Амангүл Ерболатқызы Қасымова
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Қазақстан,Өскемен
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Бұл мақалада экологиялық тәрбие мен білім беру, білім алушыларды,
жалпы қоғамның экологиялық мәдениеті мен сауттылығын дамытудың
теориялық негіздері қарастырылған. Табиғатқа деген сыйды жоғалту
адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі
уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап
етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қалыптастырылуы
керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада
рөлдерін біліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек.
Басты сөздер: экология, теория, тәрбие, білім беру, экологиялық тәрбие,
экологиялық мәдениет, табиғат, қоршаған орта.
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар
ауқымды проблемалардың ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды
6. Сабанчиева
Н.Г.
Формирование
читательской компетенции.
-
http://kordkish.ucoz.ru/load/razrabotki_urokov/pedagogicheskie_chtenija/sabanch
ieva_n_g_formirovanie_chitatelskoj_kompetencii/3-1-0-3
7. Калинкина Л.А. Система творческих заданий на уроках литературного
чтения
как
средство
формирования
полноценного
восприятия
художественного произведения. - http://festival.1september.ru/articles/610400/
8. Пашкевич А.В. Создание системы оценивания ключевых компетенций
учащихся массовой школы: монография. – М.: РИОР: ИНФРА-М, 2013. –
133 с.
342
тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе
көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен
олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса
үздіксіз білім беру процесінде білім алушылардың экологиялық тәрбиелілігін
дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен
адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау проблемасы әр кезеңде де өткір қойылып
отырған өзекті мәселелердің бірі. Қоршаған ортаны күйзелтпеу, оны
асқындырмау әрбір адам қасиетті борышым деп түсінуі керек. Алайда, осы
қоршаған ортаны біреулер білместікпен ластап жүрсе, екінші біреулері
«Табиғаттың жаратылысы ешқашан да өзгермейді, о баста қандай болса, сол
күйінде мәңгі сақталады» деген тұжырымның жетегінде, ал үшіншілері «Біз
табиғаттың қайырымдылығын күтіп отырмай, оны бағындыруымыз керек»
дегенойда болады. Айта кету керек, ХІХ ғасырдың өзінде табиғатқа деген
дұрыс көзқарастар да болды. Мысалы, белгілі философ Ф.Энгельс «Табиғат
диалектикасы» атты еңбегінде «... біз табиғатты жеңдік деп шаттанбайық,
себебі әрбір жеңісіміз үшін, табиғат бізден кегін алып отырады. Осындай
жеңістердің аяғы біз күтпеген нәтижелерге, дағдарыстарға әкеліп бұл
жеңістердің маңызын жоққа шығарады», - деп ойын білдірген екен. Егер бұдан
да ары баратын болсақ, осыдан екі мың жылдай бұрын сол заманның ғалымы
Эпикур-«Табиғатты қорлауға болмайды, адамдар өзіне қажетті тілектерін, оны
ырқына көне отырып залал келтірмей іске асыруы тиіс... » - депті. Сонымен
экологиялық тәрбиенің теориялық –әдіснамалық негіздерін В.А.Сухомлинский,
Н.К.Скалон, А.Н.Захлебный, М.Н.Сарыбеков, Т.В.Кучер және отандық
Ғ.К.Ділімбетова, Ж.Б.Шілдебаева еңбектерінде кеңінен қарастырылса,
экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жолдары
А.А.Сотников, К.Ж.Сарманова, Ұ.Ә.Есназаров, К.С.Құрманбаева еңбектерінде
кеңінен баяндалған. В.А.Сухамлинский «Табиғат адам танып білгенде, себеп-
салдарын байланыстыра ой жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола
алады» - деп табиғаттың заңдарын жете меңгеру керектігіне ерекше мән береді.
Ол баланың бойына табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге
айырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік тәрбиенің негізі деп
санады [1].
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі-экологиялық
мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану
болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму
бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды
бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, білім алушыларды
экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек
күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экология-бүкіл
адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын,
оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол
343
қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға,
табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды
мемлекеттік және әлеуметтік шара. Қазақстан Республикасының «Қоршаған
ортаны қорғау туралы» (73-74 баптар), Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік
саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда зардап шегіп отырған экологиялық апаттар бүкіл адамзат
қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей
полигонын және тағы басқаларды адам қолымен жасалған залалдар деп
түсінуге болады. Көптеген осы тұрғысынан ғалымдардың пікірі бойынша,
табиғаттағы күрделі өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам
психологиясындағы экологиялық мәдениетті дамытып, қалыптастырудан
бастау қажет деген ұсыныстарды айтады.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал
балаларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтуге ұмтылу тән.
Экологиялық ағарту осыны қанағаттандыра алады, сондықтан білім
берудің негізгі баспалдағы-мектепте оны қолға алу керек. Қоғамның
экологиялық мәдениеті негізі балалық шақтан қалыптасқан әр адамның
экологиялық мәдениетінен тұрады.
Қазіргі таңда мектептердің басым көпшілігі бүгінгі күні осы бағытта
балаларға үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім беру ісін өзінің негізгі
міндеттерінің бірі ретінде қарастыруда немесе кейбір мектептерде жекелеген
пәндерде экологиялық білім мен тәрбие беріп оқушыларды экологиялық
мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда [2].
Экологиялық білім беру мәселесі ұлттық педагогиканың негізгі арқауы
десек те болады. Түркі жұрты табиғатпен тікелей қарым-қатынаста өмір
сүргендіктен, табиғатқа деген қамқорлыққа үлкен жауапкершілікпен қараса,
ұлы ақын Абай табиғаттың ерекше құбылыстарын өз туындыларын арқау ете
отырып, ұлттық экологиялық мәдениеттің негізін қалады. Ал ұлттық білімнің
негізін салушылар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов
және тағы басқалар қоршаған ортаны аялау, салауатты өмір сүру салтын
құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады.
Жоғары және орта оқу орындарында экологиялық білім және тәрбие беру
мәселелеріне көптеген ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері арналған.
Белгілі эколог-ғалым академик Әлия Бейсенова мектептен бастап жоғары оқу
орындарындағы ұлттық экология ғылымының жүйесін жасады. Сонымен қатар
экологиялық мәдениетті қалыптастыру Н.Сарыбековтың еңбектерінде негізгі
орын алады.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы,
оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді
меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды
дәлелдеп орнықтыру, қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз
екенін ұғындыру, табиғи ортада дұрыс жүріп-тұрудың нормаларын сақтау,
табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны
344
жақсарту жөніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады. Міне, осы
міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың
табиғатқа деген қарым–қатынасын қалыптастыруға бағытталады [3].
Табиғат – сұлулықтың өмір – бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан да
ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының біріне саналады. Ал
бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне
қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді.
Олай болса, тәрбие саласындағы экологиялық көзқарас педагогке жеке
адамды қалыптастыруда табиғат сырын мейлінше толық пайдалануға
айналадағы ортаның әлеуметтік табиғи факторының өзара байланысына назар
аударуға бағыт-бағдар сілтейді.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік
іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Оқушылар
табиғи ортаны күтуде, қорғауда, орман-тоғай шаруашылығын, мемлекеттік
қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі. Жабайы аңдарды,
өсімдіктерді қорғау жұмыстарына қатынасады.
Қазіргі кездегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі экологиялық
білім мен тәрбие әлемдегі экологиялық деректерді ғылыми мағлұматтық білім
мен тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне,
педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Ең басты
міндеттердің бірі табиғатты қорғау мәселелері мен оқушыларды ғылым
негізінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру. Бұл үшін
экологиялық білімнің негізгі көздері химия, физика, биология, география,
астрономия пәндері. Экологиялық білім мен тәрбие беру қазіргі кезде барлық
ғылымдар саласымен сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналуда.
Қоғамдық ой санада әлі күнге дейін табиғатқа қарым-қатынас, жаулап
алу, бұзып қиратып пайдалану орын алып келеді. Сондықтан да жаңа ой-
сананы, экологиялық білім беру концепциясына сүйене отырып дамуы қажет.
Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың туындауы, соның ішінде
табиғи ортаға тигізетін адамның іс-әрекетінің шексіз өсуі және оның келеңсіз
көріністері айқын байқалуда. Оған себеп табиғи ортаға деген көзқарастың,
жауапкершілік сезімнің жетіспеуі. Жалпы әлемдік деңгейде мойындалып
отырған экологияландыру процесіне сәйкес ізгілік қасиеттерін, құндылық
қатынастарын, теориялық-практикалық тенденциялары айқындала бастады.
Экологиялық тәрбие мен білім беру – көп сатылы процес, ол кешенді тұрғыда
қарастыруды қажет етеді [4].
Біріншіден адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің
ғылыми жүйесін қалыптастыру;
Екіншіден жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері арқылы дүниетанымын
қалыптастыруға тәрбиелеу;
Үшіншіден қарым-қатынас негізінде білім мен тәрбиенің жүзеге асуына
ықпал ету.
345
Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді
ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы орынды. Оның өзіндік
объективті және субъективті себептері бар. Олар:
- туған өлкеміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жылдар
бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз сарқыла
бастауы;
- өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының
сақталуы,
полигондар
зардаптары,
жердің
жарамсыздануы,
адам
денсаулығының нашарлауы;
- экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен «тұрмыстық»
қажеттілік мақсатындағы «табиғатты пайдалану» сипаты арасындағы
алшақтықтардың ұлғаюы;
- білім ошақтарында экологиялық білім мен тәрбиелеу мақсатында шаралардың
ұйымдастырылмауы;
Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет.
Балабақша, мектеп, гимназия, колледждер және басқа да оқу мекемелері
үздіксіз экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы
болуы тиіс.
Экологиялық білім берудің негізгі ұстанымдары. Экологиялық білімді
жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен принциптерін сақтау керек. Олар
негізінен, ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік,
жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және аймақтйқ
компанент [5].
Ғылымилық ұстаным негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер,
құбылыстар мен үрдістер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары
және экологиялық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда материалдар
негізінде берілуі және пайдаланылуы тиіс.
Байланыстылық ұстанымы табиғаттағы тірі және өлі табиғат пен орта
(топырақ, ауа, су, өсімдіктер мен жануарлар) арасында тығыз байланыстың бар
екенін ұғындыру.
Тепе-теңдік ұстанымытабиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы
тепе-теңдіктің сақталмауы және олардағы бір құрам бөліктің өзгеруі табиғатта
тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғатынын түсіндіру.
Қызығушылық ұстанымы оқыту барысында білім берудің барлық әдістері
мен түрлері оқушылардың бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін
оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру. Өсімдіктер мен
жануарлар дүниесін қорғауға ынтасын арттыру.
Үздіксіздік ұстанымы оқушылардың
білім деңгейі мен жас
ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бойында экологиялық мәдениетті
қалыптастыру.
Дамытушылық
ұстанымы
білім
алушылардың
білім
қорын
балабақшадағы сәбилік кезінен бастап, бастауыш сынып, одан жоғары
сыныптарға көтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту. Жоғары
346
сыныптарға экологиялық жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейге
бірте – бірте жеткізу.
Интеграциялау ұстанымы экологиялық білім беруде жаратылыстану
пәндері (биология, химия, география, физика, тағы басқа) мен гуманитарлық
пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану тағы басқа) арқылы оқушыларға берілетін
білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге көтеру. Көпшілікке үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру.
Көрнекілік ұстанымы оқушыларға экологиялық білім беруде оқу
үрдісінде көрнекі құралдар, диофильмдер, киносюжеттер, компьютерлік
роликтер, кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөріністер, индикаторды және
табиғаттағы бақылаулар нәтижесін пайдалану.
Қабылдаушылық
ұстаным
экологиялық
ғылымның
мазмұнын
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық
терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін
ескере отырып жатық әрі түсінікті тілмен берілуі.
Аймақтық компонент экологиялық білім беруде білім алушылардың
тұрмыстық салт-дәстүрлері, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын
ескеру. Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық мәселелерді көтеру оған білім
алушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана-сезімін ояту.
Білім
алушылардың
экологиялық
тәрбие
беруде
табиғаттың
маңыздылығын жас ерекшеліктеріне қарай сатылай түсіндіру, баланың ойлау
қабілетін, адамгершілік қасиеттерін, отанға деген сүйіспеншілік сезімін
қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар экологиялық тәрбие
білім алушылардың бойындағы әдемілік, әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп
табиғат сұлулығын танытып, сезіне білу оны шығармашылық пен өмірге ендіре
білу қабілеті, талғам қиялын, көзін ашқан бұлақтай дамытады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Программа «Балбөбек». - Алматы., Республиканский издательский
кабинет Казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2005.
2. Үздіксіз экологиялық тәрбие //Қазақстан мектебі.- 2003. -№8, –32-34б.
3. «Үздіксіз экологиялық білім беру тұжырымдамасы», Атамекен, 2000,
20 желтоқсан, 2 бет.
4. Манкеш.А.Е., Баталова Э.Н. Айналаны қоршаған орта.Экология.
Әдістемелік нұсқау. «Алматы кітап». 2002ж
5. Методика ознакомления с природой в детском саду/под под ред.
П.Г.Саморуковой.- М."Просвещение", 1992 г
Асма Рахметуллаевна Құрманова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ
инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің
жетекші маманы
347
Қазақстан Өскемен
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІНЕН
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектептегі оқу үдерісінде математика мен физиканы ұштастыра оқыту
әдістерін қолдану физикадан тиімді және терең, білім берудің алғы
шарттарының бірі болып табылады. Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыруда физика пәніне математикалық білімнің, логикалық
ойлаудың қажеттілігін, оның өзі өмірмен байланысты екендігі қарастырылады.
Басты сөздер: Функционалдық сауаттылық, физика, математика,
инновациялық технология
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 бағдарламасында бүгінгі өзгермелі
заманымызда жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі
республикамызда
ғылыми-педагогикалық
тұрғыда
ізденіспен
әлемдік
жинақтаған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып,
оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыру қолға алынып отыр.
Ал
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы еліміздің жаңа даму
бағытында білім беру жүйесінің алдына:
1.
Оқу-тәрбие үдерісін түбегейлі жаңғырту;
2.
Білім беру мекемелерін оңтайландыру;
3.
Білім беру қызметтерінің тиімділігін арттыру сияқты үш басты бағытты
айқын қойды. Соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған
негізгі міндет – оқуды өмірге, жаңа технологияға жақындату. Осыған
байланысты мектептегі іргелі жаратылыстану-математика бағытындағы
пәндерді оқытудағы әдістемелік мәселелердің мәні ерекше артады.
Мектептегі оқу үдерісінде математика мен физиканы ұштастыра оқыту
әдістерін
қолдану
физикадан
тиімді
және
терең,
білім
берудің
алғышарттарының бірі болып табылады. Математика мен физиканың
бұрынғыдан да тығыз байланыста қарастыру қажеттілігі математиканың ерекше
сипатынан, яғни оның айрықша кең қолданысынан шығады.
Алайда, сабақ беру іс-әрекетінде математика мен физика арасындағы
байланыс әлі де өзінің тиісті орнын ала алмай келеді. Бұл оқушылардың физика
формулалары мен заңдарын функционалдық тәуелділік ретінде қарастыра
алмауы, фунция мен аргументтің, оң және теріс сан мәндерінің физикалық
мағынасын аша алмауы дәлел бола алады. Мұның барлығы осы кездегі
математика пәні бойынша қолданыстағы оқулықтарда физикалық мазмұнды
мысалдар мен жаттығулардың өте аздығы немесе кейбір тақырыптар бойынша
мүлде болмауынан түсіндіріледі. Функционалдық сауаттылықты
қалыптастырудың мұғалім үшін басты ұстанымы: Нені оқыту керек?, Балалар
348
қалай оқиды?, Өмірмен қалай байланыстыру керек? Оқыту реттілігін басқа
пәндермен қалай байланыстыра құрылымдау керек?, Бала білгеніңізді қалай
қабылдауы керек? Міне, осы жағдайларды ескере келе мұғалім өз сабағын
тиянақты жоспарлап, жаңа инновациялық технологияның стратегияларын
дұрыс қолдана білуі қажет.
Физика сабағында түрлі тапсырмалар орындату, есептер шығару барысында
оқушыларды өз іс-әрекетінде математикадан қажетті әдіс тәсілдерді,
формулаларды қолдана білуге дағдыландыру қажет.
Әр түрлі берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар
бойында мынадай дағдылар қалыптасады:
1. Мәселерді шешу дағдылары. Өз бетінше ізденіп, талдап, оны таңдай біліп,
қызығушылығы артады.
2. Топта, жұппен жұмыс істеуі өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу
арқылы түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істей білу дағдылары қалыптасады.
3. Шешімдер қабылдаумен жауаптылыққа бейімділігі, жүйелік әдістер мен
жүйелік сараптамаларды пайдалану дағдысы.
4. Өзінің шығарып отырған есептерінің өмірмен байланысына көз жеткізе
отырып, әр ісіне жауапты қарауға өз мүмкіндігін нақты перспективалық
жоспар құрып салыстыра білу дағдысы.
5. Түрлі тапсырмаларды шешу, оқушылардың өз ойлауын, нақты мінез-
құлықтарын қалыптастыру, өзіндік әрекеттерге бағыттау дағдысы.
Осы дағдылар арқылы оқушы бойында мынадай сапалар қалыптасады:
Белсенділік
Шығармашылық тұрғыда ойлау.
Шешім қабылдай алу
Өз кәсібін дұрыс таңдай алу
Өмір бойы білім алуға дайын тұруы .
Нақтылай келсек, физика пәнінен өтетін құбылыс түсініктерін, қозғалыс
түрлерін сипаттауда математика ережелеріндегі түрлі операциялардың
формуласын қолдануымыз міндетті. Түсінік, құбылыс, заң, теорияларының
құрылысының негізі операция ережесінің нысандарын анықтап, қолдануға
мүмкіндік береді. Түрлі бағыты бар денелердің(шамалардың) қозғалыс
нәтижелерінің геометриялық кескіні мен олардың математикалық өрнектелуіне
тоқталайық. Мұнда координаталық түзуді (сан осін) өзгеретін шаманың,
қозғалатын дененің жолы деп қарасытрамыз. Дене қозғалысына байланысты
жолдың өсу (кему) деген ұғымдары жоқ, тек жолдың бағыты оң (сол) қозғалуы
қарастырылады. Яғни, қарсы бағытта теріс таңбаға, қозғалыс бағытымен
сәйкес оң таңбаға ие болады. Қостаңба- шама өзгерісінің, дене қозғалысының
түрін береді, ал қостаңбаны бір таңбамен алмастырсақ- шама өзгерісінің, дене
қозғалысының нәтижесін береді. Осылай қос таңбалы сандардың және олардың
бір таңбалы сандарға айналуы өзімізді қоршаған өмір шындығының өзі екенін
түсіндіре аламыз.
1. у-ті х-қа байланысты функция ретінде
қарастырамыз.
1. s-ті t-ға байланысты функция ретінде
қарастырамыз.
349
Математикалық өрнектерді физика формулаларымен, олардың графиктік
белгіленуін, анықталу облысын және түрі бірдей функция болуын айыра
көрсету арқылы салыстырулар, математика ережелерінің жалпылығын
көрсетуде ерекше маңызды орын алады. Мысалы
түріндегі сызықты
функция мен бірқалыпты қозғалыс теңдеуін салыстыруды мынадай түрге
келтіруге болады:
1-
таблица
№ 1. Жоғары тік лақтырылған дене
заңдылығымен
қозғалады, мұндағы
- метрмен өлшенетін биіктік, ал
- секундпен
өлшенетін уақыт.
а) дененің бастапқы жылдамдығын;
б) Жермен түйіскендегі жылдамдығын;
в) Көтерілудің ең үлкен биіктігін табыңыздар.
Шешуі: а) Дененің уақыт моментіндегі жылдамдық
туындыға тең,
яғни
б) Жермен түйіскенде
, бұдан
(мағынасы жоқ). Сонда
(минус таңбасы
жылдамдықтың бастапқы жылдамдыққа қарсы бағытталғанын көрсетеді.
в) Ең үлкен
биіктікке дененің жылдамдығы нольге тең болып,
көтерілуден төмен түсу кезеңінде жетеді; яғни
, бұдан
.
Ең үлкен биіктік
.
№2. Массасы 5кг жүк белгілі биіктіктен құлап келе жатыр және жердің
бетіне 2,5 секундтан кейін келіп түседі. Жүктің жасаған жұмысын табу керек.
Шешуі: Жүктің толық жұмысы мынаған тең:
.
Мұндағы
- жүк құлай бастаған биіктік;
жүкке әсер ететін
ауырлық күші;
.
теңдеуді түрлендірсек:
kx
y
t
x
V
k
S
y
,
,
0
2
5
8
4
t
t
t
h
t
h
t
t
t
h'
с
м
h
v
t
t
t
h
t
v
/
8
0
'
0
,
0
,
10
8
'
0
5
8
4
,
0
2
t
t
t
h
5
2
,
2
1
t
t
с
м
h
v
/
12
2
10
8
2
'
2
t
h
0
10
8
t
t
v
8
,
0
t
м
h
t
h
2
,
7
8
,
0
0
cos
H
dh
F
A
h
mg
F
1
cos
0
cos
H
dh
F
A
2. саны х айнымалысы сияқты кез келген
нақты мән қабылдай алады.
2. Бірқалыпты қозғалыс кез келген
жылдамдықты ала алмайды.
3. Нақты мәселерге байланысты
шамаларының атаулары әртүрлі болуы
мүмкін.
3. Бұл жағдайда
шамаларының нақты
атаулары бар.
4. Бұл функцияның графигі түзу болады.
4.
графигі жарты түзу, себебі
жағдайы
қарастырылады.
t
y
x
k
,
,
t
v
s ,
,
t
s
0
t
350
мұндағы
болғандықтан,
Жауабы: 1,5кДж.
Сонымен, физика формулалары белгілі шек қойылған функциялық
тәуелділік ретінде қарастыруға болатындығы, оны есеп шығаруда
байланыстыра білуге дағдыландыру, ол әр мұғалімнің еншісінде.
Мектепте оқыту барысында көптеген кедергілерде кездеседі.
Олар:
мектеп оқушыларының әлемдегі ақпаратты тұтастай емес бөлшектеп
білуімен шектелуі;
алдыңғы өткен білімдерін, бүгінгі материалдармен басқа пәндермен
байланыстыра отырып жаңғырта алмауы;
мұғалімдер үшін оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына,
сапалы меңгеруіне, алған білімдерінің жақсы дамуына жол ашуға;
пән мен пәнді байланыстыра оқытудағы байланысты жаңа әдіс тәсілдердің
жетімсіздігі.
Осындай кедергілерді оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық
технологияларды, ондағы әдіс- тәсілдерді үйреніп, оқу арқылы бала бойына
сіңіре білу, ізденіспен ұштастырып көздерін жеткізу жұмыстарын жүргізсек,
оқушы бойына әлемдік стандарттық білім деңгейін, шығармашылық қабілет,
көшбасшылық, шешендік қасиеттерін сіңіріп, математикалық және
экономикалық сауаттылығын ұштастыра отырып, физиканың қажеттілігін
күнделікті өмірде керек екендігін үйрете аларымыз һақ.
Библиографиялық сілтемелер
1. ҚР-ның 2011-2020жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы. Астана, 2010
2. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы, 14.12.2012
3.
Гурский И.П. Элементарная физика с примерами решения задач. –М.:
Наука, 1989, -463с
Динара Бурабаевна Құсайын,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ,
Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру
кафедрасының аға оқытушысы
Достарыңызбен бөлісу: |