Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


КӘСІБИ ЛЕКСИКА АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет20/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68

КӘСІБИ ЛЕКСИКА АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

Соңғы  кезде  болашақ  мамандарды  дайындау  үдерісі  оқытушылардың 



алдына  жаңа  міндеттер  қоюда.  Осы  ретте  олардың  кәсіби  шеберлігін  арттыру 

мәселесі  де  өзекті  болмақ.Мақалада  төлие  өзінің  жоғары  оқу  орнындағы  көп 

жылғы  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  мәтінмен  жұмыс  арқылы  студенттердің 

функционалдық шеберліктерін арттыру жолдарын ұсынады. 



 

Басты  сөздер:  функционалдық,  шеберлік,  құзыреттілік,  Ңұрлы  жол, 

кәсіби қазақ тілі. 

 

Елбасының  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  Жолдауын  асыға  күтеміз, 



себебі  Президентіміздің  әр  Жолдауы  еліміздің  жарқын  болашағын  болжауға, 

халқымыздың 

әл-ауқатын 

арттыруға, 

мемлекетімізді 

экономикалық 

дағдарыстан  шығынсыз  алып  шығу  жолдарын  қарастыруға,  ең  негізгісі,  адам 

капиталын дамытуға бағытталады. Міне, биылғы Жолдауда да Елбасымыз тек 

тығырықтан  халқын  қалай  аман  алып  шығу  жолын  ғана  ойламай,  одан  ары 

қарай  мемлекетімізді    дамытудың  жолдарын  меңзейді.  Бұл  жерде  ол  аса 

көрегендікпен  Үкімет  басшыларына    бірнеше  тапсырмалар  бере  отырып, 

Қазақстанның  «Ңұрлы  жол»  атты  Жаңа  экономикалық  саясатын  жариялады. 

Сонымен  қатар  ол  жаңа  экономикалық  саясатты  жүзеге  асыратын  жастарға 

үлкен  сенім  артатынын  да  айтып  өтті.  Биылғы  Жолдауында  ол  «Біздің 



жастарымыз  жаңа,  тәуелсіз  елде  өсіп  келеді..  Мен  жастар  -  біздің 

болашағымыздың  тірегі  дегенді  әркез  айтып  келемін.  Мемлекет  жаңа 

буынның  алдында  барлық  есіктер  мен  жолдарды  ашты!  «Нұрлы  Жол»,  міне, 

біздің  креативті  ырғақты  жастарымыздың  күш-жігер  жұмсап,  құлаш 

192 

 

сермейтін  тұсы  осы!»  деп  жастарға  жарқын  болашақтың  ауқымды  да 

мазмұнды бағдарламасын ұсынды. 

Шынында да бүгінгі таңда білім кез - келген қоғамның дамуына пәрменді 

ықпал  ететініне  ешкім  күмән  келтірмейтіні  айдан  анық.  Сол  себепті 

мемлекетіміздің  жоғары  оқу  орындарының  оқытушыларының  алдына  жаңа 

міңдеттер  қойылады.  Біздің  басты  мақсатымыз:  ұлттық  және  азаматтық 

құндылықтардың,  ғылым  мен  тәжірибенің  негізінде  жеке  адамның  өзіндік 

ерекше  қабілеттерін  дамытуға  мүмкіндік  туғызу.  Жастардың  бойында 

адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру, 

жеке  адамның  интелектісін  байыту,  оның  шығармашылық  қасиеттерін 

дамыту.Студенттерді  қоғамның  экономикалық,  саяси  және  мәдени  өміріне 

қатыса білуге тәрбиелеу, олардың кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасау. Осы 

тұрғыда  болашақ  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігі  қандай  болуға  тиіс  деген 

сұрақ  туындайды.  Біздің  ойымызша,  оларға  келешек  мамандықтары  бойынша 

теориялық білім беріп қана қоймай, кәсіби шеберліктерін арттырған жөн. Біздің 

көп  жылғы  тәжірибеміз  осы  мақсатқа  жетуде  кәсіби  қазақ  тілі  пәнінің  берері 

мол екенін дәлелдеді. 

Кәсіби  қазақ  тілі-  бұл  кәсіби  тұрғыдан  қарым  -  қатынас  қызметін 

атқаратын  әдеби  тілдің  ерекше  функционалдық  түрі.  Кәсіби  лексиканы 

меңгерушіге  қойылатын  талап  -  қажетті  іс-  әрекеттің  белгілі  бір  саласының 

ұғымдық  категориялық  аппаратымен  қоса,  құзыреттілігіне,  шеберлігіне  

қатысты  түсініктер  мен  терминдер  жүйесін  игеру.  Сондықтан  курсты  оқып 

үйрену барысында студент: 

-қазақ тілін қарым -қатынаста және кәсіби іс-әрекетте  қолдана білуге; 

-қазақ  тіліндегі  тұлғааралық  қарым  -қатынас  және  іскерлік  қатынаста  өз 

ойын, пікірін кәсіби жеткізе алуға; 

-өзінің кәсіби сөздік қорын байытуға машықтануға тиіс. 

Болашақ мамандықтарының қыр- сырына бойлату мақсатында біз қәсіби 

мәтіндермен  жұмыс  істейміз,  әр  түрлі  сөздік  жұмысы  арқылы    олардың 

лексикалық  қорларын  дамытамыз,  тілге  деген  қызығушылығын  арттырамыз. 

Сонымен  қатар  жұмысымызда  инновациялық,  тіл  оқытудың  тиімді  жаңа 

технологияларын  қолданамыз.  Және  де  аймақтық  компонент,  елтанымды 

бағдарлы  оқыту  әдістері  арқылы  олардың    бойында  қазақстандық  патриотизм 

,Отанға,  жерге  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін  оятамыз  және  дамытамыз. 

Сөйтіп, Жаңа Қазақстанның  жаңа, білімді жастарын тәрбиелеуге өз үлесімізді 

қосудамыз. 

Дефектология  мамандығының  студенттерінің  кәсіби  шеберлігін  арттыру 

мақсатында  біз  олармен  кәсіби  мәтіндермен  жұмыс  істейміз  және  де  оларға 

мәтінге  байланысты  терминологиялық  аппаратты  меңгертеміз.  Бірнеше  мысал 

келтірейік. 

Арнайы мектептер жүйесі 

Білімді ерекше қажеттіліктері бар мектеп жасындағы балалар білім беру 

мекемелерінде немесе үйінде арнайы білім беру стандартына сәйкес алады. 



193 

 

ХХ ғасыр бойы арнайы (түзету) білім беру жүйесі құрастырылды, көбіне 



олар  мектеп-интернаттар,  онда  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалар 

оқыған және оқиды. 

Бүгінгі  күні  дамуында  түрлі  ауытқушылығы  бар  балаларға  арналған 

арнайы мектептердің сегіз негізгі түрін ажыратады: 

-  I  түрдегі  арнайы  (түзету)  білім  беру  мекемесі  (саңырау  балаларға 

арналған мектеп-интернат); 

- II түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (нашар еститіндерге және 

кейіннен естімей қалған балаларға арналған мектеп-интернат); 

 -  III  түрдегі  арнайы  (түзету)  білім  беру  мекемесі  (соқыр  балаларға 

арналған мектеп-интернат); 

 -  IV  түрдегі  арнайы  (түзету)  білім  беру  мекемесі  (нашар  көретін 

балаларға арналған мектеп-интернат); 

 -  V  түрдегі  арнайы  (түзету)  білім  беру  мекемесі  (сөйлеу  тілінің  күрделі 

бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернат); 

 -  VI  түрдегі  арнайы  (түзету)  білім  беру  мекемесі  (тірек-қимыл 

аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернат); 

 -  VII  түрдегі  арнайы  (түзету)  білім  беру  мекемесі  (оқуда  қиындықтары 

бар-психикалық  дамуы  тежелген  балаларға  арналған  мектеп  немесе  мектеп-

интернат); 

 - VIII түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (кемақылды балаларға 

арналған  мектеп  немесе  мектеп-интернат).  Сонымен  қоса  созылмалы  ауруға 

ұшыраған  және  әлсізденген  балаларға  арналған  санаторлық  (тоғайлық) 

мектептер бар.Мәтінге қатысты төмендегідей тапсырмалар беріледі: 

1.Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз. 

2.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз. 

3.Сұхбатты аяқтаңыз. 

-Сәрсен, арнайы мектептерге нелер жатады? 

-Өкінішке орай білмейді екенмін. 

-Ол неге керек ? 

-Мен дефектология мамандығына оқуға  түстім. Болашағымды болжайын 

деп едім, қандай мекемеде жұмыс істей аламын деп. 

Үй  тапсырмасына:  Өскемен  қаласындағы  арнайы  мектептердің  жұмысы 

жайлы хабарлама дайындау беріледі. 

Кемтар балалар 

Кемтар  балалар  денесінің  психикасы  жағынан  қалыпты  дамуынан 

ауытқыған  балалар.  Мұндай  балалардың  дамуында  елеулі  кемістіктер  пайда 

болады.  Оларды  кемтар  балалар    немесе    кемістігі  бар  балалар  деп  атайды. 

Кемістік  туа  немесе  жүре  пайда  болуы  мүмкін.  Баланың  бойында  туа  пайда 

болған  кемістіктер  алуан  себептерге  байланысты.  Мұндай  кемістік  түрлері 

олардың  нәсілдік  ерекшіліктерінен  болуы  да  мүмкін.  Алайда  кемістіктің  бұл 

түрлері  сыртқы  ортаның  жағдайына  тәуелді  болып  отыратындығын  көрсетеді. 

Туа пайда болатын кемістіктер баланың ана құрсағындағы ұрығына химиялық, 



194 

 

оқыс  қимыл  қозғалыстар,  температураның  теріс  әсер  етуінен  немесе  ұрықтың 



дұрыс қоректенбеуі сияқты түрліше жағдайларға байланысты дәйектейді. 

Баланың ана құрсағындағы кезінде ұрықтың жұқпалы ауруларға ұшырау 

салдарынан  организм  уланып,    бала  соқыр  болып  тууы  мүмкін.  Ал,  бала 

бойында  жүре  келе  пайда  болатын  кемістік  оның  нәрестелік  немесе  сәби 

кездерінде  түрлі  жұқпалы  ауруларынының  /менингит,  полимиелит,  қызылша, 

тамақ ауруы, тұмау т.б./ әсерінен болуы ықтимал. Сондай-ақ, баланың бойында 

жүре  пайда  болатын  кемістіктері  әрқилы  жарақаттар  мен  дәрі-дәрмектерден 

улану салдарынан пайда болып отыратындығы мәлім. 

Кеміс  балалардың  денесі  мен  психикалық  дамуындағы  ауытқуларды 

айырықша ескере отырып, олар арнайы мектептерде оқып тәрбиеленеді. Мәтін 

соңында төмендегідей тапсырмалар ұсынамыз. 

Сұхбатты толықтырыңыз. 

-

 

Сәлем, Дастан! 



-

 

............... .................    .................. . 



-

 

Бүгін «Кәсіби қазақ тілі» сабағы болды ма? 



-

 

............... .................    .................. . 



-

 

 



-

 

«Кемтар балалар» туралы мәтін өттік. 



-

 

............... .................    .................. . 



-

 

 



-

 

Үйге қандай тапсырмалар берілді? 



-

 

............... .................    .................. . 



-

 

Сау бол! 



-

 

............... .................    .................. . 



      Жағдаяттар бойынша өз ойларыңызды білдіріңіз. 

Сіздің  таныстарыңыздың  арасында  кемтар  бала  бар.  Онымен  қандай 

қарым-қатынасқа түсе аласыз? 

Автобусқа кемтар адам кірді, сіздің іс-әрекетіңіз қандай болуы мүмкін? 

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында біз аймақтық компонентті де  тиімді және 

орынды  пайдалануға  тырысамыз.Өйткені,  мұндай  материалдар  студенттерді 

болашақ  мамандықтарының  қыр-  сырларына  бойлатып  қана  қоймай,  олардың 

бойында  жеріне,  еліне  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін  қалыптастырады,  тілге 

деген  қызығушылықтарын    арттырады.  Мысалы,  әлеуметтік  жұмыс 

мамандығының  студенттерімен  «Қайырымдылық  қорлары»,  «Бөбек  қоры», 

«Үміт балалар үйі» деген тақырыптармен жұмыс істейміз. Мысалы 



«Бөбек» қоры» мәтінімен жұмыс істеу барысында студенттерге 

төмендегідей тапсырмалар береміз: 

1.Мәтінді  оқыңыз,  жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркестердің  мәнін  сөздікпен 

анықтаңыз.  

2.  Сіздің  ойыңызша,  қайырымдылық  деген  не,  ассоциацияларыңызды 

жазыңыз. 

«Жамандықты  әр  кісі  істейді,  жақсылықты  ер  кісі  істейді»  деген 

мақал-мәтелдің мәнін түсіндіріңіз. 



195 

 

3. Қайырымдылық қорлары жайында көршіңізбен сұхбаттасыңыз. 



4.Етістіктерді тауып, шақтарын анықтаңыз. 

Келесі мәтін «Үміт» балалар үйі. 

«Үміт»  балалар  үйі  1999  жылы  Сара  Назарбаеваның  бастамасымен 

құрылған,  кейін    «Үміт»  балаларды  дамыту  үйінің  аясында  ашылған. 

Мекеменің  ашылу  мақсаты  тастанды  балаларды  болдырмау  және  отбасын 

сақтап  қалу.  Бұл  үйдің  өмірге  келуі  қаншама  жүрекке  жылу,  қаншама  көңілге 

үміт, қаншама көзге қуаныш сыйлады. Әрине, ата-анасының орнын жоқтатпау 

мүмкін емес. Ең бастысы бала өзінің жеке тұлға екенін біліп, өзін еркін сезінсе 

осының өзі жетістік. Өзіне сенімді, еркін өскен баланы әрі қарай төзімділікке, 

шыдамдылыққа,  жан  ашырлық  сезімге  баулу,  тату,  дос  болуға  тәрбиелеу 

балалар  үйі  тәрбиешілеріне  үлкен  жауапкершілікті  жүктейді.  «Үміт»  үйінде 

бала денінің сау, шыныққан, шымыр болып өсуіне толық жағдай жасалынған. 

Бұл жердегі тағы бір мақсат - баласын анасына жақындату, отбасының не 

екенін сезіндіру. Жыл сайын ата-аналарға арнап «ашық есік» ұйымдастырылып 

отырады. Әр мереке сайын өткізіліп тұратын іс-шаралар,  ән-кештері бақытты 

балалыққа,  мейірімділікке,  ұлттық  салт-дәстүрге,  патриотизмге  бағытталады. 

Мәтін бойынша төмендегідей тапсырмалар ұсынамыз: 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз. 

-Балалар үйінің құрылу мақсаты қандай? 

- «Үміт» балалар үйі кімнің бастамасымен ашылған? 

-  Балалар  үйінде  тәрбиеленуші  баланың  жеке  тұлғасының  әлеуметтік 

қалыптасуына жағдай жасалған ба? 

- Тастанды балалардың тағдырына кім жауапты? 

-  Ол балаларға көзқарасыңыз қандай?  

- Анықтаманы оқыңыз, көшіріп жазыңыз. 

Әлеуметтік жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата  -

ана  өз  келісімдерімен  баладан  бас  тарту,  сондай-ақ  ата-ананың  түрлі  сол 

қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу. 

-Жетім  балалармен  тастанды  балалардың  айырмашылығы  бар  ма? 

тақырыбына шағын сұхбат құрастырыңыз. 

2.  «Балаларын  балалар  үйіне  тастаған  ата-аналар»  атты  тақырыпта 

пікірталас өткізуге дайындалыңыздар. 

Ал  құқықтану  мамандығының  студенттеріне  төмендегідей  тақырыптар 

ұсынамыз:  «Қазақстан  Республикасының  прокуратурасы»,  «Жеті  жарғы», 

«Тергеуші қызметі», « Студенттік заңгер ассамблеясы» және т. б. 

Қорыта  келе,  қоғамның  дамуы,  оның  тұрақтылығы  білім  беру  жүйесіне 

тікелей  байланысты  екені  баршаға  мәлім  екені  белгілі.Сондықтан  да 

Елбасымыз  адами  капиталды  жаңа  сапаға  көтеру  керектігін  айта  келіп,оның 

басты  тетігі  ретінде  білім  саласын  дамыту  керектігін  былтырғы  Жолдауында 

нықтап айтқан болатын. Біздің ойымызша, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ- де 

студенттердің  сапалы  білім  алуына  жағдай  жасалған.  Және  де  олардың 

толыққанды,креативті  азамат  пен  азаматшалар  болуына  да  аса  назар 

аударылады.  Ал  қазақ  тілінің  мамандары  оларға  мемлекеттік  тіл  арқылы 



196 

 

болашақ  мамандықтарының  ғылыми  -  терминологиялық  аппаратын  меңгеруге 



себін тигізеді. 

 

 



Библиографиялық сілтемелер 

1. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы. Астана. Қаз.Ақпарат, 

2014 ж. 


2. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына  «Қазақстандық  жол-2050.  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ» 

Жолдауы. Астана18 қантар,2014 ж. 

3. Жилкубаева  А.Ш.  Кәсіби  қазақ  тілі  Дефектология  мамандықтарының 

студенттеріне арналған. Өскемен, 2014ж.-110б. 

4. Жилкубаева А.Ш. Кәсіби қазақ тілі. Әлеуметтік жұмыс мамандығының 

студенттеріне арналған. Өскемен, 2013ж.-97 б. 

 

 



Қундыз Алдабергеновна Жубайбекова 

Бастауыш сынып мұғалімі 

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ 

ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы 

 

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕ 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ 

 

Ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялар  мұғалімдерге  сабақ 



беруде  көмектесетін  бүгінгі  таңда  таптырмас  құрал  болып  отыр.  Жаңа 

технологияны  сабақ  үрдісінде    әр  мұғалім  өзінің  шеберлігін  әрі  алдында 

отырған оқушылардың  жас ерекшелігін ескере отырып, өзінің оқушыларының 

деңгейіне байланысты таңдап алады. 



Басты  сөздер:  Ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялар, 

интерактивті тақта. 

 

Ұстаз  оқушының  қабілетін  байқап  оны  ары  қарай  дамытады.  Оқушылар 



өз  бетімен,  жұппен,  топпен  жұмыс  жасауға  дағдыланып,  тапсырмаларды 

түрлендіру  барысында  ойлау  қабілеті  жетіле  түседі.  Оқушы  өз  жетістіктерін 

көріп, ізденеді, білімге құштарлығы артады. 

Оқытудың  жаңа  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларын 

меңгеру  –  қазіргі  заман  талабы.  XXI  ғасыр  –  ақпараттық  технология  ғасыры. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі 

мектеп оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе  Қазақстан  сол деңгейде 

болады.  Сондықтан  ұстазға  жүктелетін  міндеттер  ауыр»  деп  сенім  білдірген 

болатын.  Ұстаздар  алдында  сабақта  ақпараттық  –  коммуникациялық 


197 

 

технологияларды  қолдана  отырып  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы 



оқушылардың білім деңгейін арттыру; 

Нил Мерсер Кембридж университетінің білім профессоры. Ол сыныптағы 

диалог  пен  балалардың  ойлау  қабілетінің  дамуына  ерекше  қызығушылық 

білдіретін,  ғылым  мен  мтематика  және  мектептерде  Ақпараттық  – 

коммуникациялық  технологияны  пайдалану  салдарында  бірқатар  жобалар 

жүргізген  психолог.  Мерсер  бастауыш  мектепте  интерактивті  тақталарды 

пайдалану  жөніндегі  өз  зерттеулерімен  бөліскенде...  Зерттеу  нәтижесінде 

Интерактивті  тақта  мұғалімдерге  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  бұрынғыға 

қарағанда  жеңілірек  және  біркелкі  көрсетуге  мүмкіндік  беретінін  көрсетті. 

Мұғалімдер балаларды қызықтыру үшін және ақпаратты әр түрлі форматта бере 

отырып,  олардың  дамып  келе  жатқан  түсінігін  бағыттау  үшін  интерактивті 

тақтаны  пайдаланып  көрді.  Осы  қызметтің  кебір  түрлерін  интерактивті 

тақтасыз өткізуге болса да, интерактивті тақтада таныстырылымның икемділігі 

мен жылдамдығы басқа технологияларда өзіне тең таппайды. Бұл жоспарлауға 

көмектеседі. 

Бұрынғы  сабақты  дайындау  мен  сабақ  берудің  ұзақ  үдерістерін 

жылдамдатуға  болады  және  білікті,  шығармашыл  мұғалімдер  оларды,  іс- 

әрекеттің кебір ерекше тартымды түрлерін жасау үшін пайдаланады. Бұл жаңа 

құрал  кәсіби  тәжібибенің,  пән  бойынша  білімінің  және  пеагогикалық 

дағдылардың 

қажеттігін 

алмастырмайды. 

Интерактивті 

тақтаны 


шығармашылықпен пайдаланса оқушылардың қатысу белсенділігі артуға жаңа 

мүмкіндік береді және сабақтарды тартымды және қызықты етеді.  

Ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияны  меңгеру  құзіреттілігін 

қалыптастырудың  басты  мақсаты  –  оқушыларға  ақпаратты  беру,  түрлендіру 

және  оны  қолдану  біліммен  қаруландыру,  оқушылардың  компьютерлік 

сауаттылықты өзі еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. 

Ақпараттық  –  коммуникациялық  технология  оқу  барысында  компьютерді 

пайдалануға,  электронды  пошта,  интерактивті  құралдарды  қолдануға, 

интернетте жұмыс істеуге жағдай жасайды. 

Жеті  модульдің  бірі  Ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялардың 

дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды 

талап  етеді.  Осыған  байланысты  оқытуда  қолданылатын  әдіс  -  тәсілдер, 

әдістемелер,  технологиялар  жаңартылып  отырады.  Ұлыбританияда  мұғалім 

мамандығын  таңдап  алған  бүгінгі  жастардың,  өздерінің  болашақ  оқушылары 

сияқты,  жеткілікті  дәрежеде  сандық  сауаты  бар,  себебі  олар  өмір 

жағдайларының 

барлық 

аспектілерінде 



жаңа 

технологияның 

бар 

мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  сандық  технологиялармен  үнемі  өзара 



әрекеттесетін ұрпақ өкілетіне жатады. 

Ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялар  мұғалімдерге  сабақ 

беруде  көмектесетін  бүгінгі  таңда  таптырмас  құрал  болып  отыр.  Сондықтан 

оқыту  барысында  осы  технологияларды  тиімді  қолдану  маңызды  болып 

саналады.  Қазіргі  заман  талабы  оқушыларды  бастауыш  сыныптан  бастап, 

ақпаратты  коммуникативті  технологиясын  пайдаланудың  тиімділігімен 



198 

 

таныстыру  керек.   Ол  үшін  ұстаз  компьютерлік  технологияларды  жетік 



меңгергені  абзал.  Ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялар  бастауыш 

сыныптарда  үнемі  пайдалана  бермейді,  бала  үшін  зиянды  жақтарын  да 

мұғалімнің ескеріп, сабақта 15 – 20 минут қолданған жөн. Жаңа технологияны 

сабақ  үрдісінде  қолдану  үшін   әр  мұғалім  өзінің  шеберлігін  әрі  алдында 

отырған оқушылардың  жас ерекшелігін ескере отырып, өзінің оқушыларының 

деңгейіне 

байланысты 

таңдап 


алады. 

Математиканы 

оқытудағы   оқушылардың   қызығушылығын  арттыру  үшін  сабақ  барысында 

бірнеше жұмыс жасау керек, сонымен  бірге қазіргі кезде жаңа технологиямен 

оқыту  барысында  компьютерлер,  жаңадан  шығып  жатқан  электронды 

оқулықтар  оқушыларды  жаңаша  оқытуды  жаңа  оқу  әдістерін  жаңа  мазмұнды 

қажет етеді. 

Оқушының  қабілетін  байқау  оны  ары  қарай  дамытуға  көмегін  тигізеді. 

Оқушылар  өз  бетімен,  жұппен,  топпен  жұмыс  жасауға  дағдыланып, 

тапсырмаларды түрлендіру барысында ойлау қабілеті жетіле түседі. Оқушы өз 

жетістіктерін  көріп,  ізденеді,  білімге  құштарлығы  артады.   Оқушылардың 

сабаққа  қызығушылықтарын    арттыра  түсу  мақсатында  әр  бір  сабақты 

түрлендіріп өткізу керек.  

Бастауыш  сынып  оқушылары    үшін  көрнекіліктің  пайдасы  мол  екенін 

білесіздер.  Заман  талабына  сай  сабақтар  беру  барысында   көрнекіліктерді 

интерактивті  тақта,  теледидармен  көрсету  тиімді.  Мұғаліммен  оқушының 

арасындағы  жұмысын  жеңілдетіп,  баланың  ойлануына,  түрлі  түсті  қызықты 

суреттерді  көзбен  көру    арқылы  оқушылар  сабақтың  нәтижесін    көрсетеді. 

Оқушыларға  менің  түсіндіргенімнен  қарағанда  сыныптағы  теледидар  арқылы 

әр  үшбұрышты  көрсетіп  тұрып,  видео  арқылы  көз  жеткізген  оқушылар  үшін 

пайдалы.  

Қарапайым  математикалық  түсініктермен  таныстыру  барысында  оқу 

үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі - ойын. Ойын – ұшқын, білімге құмарлық 

пен  еліктеудің  маздап  жанар  -  оты.  Ойын  технологиясын  Ойындарды  үнемі 

пайдалану  арқылы  оқушыларды  ауызша  есептеу  жаттығуына,  логикалық  ой 

жүйелерін  жетілдіре  түсуіне  толық  мүмкіншілік  бар.  Ойындарды  ойнатқанда 

оқушыларда  әрекет  пайда  болады,  әрі  пәнге  деген  қызығушылығы  артады, 

дүниетанымы  кеңейеді,  сөздік  қоры  дамиды,  шапшаңдыққа,  тапқырлыққа 

үйренеді.  Ойында  Ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялар  арқылы 

қолданса  бастауыш  сынып  оқушыларына  есеп  шығару  өте  қызықты  әрі 

тартымды  болады.  Ойын  ойната  отырып  өткен  тапсырмаларды  және  жаңа 

тақырыпты түсіндіруге болады. 

Ұстаз  үшін  нәтижеге  жету  оқушыларының  білімді  болуы  ғана  емес, 

білімді өздігінен алуы және басқаға білгенін үйетуі. Алған білімдерін өмірде өз 

қажетіне қолдануы болып табылады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші деңгей 2012 жыл 

2. Үлестірме материалдар, Екінші апта, Үшінші деңгей 2014 жыл  



199 

 

3. Білім заңы 2007жыл. 



 

 

Гүлнар Жұмағалиқызы Жүнісова 



дарынды балаларға арналған облыстық 

Жамбыл атындағы мамандандырылған 

мектеп-гимназия-интернатының 

химия пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Өскемен 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет