Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет70/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)-5

40 жастағы науқас әйелдің өт қапшығында, өт жолдарын жауып, өттің ішекке түсуін бұзатын өт тастары бар екені анықталды. Өттің секрециясының бұзылуының барлық салдарын атаңыз.

Өт жеткіліксіз болғанда немесе болмаған жағдайда ас қорыту бұзылыстары негізінен майлардың қорытылуы мен олардың сіңуінің бұзылуында көрінеді. Салдарында, айлардың 70 80% -ы нәжіспен бірге шығарылады. Өт ұйқы безі липазасының әрекеті үшін, он екі елі ішекте сілтілік ортаны сақтау үшін өте қажет, бұл қалған ферменттердің оңтайлы белсенділігін қамтамасыз етеді. Өттің жетіспеушілігімен май қышқылдарының сіңірілуі айтарлықтай нашарлайды, бұл процесте өт қышқылдарымен май қышқылдарының суда еритін комплекстерінің түзілуі қажет. Тиісінше, холестериннің, майда еритін витаминдердің (А, D, E, K), амин қышқылдарының және кальций тұздарының сіңуі нашарлайды. Сонымен қатар, ішектің моторикасы төмендейді, патогендік микрофлора белсендіріледі, ашыту және шіріту процестері жоғарылайды, ішекте газ жиналады, жалпы интоксикация, ас қорыту, нашар сіңіру және мальнутриция дамиды.
К витаминінің сіңуінің төмендеуі геморрагиялық синдромға әкеледі. А гиповитаминозы терінің және шырышты қабаттарының құрғауымен көрінеді. Балаларда гипохолия рахиттің дамуына ықпал етуі мүмкін.



  1. БМҚ тотыққанда 148 АТФ молекуласы түзілді. Тотығуға қандай БМҚ ұшырады? Дәлелдеңіз.

Бегеновая кислота С22Н3402
Май қышқылдарының β-тотығуы кезінде түзілетін АТФ мөлшерін есептеу кезінде мынаны ескеру қажет:

  1. түзілген ацетил-SКоA мөлшері май қышқылындағы көміртек атомдары санының 2-ге бөлінуімен анықталады. Ацетил-SКоA бір цикл айналымында тотыққанда 3 НАДH молекуласы (7,5 ATФ), 1 ФАДН2 молекуласы (1,5 ATФ) және 1 ГТП молекуласы түзіледі, бұл 10 ATФ молекуласына тең. Шешуінде: 10* n/2 деп берілген.

  2. Бета-тотығу циклдарының саны. Бірліктер арасындағы үзілістер саны β-тотығу циклдарының санына сәйкес келеді. Сол шаманы (n / 2 -1) формуласы арқылы есептеуге болады, мұндағы n - қышқылдағы көміртек атомдарының саны. Әр цикл 1 ФАДН2 молекуласын (1,5 ATФ) және 1 НАДH молекуласын (2,5 ATФ) түзеді. Тыныс алу тізбегіне еніп, барлығы 4 ATФ молекуласын «береді». Шешуінде: 4*(n/2-1) деп берілген.

  3. Май қышқылындағы қос байланыс саны. Бірінші β-тотығу реакциясында FAD қатысуымен қос байланыс түзіледі. Егер май қышқылында қос байланыс болса, онда бұл реакцияға қажеттілік жоқ және FADH2 түзілмейді. Жоғалған FADH2 саны қос байланыстың санына сәйкес келеді. Қалған цикл реакциялары өзгеріссіз қалады.

  4. активтендіруге кеткен АТФ энергиясының мөлшері (әрқашан екі жоғары энергетикалық байланысқа сәйкес келеді).

n=C (карбон саны)


10* n/2+4*(n/2-1)-2=148
5n+2n-4-2=148
n=22
Клупанодон қышқылы С22Н3402 или бегеновая кислота




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет