Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Сонымен, вегетативтік нерв жүйесінің ерекшеліктері



бет89/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   104
Сонымен, вегетативтік нерв жүйесінің ерекшеліктері:
1) Олар сомалық нерв жүйесі сияқты сегментті орналаспай, ми мен жұлынның белгілі бір бөліктерінде ғана орналасады;
2) Олардың эфферентті жолы екі нейроннан тұрады. Вегетативтік рефлекстік доғадағы - жұлынның бүйір мүйізіндегі ядроларды және мидағы парасимпатикалық ядроларды құрайтын аралық нейрондар эфферентті жолдың бірінші нейроны болып табылады. Вегетативтік нервтер бірінші нейроннан шықаннан кейін, ағзаға дейінгі жолында орналасқан вегетативтік түйіндерде үзіледі. Ал, вегетативтік түйіндердегі нейрондар эфферентті жолдың екінші нейроны болып табылады. Осыған байланысты түйінгедейінгі тармақтар, rami preganglionares, және түйінненкейінгі тармақтар, rami postganglionares, ажыратылады.
Сомалық эфферентті (қозғалтқыш) нейрон орталық нерв жүйесінде (жұлынның алдыңғы мүйізі мен мидағы бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядролары) орналасады. Сомалық нервтер орталық нерв жүйесінен шықаннан кейін ағзаға дейін еш жерде үзілмей барады.
3) Симпатикалық нервтер негізінен қан тамырларының бойымен таралатын өрімдер түзеді. Мысалы: іш қолқасының бойындағы өрім - іш қолқалық өрім, plexus aorticus abdominalis , сол сияқты ішкі ұйқы өрімі, plexus caroticus internus, және т.с.с. аталады.
Осы жерде назар аударатын жағдай симпатикалық нервтердің жүру жолын жақсы түсіну үшін артериялардың негізгі, ірі тармақтарын жақсы білу қажет. Артерияларды түсіну, сонымен қатар: веналар мен лимфа түйіндерінің анатомиясын жеңіл түсінуге жол ашады. Нәтижесінде «бір оқпен төрт қоян атып алуға болады». Яғни: 1. артериялардың анатомиясын білу: 2.веналарды түсінуді, 3.лимфа түйіндерінің орналасуы мен лимфа тамырларының жүру жолдарын меңгеруді, 4.вегетативтік өрімдердің анатомиясын түсінуді жеңілдетеді.
Вегетативтік нерв жүйесінің афферентті жолы асқорыту, тыныс алу, несеп-жыныс ағзалары мен тамырлардағы интероцепторлардан басталып, жұлындағы сезімтал ядролар мен ми діңіндегі бассүйек нервтерінің сезімтал ядроларына барады. Одан кейін таламусқа жетеді. Таламустан шыққан талшықтар - ішкі ағзалардан шығатын сезімталдықтың (висцероцепциялық анализатордың) қыртыстық шеті орналасқан орталық артындағы қатпар, gyrus postcentralis, мен орталық алдындағы қатпардың, gyrus precentralis, төменгі үштен бір бөліктерінде аяқталады.
Ағзалар рецепторларынан басталатын афферентті талшықтар ішкі ағзалақ үлкен және кіші нервтердің, nn. splanchnici major et minor, және де басқа ішкі ағзалық нервтердің құрамында жүріп, жұлынның артқы түбіршігі, radix dorsalis, арқылы өтеді. Сонымен қатар ағзалардың бір бөлігінен - бассүйек нервтері құрамында, олардың сезімтал ядроларына барады.
Симпатикалық нервтер организмдегі барлық ағзаларды нервтендіреді. Парасимпатикалық нервтер қаңқалық бұлшықеттерде, шашты көтеретін бұлшықеттерде, тер бездерінде, бүйрекүсті безінің милық затында және артерияларда (жүректің тәждік артерияларында болады ) болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет