Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет152/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Сауле Советхановна Нурмухамбетова 

"К. Шакенов атындағы орта мектебі" КММ 

Қазақстан, ШҚО, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ -

ОҚУШЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСЕ БІЛІМ АЛУЫНА ЫҚПАЛЫ 

 

Мақалада  критериалды  бағалау  жүйесі  бастауыш  сыныптарда  қалай 



жүзеге  асырылу  керектігі  туралы  айтылған.  Теорияны  негізге  ала  отырып, 

практикада  қалай  жүзеге  асырылып  жатқаны  жайлы  мұғалім  бөліседі.  Басқа 

мұғалімдерге нұсқаулық ретінде қолдануға болады. 



433 

 

 



Түйін сөздер: Критериалды бағалау жүйесі, функционалдық сауаттылық, 

Ұлттық жоспар. 

 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 



жөніндегі  2012  -  2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары    мектеп 

оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-

әдістемелік,  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс-шаралар 

кешенін  қамтиды.  Ұлттық  жоспар  Қазақстан  Республикасындағы  білім 

сапасын  жетілдірудің  негізгі  бағдары  ретінде  мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  іс-қимылдарының  мақсаттылығын, 

біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған. 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  процесі 

оқу  қызметінің  барлық  түрлерінің  нәтижелілігін  оқу  материалын  меңгерудің 

процесуалды  жағын  және  жеке  тұлғалық  қасиеттердің  пайда  болуын  есепке 

алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды [1]. 

Бүгінгі  мұғалімдердің  басты  міндеттердің  бірі  –  білім  беру  жүйесін 

жаңарту болып саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-

ол  өзінің  ұстазы.  Оқушылар  әр  пәннен  алатын  білімдерін  мұғалім  арқылы 

қабылдайды.  Бастауыш  мектепте  оқыту  мазмұнын  жаңарту  жұмыстары 

бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері 

ашылды.  Білім  саласындағы  түбегейлі  өзгерістер  ұстаздардан  үлкен 

жауапкершілікті  талап  етеді.  Қоғамның  дамуы  келешек  ұрпаққа  білім  беруші 

мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты.. Қазақстанда білім берудің деңгейі 

мен  сапасына  жаңа  талаптар  қойылып  отыр.  Соңғы  жылдары  білім  беру 

саласындағы  жүргізіліп  жатқан  реформалар  еліміздегі  білім  беру  сапасының 

әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа 

жауап  бере  алатын  мамандарды  даярлау  және  бәсекеге  қабілетті  білім  беру 

болып табылады [2]. Қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі 

жаңашылдықты талап етеді. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 

біліктілігін  арттыру  курстарының  бағдарламасының  негізгі  міндеті  –  отандық 

мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу 

болып  табылады.  Үш  айлық  курс  бағдарламасында  мұғалімдерге  қазіргі 

заманғы  оқыту  әдістері  мен  тәсілдері  оқыту  мен  оқуда  негізгі  деп  танылатын 

жеті  модуль  арқылы  ұсынылады.  Атап  айтқанда,  «Оқыту  мен  оқудағы  жаңа 

тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды 

бағалау»,  «Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

(АКТ) 

пайдалану»,  «Талантты 



және  дарынды  балаларды  оқыту», 

«Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту  және  оқу»,  «Оқытуды 

басқару және көшбасшылық». Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді 

терең  түсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез 

келген  жағдайда  тиімді  пайдалана  білуін  қамтамасыз  ету.  Оқыту  туралы 

сындарлы  түсінік  оқушыға  нақты  білім  беруді  мақсат  тұтқан  мұғалімнің  өз 

сабақтарын  оқушының  идеясы  мен  білім-біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін 



434 

 

міндеттерге  сай  ұйымдастыруын  талап  етеді.  Бұндай  міндеттер  оқушылардың 



оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар 

бойынша  күмәнді  ойларын    білдіре  алатындай,  пікір көзқарастарын нақтылап, 

жаңа ұғым-түсініктерін өрістете алатындай етіп орайластырылып құрылады [3]. 

Осыған  байланысты  оқушылар  арасында  өзара  түсіністік  және  ұжымдық 

қарым-қатынасты 

орнатып, 

оқушылардың 

сенімсіздіктерін 

жойып, 

мүмкіндіктерін  арттыруға  жол  ашатын критериалды бағалау  болып  табылады. 

Кез-келген  мұғалім  критериалдық  бағалауды  қолданбас  бұрын  оның  өзіне  тән 

терминологиясын  толық  меңгерген жөн.  Сондықтан біз  критерий  деген  сөздің 

мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет. 

Критериалды бағалау оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары 

мен  мазмұнына  сәйкес  келетін,  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың 

(оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына 

алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақтыанықталған өлшемдер арқылы 

оқушылардың  оқу  жетістіктерін  салыстыруға  негізделген  үдеріс  [4].  Біз  бұл 

бағалау  жолын  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  арқылы  жүзеге  асыра 

аламыз. Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты 

пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын 

тұжырымдау,  қасындағы  балалармен  пікірлесу,  топтасу  арқылы  білімдері 

молаяды.  Сын  тұрғысынан  ойлау  –  сынау  емес,  ойлау,  алдыға  жетелеу.  Жас 

балалардың  да  бұл  жұмысы  дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  өз  даму 

деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ 

барысында  алынған  білім  сын  тұрғысынан  талданып,  меңгерілген  біліммен 

салыстырылып,  өзіндік  түсінік  пайда  болады.  Негізінен,  ОүБ  балалар  оқыту 

үдерісінің  қандай  кезеңі  нде  екенін,  әсіресе  олардың  мықты  және  әлсіз 

жақтарының  сипаты  мен  себептері  қандай  екендігі  туралы  алынған 

мәліметтерге басты назар аудартады [5]. Бұл жерде мұғалім жалғыз бағалаушы 

тұлға  емес.  Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын  және  өздерін  бағалауға 

тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске 

оқушылар да белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім 

алушылар  өз  білімін  арттыру  үшін  бағалауды  үйренуі  қажет,  сондықтан 

оқушыларға  өзінің  оқуын  жақсарту  үшін  кері  байланыс  арқылы  алынған 

ақпаратқа  сәйкес  жұмыс  істеу  қажет.  Бұл  олардан  түсінушілікті, 

қызығушылықты  және  ықыласпен  әрекет  етуді  қажет  етеді.  Критерийлер  - 

оқытудың  міндеттерін  жүзеге  асыратын  өлшемдер,  атап  айтқанда,  оқушылар 

жұмыс  барысында  орындайтын  іс-әрекеттер  тізбесі.  Егер  балаға  оның  белгілі 

бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу 

керектігін  түсінуге  көмектеспейді;  бұл  ретте  егер  баламен  бірге  оның 

жұмысында  мұндай  бағалауға  не  әкелгенін  және  бағалау  өлшемдерін 

түсіндіруге  талдау  жасаса,  онда  бұл  балаға  өзінің  нәтижесін  жақсарту  үшін 

кейін  не  істеу  керектігін  түсінуге  мүмкіндік  береді  [6].  Бұрын  оқытуда 

оқушылар  тек  қана  тыңдаушы,  орындаушы  болып  келген,  ал  қазіргі  оқушы 

өздігінен  білім  іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне  ерекше  мән  беруіміз  керек. 

Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге және 



435 

 

оқуға  деген  сенімін  нығайту,  іскерлік  пен  дүниетанымын  қалыптастыр,  оқуға 



деген  қызығушылығын  оятып,  ынтасын  арттыру  болып  табылады. 

Критериалды  бағалау  әдісі  арқылы  бізде  оқушының  ең  алдымен 

қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға 

үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі 

бағалау  жинаған  ұпай  арқылы  өзін-өзі  бағалайды.  Мұндағы  жетістіктің 

артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз. 2013 жылдың сәуір-

мамыр  айында  осы  үдерісті  тәжірибемде  бастады.  Оқушыларды  бағалау  үшін 

критерийлердің жеңіл түрлерін ала аладым. Оларға өздері түсінетіндей, өзін-өзі 

бағалай  алатындай  етіп,  істеген  жұмыстарын  оңай    талдай  алатындай 

дескрипторларды құрамыз.Мысалы, 1-сыныпта критериалды бағалауды фишка 

арқылы ұйымдастыруға  болады.  Н.  Қазыбековтың "Жайлау"  мәтінін  оқығанда 

оқушылардың оқуын және өткенді қайталауды критериалды бағалау жүйесімен 

ұйымдастырдым. 

Қолданылатын 

әдістер 

сұрақ-жауап, әңгімелеу. 

Қолданылатын 

стратегиялар 

"БІЛЕМІН.БІЛГІМ КЕЛЕДІ. ҮЙРЕНДІМ" стратегиясы, критерийлік  

бағалау 


Технология 

Дамыта оқыту және мәселелік оқыту 

Ресурстар  

Оқулық, оқыту әдістемесі, слайд, телевизор, ноутбук, таратпа 

материалдар 

Сабақтың барысы 

Мұғалімнің іс-әрекеті 

Оқушының іс-әрекеті 

 Ұйымдастыру 

-оқушылармен амандасу.  

-психологиялық дайындық жасау 

-сабақтың мақсатымен таныстыру 

-тақтаға бүгінгі күн мен сынып 

жұмысын жазу. 

-жұмыс орындарын реттейді 

-көңілдерін сабаққа бөледі 

-мақсатпен танысады 

-дәптерлерін ашып бүгінгі 

күнді жазады. 

 

1.Білу деңгейі 



өткенді қайталау 

Қызығушылығын 

ояту кезеңі 

-Көркем жазу минуты 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет