Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


КЕЙС ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет23/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68

КЕЙС ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Мақалада  мектептегі  білім  беру  сапасының  жоғары  болуына,  білім  беру 



кезінде алдыға қойған мақсаттарға жету мен педагогикалық міндеттерді жүзеге 

асыру  үшін  қолданылатын  педагогикалық  технологиялардың  бірі-Кейс-стади 

технологиясының маңызы мен ерекшеліктері қарастырылған. 

 

Басты  сөздер:  педагогика,  Кейс-стади  әдісі,  функионалдық  сауаттылық, 

мәселені шешу, ойын әдісі, педагогикалық технология. 

 

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың 



тағдыры  ұстаздың  қолында»  -  деп  Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаев  атап 

көрсеткендей,  мектептегі  білім  беруде  ұстаздың  алдында  тұрған  міндеттердің 

зор  екенін    айқындайды.  Ал  білім  сапасы  көп  жағдайдағы  білім  беру  кезінде 

алдыға қойған мақсаттарға жету мен педагогикалық міндеттерді  жүзеге асыру 

үшін қолданылатын педагогикалық технологияларға байланысты болып келеді. 

Оның  өзі  уақыт  талабына  байланысты  туындауда.  Осындай  қазіргі  уақыт 

талаптарына  сай  келетін,  педагогикалық  технологиялардың  біріне  Кейс-стади 

әдісін жатқызуға болады. 

Кейс-стади әдісі - педагогикалық үрдісте кездесетін жағдаяттарды немесе 

туындаған мәселелерді  шешудің тиімді  технологиясы болып табылады. 

Кейс-стади  әдісінің  білім  беру  саласында  пайда  болуы  мен  тарихына 

тоқталсақ,  алғашқы  көріністері  өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарынан 

бастау алады. Бірақ бұл әдістің өмірде қолданылуы әріректен басталады. Кейс-

стади  әдісінің  белгілі  бір  балама  түрін  Сократтың  оқушыларымен  әңгімесін 

айтуға  болады...  Осы  әңгімедегі  барлық  мәтіндер  өмірден  алынған  нақты 

жағдайларды қолдана отырып, құрастырылған. 

Кейс-әдісінің  заманауи,  толықтырылған  түрі,  өз  инновациялық 

әдістерімен  әлемге  танымал,  Гарвард  бизнес-мектебінде  басқарушылық 

пәндерді  оқыту  кезінде  бірінші  рет  қолданған.  Жиырмасыншы  ғасырдың 


219 

 

басында  Гарвард  оқытушылары  дәрістерге  қосымша  ретінде  студенттік 



талқылау  жұмыстарын  ұйымдастырып  отырған.  Оқытушы  «мәселені 

таныстыру»  жұмысын  жүргізе  отырып,  студенттердің  алдына  осы  мәселе 

бойынша  міндеттер  қоя  отырып,  оны  шешудің  бірнеше,  әртүрлі  нұсқалары 

қарастырылды.    Жағдаятты  тапсырмалары  бар  бірінші  оқулық  1921  жылы 

Коупленд  пен  Гарвард  бизнес-мектебінің  деканы  Волас  Донамның  қатысында 

жарияланды. 

Жалпы әлемде бұл әдістің таралуы 70-80 жылдарында бастау ала отырып, 

сол  жылдары  ССРО  да  әйгілі  бола  бастады.  Жағдаяттарға  талдау  жасау 

басқаруды  оқыту  кезінде,  әсіресе  ЖОО  экономикалық  мамандықтарында, 

шешімдерді  қабылдауды  оқыту  әдісі  ретінде  қарастырылды.  Сонымен  бірге 

жағдаяттарды  талдау  әдісін  қолдану  арқылы  оқытудың  ойын  және  пікірталас  

әдістерінің кеңінен таралуына жол ашты. 

Кейс-стади әдісінің мәні мынада:  

оқушыларға неліктен осы шешім қабылданды; 



осы шешімді тәжірибеде қалай жүзеге асыруға болады

қандай  нәтижелер  болды  деген    мағұлматтарды  оқып-үйрену  үшін 



шешім  шығаруға  бағытталған  әдістің  бірі.  Сонымен  бірге  оқытудың  бұл  әдісі 

нақты  тәжірибелік  мысалдарды  қарастыруға  негізделген.  «Кейс»  тәжірибелік 

міндеттерді  шешуде  теориялық  білімді  қолдануға  мүмкіндік  беретін  құрал 

қарастырылады.  Теорияны  тәжірибемен  ұштастыра  отырып,  Кейс-стади  әдісі 

шектелген  уақыт  жағдайында  шешімдерді  қабылдауға  негізделген  қабілетті 

тиімді дамытады. 

Сондай-ақ,  Кейс-стади  әдісі,  талап  етілген  деңгейде  мазмұнды  игерумен 

дағдыны  қалыптастыру,  оқушының  тұлғалық  дамуы,  топта  жұмыс  істеу 

икемдігі  мен  аналитикалық  дағдысын  дамыту,  өзгені  тыңдау  мен  баламалы 

көзқарасты  түсіну  қабілеті,  таңдамалы  баламаны  есепке  ала  отырып, 

жалпылама шешімді шығару шеберлігі, өзінің әрекетін жоспарлау мен олардан 

шығатын  салдарлардың  алдын-алу  сияқты  оқытудың  жалпы  мақсаттарын 

ұстанады. 

Кейс-стади  әдісінің  маңызды  ерекшелігі,  ол  оқытудың  әртүрлі 

әдістерімен тиімді үйлесуінде болып табылады. 

Төменде  1-кестеде  кейспен  жұмысты  ұйымдастыру  кезінде  әртүрлі 

әдістермен кіріктірілу мүмкіндігі берілген. 

Кесте  1  -  Кейс  -  стади  әдісі  арқылы  жұмысты  ұйымдастыру  мен  басқа  әдістермен 

кіріктірілуі 

Кейс-стади әдісімен кіріктірілген әдіс  Кіріктірілген әдістегі кейс әдісі рөлінің сипаттамасы 

үлгілеу 

жағдаяттың моделін құру 

жүйелік талдау 

жағдаятты талдау және жүйелік көрінісі 

ойша эксперимент 

білімді  ойлау  арқылы  түрлендіре  отырып,  жағдаят 

туралы білім алу тәсілі  

сипаттау әдісі 

жағдаятты сипаттау арқылы жасау  

мәселелік әдіс 

жағдаят негізін құрайтын мәселені ұсыну 

жіктеу әдісі 

жағдаятты  құрайтын  реттелген  қасиеттердің  тізімін 

құру 


220 

 

ойын әдісі 



жағдаят кейіпкерлерінің мінез-құлықтарының 

нұсқаларын ұсыну 

«миға шабуыл» 

жағдаятқа қатысты ой-пікірлерді тудыру 

пікірталас 

белгілі  бір  мәселе  бойынша  көзқарастармен  алмасу 

және оларды шешу жолдары 

Кестеден  көрініп  тұрғандай,  білім  беру  үрдісінде  қолданылатын  әртүрлі 

тәсілдер кейс-әдіспен кіріктіре алады. 

Сонымен бірге,    Кейс-стади  әдісінің негізгі ерекшеліктеріне  тәжірибелік 

жағдайларды  зерттеу;  болған  жағдайларды  баяндау;  оқушылардың  мәселемен 

танысып, оны шешудің жолдарын іздеу жатады. 

Кейс-стади әдісінің идеяларына жатады: 

бұл  әдісте  білім  алатын  пәндер  бойынша  қойылатын  сұрақтардың 



бірнеше жауаптары болуы мүмкін; 

оқушылардың 



шығармашылықпен 

айналысу 

шеберліктерін 

қалыптастыруға негізделеді

әдісті  қолдану  барысында  алған  білімдері  мен    жұмыс  жасау 



барысында қалыптасқан дағдылары, әдістің нәтижесі болып есептеленеді. 

Кейс  мұғалімнің  әрекетінің  айнасы  іспеттес  болып  табылады.  Оның 

зияткерлік  өнім  ретінде  көздері  болады.  Кейстің  бірінші  бұлағы  -  өмір  болып 

табылады, яғни өзінің көптүрлілігімен қоғамдық өмір сюжеттің, мәселенің және 

кейстің деректі базасы ретінде қатысады. 

Екінші  бұлағы  білім  болып  табылады.  Ол  кейс-әдістің  білім  беру  мен 

тәрбиедегі басқа әдістермен кіріктірілген әдіс болып қарастырылады және білім 

беру мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін айқындайды. 

Ғылым-кейстің үшінші бұлағы болып табылады. Ол екі түйінді әдістемені 

қарастырады,  яғни  аналитикалық  әрекет  пен  жүйелік  тәсілмен  анықталады. 

Сонымен бірге көптеген басқа да ғылыми әдістермен кіріктірілген. 

Кейсті  құрау  кезінде  осы  жоғарыда  айтылып  кеткен,  үш  негізгі 

бұлақтардың  қатынасы  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Нақты  тәжірибеде  кейстерді 

құрастырған  кезде  бір  көздің  басым  болуы  байқалады.  Сондықтан  мұндай 

кейстердің негізіне негізгі көздердің әсер ету дәрежесіне байланысты жіктелуі 

байқалады.  Сондай  кейстерге  тәжірибелік  кейсті  жатқызуға  болады. 

тәжірибелік кейстер нақты өмірлік жағдаяттардан құрастырылады. Ал үйретуші 

кейстердің  негізін  білім  беру  міндеттері  құраса,  ғылыми-зерттеу  кейстері 

зерттеу  әрекетін  жүзеге  асыруға  бағытталған.  Кейстерге  арналған  барлық 

ақпарат көздері адамның іс-әрекетінің өнімі болып табылады. 

Кейстер үш бағытта уақытша, сюжеттік және түсіндірме құрылымындағы 

кейстер түрінде құрылуы мүмкін. Кейс әдісін қолдану барысында мұғалімнің іс 

- әрекеті екі кезеңнен тұрады. 

Бірінші кезең – кейс (жағдаят) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған 

шығармашылық жұмыс мынандай әрекеттерден тұрады: 

- жағдаяттарды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; 

- мақсат пен міндетті анықтау; 

- жағдаяттарды құрастыру және суреттеу. 



221 

 

Екінші  кезеңде-мұғалімнің  аудиториядағы  іс-әрекеті  қарастырылады. 



Аудиторияда кейс әдісін қолдану кезеңі төмендегі әрекеттерден тұрады: 

- кейске кіріспе; 

- жағдайдың талдануы (шағын топтарда); 

- пікірталас; 

- қорытынды шығару. 

Қазіргі  білім  беру  саласында  оқытудың  озық  технологияларына  мән 

беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан-жақты оқушы дайындау мүмкін емес. 

Сонымен, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда 

кейс-стади амал-тәсілін қолдану-қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа 

деген  қызығушылығын  туғызатын  жеке  педагогиканың  жаңа  инновациялық 

жүйесі болып табылады. 

Кейс стади әдісі интерактивті әдістің  бір түрі ретінде оқушылар үшін өте 

тиімді  әдіс  болып  саналады.  Бұл  әдістің  көмегімен  оқушылар  өз  беттерінше 

теорияны меңгере отырып, тәжірибелік дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар 

өз  ойын  жүзеге  асыру  мүмкіндігіне  де  ие  болады.  Оқушы  ситуацияға  талдау 

жасау  арқылы  болашақ  маман  ретінде  қалыптасып,  сабақты  қызығып  оқуға 

тырысады. 

Кейс  стади  әдісі-оқытушының  креативті  ойлауын  дамытып,  сабақтың 

мазмұнын  ерекше  құруға  шығармашылық  мүмкіндігін  кеңейтуге  жағдай 

жасайды. 

Аталған  әдістер  арқылы  өскелең  ұрпақта  келесі  өмірлік  дағдыларды: 

креативтілік,  белсенділік,  әлеуметтілік  жауапкершілік,  ой-өрісінің  кендігі, 

жоғары  кәсіби  деңгейлі  сауаттылык,  танымдық  әрекетке  қызығушылығының 

басымдығын қалыптастыруға болады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. М.  Буравой  Углубленное  сase  study:  между  позитивизмом  и 

постмодернизмом // Рубеж, № 10 – 11, 1997. 

2. Изменения  в  образовательных  учреждениях:  опыт  исследования 

методом кейс – стадии. \ под ред Г.Н. Прозументовой Томск 2003. 

3. Козина  И.  Case  study:  некоторые  методические  проблемы  //  Рубеж. 

1997. № 10-11. С. 177-189. 

4. Михайлова Е. И. Кейс и кейс-метод: общие понятия. / Маркетинг, №1, 

1999г. 


5. Переход  к  Открытому  образовательному  пространству.  Часть  1. 

Феноменология  образовательных  инноваций.  Коллективная  монография.  Под 

ред Г.Н. Прозументовой. Томск. Изд-во Том. Ун-та 2005 г. 

 

 



Айнур Советовна Ильясова 

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі 

«Дарынды балаларға арналған 

«Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы 

222 

 

мектеп-кешен-орталығы» ШҚО білім басқармасы 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІДЕРІН ҚОЛДАНУ 

 

Мақалада  тақырыпқа  сай  теориялық  мәліметтер  беріліп,  мұғалімнің 

педагогикалық тәжірибесі орын табады. Деңгейлік курсты тәмамдаған педагог 

жұмысында  жаңашыл  оқытуды  қолданады.  Мақалада  патриоттық  сезімге 

тәрбиелеу  жолдары  қарастырылған.  Мақала  жаңа  технологияларды  қолдана 

отырып,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттыруды  көздейді. 

Мақаланың кіріспесі және қорытындысы бар. 

 

Басты    сөздер:  тіл  мәртебесі,  жаңаша  оқыту,  топтық  жұмыс,  оқушылар 

деңгейі, құзырлы мұғалім. 



 

Тәуелсiздiк  алғаннан  бергi  уақытта  елiмiзде  тiл  саясаты  мемлекет 

басшысы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде 

жүзеге  асырылуда.  Елбасы  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  тiл 

саясатына,  оның  iшiнде  қоғамдағы  мемлекеттiк  тiлдiң  мәртебесiн  көтеру 

мәселесiне  тоқталмай  өткен  емес.  Мемлекет  басшысы  «Жаңа  әлемдегi  жаңа 

Қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  Қазақстан  халқы  бүкiл 

әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: 

қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын 

тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын. Сол себепті 

ұстаз  мақсаты  оқушыларды  заман  талабына  сай,  келешекке  нық  қадам  баса 

алатындай етіп дайындау. 

«Қазақ  тілі  және  әдебиет»  мемлекеттік  тіл  ретінде  білім  беру 

бағдарламасындағы  аса  маңызды  пәндердің  бірі  болып  табылады.  «Қазақ  тілі 

және  әдебиет»  пәнінің  ерекшелігі  –  оқушыларды  қазақ  тілінде  оқуға,  жазуға, 

тыңдауға, айтуға, тілдесуге, өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйрету. 

Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс жасай 

алу дағдыларыал функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және 

жазу  дағдыларын  әлеуметтік  ортада  қарым-қатынас  жасауда  қолдана  білу 

қабілеті,  яғни  адамға  өзін  қоршаған  әлеуметтік  ортамен  қарым-қатынасқа 

түсуге  мүмкіндік  беретін  және  сол  ортаға  барынша  тез  әрі  жайлылықпен 

бейімделуіне  жағдай  туғыза  алатын  сауаттылық  деңгейі.  Бұл  деңгейде  адам 

мәтіндерден  өзіне  қажетті  ақпаратты,  мәлім  іріктеп  алуы  үшін  және  сондай 

ақпаратты  басқаларға  жеткізе  алуы  үшін  қажетті  болатын  қабілеттер 

қалыптасады. 

Мектепте  оқитын  оқушылардың  алдына  стандарт  талаптар  қойылады, 

олар қандай пәндік нәтижеге келу керетігі. Мен қазақ тілі және әдебиет пәнінен 

орта  мектеп  оқушыларымен  жұмыс  істеймін,  сондықтан  мен  оқытатын 

оқушыларым  лексикалық  жағынан  –  лексикалық  минимум  600  сөзден  (5 

сынып)  1300  сөзге  (11  сынып)  дейін  меңгеру  және  оларды  қолдану  қажет. 



223 

 

Синоним,  антоним,  омоним  сөздерді,  тұрақты  тіркестерді,  мақал-мәтелдерін 



өмірде пайдалана  білу,  сөздердің  тура және  ауыспалы  мағыналарын,  айналада 

болып  жатқан  өзгерістерді  білдіретін  терминдерді  ұғу.  Сөз  құрамы  мен 

сөзжасам  бойынша  –  сөзжасамның  негізгі  (сөз  тудырушы,  сөз  түрлендіруші) 

қасиетін меңгеріп, тілдік қатынаста қолдануды. Ал грамматикалық жағынан сөз 

таптарының 

грамматикалық 

категориясын, 

синтаксистік 

қызметін, 

сөйлемдердің  түрлері  мен  айырмашылықтарын,  сөйлемдегі  сөздердің  орын 

тәртібін, мәтіннің құрылымын білуі тиіс. 

Оқушылар бұл талаптарға жету үшін мұғалім оларды жетелейтіні белгілі. 

Мұғалімнің  өзі  әрқашан  білімін  толықтырып,  ізденуде  жүреді.  Қазіргі 

уақытта  қазақстандық  мұғалімдер  біліктілігін  арттыру  мақсатымен  үш  айлық 

курстар бітіріп жатыр, мен де биыл курстарының үшінші деңгей бағдарламасын 

меңгеріп  келдім.  Осы  біліктілікті  арттыру  курсының  негізгі  бағдарламасы  – 

мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдері жаңа бастама болып отыр. 

Сол  бағдарлама  сындарлы  оқытуға  негізделіп  отыр.  Бұл  теория  оқушының 

тапсырманы  орындауда  алған  білімдерін  бұрынғы  білетіндерімен  ұштастыру 

болып 


табылады. 

Оқушы 


сабақ 

барысында 

жан-жақты 

дамып, 


сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді. 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін 

білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нысандар анықталды:  

•  білім  беру  мазмұны  (ұлттық  стандарттар,  оқу  бағдарламалары);  оқыту 

нысандары мен әдістері; 

• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау 

жүйесі;  

• мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары

•  мектепті  басқару  моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің 

оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 

• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы 

білім беру ортасының болуы; 

•  ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндегі  белсенді 

рөлі. 


Сонымен  айтылған  нысандарға  жету  үшін  жоғары  айтпақтай  жаңаша 

оқутудың  тәсілдерін  қолданамын.  «Оқыңыз,  үйреніңіз,  пайымдаңыз  және 

бәрінің ішінен ең пайдалысын алыңыз»,- деп Пирогов айтқандай қазіргі күннен 

–  күнге  қарқындап  алға  басып  дамып  келе  жатқан  мына  заманда  осы  әлемдік 

деңгейдегі  білімге  жету  мақсатында  жаңа  әдіс-тәсілдермен  келер  ұрпақты 

дайындауды  мақсат  етіп,  ұстаздар  қауымына  оқытылып  жатқан  орта  білім 

беруде  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген танымал  оқыту  әдістерінің  арасындағы 

сындарлы  теорияға  негізделген  тәсіл-оқытудың  сындарлы  теориясы  .  Осы 

Қазақстанда  енгізіліп  жатқан  Бағдарлама  оқушылардың  қалай  оқу  керектігін 

үйретеді,  соның  нәтижесінде  еркін,  өзіндік  дәлел-уәждерін  нанымды  жеткізе 

білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни  пікір-көзқарастары  жүйелі  дамыған  оқушы 

қалыптасуын  қамтиды.  Жаңа  Бағдарлама  7  модульде  беріледі.  Өзімнің  бір 

сабағымда  осы  7  модульдің  барлығы  қатысады,  бірақ-та,  үш-төртеуі  белсенді 


224 

 

түрде  қатысса,  қалғанының  белсендігі  шамалы.  Табысты  оқытуға  жету 



мақсатымен  сабақтарымда  топпен  жұмыс  ұйымдастыруды  жоспарлаймын. 

Табысты оқыту оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін, өз еңбегін, 

сыныптастарының  еңбегін  бағалау  болып  табылады    және  оқушы  өзінің  оқуы 

үшін  жауапты  болады.  Мұндай  тәсіл  бұл  үдеріске  оқушының  өзінің  де 

қатысуын  талап  етеді.

 

  Топпен  жұмыста  шәкірттерімнің  көңілі  жоғарынқылы 



болады.  Карл  Роджерс  «мен»  тұжырымдамасы  бойынша  білім  алу  барысында 

әр  оқушы  ортада  топ  істеп  отырған  тапсырманы  шешу  үшін  өзінің  үлесін 

қосып,  басқалардан  жаңа  білім  танып  орындағанын  сезінеді.  Олар  бір-біріне 

немесе  мұғалімнің  түрткі  сұрақтарына  жауап  беріп,  өз  бастамасы  бойынша 

жүзеге  асырылады.  Оқушы  өз-өзін  сыйлап,  өз-өзіне  сеніп  отырады.  Психолог 

А.Бандура  айтқандай  «олардың  қолынан  келген  нәрсе  менің  де  қолымнан 

келеді». 

Жыл  басынан  сабақтарымда  шығармашылық  деңгейде  жұмыс  атқарып 

жүрмін,  себебі  қалауым  бойынша  әр  сабақты  жаңашыл  мазмұнда  өткізуге 

тырысамын.  Оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдаланып,  оқушылардың 

қабілетін,  ерекшеліктерін,  ынтасын  ескере  отырып,  сабақтың  логикалық 

құрылымын  жүйелі  жоспарлаймын.  Оқушыларымның  пәнге  қызығушылығын 

арттыруға  көп  көңіл  бөлемін  және  олардың  өздігінен  ізденушілік, 

шығармашылық,  зерттеушілік  қасиеттерін,  ойлау  қабілетін  дамытуға 

бағытталған  жұмыстар  жүргізіледі.  Оқушының  шығармашылық  қабілеттерінің 

дамуы  басты  нысана  болып  алынуымен  байланысты,  оқулықта  берілген 

тапсырмалардан  басқа  өздігінен  бақылау  жүргізу,  қарапайым  тәжірибе, 

эксперимент  қою,  мәтінмен,  сызбамен,  суретпен,  диаграммамен  жұмыс  істеу, 

жекеден  жалпыны  шығару,  жалпыны  жекелей  қолдану  сияқты  оқушыны 

іскерлікке,  дербестікке  баулитын,  ойына  түрткі  болып,  шығармашылыққа 

жетелейтін,  өздігінен  ізденіске  салатын,  айналадағы  дүниемен  қарым-

қатынасқа  түсіріп,  «жаңашыл  ашып»,  оның  нәтижесінің  «қызығына»  бөлейтін 

әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты өткізіліп 

отырылуы  оқушылардың  білім,  білік  дағдыларының  нәтижелі  ететінін 

нақтылай түседі. 

Ұстаз  құзырлы  болу  да  міндетті  түрде.  Оқушы  мұндай  жауапкершілікті 

көбінесе  сабақ  беру  барысында  мұғалім  қалыптастыратын  ортада  сезініп, 

қабылдайды.  Сондықтан  мұғалімде  Шульман  «үш  көмекші»  деп  атаған 

қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Шульман ілімі 

бойынша мұғалімнің көмекшілері: 

*  Бас  -  кәсіби  түсінік  оқыту  мен  оқу,  сондай  ақ  жеке  тұлға  ретінде 

оқушылар  туралы  тұғырлы  теориялық  базаға  негізделген,  жеткілікті  білімнің 

болуын  талап  етеді.  Сондай  ақ  тәжірибені  түсіну,  дамыту,  жетілдіру  үшін 

дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді 

*  Қол  -  оқытудың  тәжірибелік  дағдылары  бұл  ілім  көрсету,  таныстыру, 

түзету  және  оқытуды  бағалау  сияқты  әртүрлі  тәсілдер  арқылы  идеяларды 

түсіндіре  білудің  техникалық,  тәжірибелік  дағдылары  мен  тәсілдерін  білуді 


225 

 

талап  етеді.  Сонымен  қатар  ынталандыру,  көтермелеу,  шектеу,  сабақтар 



кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. 

* Жүрек - кәсіби адамгершілік тұтастық мұғалімдер ұстаз мамандығының 

этикалық  және  моральдық  құндылықтарын  ұсынады.  Демек,  олар  шыншыл, 

батыл,  төзімді,  оқушыларға  сенімділік,  құрмет  көрсете  білетін  әділ  адамдар. 

Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты  тұжырымды пікірлері мен 

ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден 

шығып жатады. 

Сапалы  оқыту  мұғалім  бейнесімен  танылатын  сан  алуан  элементтер 

арасындағы  байланыс  болып  табылады,  ол  өзі  белгеле  бір  деңгейде  тәуелді 

жағдайлар  жасалынған  кезде  жүзеге  асады.  Сапалы  оқыту  оқушылардың, 

қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде 

қарастырылады. 

Құзырлы  мұғалім  болуымен  сабақта  қолданатын  тағы  бір  тәсіл  –  түрлі 

ойындар өткізу. Ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болады. Биыл 

алтыншы  мен  тоғызыншы  сыныптарда  жұмыс  жасаймын.  Ойындар 

оқушылардың  қызығушылықтарын  аятып,  сабақ  барысында  белсенділікке 

тартады.  Интеллектуалдық  ойындар  оқушылардың  ой-өрісін  кеңейтіп,  ойлау 

қабілетін дамытып, байытады. Жиі «Ыстық орындық» (үй тапсырмасын тексеру 

кезінде),  «Жіпке  ілінген  тақырыптар»,  «Кім  біледі?»  (жаңа  сабақтың 

тақырыбын  анықтау  үшін),  «Жипто»  ойынының  алаңын  жұмсап,  мәтіннің 

мазмұнын шолу, қорытындылау кезінде пайдаланамын. «Жедел сұрақ», «Дұрыс 

– бұрыс», «Шыбынға шабуыл» (сөздік сөздерін білулерін тексеру) және т.б. Ал 

оқушылардың  сөз  қорын  байыту  мақсатымен  міндетті  турде  сөздік 

жұмыстарын  өткіземін,  балалар  сөз  тіркестерін,  сөйлемдер  құрастырады, 

назарларын  қалада  орнатылған  екі  тілде  берілген  жарнамаларға,  мектеп 

қабырғаларындағы  ақпараттық  мәліметтерге  көңіл  боліп,  екі  тілде  оқып, 

салыстыруға тапсырмалар беріп отырамын. 

Сабақтарымда  АКТ,  деңгейлік  тапсырмалар,  болжау,  топтастыру 

стратегиялары жүзеге асты. 

Әрине  сабақтарымда  тиімсіз  жерлері  де  бар  –  кейбір  кездерде  уақытты 

тиімді қолдана алмай, жұмысты аяқтамай да қаламыз. 

Алғашқы  дәстүрлі  сабақтармен  салыстырғанда  оқушылардың  жауап 

беруі,  топпен  жұмыс  істеуі,  тақырыпты  өз  беттерімен  анықтауы,  сабақтың 

мақсатын,  табыс  критерийлерін  өздері  айтқаны,  ой  қорытуы,  қарсы  және 

толықтырулар айтуы жоғары үйреніп журген тілге машықтандырады. Бұл менің 

және оқушылардың жеткен жетістігі деп білемін. 

Бұл жаңа әдіс-тәсілдің бір ерекшелігі бұрынғыдай бала бір орында қатып 

отырмайды,  топта  жұмыс  істейді,  оқушының  ынтасы  артады.  Барлық  оқушы 

білуге,  үйренуге,  айтуға  бейімделеді.  Оқушының  сабаққа  деген  белсенділігі 

артады. 


Мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігін  және  оқушылардың  өнерін, 

дарынын  көрсететін  жұмыстың  түріне  пән  апталықтарын  өткізу  жатады. 

Биылғы  оқу  жылында,  ақпан  айында  бір  ашық  сабақ  пен  бір  сыныптан  тыс 


226 

 

шара  жоспарладым.  Ашық  сабағымды  тоғызыншы  сынып  оқушыларымен 



өткіздім.  Ал  сыныптан  тыс  шара  екі  алтыншы  сынып  оқушылары  арасында 

сайыс  ретінде  өтті.  Сабағым  мен  шарамда  түрлі  тәсілдер  қолдандым. 

Оқушыларым  жатқа  өлең  де  оқыды,  сұхбаттасты,  интеллектуалдық  ойындар 

ойнады,  топпен  тапсырмалар  орындады,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар, 

сөзжұмбақ  шешіп,  бір-бірімен  қарым-қатынасқа  түсті.  Оқушыларым  сабақтан 

кейін рақметтерін айтып келіп жатты. Себебі менің оқушыларыма жаңаша әдіс-

тәсіл  бойынша  жұмыс  өте  ұнайды.  Сонымен  алдымызға  қойған  мақсаттарға 

жеттік деп айтқым келеді. 

Бірақ бүгінгі кезде, өкінішке орай, балалар мемлекеттік тілде сөйлемейді, 

сондықтан  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімдердің  басына  қиындық  түседі.  Келешек 

ұрпағымыз қоғамдық ортада қазақ тілінде сөйлемейді, мұғалімдер өздерінің көз 

қарастарын 

өзгертіп, 

оқушыларындың 

әр 

сабақта 


тілге 

деген 


қызығушылықтарын  аятып  отырса,  өз  білімі  жеткілікті  болса,  тапқырлығы, 

ізденушілігі болса, алдымызға қойылған талаптар орындалады деген ойдамын. 

Себебі бұл мәселе бір күнде шешілетін емес. Қазақ елі жетпіс жылда ана тілін 

ұмытып,  оны  қайтадан  орнына  келтіруге  мүмкін  тағы  да  жетпіс  жыл  керек 

шығар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет