен  атқаратын  қызметінде,  әдіс-тәсілдерінде, 

оқушының  білім  алу  белсенділігінің  түрінде,  оқу  үрдісін  ұйымдастыру 

түрлерінде. 

ХХІ  ғасыр-жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  ізгілендіру,  дамыту  ғасыры. 

Қоғамның  әрбір  даму  кезеңі  ең  алдымен  сол  қоғамға  сәйкес  жаңа  адамды 

қалыптастыруды көздейтіні – ешқашан маңызын жоймайтын тарихи құбылыс. 

Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат - оқушылар алған 



144 

 

білімдерін  пайдаға  асырып,  өзара  әрекет  ете  алатын,  ұлттық  құндылықтарды 



меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу.  

Сабақты  оқытудың  инновациялық  технологиясымен  өткізу-  оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау 

қабілеттерін  дамытып  отырады,  ал  педагогтар  үшін  кәсіби  шеберліктерінің 

өсуіне жәрдемдеседі. Жалпы  білім сапасын көтеру бір күндік жұмыс емес. Ол 

мұғалімнен шеберлікті, ізденісті қажет етеді. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1.

 

Кусаинов Г.М. Теоретико-методологические основы прогностической 



модели новой педагогической технологий: автореф... Усть-Каменогорск, 

1999. -348 с. 

2.

 

Қараев  Ж.А.  Активизация  познавательной  деятельности  учащихся  в 



условиях применения компьютерной технологий обучения: дисс... д.п.н. 

– Алматы, 1994 -345 с. 

3. Оразахынова  Н.А.  Сатылай  кешенді  талдау  технологиясының 

ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы. – 2007. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет