Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет20/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
Тәуліктік қажеттілігі: 0,3-1 мг


В12 витамині, кобаламин, антианемиялық витамин.
Құрылысы/хим.табиғаты: В12 витамині басқа витаминдерден құрылысының күрделілігімен және молекуласында металл ионы - кобальттьң болуымен ерекшеленеді. Кобальт пopфиpинтәpiздi (коррин ядросы деп аталады) структураның құрамындағы 4 азот атомымен жэне 5,6-диметилбензимидазолдағы азот атомымен координациялық байланыс арқылы байланысады.
Биологиялық әсері: В12 витамині арқылы реттелетін 15 шақты реакция белгілі , солардың тек eкeyi сүтқоректілірдің жасушаларында жүреді:

  • Метил В12- гомоцистеиннен метиониннің тузілуіне қатысатын кофермент. Сонымен қатар, метил В12 ДНК мен РНҚ-ң алғы заты – нуклеотидтер синтезіне қажет фоль қышқылының қатысуымен жүретін үрдістерге жағдай жасайды.

  • Дезоксиаденозилкобаламин коферменті ретіде тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдарының және тармақталған тізбекті амин қышқылдарының метаболизміне қатысады

Авитаминозы: Жануарлар тіндерінде В12 витаминінің жеткіліксіздігі Каслдың ішкі факторының синтезінің бұзылуымен байланысты (Касл факторы кальций иондарының қатысуымен В12 витаминімен байланысып, оның ішекке сіңірілуіне әсер етеді). Авитаминозының негізгі белгісі: моноцитарлык (мегалобласттык) анемия. Бұл аурудың негізгі белгілері қанда үлкен эритроциттердің болуы, эритроциттер санының азаюы, гемоглобин концентрациясының төмендеуі. Қан жасушаларының бұзылуы ең алдымен қан жасау жүйесінің тез бөлінетін жасушаларындағы нуклеин қышқылдарының алмасуының, соның iшінде ДНК синтезінің бұзылуымен байланысты. В12 витаминінің авитаминозына жүйке жүйесіндегі бұзылыстар тән, бұл тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдары ыдыраған кезде жиналған метилмалонил қышқылының улылығымен, тармақталған амин қышқылы жиналуымен түсіндіpyгe болады.
Тағам көздері: бауыр, сиыр, шошқа, қой еті, жұмыртқа, сүт, ірімшік, сиыр бүйрегі, скумбрия, асшаян және мидия.
Тәуліктік қажеттілігі: 0,003 мг


Н витамині, коэнзим R, биотин, антисебореялық витамин
Құрылысы/хим.табиғаты: Биотиннің құрамында имидазол (мочевина бар) және тиофен сакинасы бар, бүйір тізбегі валериан қышқылынан тұрады.
Биологиялық әсері: Биотин карбоксилазалардың құрамында кофермент қызметін атқарады: көмip қышқыл газының активті формаларының түзілуіне қатысады. Карбоксилдену реакциялары заттар алмасуында: глюконеогенез үрдісінде, бос май қышқылдарының, холестериннің, мочевинаның, пуриндердің және т.б. синтезінде маңызды орын алады.

  • Пируваткарбоксилаза (биотиннің 4 молекуласынан тұратын тетрамер белок, әрбip молекуласы апоферменттен лизиннің қалдығымен байланысқан). пируваткарбоксилазды реакция әсipece бауыр мен бүйректе маңызды анаплеротикалық (толықтырушы) реакция болып саналады. Пируваткарбоксилаза оксалоацетаттың (КСК) қорын толықтырады, сонымен қатар глюконеогенездің негізгі митохондриялық фермені болып табылады.

  • Ацетил-КоА-карбоксилаза - май қышқылдарының биосинтез реакцияларындағы негізгі фермент. Ферментативті катализде бикарбонаттың карбоксил тобы ацетил-КоА беріліп, малонил-КоА тузіледі.

  • Пропионил-КоА карбоксилаза - тақ санды көмртек атомы бар май қышқылдарының тобына қатысатын фермент. Бұл кезде карбоксибиотиннен пропионилКоА-ға активтенген карбоксил тобы стереоарнайы түрде тасымалданып, метил малонил-КоА синтезделеді. Метилмалоцил-КоА оксалоацетаттранскарбоксилаза транскарбоксилдену реакциясын катализдейтін фермент, яғни қымыздық cipкe қышқылының пирожүзім қышқылына айналу реакциясы (транскарбоксилдену) биотин қатысуымен жүреді.

Авитаминозы: Биотин гиповитаминозы кезінде мынадай патологиялык езгерістер пайда болады: дерматит, майлы себорея, алопеция, шаштыц тycyi, ұйкы басу, шаршау, бұлшық еттерде ауырсыну.
Тағам көздері: Бауыр, бүйрек, сүт, жұмыртка сарысы осы витаминге бай.
Тәуліктік қажеттілігі: 0,15-0,3 мг


С витамині, аскорбин қышқылы, антискорбутты немесе цингаға қарсы витамин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет