Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Вегетативтік (автономдық) нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі



бет90/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Вегетативтік (автономдық) нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі.

Симпатикалық бөліктің, pars sympathica, орталық бөлімі тек жұлында орналасады. Оны жұлынның сегізінші мойындық (СVIII), бүкіл кеуделік (ThI-XII) және екінші немесе үшінші белдік (LI - LII) сегменттері деңгейінде орналасып, бүйір мүйізді құрайтын – аралық латералды зат, substantia intermedia lateralis, құрайды.
Симпатикалық бөліктің шеткі бөліміне: 1) жұлын нервтерінен шығатын ақ дәнекер тармақтар, rr.communicantes albi; 2) жұлын нервтеріне келіп қосылатын сұр дәнекер тармақтар, rr.communicantes grisei; 3) оң және сол симпатикалық діңдер, trunci sympathici dexter et sinister, және олардан кететін нервтер; 4) ағза жанындағы және тамыр жанындағы вегетативтік өрімдер және олардың құрамындағы симпатикалық түйіндер жатады (66 - сурет).

Симпатикалық дің

Симпатикалық дің, truncus sympaticus, омыртқа бағанасының екі жағында орналасқан жұп түйіндер тізбегінен түзілген. Симпатикалық діңнің түйіндері, ganglia trunci sympathici, (омыртқажанындағы түйіндер) бассүйек негізінен басталып, құйымшақ деңгейінде, ортақ бір түйінмен аяқталатын 20-25 түйіннен құралған (67 – сурет). Симпатикалық түйіндер бір-бірімен түйінаралық тармақтар, rr.interganglionares, арқылы байланысады. Симпатикалық діңнің мойындық, кеуделік, белдік және сегізкөздік бөлімдері ажыратылады. Діңнің мойындық бөлімі – 3 түйіннен, кеуделік бөлімі - 10-12, белдік бөлімі - 4-5, сегізкөздік бөлімі - 4 және құйымшақтық бөлімі - құйымшақ ұшының алдыңғы бетіндегі екі симпатикалық діңнің өзара қосылуынан пайда болған - сыңар түйіннен,ganglion impar,түзілген.

67- сурет. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің сызбасы.


1 – мойындық жоғарғы түйін; 2 – жұлынның сегменттері; 3 – симпатикалық діңнің мойындық бөлігі; 4 – жұлынның бүйір бағаны; 5 – ішкіағзалық кеуделік үлкен нерв; 6 – ішкіағзалық кеуделік кіші нерв; 7 – сегізкөздік парасимптикалық ядролар; 8 – ішкіағзалық сегізкөздік нервтер; 9 – сұр дәнекер тармақтар (симпатикалық діңнен жұлын нервтеріне барады); 10 – құрсақастылық жоғарғы өрім; 11 – шажырқайаралық өрім; 12 – құрсақ өрімі; 13 – жүректің кеуделік нервтері және өкпелік нервтер; 14 – жүректің мойындық жоғарғы нерві; 15 - сұр дәнекер тармақтар; 16 – ми діңіндегі парасимпатикалық ядролар.

Түйіндердің пішіні сопақша, көпбұрышты, көбінесе бойлық бағытта созылып - ұршықтәрізді болып келеді. Симпатикалық түйінге жұлында орналасқан симпатикалық орталықтан шығатын, түйінгедейінгі тармақтардан құралған ақ дәнекер тармақ, r.communicans albus, келеді. Бұл тармақ - жұлынның алдыңғы түбіршігінің, одан кейін жұлын нервісінің құрамында өтіп, омыртқааралық тесіктен шыққаннан кейін, нервтен бөлініп - симпатикалық түйінге келеді. Симпатикалық түйінді түзетін екінші эфферентті нейрондарда оның бір бөлігі үзіледі, яғни синапс арқылы нервтік импулсті осы екінші нейрондарға береді.


68- сурет.Симпатикалық діңнің мойындық және кеуделік бөлімдері.


1 - симпатикалық діңнің мойындық жоғарғы түйіні; 2 – мойындық ортаңғы түйін; 3 - мойын – кеуделік түйін; 4 – бұғанаастылық вегетативік өрім; 5 – симпатикалық діңнің кеуделік түйіндері; 6 – сұр дәнекер тармақ; 7 – ішкіағзалық үлкен нерв; 8 – ішкіағзалық кіші нерв.

Түйіннен шығатын түйінненкейінгі тармақтардың, rr.postganglionares, бір бөлігі ішкі ағзалар мен тамырларға, екінші бөлігі сұр дәнекер тармақ, r. communicans griseus, түрінде қайтадан жұлын нервіне қосылады. Жұлын нервінің құрамында ол бұлшықеттерді, теріні, тер және май бездерін, шашты көтеретін (пиломоторлық) бұлшықеттерді, қан және лимфа тамырларын, барлық тіндерді нервтендіріп, олардың бейімділік - қоректік (адаптациялық - трофикалық) қызметін қамтамасыз етеді.


Ақ дәнекер тармақтардың бір бөлігі симпатикалық діңнің түйіндерінде үзілмей өтеді де, вегетативтік өрімдердің симпатикалық түйіндерінде (құрсақ, шажырқайлық жоғарғы және төменгі түйіндерде, т.с.с.) үзіледі.
Симпатикалық орталықтың жұлынның сегізінші мойындық, бүкіл кеуделік және екінші-үшінші белдік сегменттерінің бүйір мүйіздерінде орналасуына байланысты, ақ дәнекер тармақтар, rr.comunicantes albi, 8-ші мойындық, 1-12 кеуделік және жоғарғы екі немесе үш белдік нервтердің құрамында ғана шығады да, мойын-кеуделік (жұлдызтәрізді) түйінге, барлық кеуделік және жоғарғы екі немесе үш белдік түйіндерге келеді.
Мойындық жоғарғы және ортаңғы, белдік төменгі, барлық сегізкөздік және сыңар түйіндерге баратын түйінгедейінгі тармақтар - түйінаралық тармақтардың, rr.interganglionares, құрамында өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет